Смекни!
smekni.com

Нары м ні, пайда болуы, ызметі (стр. 1 из 8)

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………..3

І. Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі…........................................................................................5

1.1. Нарықтың ұғымы мен мәні………………................................5

1.2. Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері .............................................................................................8

ІІ. Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы……….......................................................................11

2.1. Нарық қызметтері………………………………….………………11

2.2. Нарықтың инфрақұрылымы………………………………………11

2.3. Нарық экономикасының элементтері және сегментациясы………………………………………..........................15

2.4. Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлі.…………………………………………………………..................19

IV. Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының мәселелері....................................23

3.1. Нарықтық экономикалық қалыптасу Қазақстандық моделі.........................................................................................23

3.2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудің үдерістері...............................................................24

Қорытынды……………………………………………………………...26

Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................30

Кіріспе.

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы - «Нарықтық экономика: мәні, қызметтері, қажеттігі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп - оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономиканы реттеу зор роль атқарады. Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты , дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті.Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым әкономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. әкономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау”-дейді В.И. Ленин: “адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. Нарықтық әкономика–ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу әкономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақұрлым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.Нарық әкономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

І.Нарық ұғымы ,мәні, пайда болуы мен даму кезеңдері.

1.1. Нарық ұғымы мен мәні.

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылығы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының әкономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, әкономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, ұшуы көп кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразі нарықты әкономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет “күш” деп те дәріптеуде.

Саяси әкономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін әкономикалық категория деп қарайды. Ол әкономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.

Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы көп. Нарық бұрын – соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау – бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл - әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген әкономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.

Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым әкономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.

Нарық- өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.(Кулигин П. Соңиалистік әкономикадағы нарық –“Вопросы әкономики”, 1990ж.).

Нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету проңесіне байланысты қалыптасатын әкономикалық қатынастардың жиынтығы. (Журавлева Ғ.Соңиализімнің әкономикалық жүйесіндеғі нарық- “әкономические науки”, 1990ж.№7)

Нарық- тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын әкономикалық қатынастар жиынтығы. (Саяси әкономия-Алматы, “Ана тілі” ,1991).

Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. (Қазіргі заманғы нарық: табиғаты және дамуы/ Э.П.Дунаев, И.Е. Рудакова редакциясымен –М, МГУ, 1992ж. ).

Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе-ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі-өндірушілер мен тұтұнушылар емес , сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнәнде тауар–ақша, нарықтық байланыстар сату сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін әкономикалық байланыстар пайда болады.

Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б ) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздеғі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың әкономикалық әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. әкономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде әкономикалық реформа барысында өндіріс құрал –жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе –теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік -тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастайды.