Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 8 из 19)

Үкі түнде ауылдың сыртынан шақырса, ауылда көп кешікпей өрт, болмаса қайғылы жағдай болады.; үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды.

Егер ұясына ерте қонақтаса, ереңінен жауын-шашын болады. бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса күн суытады.

Егер тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.

Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса, жақсылық болады, өйткені бұл құстар- Алланың сүйіктісі.

Тауықтың мезгілсіз шақырғаны- жаман ырым

Егіншілікке қатысты ырымдар.

Егін егіп жатқан диқанға өтіп бара жатқан жүргінші «Бір дәнің мың дән берсін»,- деп амандасады.

Егер диқаншыдан біреу- міреу егістік үшін дән сұраса, ол сұраушыға мүмкіндігінше береді.

Диқаншы өз қырманының астығын алып, пайдалануға кірісерде «Диқан атаның» атына бағыштап, Құраннан аят оқиды. Сонан соң алғашқы өлшем қайыр-садақаға, «аққұлаға» бөлінеді. Бұл күндіз емес, міндетті түрде кешкісін оттың жарығымен жасалады.

Күн күркіреп, нөсер жауып, найзағай шарқылдаса- үйдің іргесі отпен аластатылады. Адамдар «бисмилла, бисмилла!» деп, тәуба қиып, иман келтіреді. Қазақ ұғымында найзағай- алланың жын сайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні- құдай тағала даладағы жын сайтандарды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын деген. Сондықтан оларды отпен қорқытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса үйге жасын түсуі ықтимал. Адамдардың сол пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды.

· Далада жатқан, шала жанған ағашты үйге кіргізбейді. Өйткені, күйелі ағаштай пәле жұққыш болады. көңіл шалажай бықсып, үй ішінде алауыздық туады. қорадағы қой, өрістегі жылқы, қотандағы сиыр, даладағы түйе шала туып, шығын көбейеді. Береке кетіп, бақыт сөнеді, адам өледі деп ырымдалады.

· Қазақ аққуды, сары ала қазды, бұлбұлды және жалғыз жүрген құсты ауламайды, атпайды. Өйткені, бұларды киелі құс деп санайды.

· Қазақ: «Ай құлақтанса –таяғыңды сайла, күн құлақтанса- күрегіңді сайла» дейді. Ай шалқасынан туса –қатты аяз болады. Ай қырынан туса – күн жылы болады деп жориды.

· Қазақ суға түкірмейді. Ағынды суды беталды бөгемейді. «Дәм татқан құдығына түкірме» деген нақыл сондай ырымдардан қалған.

· Қазақтың үлкен кісілері балаларына құстардың жұмыртқасына тиіспеуді, балапанды өлтірмеуге тырысып, міндеттеп отырды. Бұлай істеме- құстың қарғысына ұшырайды деп сенеді.

· Табиғаттың ерекше, тосын құбылыстары құдырет саналған. Топырақ үйілген төбешіктер, құла түздегі жалғыз ағаш, бұтақтары тарбиып өскен бұталардың өнген жері қасиетті делінеді. Сол жерлерге түнейді, шүберек байлайды. Әулие көмілген жерлерге мал сойып, тілеу тілейді.

· Құмыраның, торсықтың аузынан су ішпейді. Қалған суға дем тигізеді. Егер ауыру адамның демі тисе, кейінгі су ішкен адам ауру болады деп жориды.

· Өзен суын төніп, етбетінен жатып су ішпейді. Суға кетесін, не су мақұлығы жұтады не асқазан ауруына, өңеш қабынуына жолығады деп жориды.

· Көктемде көк мойын ұзақ қарға алдымен келсе, қыс аяғы қысқа болады. Сары ала қаз келсе қыс аяғы ұзақ болады деп есептеледі.

· Қазақ торғайдың және басқа құстардың жұмыртқасын шақпайды. Бұлай істесе бетке секпіл түседі деп ырымдайды. Құстар қарғайды деп те нанады.

· Өзен жағасынан тоған қазып жаңа тоғанға алғаш су салғанда тоған жағасынан түйе айтып соятын ырым бар. Онысы- ақ түйенің қарыны жарылғандай той болсын. Ел тоқшылық өмір кешсін. Тоған киесі разы болсын дегені.

· Жел иесі- Мырқайдар. Қара тұман бұлтты айдар дейтін ырым бар. Қырман соғып, дәнді жерге ұшырып, тазартқанда жел иесі Майдаға сыйынады. Мұнысы дән көп болсын, қауыз топан аз болсын. Майда ие қолдайгөр дегені.

2.3 Пән мұғалімдерінің экологиялық жұмыстарды ұйымдастыруы

Экологияның өзі мынадай ұғымды береді: экос-қоғам, табиғат; логос-ілім, ал осы ұғым тылсым дүниенің бір үлгісі болып келетін адам баласының жоғарғы санасынан туған қоғам тазалығы, қоршаған дүние тазалығы адамзат экологиясы деп аталады, яғни адам баласының табиғи қалпында дұрыс дамып жетілуі немесе жасанды зияндықтардан шылым, ішімдік, нашақорлық, зиянды уландырудан сақтау, яғни балалық экология, адамзат экологиясы.

