аза стан Республикасыны 2015 жыл а дейiнгi аума ты даму стратегиясы туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 31, 337-құжат

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" толық мәтіні және
республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс

Елдiң орнықты дамуы және халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) бiр ай мерзiмде Стратегияны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
2) жыл сайын 30 қаңтарға Мемлекет басшысын Стратегияның орындалу барысы туралы хабардар етсiн;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық даму
СТРАТЕГИЯСЫ

Астана, 2006 жыл

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауларынан:

"Қазақстан бүгiн Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легiнiң түйiскен тұсында тұр. Бiздiң мiндет - осынау бiрегей геосаяси жағдайымызды өз елiмiз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесi үшiн ұтымды пайдалану."

"Бүгiнгi таңда тұтас алғанда елiмiздегi экономикалық жаңарудың "локомотивi" болуға қабiлеттi дамыған өңiрлiк орталықтардың экономикалық қызметiн жандандыруға, сондай-ақ өңiрлердiң ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет."

Мазмұны

Кiрiспе
1. Ағымдағы ахуалды талдау
2. Стратегияның мақсаты мен басымдықтары
3. Стратегияны iске асырудың негiзгi бағыттары
3.1. Елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикаға ұстанымдануы
3.2. Елдi және таратып орналастыру жүйесiн аумақтық ұйымдастыру перспективалары
3.2.1. Өсу полюстерiн қалыптастыру
3.2.1.1. Жалпыұлттық және Орталық Азия деңгейлерiндегi көшбасшы қалалар мен өңiрлер қалыптастыру
3.2.1.2. Тiрек қалаларды дамыту
3.2.2. Басқа басым аумақтарды дамыту
3.2.2.1. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту
3.2.2.2. Ауылдық аумақтарды дамыту
3.2.2.3. Қолайсыз аумақтардың проблемаларын шешу
3.2.3. Таратып орналастыру жүйесi мен аумақтардың құрылымы
3.3. Аумақтарды экономикалық ұйымдастыру
3.3.1. Аумақтардың ресурстық әлеуетiн ұтымды пайдалану
3.3.2. Еңбектi республикалық, өңiрлiк және халықаралық бөлуде аумақтарды бәсекеге қабiлеттi экономикалық мамандандыру
3.3.3. Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету
3.3.3.1. Инновациялық инфрақұрылым
3.3.3.2. Көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым
3.3.3.3. Тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылым
3.3.3.4. Су шаруашылығы инфрақұрылымы
3.3.3.5. Әлеуметтiк инфрақұрылым
3.3.3.6. Туристiк-рекреациялық инфрақұрылым
3.4. Аумақтардың экологиялық жай-күйiн жақсарту
3.5. Аумақтық дамуды институционалдық қамтамасыз ету
3.5.1. Аумақтық дамуды жоспарлау жүйесiн жетiлдiру
3.5.2. Инфрақұрылымды дамытуды реттеу тетiктерiн жетiлдiру
3.5.3. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын жетiлдiру
4. Күтiлетiн нәтижелер

Кiрiспе

Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.
Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс.
Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруге тиiс. Жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi.
Өңiрлер мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, өңiрлiк және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.
Осы Стратегия, экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиiстi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудiң немесе түзетудiң негiзi болып қызмет атқаратын болады.
Бұдан басқа, бұл құжат республикалық, өңiраралық және облыстық маңызы бар өндiрiстiк, энергетикалық, инженерлiк, көлiк-коммуникациялық және әлеуметтiк инфрақұрылымдарды үйлестiре дамытуға бағытталған мемлекеттiк инвестициялардың (ұлттық компаниялардың қаражатын қоса алғанда) негiзгi басымдықтарын айқындауға мүмкiндiк бередi.
Стратегияда белгiленген iс-қимыл өздерiнiң ағымдағы жоспарлары мен ұзақ мерзiмдi даму стратегияларын әзiрлеу мен iске асыру кезiнде кәсiпкерлiк сектор, оның iшiнде сыртқы инвесторлар үшiн бағдар болуға тиiс.

1. Ағымдағы ахуалды талдау

Негiзiнен кеңестiк кезеңнiң өзiнде қалыптасқан елдiң экономикалық әлеуетiн орналастыру экономика құрылымының бұзылуы, iшкi экономикалық кеңiстiктiң сақталып отырған ыдырауы салдарынан оны дербес экономикалық жүйе ретiнде дамыту орнықтылығының қазiргi заманғы қажеттi талаптарына жауап бермейдi.
Қазақстанның әлемдiк шаруашылық жүйесiне белсендi кiруi Қазақстанның әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде тар мамандануымен, негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алыстығымен тежелiп отыр, бұл тұтастай елдiң де, және оның жекелеген өңiрлерiнiң де сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауымен тереңдей түседi.
Экономиканы нарық жағдайында дамыту елдiң жекелеген аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң бәсекелiк артықшылықтарын да, сол сияқты нарыққа бейiмделудiң әрқилы мүмкiндiктерiне байланысты олардың кемшiлiктерiн де анықтап бердi. Бұл жекелеген өңiрлерде өндiрiстiң бiршама құлдырауына және тоқтап қалуына, күйзелiске ұшыраған аудандар мен елдi мекендердiң пайда болуына алып келдi. Нәтижесiнде өңiрлiк теңсiздiктер тереңдедi және табиғи көшi-қон ағымына қарамастан, ел халқының бiр бөлiгi қазiргi уақытта экономикалық перспективалы емес аумақтарда тұрады.
Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi кеңiстiктi экономикалық ұйымдастыруға сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмiр сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы ауылдар перспективасыз болып қалды.
60 шағын қаланың 10-ы күйзелiске ұшырағандар санатына жатқызылды. Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi бойынша 7512 ауылдық елдi мекеннiң (АЕМ) 1204-iнiң (халық саны 1,8 млн. адам) жоғары, 5625 АЕМ-нiң (5,2 млн. адам) - орташа, 595 АЕМ-нiң (189,9 млн. адам) төмен даму әлеуетi бар және 88 АЕМ-нiң тұрғындары жоқ.
Аумақтық дамуды басқару жүйесi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз етпейдi. Аумақтық жоспарлау мәселелерiн әртүрлi ведомстволар реттейдi және тұтастай алғанда орталық деңгейде тиiмсiз үйлестiрiледi.
Елдi кеңiстiктiк ұйымдастырудың өңiрлiк жобалаумен, аса маңызды табиғи ресурстарды пайдаланудың және инфрақұрылымның салалық схемаларымен өзара байланыстырылған моделi қалыптаспаған.
Аралас әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (облыстардың, аудандардың, қалалар мен ауылдардың) мүдделерiн, трансөңiрлiк процестердi үйлестiру құралдары (тетiктерi) жоқ.
Қазiргi уақытта елдiң аумақтық дамуындағы ахуалды былай сипаттауға болады.

Күштi жақтары

Елдiң Еуразия құрлығының орталығында, екi континенттiң - Еуропа мен Азияның қиылысында қолайлы географиялық орналасуы. Қазақстан әлемнiң аса iрi елдерi - Ресей Федерациясы мен жылдам өсiп келе жатқан Қытайдың арасында, Орталық Азия мемлекеттерiмен, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Оңтүстiк Азия өңiрлерiмен көршiлес орналасқан.
Шекара маңындағы өңiрлердiң басым болуы. Қазақстанның 14 облысының 12-ci шекара маңында. Дамыған және серпiндi дамып келе жатқан елдердiң тәжiрибесi шекара маңындағы өңiрлер осы мемлекеттердiң өсу аймақтарына айналғанын көрсеттi. Шекара маңындағы өңiрлер экономикалық белсендiлiк орталықтары болып табылады және бүкiл елдiң әлемдiк экономикалық жүйеге ойдағыдай кiрiгуiне ықпал етедi.
Ауқымды жер ресурстары мен табиғи-климаттық ерекшелiктердiң әралуандылығы алуан түрлi аграрлық өнiм өндiруге мүмкiндiк бередi. Республиканың аумағы он табиғи-ауыл шаруашылығы аймағын қамтиды, ауыл шаруашылығы алқаптарының үлесi - 82 % (1, 2, 3-қосымшалар).
Iшкi қажеттiлiктердi қамтамасыз етуге де, сол сияқты елдiң өсiп келе жатқан экспорттық мүмкiндiктерiн iске асыруға да мүмкiндiк беретiн әралуан және бай минералдық-шикiзат базасы. Уранның, қорғасынның, мырыштың, мыстың, мұнайдың, көмiрдiң, хромның, темiрдiң, марганецтiң, қалайының, алтынның, фосфориттердiң, бор мен калий тұзының барланған қорлары жағынан Қазақстан әлем елдерiнiң алғашқы ондығына кiредi.
Елдiң өндiрiстiк әлеуетi: өнеркәсiп пен аграрлық өндiрiстiң көп салалы құрылымы, тиiстi өндiрiстiк қуаттардың болуы. Өнеркәсiптiң дамыған базалық салалары - отын-энергетика және тау-кен-металлургия кешендерi.
Елдiң бүкiл аумағын қамтып жатқан көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым желiсiнiң болуы. Темiр жолдың және автомобиль жолдарының желiсi шектес елдерге шыға отырып, барлық өңiрлер арасында тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Қазақстандық автомобиль жолдары мен темiр жол халықаралық көлiк дәлiздерiнiң құрамына енгiзiлген. Ақтау теңiз портын "ТРАСЕКА" және "Солтүстiк-Оңтүстiк" халықаралық көлiк дәлiздерiнiң құрамындағы мультимодальдық көлiк торабы ретiнде пайдалану мүмкiндiгi бар. Елде 21 әуежай (22-нiң iшiнен) жұмыс iстейдi, оның 14-iне халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етiлген. Елдiң барлық өңiрлерiн талшықты-оптикалық байланыс желiлерiмен байланыстыратын Ұлттық ақпараттық супермагистралдың құрылысы аяқталып келедi.
Инновациялық-бiлiм беру әлеуетi: кейiннен бiлiм беру-инновация кешендерiн қалыптастыру базасы ретiнде университеттердiң, iрi жоғары оқу орындарының және мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталықтарының болуы.
Бiрегей рекреациялық ресурстар: табиғи кешендер және олардың құрауыштары, мәдени-тарихи ескерткiштер мен сәулет объектiлерi.
Демографиялық оң серпiн және еңбек ресурстары резервiнiң болуы. Соңғы жылдары халықтың табиғи өсiмiнiң ұлғаюы. Еңбек ресурстарының резервi ретiнде ел iшiнде жұмыс күшi артық өңiрлердiң болуы. Демографиялық резерв ретiнде көршiлес мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiнде қазақ диаспорасының болуы.

