регистрация /  вход

Есептеу б лімі. Шо ырландырыл ан аржылы есеп жасау (стр. 2 из 5)

1.2. Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі

Балапанова Ә.Ж. мен Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлі�� есеп» оқу құралында былай делініп жазылған: негізгі құрал өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етумен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық процеске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық процесті жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады); жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерімдер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап ету мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиға тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.
Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді.
№16 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (ХҚЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзімі бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.
Баланстық құн – кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома. Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы. Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома. Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны. Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома. Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді: тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған; және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін. Өтелетін сома – екі мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы және оны пайдалану құндылығы. Активтің жойылу құны – егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома. Пайдалы қызмет мерзімі – бұл ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударым әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша - шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді. 
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.
Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді.

ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ  [можно без регистрации]
перед публикацией все комментарии рассматриваются модератором сайта - спам опубликован не будет

Ваше имя:

Комментарий

Хотите опубликовать свою статью или создать цикл из статей и лекций?
Это очень просто – нужна только регистрация на сайте.