Екінші бөлімі, адамзат баласының дұрыс өсіп жетілуі үшін айналаны қоршаған табиғат және онда өмір сүруші жан-жануарлардың натуралды қозғалыста дами отырып, бүкіл адамзатқа тигізетін жағымды әсерлерін сақтау. Міне, осы айтылған проблемалар қоғамды ізгілендіру, табиғат пен адам арасындағы биологиялық байланыстылықты жоғалтып алмай ұстау және қалпына келтіру.

Сонымен бірге жалпы адамзаттың жоғарғы рухани мәдениет үлгілерін үйрене отырып, қоғамның дамуы процесін тығыз байланыстыра қарастыру үлкен педагогикалық проблема болып отыр. Бұл проблема жеке адамның жалпы дүние танымының негізгі орталығы болып табылады.

Экология – дүниетаным процесінің негізгі компоненті.

Экологиялық терең білімді мектепте дүниетану, география, табиғаттану, биология пәндерінен алу керек. Оқу программасындағы география курсынан: табиғатты қорғау, оны дұрыс пайдалану биосфера, табиғаттың пайдалы қазбалары жөнінде мәліметтерді қарастырады. Осының нәтижесінде географиялық білім арқылы экологиялық тәрбие беру және тәрбиелеу үшін басқа да пәндерді, материалдарды қолдану керек. Қоршаған ортаны сақтау жастардың экологиялық тәрбие алуына байланысты. Экологиялық тәрбие – адамның білімділігінен, ізденушілігінен, қоршаған ортаға көз-қарасынан қалыптасады. Әрбір адамзат баласының табиғатты қорғау және оған дұрыс көз-қарасымен қарау конституцияда белгіленген.

Жалпы білім беретін мектептерде экология саласы бойынша ойлаудың дүниетанымдық тұтасы әлі қалыптасып жетілмеген. Ал оның қалыптасуы үшін жалпы білім беру мен тәрбиенің ең басты міндеттері. Әрбір оқу жылында оның үздіксіздігі сақталып байланыса жалғасып отыруы керек. Оқушылардан экологиялық білімі мен экологиялық көзқарасын қалыптастыруда биология пәні де негізгі орын алады. Биология пәнінің мұғалімдерінің алдында- табиғат пен қоғамның өзара ықпал процесінің мәнін түсіну негізінде, өскен ұрпақты еліміздің табиғи байлығына саналы түрде қарауға тәрбиелеу жөніндегі мектеп реформасының негізгі бағыттары ұсынған жауапты да, қиын міндеттер тұр.

Табиғаттану пәні бойынша экологиялық білім беру сабақтарында жүйелі түрде жұмыс жүргізу оқушылардың табиғат қорғаудың мәні туралы хабарын тереңдетіп, кеңейтіп түсінуіне мүмкіндік береді, адамзаттың ойлау қабілетін сезіммен қалыптастырады, табиғатты ластау мен құрып бітуден қорғаудың әдістерін үйретеді.

Жаңа бағдарламаның талаптардан ескертуі оқушылардың экология саласында білім алу мен тәлім-тәрбие алуындағы білімін практикалық дағдарысын бұрынғыдан да кеңейте түседі. Міне, сондықтан да биология, география және басқа пәндердің сабақ бергенде экологиялық білім жүйесін мейлінше толық аша түсудің қажеттілігіне, пәнаралық байланыстың ерекшелігіне, оқушылардың айналадағы орта мен қорғау жөніндегі пәнді жұмыстардың бағыт бағдарына назар аударуға мүмкіндік туады.

Оқу процесі кезінде оқушыларға экологиялық көзқарас қалыптастыру үшін, әр бала біріншіден –адамзат жаратылысынан бәрі өмірдегі барша қажеттілігін қоршаған орта табиғаттан алып отырғанын естен шығармауы керек. Бастауыш сыныптардың оқушылары жасыл-желекті күтіп –баптау керектігін өсімдіктің өсуі бәрімізді де қуанышқа бөлейді, олардың өсуі бәрімізге ұнайды, олар даламызға сән береді, біздің айналамызда көріктендіре түседі... деп түсінуге қажет. Бірақ олардың көбі қолындағы қарындашы мен сауаты, алдарындағы дәптер оқулықтары, парталары сол жасыл желектен жасалғанын біле бермейді. Бұл жерде оқушыларға экологиялық көзқарасы дұрыс қалыптастыру, әрине мұғалімге байланысты. Табиғатты сүю, аялау, оны қамқорлыққа алу деген түсініктер терең экологиялық біліммен негізделуі қажет. Дүниетаным адам санасының арнайы формасы, оны қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі. Сонымен қатар жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.