Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 18 из 19)

Жалпы айтқанда, біздің бүгінгі күн мен болашағымыз, байлығымыз бен сәулетіміз- туған өлке табиғаты. Табиғаттың тарту еткен тамаша ғажайыбы орман-тоғай, өзен-көл, оны мекендейтін аң-құстар, балықтар бәрі де халық қазынасы. Табиғатты қорғау мәселесі күні бүгін ғана дүниеге келген жоқ. Соңғы кезде табиғи жайылымдар, шабындықтар көлемі азайып, жан-жануарлардың құрып бара жатқандығы белгілі. Сондықтан да Қазақстанның аймағында қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Оңтүстік аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су қорларын тиімсіз пайдаланумен, ластануымен байланысты. Әлеуметтік және экономикалық даму- экологиялық мәселелермен тығыз байланысты. Соның ішінде экологиялық дағдарыс аймағы – Семей өңірінің әлеуметтік жағдайы оның айқын көрінісі болып отыр.

Семей өңірінің елі мен жерін емін-еркін улап, тіршілігін тұл еткен атом апатынан бүкіл әлем хабардар.

Радиоактивті тозаң жер қыртысын, топырақты, өсімдіктерді, су көздерін ластады. Сынақтар өткізілген кезеңнің зиянды әсері қазіргі күнде, қауп-қатерлі жылдар өткен соң адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр зардабын тигізуде.

Семей өңіріндегі Абай, Абыралы, Бесқарағай, Жаңасемей және тағы сол сияқты елді мекендерде соңғы үш-төрт жылдың ішінде ересектер мен жас балалар өлімі күрт көбейіп кетті. Бұл аудандағы тұрғындардың түрлі рак ауруларына шалдығуы, әдеттегіден тыс әлсіздіктен адам организмнің ауруға тез бейімделгіштігі, қан құрамының өзгеруі, генетикалық қордың бұзылуы және тыныс жолдары ауруларына ұшырау жағдайлары жиі байқалады. Психикалық ауруы, өзіне-өзі қол жұмсаушылық жалпы одақтық деңгейден 1,5- 2 есе артып отырғаны байқалады.

Семей өңіріндегі ерекше назар аударуды қажет етіп тұрған жағдай – қарағайлы орманымыздың азайып бара жатқандығы. Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі соңғы жылдары орман қорлары қорғау жөнінде ерекше назар аударуға тұрарлықтай шешім қабылдады. Солардың бірі- Семей және Павлодар өңірінде ағаш кесудің барлық түрлеріне және Республика бойынша жаңа жыл шыршаларын дайындауға салынған тиымдар. Кең ауқымды қамтитын мұндай шешімдердің тектен-тек қабылданбағаны белгілі. Бұл шешімдердің артында еліміздің табиғи байлығына төнген үлкен қауіпке алаңдаушылық, жыл сайын азайып бара жатқан жасыл желек қорларын қорғауға орай батыл ұмтылыс байқалады. Мұның, әрине өзіндік себептері бар. Соңғы жылдарда өрттердің тым жиілеп кетуі, түрлі мақсаттарға ағаштардың аяусыз кесілуі, табиғат байлығын қалпына келтіру жұмыстарының сол кезде нашар жүргізілуі салдарынан ормандарымыз көз алдымызда құрып бара жатқандай болып еді. Орман қорларымызды ортайтып отырған тек қана өрт емес, оның азаюының басқа да себептері жетіп жатыр. Саналы түрде түрлі бригадалар ұйымдастырып, ағашты «өртенген ағаш » деген сылтаумен бас пайдасын ойлағандар бизнес саудаға түсірді. Қаншама құнды ағаштар отынға, тұрмыстық және өндірістік мақсаттарға рұқсатсыз кесілді. Міне, осындай себептерден Семей аймағындағы қарағайлы орманның көлемі үштен бірге ойсырап қалды. Орманшы мамандардың айтуына қарағанда, бір шырша ағашын өсіру үшін 20-25 жылға дейін мерзім қажет болса, бір қарағай өсіру үшін 80-100 жыл керек.