Әлсiз жақтары

Негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алшақтық. Теңiз (мұхит) қатынас жолдарына тiкелей шығудың болмауы.
Әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар мамандануы мен көптеген өңiрлердiң бiржақты бейiнi, құрылымның бұзылуы мен экономиканың сақталып отырған ыдырауы. Экономикада экспорттық шикiзатқа бағдарланған оқшауланған секторлары және бәсекеге қабiлетi төмен қайта өңдеу өнеркәсiбi бар, салалық, сол сияқты аумақтық аспектiде өзара әлсiз байланысқан экономикасы бар екi қарама-қайшы құрылым қалыптасты.
Өнiмдiлiктi төмендететiн және аграрлық өндiрiстiң тәуекелдiлiгiн ұлғайтатын факторлардың болуы. Егiстiк сапасының салыстырмалы төмен болуы. Егiстiк бонитетiнiң (құнарлылықтың салыстырмалы деңгейiн көрсететiн) 50 бiрлiктен асатын балы 23,2 млн. гектар егiстiктiң тек 4,2 млн. гектарына қатысты. Ауыл шаруашылығы алқаптарының 30,8 млн. гектары (14,8 %) су және жел эрозиясына ұшыраған (4-қосымша). Өнiмдiлiгi аз жайылымдардың басым болуы.
Елдiң жекелеген өңiрлерiнде су ресурстарының тапшылығы. Ел өңiрлерiнiң басым бөлiгi құрғақ аймақта орналасқан және сумен қамтамасыз етуде қиындық шегiп отыр (5-қосымша). Жерүстi суларының тек 56 %-ы ғана Қазақстан аумағында қалыптасады, ал қалғаны сырттан келедi, бұл республиканың кейбiр өңiрлерiнiң шекаралас мемлекеттердiң су ресурстарына тәуелдiлiгiн күшейтедi.
Минералдық-шикiзат ресурстарының әркелкi бөлiнуi. Әлеуеттi бай қорлардың аз игерiлген және жұмыс iстеп тұрған өндiрушi кәсiпорындардан шалғайдағы аудандарда шоғырлануы.
Электр энергиясы бiр өңiрлерде артық болған кезде басқа өңiрлерде тапшы болуы. Елдiң солтүстiк және шығыс өңiрлерi электр энергиясын шамадан тыс шығарады, ал сонымен бiр мезгiлде оңтүстiк және батыс өңiрлерге ол елдiң басқа өңiрлерiнен немесе таяу орналасқан елдерден (Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстан) импортталады.
Ел экономикасының осы заманғы қажеттiлiктерiне сай келмейтiн көлiк желiсi. Көлiк инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Республиканың негiзiнен кеңестiк уақытта қалыптасқан көлiк жүйесi қазiргi жағдайда республиканың халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне толық қосылуын тежеп отыр. Елдiң темiр және автомобиль жолдары өткiзу қабiлетiнiң төмендiгiмен сипатталады. Қарқынды тозу мен бұзылудың салдарынан жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiнiң шамамен 30 %-ы күрделi жөндеудi талап етедi, 75 %-ы берiктiк пен тегiстiктiң қолданыстағы нормативтерiне сай емес.
Тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымның тозуының жоғарылығы. Елдiң шағын қалалары мен ауылдық аудандарындағы инфрақұрылым желiсiнiң нашар дамуы. ЖЭО-ның негiзгi құралдарының табиғи тозуы 40-60 % көлемiне жеттi, бұл иелiктегi электр және жылу қуаттарын шектеуге әкеп соқты. 2010 жылға қарай ЖЭО турбиналарының 50 %-ы өзiнiң белгiленген қуаттарының парктiк ресурсын бiтiредi. Елдi мекендердiң энергия желiлерi мен су құбыры-кәрiз желiлерiнiң айтарлықтай тозуы. Ел халқының 1,7 %-ы әкелiнетiн сумен жабдықталады, 25 %-ы жеткiзудiң қиындығына байланысты суды алдын ала тазартылмаған ашық көздерден iшедi.
Су шаруашылығы инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Бөгеттердiң, су тораптарының және өзге құрылыстардың нашар техникалық жай-күйi.
Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерi желiсiнiң жеткiлiксiз даму деңгейi. Ел өңiрлерi әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiмен әркелкi қамтамасыз етiлген. Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне қолжетiмдiлiк жоқ немесе қиын. Халықтың табиғи және миграциялық өсiм қарқыны жоғары iрi қалалар мен өңiрлерде әлеуметтiк инфрақұрылымның даму қарқыны артта қалған.
Рекреациялық инфрақұрылымның дамымауы. Рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiнiң көпшiлiгi кеңестiк уақытта салынған, өте тозған және халықаралық стандарттарға сай емес.
Елдiң бүкiл аумағында экологиялық ахуалдың нашарлауы. Әуе бассейнiнiң ластануы, су ресурстарының таусылуы және ластануы, "тарихи" ластану, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар, жердiң шөлейттенуi және тозуы, биологиялық әралуандылықтың бұзылуы, радиоактивтi ластанулар өңiрлердегi қоршаған ортаның басты проблемалары болып қалып отыр (6, 7-қосымшалар).
Елдiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылымының осы заманғы талаптарға сай болмауы. Нарықтар мен елдi мекендер жүйелерiнiң шекарасы өңiрлердiң әкiмшiлiк шекарасына әркез сәйкес келе бермейдi. Бұдан басқа, облыстық (11 қала) және аудандық (10 қала) маңызы бар кейбiр қалалар өз мәртебесiне сай емес (8-қосымша). Мысалы, Ақтөбе облысының Жем, Темiр сияқты аудандық маңызы бар қалаларының халық саны 2,5 мың адамнан, ал Қызылорда облысының Қазалы, Ақмола облысының Степняк сияқты қалаларының халық саны 6 мыңнан аспайды. Бұрын құрамына селолық округтер енгiзiлген қалалардың шекарасы реттелмеген.

