Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 2 из 19)

Педагогикалық бұл бағыттағы соңғы жылдардағы ізденіс, зерттеу нәтижелері (Я.С.Сабаев, Л.А.Родова, А.П.Момотова) жастардың табиғат қорғау жұмыстарына белсене қатысатынын дәлелдейді.

Табиғатты қорғауға бағытталған тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруда балалардың жас шамасын және олардың психологиялық ерекшеліктерін ескерудің мәні зор. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруді барлық тәрбие саласы бойынша кешенді жүргізіп, әрбір жұмыстың нақты мазмұнына сүйене отырып, іске асыру қажет.

1974 жылы америка экологы Гарри Коммонер «Замкнутый круг» деген кітабында төмендегі экологиялық тәрбие берудің бірнеше заңдылықтарын атап көрсеткен болатын.

Міне, осы заңдылықтар бүгінгі таңда да көкейкесті заңдылықтар. Оны оқып үйрену, түсіну әр адамның міндеті.

Бүгінгі таңда табиғат – анаға тіземізді батырып, көкірегін қарумен тілгілеп, қопарыс жасап, ойран салудан табиғат әсемдігінен, үйлесімділігінен айырылды, экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік қасіретке, проблемаға айналып отыр. Біздің елімізде 160-қа жуық қала күрделі экологиялық жағдайда – табиғи орта ластанған. Аралдай теңіз жоғалып кетуі қаупінде тұр. Өзен суларында 20 есе ратық мұнай, т.б. зиянды өнімдер бар. Бүгінгі таңда табиғатты қорғап қалу шешуін талап етіп отырған мәселе. Атап айтсақ, ол Арал тағдыры. Арал теңізінің суының тартылып, балығының азайғаны дүние жүзінде сирек кездесетін жағдай. Онда 34 түрлі балық болған, қазір олардың бәрі жойылып бітті.

Табиғат – ананы қорғау – адамзаттың парызы. Осыны жас ұрпаққа ұғындыра тәрбиелеу – мектептің (орта, орта арнаулы, жоғары мектептің) міндеті.Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолына түскеннен бастап, халыққа білім беру, тәрбие беру саласында жүргізген саясатында мына екі жағдайды үнемі ескеріп отырады. Оның біріншісі, Кеңес одағы құрамында болған жылдарда халыққа білім беру, тәрбие беру ісінде жинақталған құнды тәжірибені мүмкіндігінше пайдалану, екіншісі тәуелсіздікке байланысты мемлекеттің қоғамдық-саяси құрылысы мен экономикасындағы қайта құруларды ескере отырып халыққа білім беру, тәрбие беру саласын да тиімді жаңалықтарды кеңінен енгізу.

Осы жағдайларға сәйкес білім беру, тәрбие беру аймағына алдыменен жаңаша ғылыми тұрғыда қарау қажет болды. Қазақстанда енді ғана қалыптасып келе жатқан экологиялық, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, Қазақстан мектебінің үлгісі-моделі жасалды. Бұл модель Қазақстан Республткасының дүниежүзілік білім кеңістігіне елдің және мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің қажеттілігі мен дамуын, сондай-ақ Қазақстандағы басқа да халықтардың тілдері мен мәдениетін сақтауды және дамытуды қамтамасыз етуі тиіс еді.

Ескеретін бір жағдай, 1991 жылдың соңына дейін, яғни Қазақстан Кеңес одағы құрамында болған кезде халыққа білім беру, тәрбие беру саласына қатысты нормативтік негіздер мен заңдар одақтық талаптарды ескере отырып жасалған болатын, сондықтан да оларда ұлттық ерекшеліктерге көңіл бөлінбеді. Осыны ескере отырып Қазақстан Үкіметі республиканың тәуелсіздігі жарияланысымен іле-шала 1992 жылы 18 қаңтарда «Білім туралы» заңды қабылдады, онда тәуелсіз мемлекеттің орта білім жүйесінің мақсаты мен міндеттері анықталған еді. Бұл заңда білім берудің басты міндеттері-жеке тұлғаны ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттің адамзат жинаған құндылықтарына тәрбиелеу, сонымен қатар оның қалаған мектебінде, қалаған тілде оқуына мемлекет қажетті жағдай жасайтыны атап көрсетілді. Заңға байланысты білім беру, тәрбие беру мекемелері жоғарыда жасалып келген ұсақ қамқорлықтан құтылып, оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламаларын, формалары мен әдістерін өздігінше таңдауға заң жүзінде мүмкіндік алды. Мұның өзі білімнің мемлекеттік емес секторының дамуына, білім саласына қызмет көрсету рыногінің ұлғаюына мүмкіндік жасады. Түрлі мамандыққа баулитын лицей, гимназия сияқты жаңа типті оқу орындары пайда болды, жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер саны көбейді.

Өркениетті елдердің экологиялық тәрбие беру және табиғатты қорғаудың жалпы стратегиясын жасап белгілеуі, соған байданысты іс-шараны үйлестіріп отыруы Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет (ЮНЕСКО) жөніндегі мәселелер деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Сол себепті ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ф.Майор экология мәселесін барлық оқу бағдарламасына өзек ете отырып, оны мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейін жүргізу, мұғалімдер мен басқару аппаратын осы бағытта дайындау экологиялық проблеманы шешудегі ең маңызды фактор болуы тиіс деп есептейді. Оның «біздер, адамдар – табиғаттың бөлшегі, біз өз ағаштарымыз бен өзендерімізді, егістік пен орманымызды жанымыздай сүйе білуге тиіспіз, осы қарапайым қағиданы әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіре білмесек, онда қоршаған ортаны қорғаудағы қазіргі қол жеткізіп жүргеніміз тек жадағай түсінік болып қала береді», - деген болатын.

Алғаш рет ғылыми әдебиеттерде табиғат қорғауды педагогикалық проблема деп көрсеткен профессор В.Н.Скалон: «Гүлденген табиғат арман емес, бұл – шындық, бірақ оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу іскерлігімізге байланысты» - дей келііп, - «Баланы жастайынан тірі затты аяушылыққа дағдыландыруға тиістіміз, мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік болсын» - деген еді.

Бүгінгі таңда халық ағарту саласы алдына жаңа да биік талаптар қойылып отыр. Жеткіншек ұрпаққа біліммен жан-жақты тәрбие беруді одан әрі жетілдіру ісін түбегейлі жақсарту міндеті тұр. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында мемлекеттік маңызы зор шаралар қатарында оқу-тәрбие ісі де терең талданып, мектеп реформасына байланысты көтерілген мәселелерді шешуге мүдделікпен қарап, мазмұнды жұмыспен ат салысу керектігі атап айтылды. Республикамызда білім беру жүйесінің міндеттерін ойдағыдай шешу, заңда атап көрсетілгендей, бүкіл тәрбие ісін жинақты жүргізуге, идеялық-саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз етуге байланысты. Егер оқу-тәрбие барысының даму кезеңдеріне бір сәт көз жіберіп қарасақ, қазақ мектептерін былай қойғанда, алғашқы кездерде орта білім беретін орыс мектептерінде сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың ролі тіптен жоқтың қасы болды. Тек алпысыншы жылдарда ғана бұл жұмыстар Қазақстанның түпкір-түпкірінде орналасқан барлық ауыл, қала мектептерінде шұғыл қолға алына бастады. Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан, мектептен тыс жұмыстар үлкен рол атқарады. Ол үшін сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы өте зор. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстар белгілі бір пән бойынша білім негіздерін оқушыларға үйретіп қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді.

Экологиялық білім беру бағдарламасы. Ол білім беру ұйымдарымен республикалық басқа да мекемелерінің үздіксіз экологиялақ білім беруге бағытталған қызметін қолдап, үйлестіруді мақсат етеді.

Білім беру саласы бойынша қабылданған осы және басқа да бағдарламалардың орындалуын үкімет, білім және ғылым минстрлігі, өкіметтің жергілікті органдары үнемі бақылауға алған. Үкімет олардың орындалу барысында мониторинг жүргізіп отырады.

Халықтық тәрбие хатқа түскен ереже күйінде емес, тәжірибелік негізінде жұрттың этникалық мінезінде қалыптасады. Болашақ ұрпақты табиғат сырын ұғып – түсініп, онымен жақын қарым – қатынаста болуға тәрбиелеуге ерекше мән берген ата – бабаларымыз өмірдің өзінен қалыптасқан кейбір салт – дәстүрлерді елеп – екшеп, жақсысын санада сақтап, жаманынан жирендіріп отырған. Мәселен, күнделікті тұрмыс – тіршілікте «обал - сауап», «ынсап - қанағат» қағидаларын берік ұстаған олар табиғаттың ешқандай жанды – жансыз туындыларына қиянат жасамаған. Табиғатпен үйлесімді қарым – қатынас жасаудағы дәстүрдің озық үлгілерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Халық даналығынан туған «Орман – жер сәулеті, ел дәулеті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Күте білсең, жер жомарт», т.б. аталы сөздер бала құлағына жастайынан сіңіп, ұлттық рухын қалыптастырады.[3]