Смекни!
smekni.com

Султанмахмут Торайгыров 2

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920 жж.)

Қазіргі Көкшетау өңіріндегі Баянауыл жерінде туған. Әкесі Шоқпыт Ұшын аты Әбубәкір) ұлын өзі арабша хат танытып, сауатын ашқан. Ауыл молдасы Мұқаннан дәріс үйреніп, сол кісінің өнегесімен 13 жасынан өлең, әңгімелерін жаза бастады. Өкінішке орай, бұл еңбектері, Баянауылдағы молда Әбдірахман медресесінде күнә деп есептеліп, жоғалып кеткен. 1911 жылы Сұлтанмахмұт Троицкіден келген Н. Таушыбаевтың шәкірті болады. Оқытудың озық әдістерін жақтаушы Нұрғали шәкірттерін жартылыстану, тарих ғылымдарынан хабардар етіп, мерзімді баспасөзге деген қызығушылықтарын арттырады. Сұлтанмахмұт қалада оқуын әрі қарай жалғастыруды армандайды. Бұл жайында ол өз өлеңдерінде де жазды. «Оқып жүрген жастарға», «Талаптыларға», «Оқудағы мақсат не?» өлеңдерінде, «Зарлану» атты публицистикалық мақаласында жастарды білімге, мәдениеттің биік шыңын меңгеруге шақырады. 1912 ж. Троицкідегі медресеге түседі, бірақ денсаулығына байланысты тастап кетуге мәжбүр болады. 1912-1913 жылдары ол емделе дүріп жұмыс істейді. Осы кездері жазылған «Қандай», «Анау-мынау», «Шығамын, тірі болсам, адам болып», «Түсімде», «Бұлар кім?», «Кешегі түс – бүгінгі іс» (1913ж.) атты шығармалары әлеуметтік ойы тереңдігімен ерекщеленеді. Зұлымдық пен әділетсіздікті әшкерелей отырып, қазақ халқының жарқын келешегінен үміт үзбейді. Осы жылдары жазған «Түсімде көрген бір аянышты хал» (1912) атты өлеңінде Торайғыров алғаш рет қазақ әйелінің әлеуметтік жағдайы мен тағдырын өзек етіп көтереді. Бұл тақырып кейіннен оның шығармашылығында басты орын алды.

1913ж. жазда Торайғыров Троицкіге жақын қазақ ауылында бала оқытады, ал күзде, қалаға оралғаннан кейін, «Айқап» журналының редакциясына хатшы болып орналасады. Журнал беттерінде алғаш рет ақын, әдеби сыншы ретінде көріне бастайды. Журналистика Торайғыровқа бейімділігін тексеруге және келешегін біржола поэзиямен байланыстыруға көмектесті. Редактор М. Сералинмен келісе алмауы себепті, 1914 жылдың көктемінде «Айқаптан» кетіп, өзі жаңа журнал шығармақшы болады, бірақ одан ештеңе өнбеді. Сол жылдың жазында «Шоң серіктігі» атты ағартушылық ұйым ашып, өзі сияқты өнер іздеген жастардың оқуына қаражат жинамақ болады, бұдан да еш нәтиже шығара алмайды. Мұктаждық, ауру, өміріндегі сәтсіздіктер, оларға қосы, қызу шығармашылық жұмыстар, ұдайы білім толықтыру Торайғыровтың төңкеріске дейінгі жылдарынсипаттайды. 1917 жылы Томскіден Семейге келіп, жергілікті халықтың ісі жөніндегі комитетке жұмысын орналасады. Ауруы асқынып кеткендіктен, от бұл жұмысын да тастайды. 1918 ж. Торайғыров соңғы рет Семейге келіп, дәрігерлерден ауруының жазылмайтын сырқат екенін біледі. Көп ұзамай қайтыс болады.

Торайғыров шығармашылығының алтын арқауы іспетті «Ендігі беталыс» өлеңі оның негізгі мақсаты халқына қызмет ету екендігін көрсетеді. Осы тақырып «Тұрмысқа», «Өмірімнің уәдесі», «Туған еліме», т.б. өлеңдерінде өрби түседі. Ақынның азаматтың өмірлік сенімі «Неге жасаймын?» өлеңінде тереңірек ашылады. 1915 жылы жазылған «Жүрегім, тулап шабасың» Абайдың ақындық үрсідін еске түсіреді. Осы жылы ол өзінің алғашқы поэмасын («Кім жазықты») жазды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам» сынды ақындық, азаматтық платформасын жайып салатын атақты «Шәкірт ойы» өлеңін өмірге әкелгенде Сұлтанмахмұт бар болғаны 24 жаста екен! Қандай қайсар сезім, қаншама биік рух десеңізші! Осыдан кейін ол сүйікті халқы үшін білім мен мәдениеттің маңыздылығы тақырыбына қайта оралады. Ақын шығармашылығының биік шыңын көрсететін «Адасқан өмір» атты философиялық поэмасының әр бөлімі адамзат өмірінің әр кезеңін бейнелейді. Поэма жақсылық пен зұлымдық, өмір мен өлім, адамзат болмысының мақсаты мен мәні жайындағы ойларға құрылған монолог түрінде берілген. Осы тақырыпқа арналған «Кедей» поэмасы – қазақ романдарының алғашқыларының бірі.

№43 Орта мектебі

Реферат

тақырыпқа

Сұлтанмахмұт Торайғыров

11 «А» сынып оқушысы

Хомяк Кристинаның

5.10.09