Мүмкiндiктер

Осы заманғы даму үрдiстерi елдiң континентiшiлiк жағдайының "түзелмейтiн" таптаурынды жоққа шығарады.
Қазақстанның және оның одан әрi аумақтық дамуының перспективалары дәстүрлi бәсекелiк артықшылықтарды пайдаланумен қатар, елдiң әлемдегi ұстанымдануының жаңа парадигмасын тұжырымдай отырып, оның географиялық жағдайын барынша пайдалану стратегиясын iске асыруға тiкелей байланысты болуға тиiс.
Қазақстанның экономикалық жаһандану процесiне қосылуы бастапқы кезеңде шикiзат ресурстарын негiзгi жеткiзушiлердiң бiрiнiң функцияларын iске асыра отырып, уақыт өте келе әлемдiк экономикалық кiрiгу процесiнiң белсендi қатысушысына айналуға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Орталық Азия өңiрiндегi тораптық елге, өңiрiшiлiк экономикалық байланыстарды кiрiктiрушiге, капитал мен инвестициялар тартудың, Орталық Азия нарығына бағдарланған өңiрлiк өндiрiстердi немесе аса iрi әлемдiк компаниялардың филиалдарын орналастырудың, халықаралық деңгейдегi қызмет көрсетулердiң орталығына айнала алады.
Перспективада Қазақстан маңызды байланыстырушы буынның, Еуропа, Азия - Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерiнiң өзара iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпiрiнiң функцияларын да орындай алады.
Серпiндi дамып келе жатқан iрi қалалардың базасында тауар, қаржы, технологиялық және мәдени алмасулардың еуразиялық жүйесiнде өзiне елдегi экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын аса маңызды тораптарды қалыптастыру мүмкiндiгi бар.
Трансконтиненталдық және басқа халықаралық магистралдарды одан әрi дамыту iшкi экономикалық кiрiгудi күшейтуге ықпал ете алады, жаңа минералдық-шикiзат ресурстарын игерудi, тасымалданатын жүктердi өңдеу жөнiнде өндiрiстер құруды, көлiк жолдарын салуды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi қоса алғанда, өңiрлер экономикасының дамуына әсер ете алады.
Құрғақтағы маңызды сыртқы шекара және iргелес мемлекеттермен көлiк-коммуникациялық байланыстың жеткiлiктi дамуы шекара маңындағы өңiрлердiң экономикаларын көршiлес мемлекеттердiң сыйымдылығы жоғары өткiзу нарықтарына бағдарлайды.
Негiзгi халықаралық транзиттiк дәлiздерден шалғай орналасқан шекара маңындағы өңiрлер үшiн көршiлес елдермен сыртқы экономикалық байланысты дамыту олардың негiзгi әлемдiк нарықтардан шалғайлығын өтейтiн болады.
Елдiң шекара маңындағы iрi қалалары мен аумақтарының серпiндi дамуы оларға iргелес елдерден (Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы) ресурстар мен жұмысқа қабiлеттi халықтың көшi-қон ағынын тартуға ықпал етедi, бұл елдiң демографиялық және экономикалық әлеуетiне оң әсерiн тигiзедi.
Серпiндi дамып келе жатқан қалалардың айналасынан мегаполистер мен агломерациялар құру жоғары ұйымдастырылған урбанистiк өмiр сүру аймағын құруға мүмкiндiк бередi.

Қауiптер (Шектеулер)

Мыналар елдiң орнықты аумақтық дамуына кедергi болатын факторларға айналуы мүмкiн:
өңiрлiк және әлемдiк еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар, негiзiнен шикiзаттық мамандануының, транзиттiк тәуелдiлiгi мен экономикалық оқшаулануының нығаюы, тиiсiнше - елдiң даму қарқынының тұмшалануы мен экономикалық артта қалуы;
бәсекеге қабiлеттiлiктiң төмендiгiнiң және өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы өндiрiстiң тоқтап қалуының салдарынан бiраз аумақтардың индустрияланбауы;
бiрiктiрушi көлiк-коммуникациялық желiнiң дамымауына, өңiрлiк аумақтық-шаруашылық жүйелерi үшiн сыртқы тартылыстың әртүрлi бағыттылығына (көптеген инфрақұрылымдық жобалар транзиттiк экономиканы қамтамасыз етуге анағұрлым бағдарланған және елдiң экономикалық кеңiстіктiк кiрiгуiнiң бiртұтастығын қамтамасыз етпейдi) байланысты елдiң ыдырау ықтималдығы;
кең ауқымды трансеуразиялық сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық дәлiздердi қалыптастыру бойынша өңiрдiң iргелес мемлекеттерi тарапынан болатын, сондай-ақ елде халықаралық кiрiгудiң өңiрлiк орталық қалаларын қалыптастыру бойынша көршiлес мемлекеттердiң iрi қалалары тарапынан болатын бәсекелестiк;
елдiң шекара маңындағы өңiрлерiнде көршiлес мемлекеттердiң экономикалары үстемдiгiнiң, ауыл тұрғындарының қалаға ағылуының күшеюi және бiраз ауылдық аумақтардың депопуляциясы, демографиялық қысымның және елдiң шекара маңындағы өңiрлерiне көршiлес мемлекеттерден санкцияланбаған көшi-қонының күшеюi;
экологиялық ахуалдың нашарлауы, табиғатқа антропогендiк әсердiң күшеюi салдарынан өмiр сүру ортасының тозуы және соның нәтижесiнде өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы аумақтардың азаюы.

2. Стратегияның мақсаты мен басымдықтары

Мақсаты. Өңiрлiк және әлемдiк экономикада бәсекеге қабiлеттi мамандануды қалыптастыру, экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыру негiзiнде елдiң орнықты дамуын қамтамасыз ету және халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасау.

Аумақтық даму Стратегиясының басымдықтары

Елдегi экономикалық белсендiлiктi өзiне шоғырландыратын және елдiң қалған бүкiл аумағы үшiн "локомотив" рөлiн атқаратын "басып оза" өсу аймақтарын (өcу полюстерiн) қалыптастыру.
Орталық Азиядағы сауда-экономикалық және сервистiк-технологиялық орталық ретiнде Қазақстанның экономикалық кеңiстiгiн әлемдiк шаруашылық жүйесiне кiрiктiру.
Ел аумағын ұтымды игерумен үйлестiре отырып, экономика және еңбек ресурстарын экономикалық жағынан перспективалы және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы аудандарға шоғырландыру.
Кластерлiк даму, өзiн-өзi ұйымдастыру және iшкi ресурстарды жұмылдыру тетiктерiн енгiзу жолымен өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру.

3. Стратегияны iске асырудың негiзгi бағыттары

Алға қойылған елдi орнықты және серпiндi дамытуды қамтамасыз ету мақсатына қол жеткiзу өңiрлiк және әлемдiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануын, елдiң экономикалық әлеуетiн және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру жөнiндегi өзара байланысты мiндеттердi тиiмдi iске асыруға және соның негiзiнде елдiң барлық аумақтарының теңгерiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының жұмыс iстеуiне байланысты.
Осы Стратегияны iске асыру бағыттары көбiнесе елдiң аумақтық даму аспектiлерiн қамтиды. Сонымен қатар Стратегияда елдiң орта мерзiмдi даму жоспарлары мен мемлекеттiң басқа да бағдарламалық құжаттарында көзделген өзара байланысты шаралар шеңберiнде макроэкономикалық реттеу мен қаржы секторын дамыту, қолайлы iскерлiк және инвестициялық климат құру, өндiрiстiң адами капитал, ғылыми-техникалық әлеует және басқа да бағыттар сияқты факторларын тұтастай дамыту мәселелерi бойынша жалпы үйлестiру жүзеге асырылатын болады.

3.1. Елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикада ұстанымдануы

Мiндеттер. Елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикада ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдау және iске асыру негiзiнде елдiң және оның аумақтарының орнықты дамуын қамтамасыз ету.
Әлемдiк экономиканың жаһандануы әрi әлемдiк нарықтардағы өткiр бәсекелiк күрес және iшкi нарықтың аз сыйымдылығының бар екенiн ескергенде, Қазақстан мен оның аумақтарының одан әрi даму перспективалары елдiң әлемдiк нарықтарға шикiзат ресурстарын iрi экспорттаушы және транзиттiк аумақ ретiнде ғана емес, ең алдымен, Орталық Азия өңiрiнде орта және жоғары технологиялы тауарларды жеткiзуге әрi сервистiк (сауда-логистикалық, көлiктiк-ақпараттық, қаржылық, бiлiм беру және басқалары) қызмет көрсетулердiң ауқымды аясын ұсынуға бағдарланған орнықты экономикалық жүйе ретiнде ұстанымдану мүмкiндiгiмен айқындалады.
Өз артықшылықтары мен пайда болып отырған мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, Қазақстан өңiрдiң1 экономикалық көшбасшысына айналуға ұмтылып қана қоймай, оның дамыған индустриялық және сервистiк-технологиялық орталығына айналуға тиiс. Қазақстан өңiрге инвестицияларды, алдыңғы қатарлы технологиялар мен адами ресурстарды тарту орталығына, өңiрiшiлiк экономикалық байланыстың кiрiктiрушiсiне айналуға тиiс.
___________________________________________________________
1 "Өңiр" ұғымы бұл жерде Орталық Азия және PФ-нiң Сiбiр өңiрлерiн, батыс Қытай, Закавказьенi қамтиды.

Осы негiзде ел өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануы қалыптастырылуға және елдi аумақтық-экономикалық ұйымдастырудың тиiмдi моделi құрылуға, кәсiпкерлiк жандандырылуға тиiс.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, елдiң бәсекелiк артықшылықтарын қалыптастыру және дамыту ел мен оның жекелеген аумақтарының:
әлемдiк нарықта:
минералдық шикiзаттың, астық өнiмдерi мен олардың өңделген өнiмдерiнiң iрi өндiрушiсi әрi жеткiзушiсi;
Еуропа, Азия - Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерi өзара iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпiрi ретiнде.
өңiрлiк нарықта:
өңiрлiк нарыққа өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң iрi жеткiзушiсi;
өңiрдiң қазiргi заманғы сервис орталығы;
өңiр инновацияларының орталығы ретiнде табысты ұстанымдануына бағытталатын болады.

