Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 4 из 19)

Тәрбие –халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүние танымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Қазіргі қоғамның саяси және экономикалық жағдайының өзгеру кезінде, әлеуметтік үлкен өзгерістер байқалуда. Оның өзі қоғамда үлкен проблемаларды тудырады.[5] Мысалы:

1. Қоғамда әлеуметтік жағынан адамдар бай, кедей болып бөлінгені анық байқалуда;

2. Көпшілік жанұялық бірлігінің, түсінушілігінің бұзылуы;

3. Жасөспірімдер арасында қылмыстың, нашақорлықтың өсуі;

4. Жұмыссыздықтың әлі де белең алуы;

5. Діни ұйымдардың кобеюі;

6. Халықаралық экстремизм мен терроризмнің өрлеуі;

7. Өз ана тілін, ұлтының салт-дәстүрін үйренуге ынта-жігердің аздығы.

Қоғамның осы кездегі қалыптасқан келеңсіз жағдайлары тәрбиенің мектепте, жанұяда, қоғамда бүгінгі таңда ерекше орын алатындығын көрсетеді. Осы мәселелерді ескере отырып болашақ егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде мынадай мақсат қою керек: дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, өзін-өзі сын көзбен қарап дамыта алатын, саяси экономикалық жағынан жетілген, өмірде кездескен қиыншылықтарды шеше білетін бойында игі қасиеттері бар адамдарды тәрбиелеп шығару. Осыған орай оқушыны жан-жақты мәдениетті тұлға етіп қалыптастыру үшін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жүйелі құрылуына ерекше көңіл бөлген жөн.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Оқушылармен оқудан тыс жүргізілетін бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты-сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарының маңызы, тәрбие үрдісінің бірізділігін қамтамасыз ету. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Оны таңдау тәрбиенің жалпы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне байланысты атқарылады.

1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунгтар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.

2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, соғыс ардагерлерімен және интернационалдық жауынгерлермен).

3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.

4. Әр түрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру

5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.

6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.

7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікір талас, әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру

8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.

9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру

10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмандар конференциясын өткізіп отыру.

11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.

12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.

13. «Атамекен» бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.

14. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мейрамдарын атап өту.

15. Сынып жиналыстарын өткізу.

16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.

17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.

18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

19. Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.

20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу.

Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиенің табиғаттың қатысында, табиғат арқылы берілуіне байланысты екендігін бүгінде ғылыми педагогикалық зерттеулер дәлелдеп отыр. Табиғатпен қарым-қатынас баланың ойлау, есте сақтау, бақылағыштық қабілеттеріне, сана-сезімінің жылдам өсіп жетілуіне, түйсігіне т.б. оңды әсер ету мүмкіндігі шексіз. Себебі, Адам табиғи тірі ағзаның бірі. Адам өзінің болмысы мен игерген білім жүйесі нәтижесінде өзін кейінгі өмір кезеңдерінде көрсете алады.

Кейінгі кездегі мектептерге арналып шығарылып жатқан жаңа оқулықтарда экологиялық түсініктер беріліп жүр. Себебі, жоғары мектеп өзінің іргетасы саналып жүрген орта мектептерден сапалық өзгерістерді талап етеді. Кезкелген пәнді оқытуда, ондағы тақырып материалдарының мәтінінің мазмұнын баяндағанда, түсіндіргенде оған табиғатты қорғау және көркейту шараларын үйретуді көздейтін, табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, яғни экологиялық білімді орнықтырудың мүмкіндіктерін арттыратын педагогикалық іс-әрекет қажеттіігі туындайды. Осы қажеттлік қанағаттандырылса ғана тұлғаны экологиялық тәрбиеге қалыптастыру үрдісінің алғашқы сатысы жүзеге асырылды деуіміізге болады. [6]

Оқу үрдісі тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде жалпы мақсаттан бастау алып, ортақ белгілі бір талаптарға жүгінетіні белгілі. Сондықтан да мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық білім ме тәрбие берудің мақсаты – білім мен білікті қалыптастыру ғана емес, ол тұлғаның дүниетанымын дамытып, жан – жақты етіп тәрбиелеу.

Сабақ оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысының шешуші құраушыларының бірі болғандықтан, экологиялық білім берудегі оқу және тәрбие жұмысы біртұтас екендігі өзінен-өзі белгілі. Бастауыш сыныптардан бастап біліім беру үрдісінде аймақтық, ұлттық, географиялық ерекшеліктерді негізге ала отырып, экологиялық білім иен тәрбиені пәндермен өзара сабақтастыра, бір-біріне кіріктіре отырып беруді қалыптастыру қажет.

Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруде халықтық педагогиканың алатын орны ерекше. Себебі, ол тариха тәлімдік тәжірибелердің мәйегі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп келе жатқан, іскерлік пен дағдылардың, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың жиынтығы.

1.3. Экологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары

Сыныптан тыс экологиялық жұмысының түрлері көп. Қандай формада жүргізуді сынып жетекшісі таңдап алады. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие жұмыстарының мектеп баспасөз кғонференциясы, мектеп радиогазеті, конкурстар тақырыбы, ауызша журналдар, белгілі тақырыпқа әңгіме өткізу сияқты мәселелер жатады. Бұлардың әрқайсысын тақырыбына қарай түрлендіріп отыру жетекшінің шеберлігіне байлаысты. Шамамен осындай тақырыптарға үлгі материалдар беріледі және тақырыптық тізімдер көрсетіледі. Материалды тауып, оны жоспарлап алу- әр жетекшінің міндеті. Сабақтан тыс уақытта оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар мыналар: оқудан және сабақтан тыс жұмыстардың етене бірлігі, оқудан тыс уақытта әрбір оқушыға оның мүддесін, бейімділігі мен қабілеттілігін ескере отырып, пайдалы іс тапсыру; жоғары идеялық пен мақсаттылық, қоғамдық пайдалы бағыттылық, сан алуандық, тартымдылық, сыныптан және мектептен тыс істердің романтикасы; оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымдарының рөлін арттыру; мектептердің, мекептен тыс мекемелер мен ұйымдардың өзара әрекеті; оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға жұртшылықтың, ата- аналардың қатысуы болып табылады.