Орман ең алдымен сан алуан аңдар мен құстар, басқа да жәндіктер және жүздеген тірі организмдер үшін тіршілік ортасы. Ендеше орманның ортаюы ең алдымен осы айтылған аңдар мен құстардың, басқа да жәндіктердің азаюына алып келеді. Табиғат-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақшысы. Табиғат байлығы - ортақ байлық, ата-бабалардан кейінгі ұрпаққа мұра болып қалады. Сондықтан туған өлке табиғатын аялау бүгінде жалпыхалықтық іске айналып отыр. Өзімізді қоршаған табиғат байлығын қалыпты жағдайда ұстау- әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Эксперименттік жұмыстар қорытындысы мынандай нәтижелер көрсетті:

Компоненттер Деңгейлер Экспериментке дейін Эксперименттен кейін
БТ ЭТ БТ ЭТ
Когнитивтік Жоғары 56,7% 54,7% 58,3% 88,3%
Орта 31,6% 33,6% 28,4% 8,3%
Төмен 11,7% 11,7% 13,3% 3,4%
Мотивациялық Жоғары 68,0% 67,0% 72,5% 90,0%
Орта 22,0% 20,0% 23,4% 8,0%
Төмен 10,0% 13,0% 5,1% 2,0%
Мінез- құлықтық Жоғары 22,2% 21,2% 24,5% 63,6%
Орта 41,4% 40,4% 45,45 25,9%
Төмен 36,4% 38,4% 31,1% 10,5%

Когнитивтік компонент – табиғатты қорғауға байланысты пайдалы іс әрекет дағдыларының қалыптасуы.

Мотивациялық компонент - балалардың табиғатпен қарым –қатынасындағы түрткілер жиынтығы, ырымдармен тыйымдардың ықпалымен табиғатқа деген жағымды көзқарастың қалыптасуы.

Мінез құлықтық компонент – табиғатқа және оның обьектілеріне деген қызығушылықтың артуы, табиғат аясындағы мінез –құлық этикасы.

Қорытынды

Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауііпті көріністері – аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қаупті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында басты орын алады.

Бүгінде елімізде табиғатты таза экологиялық ахуалы мінсіз аймақты табу өте қиын шаруаға айналып барады. Бүкіл адамзат баласының мекені, барлық тірі организмдердің тіршілік ортасы Жер планетасы болғандықтан оның тазалығы табиғи қорларын тиімді пайдалану, экологиялық ауыр жағдайларда, әртүрлі аппараттарды да жоймай, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға болмайды.

Әрбір адамзат баласы өмірді оқып-тани алмайынша болашаққа қадам басуы мүмкін емес. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі және мектеп қабырғасында оқушыларға экологиялық тәрбие беру басты міндеттердің бірі. Экологиялық тәрбие берудің өзі баланың табиғатқа, табиғат сұлулығын өзен-көлмен, гүлденген даламен, сайраған құстармен, жеміс-жидектермен, орманмен кездесуі мектептен бұрын басталады. Табиғаттың таңғажайып сұлулығын, оны аялау туралы алғашқы сөзді ата-анасынан, одан кейін бала-бақшадан, кейін мектептің бастауыш сыныбынан естиді. Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселелері жалпы білім берудің жеке дара элементі ретінде оқушыларда айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастыруымен және табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгеруімен сабақтас қаралады. Экологиялық білім беру оқушыларға педагогикалық тұтастық тұрғыда әсер етеді.

Келешекте жақсы ұстаз болу үшін әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойландырып, сөйлете білу біздің міндетіміз деп түсінеміз. Оқушыларға сан-алуан әрекет арқылы ақыл-ойды жетілдіру және тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру, осының бәрі бүгінгі қажеттілік.

Адамзат дамуының осы ғасырда тудырып отырған өзекті мәселелерінің бірі – баланың дұрыс дамып жетілуіне экологиялық ортаның әсері. Өйткені адам және табиат бөліп алып қорғауға келмейтін біртұтас натуралдық организм. Осы тұрғыдан алып қарасақ, оның дамуын қамтамасыз ететін биологиялық фактор табиғат немесе экологиялық орта.

Осы дипломдық жұмыстың барысында мектеп қабырғасында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруді ұлттық тәрбиемен байланыстыруды, соның ішінде қазақтың ырым –тыйымдары арқылы – олардың бойында табиғатты қорғауға байланысты қалыптасқан жақсы қасиеттерді дамытуды көздедік. Экологиялық білімнің өмірлік маңызына көзін жеткізудің, табиғаттың тұтастығы туралы ғылыми тұжырымдарды санасында қалыптастыруды қарастырдық. Табиғат байлығын молайтып оны тиімді пайдалану жөнінде қазір және болашақта шешілетін мәселелердің және мұнда адамның алатын орны мен ролін тереңірек түсінуге ықпал ететіні туралы атап көрсеттік.