Қазақстанның әлемдiк нарықта ұстанымдану бағыттары

Қазақстан - минералдық-шикiзаттың, астық өнімдерi мен олардың өңделген өнімдерiнiң iрi өндiрушiсi әрi жеткiзушiсi ретiнде
Өнiмнiң көмiрсутек шикiзаты, уран, металлургия өнiмдерi және бидай сияқты түрлерi бойынша Қазақстанның әлемдiк нарықта жақсы ұстанымы бар. Перспективада өнiмдердiң бұл түрлерi Қазақстан әлемдiк нарықта бәсекелесе алатын негiзгi тауарлар болып қала бередi.
Осы салалардың өнiмдерiн, ең алдымен, минералды шикiзатты экспорттаудан түсетiн кiрiс экономиканың басқа салаларын дамыту және ел мен оның өңiрлерiнiң әлемдiк экономикалық жүйеге кiрiгу факторына айналуға тиiс.
Ұстанымданудың осы бағыты шеңберiндегi негiзгi мiндеттерi өндiрiстiң алдыңғы қатарлы технологияларын енгiзу және жаңа әлемдiк нарықтарға шығу есебiнен сыртқы нарықтардағы қазiргi ұстанымдарды күшейту және сапалы минералды шикiзатты, металлургия мен бидай өнiмдерiн iрi әлемдiк жеткiзушiлердiң қатарына кiру болады.

Қазақстан - Еуропа, Азия - Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерi өзара iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпiрi ретiнде
Елдiң екi континенттiң (Еуропа мен Азияның) қиылысында қолайлы географиялық орналасуы және оның көлiк-коммуникация дәлiздерiнiң халықаралық дәлiздердiң құрамына қосылғандығы жүк транзитiнен ғана емес, перспективада еуразиялық кеңiстiкте қалыптастырылатын сауда-экономикалық кiрiгулер процесiне қатысуынан да түсетiн пайданы пайдалану мүмкiндiгiн алдын ала айқындап бередi.
Басты мiндет Батыс пен Шығыс (Еуропа мен Азия) арасындағы кеңiстiкте ресурстардың құйылу процестерiн технологияландыру (логистикалық тораптар, дистрибуцияның осы заманғы арналары) болып табылады.

Қазақстанның өңiрлiк нарықта ұстанымдану бағыттары

Бұл бағыттағы iс-қимыл экономикалық белсендiлiктiң өсуiн, елдiң, ең алдымен, шикiзат ресурстарын пайдаланумен байланысы жоқ өңiрлерiнiң жаңа бәсекеге қабiлеттi мамандықтарын қалыптастыруды және құлдырау сатысында тұрған индустриялық аудандарды конверсиялауды қамтамасыз eтуге тиiс.

Қазақстан - өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн жеткiзушi ретiнде
Өзiнiң минералдық-шикiзат және аграрлық әлеуетiн, шетелдiк инвестициялар мен технологияларды басып оза тартудағы артықшылықтарын пайдалана отырып, Қазақстанның орта және жоғары технологиялы өнеркәсiптiк, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңiр елдерiне iрi жеткiзушiлердiң бiрiне айналу мүмкiндiгi бар.
Жоғары бәсекелестiкке байланысты аталған өнiмдер түрлерiмен әлемдiк нарыққа шығу проблема болып табылады, сондықтан қаралып отырған кезеңде назарды өңiрлiк нарыққа шоғырландыру мақсатқа сай келедi.
Ұстанымданудың осы бағыты шеңберiндегi негiзгi мiндеттер мыналар болады:
өңiрлiк нарықта бәсекеге қабiлеттiлiк әлеуетi бар салаларды, оның iшiнде кластерлiк ұстанымды (тамақ өнеркәсiбi мен құрылыс материалдары өндiрiсi, металлургия мен машина жасау және басқалары) пайдалана отырып дамыту;
технологиялық трансферт аймақтарын, жетекшi шетелдiк компаниялардың процессинг орталықтарын құру және дамыту, мысалы, "LG", "Philip Morris", "Knauf" компанияларының Қазақстанда қазiрдiң өзiнде жұмыс iстеп жатқан филиалдары сияқты "жаһандық брэндтердi" тарту;
экспортталатын өнiм номенклатурасын ұлғайту, қазақстандық брэндтердi алға жылжыта отырып, сыртқы нарықтарда маркетингiлiк қызметтi жандандыру.

Қазақстан - қазiргi заманғы сервис орталығы ретiнде
Бүгiнгi әлемде қызмет көрсетулердiң дамығандығы сондай, ол экономика жай-күйiнiң индикаторы болып отыр. Құрлықтың ортасына орналасқан Қазақстан үшiн қазiргi заманғы қызмет көрсетулер саласын дамыту өңiрде сәттi ұстанымдану мүмкiндiктерiнiң бiрi болып табылады. Қолда бар әлеуеттi пайдалана отырып, Қазақстан өңiрдiң халықаралық стандарттарға жауап беретiн қызмет көрсетулердiң кең ауқымын ұсыну бойынша дамыған сервис орталығына айналуға тиiс.
Өңiрдiң сервис орталығы ретiнде Қазақстан өзiн мыналар ретiнде көрсететiн болады:
өңiрлiк дистрибуция орталығы, бұл елде Орталық Азия нарығына бағдарланған және әлемдiк тауар өндiрушiлерге өз өнiмдерiн өңiрде өткiзу үшiн қолайлы жағдай жасайтын iрi сауда-логистика тораптарын құруды көздейдi;
транзиттiк-логистикалық орталық, бұл елде Еуропа мен Азия арасында жүк және жолаушылар транзитi үшiн қолайлы әрi пайдалы жағдайлар жасауды, бүкiл Орталық Азия өңiрiнiң тұтынушыларына қызмет көрсетуге бағдарланған көлiктiк-логистикалық тораптар құруды бiлдiредi;
өңiрлiк қаржы орталығы - таяу жатқан елдерге қызмет көрсететiн халықаралық сыныптағы қаржылық қызмет көрсетулер орталығын құру;
ақпараттық-коммуникациялық орталық - түрлi ақпараттық және мультимедиялық қызмет көрсетулер, оның iшiнде спутниктерден алынатын спутниктiк байланыс және ақпарат арналарын ұсыну;
туристiк орталық - туризмдi дамыту және елдi Жiбек жолындағы тарихы мен мәдениетi бай дамыған әрi тартымды туристiк орталыққа айналдыру;
бiлiм беру орталығы - оқу ақысының қолайлы деңгейi кезiнде өңiр елдерiнiң жастарына батыстық стандарттарға сәйкес сапалы бiлiм беру;
медициналық орталық - өңiр елдерiнiң азаматтарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, медицина кадрларын даярлауды және қайта даярлауды жүргiзу.

Қазақстан - өңiрдiң инновациялық орталығы ретiнде
Инновациялар және бiлiмдер экономикасы осы заманғы әлемдiк экономиканың негiзiне айналып келедi, сондықтан, әлемдiк дамудан қалыс қалмау үшiн Қазақстан алдыңғы қатарлы технологиялық әзiрлемелердi ел iшiне табысты енгiзу және сыртқы нарықтарға жылжыту үшiн инновациялардың дамыған өңiрлiк орталығына айналуға тиiс.
Қазақстанның мынадай салаларда инновациялық әзiрлемелердi әзiрлеуге және сыртқы нарықтарға жылжытуға мүмкiндiгi бар:
өнеркәсiптiк әзiрлемелер, минералдық шикiзатты кешендi пайдалану және қайта өңдеу технологиялары;
ауыл шаруашылығы саласындағы әзiрлемелер;
химиялық және биологиялық технологиялар;
экология және энергияның баламалы көздерi саласындағы әзiрлемелер;
медициналық әзiрлемелер;
ядролық технологиялар;
ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;
ғарыштық зерттеулер;
әскери-өнеркәсiптiк технологиялар.
Ұстанымданудың осы бағыты шеңберiндегi негiзгi мiндет бұрын елден кетiп қалған ғалымдар мен әзiрлеушiлердi, сондай-ақ көршiлес елдерден мамандарды тарта отырып, бiлiм беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдаушы кешендердi бiрiктiретiн өңiрлiк инновациялық жүйелердi (ӨИЖ) құру болады.
Елдiң ұстанымдануының жоғарыда аталған бағыттары экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру үшiн негiзге айналады, екiншi жағынан, тиiмдi кеңiстiктiк даму әлемдiк нарықта елдiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануға қол жеткiзуiнiң аса маңызды құралына айналады.

Iс-қимыл стратегиясы

Экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды одан әрi кеңiстiктiк ұйымдастыра отырып, өңiрлiк және әлемдiк экономикада ел ұстанымдануының жаңа қағидаттарының өзара байланысын қамтамасыз ету (3.2-бөлiм);
Ел мен өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануының қалыптасуына, орнықты аумақтық дамуға ықпал ететiн факторларды дамыту мақсатында:
елдiң ресурстық (жер, су, минералдық-шикiзат, рекреациялық) әлеуетiн ұтымды пайдалану (3.3.1-бөлiм);
бизнестi аумақтық-экономикалық ұйымдастырудың және жүргiзудiң қазiргi заманғы модельдерiн енгiзу (3.3.2-бөлiм);
экономикалық қызметтi және адами капиталды дамытуды қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды (көлiк-коммуникациялық, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi, әлеуметтiк, рекреациялық және басқалары) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру көзделедi (3.3.3-бөлiм).
Елдiң тұтастай ұстанымдануының перспективалы мiндеттерi тұтастай алғанда елдiң бәсекелiк артықшылықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн тұжырымдауды және iске асыруды талап етедi.
Дамыған елдердiң тәжiрибесi бәсекелiк артықшылықтар арзан жұмыс күшiнiң және табиғи ресурстардың болуы есебiнен ғана емес, сондай-ақ ұлттық деңгейде өнiмдiлiктi арттыру есебiнен де болатынын көрсетiп отыр.
Сондықтан, осы Стратегияда, орта мерзiмдi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларда көзделетiн шаралардан басқа, жоғары бiлiктi жұмыс күшi, алдыңғы қатарлы технологиялар, инновациялық әлеует сияқты мамандандырылған факторларды дамыту есебiнен, сондай-ақ қолайлы iскерлiк және инвестициялық ахуал, инновацияларды ынталандыру үшiн жағдайлар жасау, өндiрiс технологияларын жетiлдiру және өнiм сапасын арттыру есебiнен еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуiн қамтамасыз етуге бағытталған шаралар iске асырылатын болады.

3.2. Елді және таратып орналастыру жүйесiн аумақтық
ұйымдастыру перспективалары

Мiндеттерi. Ел мен оның өңiрлерiнiң жаңа ұстанымдану мiндеттерiне жауап беретiн, бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiк құруды қамтамасыз ететiн, ел дамуының геосаяси және гэоэкономикалық факторларын ескеретiн экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды тиiмдi кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру.
Әлемдiк және өңiрлiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң орнын айқындау, экономикалық, табиғи, еңбек әлеуетiн талдау және бағалау, сондай-ақ таратып орналастыру жүйесi негiзiнде елдiң аумақтық кеңiстiгiн қалыптастырудың осьтiк ұстанымына көшудi жүзеге асыру көзделiп отыр, оның қаңқалық негiзi қазiр бар және қалыптастыру көзделiп отырған, сыртқы нарықтарға шығу мен елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикаға кiрiгуiн қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникация дәлiзi, ал аса маңызды тораптары - өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген көшбасшы iрi қалалар болады.
Солтүстiк, Оңтүстiк, Орталық аумақтық дамудың стратегиялық осьтерi (9-қосымша):
қалыптасқан, сол сияқты қалыптастырылып жатқан өңiрлiк және өңiрге қарасты құрылатын аумақтық-шаруашылық жүйелердi, сондай-ақ оқшауланған экономикалық тораптар мен олардың арасындағы аумақтарды байланыстырады, бұл жергiлiктi осьаралық желiлердi қалыптастырумен қатар елдiң iшкi экономикалық кеңiстiгiнiң бiртұтастығын қамтамасыз етедi;
ортақ еуразиялық экономикалық кеңiстiк қалыптастыру аясында елдiң геоэкономикалық жағдайынан түсетiн қосымша пайданы қамтамасыз ете отырып, трансеуразиялық сауда-экономикалық, көлiк-коммуникациялық дәлiздер бағытында қалыптастырылады.
Солтүстiк даму oci Каспий (Атырау, Ақтау) және Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық шаруашылық жүйелерiне шығумен Өскемен - Семей - Павлодар - Астана - Қостанай (Көкшетау, Петропавл) - Ақтөбе - Орал бағытында және Ресей Федерациясының шекара маңындағы өңiрлерiне осьтiң бүкiл периметрi бойынша қалыптасады.
Ось елдiң солтүстiгi мен батысындағы "астық белдеуi" деп аталатын өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Ресей Федерациясымен, еуропалық, таяушығыстық және шығыс-азиялық (Орталық ось арқылы) экономикалық кеңiстiкке негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Солтүстiк-қазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дәлiзiн құрады.
Оське кiретiн аумақтардың қазiр бар экономикалық әлеуетiн нығайтумен қатар, Қостанай - Ақтөбе ocькe қарасты дәлiздiң әлеуетiн, сондай-ақ Каспий аумақтық шаруашылық жүйесiне (Атырау, Ақтау) шығуды ұйымдастыруды нығайту мен өсiру перспективалы мiндет болып табылады.
Оңтүстiк даму oci бүкiл периметр бойынша ортаазиялық мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiне шығумен Қытай Халық Республикасының шекарасы (Достық, Қорғас) - Талдықорған - Алматы - Тараз - Шымкент - Қызылорда - Атырау, Ақтау бағытында қалыптасады.
Ocь елдiң оңтүстiгiндегi өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Орталық Азия мемлекеттерiмен, сондай-ақ Қызылорда, Ақтөбе (оңтүстiк бөлiгi), Атырау және Маңғыстау облыстарының оқшауланған экономикалық тораптарын еуропалық, таяушығыстық, шығыс-азиялық және оңтүстiк-азиялық экономикалық кеңiстiктерiне негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Оңтүстiкқазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дәлiзiн (жаңарған Ұлы Жiбек жолын) құрады.
Елдiң экономикалық кеңiстiгiнiң тiрек қаңқасы елдiң орталық бөлiгiнде Оңтүстiк және Солтүстiк даму осьтерiн байланыстыратын Орталық ось болады.
Орталық даму oci Балқашқа, Достыққа тармақталумен және Қытайға, сондай-ақ Жезқазғанға шығумен, Батыс Қазақстанның теңiз порттары бағытына шығу перспективасы бар "Астана - Қарағанды - Алматы" бағытында қалыптасады.
Оське қосылатын даму аумақтарының ерекшелiгi олардың игерiлу дәрежесiнiң төмендiгi, өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайсыз жағдай, қалыптасқан аумақтық шаруашылық жүйелердiң оқшаулығы және көлiк-коммуникация желiлерiнiң дамымауы болып табылады. Сонымен бiр мезгiлде елдiң орталық аумақтары оның резервтiк ресурстық аймағы болып табылады.
Ocьтiң бойында орналасқан аумақтарды игеру "Ақтөбе - Атырау, Ақтау", "Семей - Өскемен - Алматы" жергiлiктi осьаралық желiлердi дамытумен қатар, елдiң бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiгiн, Ресей Федерациясының Азиялық бөлiгi - Орталық және Оңтүстiк Азия (Солтүстiк - Оңтүстiк) бағытындағы сауда-экономикалық дәлiздердi қалыптастырудың негiзiне айналуға тиiс.
Қалыптастырылатын даму осьтерiнiң аса маңызды тораптары аумақтық-шаруашылық жүйелердiң iрi экономикалық орталықтары болып табылатын, әлемдiк, өңiрлiк және ұлттық еңбек бөлiнiсiнде бәсекеге қабiлеттi, серпiндi дамып келе жатқан көшбасшы қалалар мен тiрек қалалар болады.
2 деңгейдегi қалаларды басымды дамыту көзделiп отыр:
жалпыұлттық, ал перспективада Орталық Азия деңгейiндегi 2-3 iрi көшбасшы қала, бұлар тауар, қаржы, технология және мәдениет алмасудың еуразиялық жүйесiнде аса маңызды тораптарға айналады; көшбасшы қалалар жаһандық, өңiрлiк және ұлттық нарықтарға кiрiктiрiлген, өсу полюстерiнiң орталықтарына айналуға және елдiң барлық қалған өңiрлерi үшiн "локомотив" рөлiн атқаруға тиiс;
өзiне өз өңiрлерiндегi экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын және бәсекеге қабiлеттi өңiрлiк кластерлердi қалыптастырудың катализаторы болатын әрi өңiрлердiң ұлттық және сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн ұлттық және өңiрлiк (облыстық) деңгейдегi тiрек қалалар.
Қалыптастырылатын ocьтер шеңберiнде аумақтарды кешендi дамыту қалыптасқан аумақтық-шаруашылық жүйелер - экономикалық макроөңiрлер (географиялық орналасуына, экономикалық мамандануына және кооперация деңгейiне, көлiк жүйелерiнiң ортақтығына байланысты елдiң екi немесе одан көп облыстарын қамтитын), өңiрлер (бiр облыс немесе республикалық маңызы бар қала шегiнде) мен өңiрге қарасты өңiрлер (бiр немесе бiрнеше аудандар шегiнде) бөлiнiсiнде көзделiп отыр (10-қосымша).
Қалыптастырылатын стратегиялық даму осьтерi мен экономикалық макроөңiрлер (өңiрлер, субөңiрлер) халықты таратып орналастыру жүйесiнiң негiзiне айналады және таратып орналастырудың тиiстi (солтүстiк, оңтүстiк, орталық) макроаймақтары мен елдi мекендер жүйесiн (макроөңiрлiк, өңiрлiк және өңiрге қарасты өңiрлiк) қалыптастырады.

Iс-қимыл стратегиясы

Практикада бұрын қалыптасқан жоспарлау әдiстерiне қарағанда, өңiраралық теңсiздiктердi жою емес, экономикалық әлеуеттi ұтымды аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайды тиiмдi пайдалану үшiн жағдай жасау мiндетi тұр.
Аумақтарды бiркелкi дамыту тұжырымдамасының орнына полярлық дамыту тұжырымдамасы келуге тиiс, мұнда өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген әрi елдiң қалған барлық өңiрлерi, ал перспективада бүкiл Орталық Азия өңiрi үшiн "локомотивтер" рөлiн атқаратын неғұрлым серпiндi дамып келе жатқан қалалар немесе өңiрлер өсу полюстерiне айналуы мүмкiн.
Осыған байланысты алдағы кезеңде ел бойынша тұтастай экономикалық белсендiлiктiң өсуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралармен қатар орталық деңгейде жалпыұлттық ауқымдағы реттеу басымдығы өсу полюстерiн қалыптастыру болады.
Бұл ретте мұндай реттеу объектiлерi өз әкiмшiлiк шекаралары шегiндегi қалалар немесе көшбасшы өңiрлер ғана емес, ортақ тауар, қаржы, технология ағындарымен өзара байланысты олармен аралас жатқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумақтарының бiр бөлiгi де болады (өңiрүстi реттеу).
Өңiрлiк билiктiң күш-жiгерi өз өңiрлерi мен тiрек қалаларының даму стратегияларын (бәсекелi стратегияларды) тұжырымдауға, оларды елдiң өңiрлiк және әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының жалпы стратегиясына қоса отырып, өңiрлiк кластерлердi дамытудың нақты мәселелерiн шешуге шоғырланады.
Өңiрлiк стратегиялар елдiң басқа өңiрлерiне қатысты бәсекелiк артықшылықтарға қол жеткiзуге емес, "өңiрлердiң бәсекесiнен - ынтымақтастыққа" принципiн iске асыруға және сол арқылы өңiрлiк ауқымдағы бәсекеге қабiлеттiлiкке қол жеткiзуге бағдарланатын болады.
Геосаяси және геоэкономикалық факторларды ескере отырып, экономикалық және еңбек ресурстарын экономикалық перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық және экологиялық аймақтарға шоғырландыру процестерi елдiң бүкiл аумақтық кеңiстiгiн ұтымды игерумен және жайластырумен үйлестiрiлетiн болады.
Тұруға және шаруашылық қызметке қолайсыз аумақтарды игеру бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiк қалыптастыру және оны сыртқы нарықтарға (аса маңызды көлiк-коммуникация желiлерiне қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылым) кiрiктiру, сондай-ақ оларды игерудiң ошақтық немесе вахталық әдiсiнiң негiзiнде шаруашылық айналымына минералдық-шикiзат ресурстарының перспективалы жаңа кен орындарын тарту мiндеттерiн шешу қажеттiгiнен шыға отырып жүзеге асырылатын болады.
Орта мерзiмдi кезеңде орталықтандырылған реттеу басымдығы экономикалық және экологиялық жағынан қолайсыз аумақтардың неғұрлым өзектi проблемаларын шешу, өтемдiк өңiрлiк саясат (негiзгi, мемлекет кепiлдiк берген қызмет көрсетулердiң инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлуiн теңестiру) болып қала бередi.
Шекара маңындағы аумақтардың ауқымдылығынан шыға отырып, оларда шекаралас елдердiң шекара маңындағы өңiрлерi экономикаларының үстемдiк етуiн, сондай-ақ көршiлес мемлекеттердiң жұмыс күшi көп өңiрлерi тарапынан демографиялық қысымның (табиғи сыртқы көшi-қон) алдын алу үшiн олардың экономикалық әлеуетiн дамытуға да, сол сияқты оларға тұрғындардың орналастырылуын қамтамасыз етуге де ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
Бұл шаралар елдiң шекара маңындағы тiрек қалаларын шекаралас мемлекеттердiң аса iрi қалаларымен симметриялық дамытумен сүйемелденетiн болады (бәсекелес қалалар принципi).
Таратып орналастыру жүйесiн одан әрi жетiлдiрудiң басымдығы урбанизация процесiнiң баяу (кеңестiк кезеңге тән) кезеңiнен қарқынды кезеңiне көшу болады.
Бұл ретте таратып орналастыру жүйесiнiң тiрек қаңқасы өсу полюстерi (көшбасшы қалалар мен тiрек қалалар) мен оларға жақын елдi мекендердiң айналасындағы, жоғары ұйымдастырылған урбанистiк өмiр сүру ортасының аймақтарын қалыптастыратын iрi қалалық агломерациялар болады.
Тұтастай алғанда, қалыптастырылатын экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды аумақтық ұйымдастыру елдiң әкiмшiлiк-аумақтық ұйымдастырылуын және аумақтық дамуды жоспарлау жүйесiн одан әрi жетiлдiру параметрлерiн белгiлеп бередi.

3.2.1. Өсу полюстерiн қалыптастыру

Мiндеттер. Көшбасшы қалалар мен тiрек қалаларды, жаңа кластерлердi дамытуды iлгерiлететiн перспективалы индустриялық-инновациялық өңiрлердi басым дамыту арқылы өңiрлiк және әлемдiк нарықтарға кiрiктiрiлген өсу полюстерiн қалыптастыру.

3.2.1.1. Жалпыұлттық және Орталық Азия деңгейлерiндегi
көшбасшы қалалар мен өңiрлер қалыптастыру

Мiндеттер. Алматы және Астана қалаларының инновациялық дамуға көшуiн қамтамасыз ету, оларды ұлттық және Орталық Азиядағы өзара iс-қимылдың толыққанды орталықтарына: сауда-логистика және көлiк, қаржы және кадр орталықтарына, ақпарат пен технологияларды жеткiзушiлерге айналдыру.
Перспективалы көшбасшы қалаларды (өңiрлердi) қалыптастыру.
Әлемдiк шаруашылықты дамытудың осы заманғы үрдiстерi ұлттық экономикалардың өсу полюстерi дәстүрлi индустриялық өндiрiстер шоғырланған өңiрлер емес, өңiрлiк немесе әлемдiк нарықтардағы ағынды басқаратын аса маңызды орталықтар (мысалы, әлемдiк даму орталықтары: Нью-Йорк, Лондон, Токио, Шанхай, Сингапур қалалары және басқалары) болатынын көрсеттi.
Қазiргi жағдайда Қазақстанда ел дамуының негiзгi осьтерiнiң қиылысында орналасқан және iрі инновациялық әрi басқару орталықтары болып табылатын Астана және Алматы қалалары өзiне елдегi экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын әрi елдiң өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiгу аймағы болу мүмкiндiгi бар перспективалы өсу полюстерi болып табылады.
Бұл қалалар капиталдың неғұрлым құнды түрi - адами капиталдың ағынын ынталандыратын сауда-қаржы, инновациялық-бiлiм беру, көлiк-логистика және рекреация орталықтарына - бұрынғы индустриалдық "орта аймақтар" деп аталатындарға, айналуға тиiс.
Республикада жалпыұлттық деңгейдегi көшбасшы басқа қалаларды (өңiрлердi) қалыптастыру перспективалары серпiндi дамушы индустриялық облыстардың орталықтары болып табылатын және кейiннен өзiнiң ғана емес, аралас өңiрлердiң де экономикалық белсендiлiгiн шоғырландыруға мүмкiндiгi бар өңiрлiк және әлемдiк экономикаға кiрiктiрушi ретiндегi тiрек қалалардың әлеуетiн одан әрi дамыту арқылы айқындалатын болады.
Бұл процестер өңiрлердiң өзiн-өзi ұйымдастыруы және iшкi ресурстарды жұмылдыруы негiзiнде дамудың өңiрлiк идеологияларының бәсекелесуi арқылы ынталандырылатын болады.
Болашақтағы перспективада Каспий маңы және Орал өңiрлерiнiң iрi тiрек қалаларының бiрi (Атырау, Ақтау, Ақтөбе) осындай өңiрлiк өзара iс-қимыл орталығы бола алады. Сонымен бiрге, қазiргi жағдайда көрсетiлген қалалардың әрқайсысының рөлi мен маңызы оларды Батыс Қазақстандағы толыққанды көшбасшы ретiнде саралауға мүмкiндiк бермейдi.
Өсу аймағы ретiнде Каспий маңы өңiрi әзiрге мұнай-газ өндiру секторын дамытуды қамтамасыз етудiң ортақ инфрақұрылымымен өзара байланысты, ал кейiннен елдiң батысында сауда-логистика және көлiк-коммуникация торабын кешендi түрде құратын жергiлiктi "өcу нүктелерiнiң" желiлiк кешенi ретiнде қаралатын болады ("Батысқа терезе").

Iс-қимыл стратегиясы

Еуразиялық тауар, қаржы, технология, ғылыми және мәдени алмасулар жүйесiндегi аса маңызды тораптар ретiнде оларды қалыптастыруға назар аудара отырып, Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарын әзiрлеу және Алматы қаласы мен Алматы өңiрiнiң ұстанымдануының ұзақ мерзiмдi тұжырымдамасын әзiрлеу. Оларды жүзеге асырудың бастапқы кезеңдерi ретiнде:
Астана қаласын дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған;
Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк нысаналы бағдарламаларын дайындау және iске асыру.
Көрсетiлген бағдарламалық құжаттарда осы қалалардың жаңа рөлде қалыптасуының аса маңызды шарты ретiнде олардағы жоғары ұйымдастырылған урбанистiк өмiр сүру ортасын және олар қалыптастыратын агломерацияларды дамыту (қамсыздандырушы инфрақұрылымды дамыту және басқалары) жөнiндегi шаралармен қатар, мыналар көзделетiн болады:
1. Алматы және Астана қалалары мен оларға жақын Алматы және Ақмола облыстарының аумақтарында:
жалпыұлттық және перспективада Орталық Азиядағы дистрибуцияның (сауда және қызметтер);
перспективада Орталық Азияда аса iрi сауда-логистика орталықтарын (Сингапур, Гонконг үлгiсiмен), авиатранзит орталықтарын ("хабтарды") қалыптастыра отырып, көлiктiк-логистикалық және логистикалық-процессингiлiк қызметтердiң;
технологиялық трансферттiң: бұқаралық стандарттық технологиялар импорты, iшкi және сыртқы нарықтарға бағдарланған озық шетелдiк компаниялардың процессингiлiк орталықтарын (филиалдар, БК) өрiстету;
инновациялық дамудың (Ақпараттық технологиялар паркi үлгiсiнде);
туристiк-рекреациялық маманданудың - Алматы және Ақмола облыстарына жақын орналасқан аумақтардың рекреациялық ресурстарының iрi шоғырлану базасында, сондай-ақ ойын-сауық индустриясының (мысалы, Қапшағай қаласында, Щучинск - Бурабай аймағында ойын бизнесi орталықтарын құру);
азық-түлiктiк маманданудың (азық-түлiк белдеуi) көп функциялы аймақтарын қалыптастыру.
2. Алматы қаласында халықаралық қаржы орталығын қалыптастыру.
3. Алматы және Астана қалаларында бiлiм беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдаушы кешендердi бiрiктiретiн өңiрлiк инновациялық жүйе (ӨИЖ) орталықтарын құру (3.3.3.1-бөлiм).
4. Алматы және Астана қалаларында - ұлттық, ал кейiннен өңiрлiк деңгейдегi медицина және бiлiм беру орталықтарын қалыптастыру.
5. Алматы және Астана қалаларына халықаралық өңiрлiк ұйымдардың, халықаралық қаржы ұйымдарының өңiрлiк кеңселерiнiң, аса iрi трансұлттық компаниялар филиалдарының, әскери туризмнiң көшуiн ынталандыру.
6. Алматы қаласын Спорттың қысқы түрлерiнiң және спорттық туризмнiң халықаралық орталығына айналдыру.
7. Әлемдiк бизнес үшiн қалалардың тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында олардың кәсiпкерлiк ахуалын жақсартудың және беделiн жаңартудың мақсатты саясатын жүргiзу (Дублин қаласының (Ирландия) үлгiсiнде).
Бiлiктi жұмыс күшiнiң болуы, товарлар мен қызмет көрсетулер нарықтарының, тұтынушылардың немесе клиенттердiң жоғары қолжетiмдiлiгi, өңiрдiң және әлемнiң аса iрi қалаларымен дамыған көлiк байланысы мен телекоммуникация, қалалар iшiнде жүрiп-тұрудың жеңiлдiгi, қолайлы кәсiпкерлiк ахуал, өмiр сүрудiң жоғары сапасы және қоршаған ортаның тазалығы, тiлдiк қолжетiмдiлiк Астана және Алматы қалаларында бизнес жүргiзудiң тартымдылығын айқындайтын факторларға айналады.
Астана және Алматы қалаларын дамытуды қолдау экономикалық белсендiлiк пен инвестициялық тартымдылықты ынталандырудың түрлi тетiктерi арқылы, оның iшiнде қамсыздандырушы инфрақұрылымды дамытуға берiлетiн мемлекеттiк инвестициялар есебiнен жүзеге асырылатын болады (3.5.1-бөлiм).
Белгiленген iс-шаралардың көпшiлiгiн iске асыру басқа әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң аумақтарын қамтуды көздейдi, бұл бiр жағынан оларды дамыту үшiн түрткi болады, ал екiншi жағынан шараларды iске асыруды үйлестiру (өңiрүстi реттеу), аралас өңiрлерде бiрлескен iс-шаралар жүргiзу (кооперациялық жобалар) қажеттiгiн негiздейдi.
Астана қаласын өсу полюсi ретiнде дамыту перспективада оған Қарағанды агломерациясы мен Щучинск - Бурабай курорттық аймағының қалаларын тарта отырып, желiлiк өсу аймағын қалыптастыруға алмасуға тиiс.

Перспективалы жаңа көшбасшы қалаларды (өңiрлердi) қалыптастыру.

Каспий маңы өсу аймағын дамытуды мемлекеттiк ынталандыру Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасын одан әрi iске асыру шеңберiнде оған:
Орталық Азия өңiрiнiң батыс бөлiгiндегi аса маңызды сауда-логистикалық орталықтарға айналдыра отырып, аса маңызды халықаралық коммуникация дәлiздерiнде көлiк-логистика тораптарын өрiстету;
кластерлердi, оның iшiнде мұнай-химия бағытындағы кластерлердi қалыптастыру арқылы iрi қалалардың экономикаларын әртараптандыру бөлiгiнде тиiстi түзетулер енгiзiле отырып жүзеге асырылатын болады.
Перспективада жергiлiктi "өcу нүктелерiн" (тiрек қалаларды) толыққанды көшбасшы қалаға айналдыруды мемлекеттiк ынталандыру жөнiнде шешiмдер қабылдау өңiрлердi дамытудың ұзақ мерзiмдi стратегиялары (бәсекелi стратегиялары) мен олардың iске асырылу серпiнiн талдау және бағалау арқылы конкурстық негiзде жүзеге асырылатын болады.

3.2.1.2. Тiрек қалаларды дамыту

Мiндеттер. Өзiне экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын және өңiрлердiң сыртқы нарықтарға кiрiгуiн қамтамасыз ететiн тiрек қалаларды басым дамыту арқылы өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету.
Ел өңiрлерiнiң аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң даму перспективалары бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердiң болуына ғана емес, ашық нарықтағы ағындар мен алмасуларды тиiмдi басқаратын, өңiрдiң барлық түйiндi (табиғи, қаржы, адами және басқалары) ресурстарын ұтымды желiлiк жүйелерге байланыстыратын және өздерiн сыртқы нарықтарға белсендi ұстанымдайтын бәсекеге қабiлеттi орталық тораптарды - тiрек қалаларды қалыптастыруға да тәуелдi.
Мынадай факторлар бойынша қолда бар және перспективалы әлеует тiрек қалаларды айқындау өлшемi болды:
экономикалық дамыған iрi қала және басқару орталығы;
көлiк торабы мен iшкi және халықаралық көлiк дәлiздерiнде орналасу;
әлеуеттi iшкi немесе сыртқы өткiзу нарықтарына жақын орналасу;
көршiлес мемлекеттердiң iрi қалаларымен симметриялық даму мүмкiндiгi (принцип: бәсекелес қалалар).
Екi деңгейдегi тiрек қалалар айқындалды:
1. Ұлттық деңгейде - экономикалық макроөңiрлердiң: Қостанай қаласындағы орталығымен Солтүстiк, Қарағанды қаласындағы орталығымен Сарыарқа, Ақтөбе қаласындағы орталығымен Орал, Атырау қаласындағы орталығымен Каспий, Шымкент қаласындағы орталығымен Оңтүстiк, Өскемен қаласындағы орталығымен Ертiс, Алматы қаласындағы орталығымен Жетiсу орталықтарын бөле отырып, барлық қалалар - облыс орталықтары және Шығыс Қазақстанның аса маңызды көлiк торабы ретiнде Семей қаласы.
2. Өңiрлiк деңгейде - облыстық маңызы бар басқа перспективалы қалалар.
Елдiң барлық дерлiк тiрек қалаларының шекара маңындағы аудандарда орналасуы олардың таяу орналасқан өңiрлерге белсендi ұстанымдануының қажеттiгiн негiздейдi.
Шекара маңындағы қалаларға форпосттардың, елдiң бәсекелiк стратегиясының тiрек нүктелерiнiң және қалыптастырылатын даму осьтерiнiң шеңберiнде халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың қажеттi буынының рөлi берiледi.
Шекара маңындағы өңiрлердiң тiрек қалаларын дамыту стратегияларында оларды iргелес елдердiң таяу орналасқан iрi қалаларымен бәсекелi түрде "симметриялық" (тең дәрежеде) дамыту қажеттiгi ескерiлетiн болады.
Өздерiне таяу орналасқан шағын қалалар мен ауылдық аумақтарды қоса алғанда, тiрек қалалар өңiрлiк кластерлердi қалыптастырудың және кәсiпкерлiктi жандандырудың катализаторына айналады.
Экономиканың өңiрлiк нарыққа бағдарланған инновациялық секторын (ғылыми-технологиялық, сауда-логистикалық, қаржы, ақпараттық-бiлiм беру және iскерлiк қызмет көрсетулер) қалыптастыру тiрек қалалардың мамандануын әртараптандырудың бағытына айналуға тиiс.
Тiрек қалаларды дамытуды олардың ұлттық немесе өңiрлiк экономикалық кеңiстiкте тиiмдi ұстанымдануын қамтамасыз етудi көздейтiн өңiрлердiң даму стратегияларын (бәсекелi стратегияларды) iске асыру шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асыратын болады.
Орталық деңгей тарапынан жекелеген қалаларды дамытуды қолдау өңiрлердi дамытудың стратегияларын (бәсекелi стратегияларды), даму бағдарламаларын және олардың iске асырылу серпiнiн талдау мен бағалау арқылы конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

Iс-қимыл стратегиясы

Тiрек қалалардың өз даму стратегияларын (бәсекелi стратегияларын) өңiрлiк және ұлттық еңбек бөлiнiсiнде ұстанымдану перспективаларын айқындай отырып әзiрлеуi және өздерi көздеген шараларды iске асыруы (3.3.2-бөлiм).
Тiрек және шекара маңындағы қалалардың сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн ұлттық көлiктiк инфрақұрылым желiлерiн (темiр және автомобиль жолдары, әуежайлар) басым қайта жаңарту (құру) немесе аса маңызды ресурстарды (электр желiлерi, газ құбырлары) жеткiзу арқылы оларда экономикалық белсендiлiктiң өсуiн ынталандыру.
Тiрек қалалардың аса маңызды тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымын салуға (қайта жаңартуға) конкурстық негiзде нысаналы инвестициялық трансферттер бөлу.
Тiрек қалалардың перспективалы өндiрiстерiнiң базасында көршiлес мемлекеттердiң шекара маңындағы аумақтарының ресурстарын да шоғырландыратын өңiрлiк кластерлер құруды ынталандыру.
Қалалар мен оларға жақын орналасқан аумақтар шегiнде коммуникациялармен қамтамасыз етiлген индустриялық парктер құру, өңiрлiк кластерлердi қалыптастыру аймақтарындағы қалалардың көлiк тораптарында көлiк-логистика тораптарын құру (3.3.3.1-бөлiм).

3.2.2. Басқа басым аумақтарды дамыту

3.2.2.1. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту

Негiзгі мiндет. Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың аса маңызды аймақтары ретiнде шекара маңындағы аумақтарды жайластыру.

Iс-қимыл стратегиясы

Шекара маңындағы аумақтарды дамыту тұжырымдамасын және Шекара маңындағы аса маңызды елдi мекендердiң экономикалық әлеуетiн және қамтамасыз етушi инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу:
перспективалы елдi мекендердi - шекара маңындағы ынтымақтастықтың түйiндi нүктелерiн айқындау және оларды дамыту жөнiндегi шаралар;
оларды көршiлес мемлекеттермен бiрлесiп салу және пайдалану жөнiндегi шараларды қоса алғанда, шекара маңындағы ынтымақтастық инфрақұрылымын (шекара өткелдерiн, бақылау-өткiзу пункттерi мен кеден бекеттерiн) дамыту;
шекара маңындағы iрi мекендердiң әкiмшiлiк маңыздылығын арттыру;
Қазақстан мен Қытай шекарасында "Қорғас" үлгiсiнде шекара маңындағы ынтымақтастықтың iрi халықаралық орталықтарын салу.
Iргелес мемлекеттермен шекара маңындағы сауданы, шекараны жайластыруды, көлiктiк коммуникацияларды, энергиямен қамтамасыз етудi көздейтiн көп және екiжақты келiссөздер, ортақ ақпараттық технологиялар құру, гуманитарлық байланыстарды жандандыру негiзiнде шекара маңындағы ынтымақтастық бағыттарын қалыптастыру және нақтылау.
Шекара маңындағы аумақтарды, шекара маңындағы сауданы және iргелес мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуды қолдаудың өңiрлiк нысаналы бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру.

3.2.2.2. Ауылдық аумақтарды дамыту

Мiндеттер. Экономикалық перспективалы ауылдық аумақтарды басым дамыта отырып, елдiң аумақтық кеңiстiгiн ұтымды игеру және жайластыру.

Iс-қимыл стратегиясы

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде:
экономикалық қызметтi дамыту, әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым объектiлерiн салуды, жөндеу мен қайта жаңартуды инвестициялау жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды iске асыру;
ауылдық елдi мекендердiң (АЕМ) даму әлеуетiне қарамастан, алайда халық санын, негiзгi, мемлекет кепiлдiк берген қызмет көрсетулер ұсынушы әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылымды ескере отырып, оларды қамтамасыз етудiң ең төменгi деңгейлерiн әзiрлеу әрi орталық және өңiрлiк басқару деңгейлерiнiң жауапкершiлiгiн ажырата отырып, оларға кезең-кезеңiмен қол жеткiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;
АЕМ-де шаруашылық қызмет үшiн неғұрлым қолайлы жағдай жасау: өнiмдi жерлерге, қаржы ресурстарына, нарықтық ақпаратқа қолжетiмдiлiк, қайта мамандану, оның iшiнде ауыл шаруашылығы емес қызметке және басқаларына қайта даярлану мүмкiндiгi арқылы ауыл тұрғындарының жоғары және орташа даму әлеуетi бар АЕМ-ге шоғырлануын ынталандыру;
бәсекелiк (табиғи, еңбек және басқалары) артықшылықтарды пайдалану негiзiнде АЕМ-нiң өзiн-өзi дамыту процесiн ынталандыру.
Мыналарды:
экономикалық қызмет салаларын кеңейту және ауылдық жерлердi iрi қалалардың базасында қалыптастырылатын өңiрлiк кластерлерге тарта отырып, оларды индустрияландыру жөнiндегi iс-шараларды iске асыруды;
елдi мекендердiң өңiрге қарасты жүйелерiн (ЕӨЖ) дамытуды және қалыптастыруды жоспарлау шеңберiнде қалалар мен ауылдар арасындағы байланысты күшейтудi (3.2.3-бөлiм) қоса алғанда, өңiрлердiң даму стратегияларына (бәсекелi стратегияларға) қалалық және селолық даму бағдарламаларын кiрiктiру арқылы өңiрлердiң экономикалық дамуында ауылдық аумақтар әлеуетiнiң өсуiн қамтамасыз ету.

3.2.2.3. Қолайсыз аумақтардың проблемаларын шешу

Мiндеттер. Елдiң жекелеген аумақтарында өмiр сүру жағдайының айтарлықтай нашарлауына алып келген техногендiк апаттардың, өндiрiс пен өмiр сүру деңгейiнiң төтенше құлдырауының себептерiн немесе салдарларын жою.
Бүгiнде елдiң проблемалы өңiрлерiне экологиялық қолайсыз аумақтар, оның iшiнде бұрынғы әскери полигондар аумақтары, сондай-ақ күйзелiске ұшыраған шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендер жатады.
Күйзелiске ұшыраған елдi мекендердiң жергiлiктi проблемаларын жою өндiрiстi әртараптандыру, шағын бизнестiң қалыптасуын ынталандыру, жергiлiктi инвестициялық ахуалды жақсарту әрi әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту жолымен, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен тиiстi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде өңiрлердiң өз күштерi арқылы қамтамасыз етiлетiн болады.
Орталық тарапынан нысаналы қолдау объектісi капиталды қажетсiнетiн iрi жобаларды iске асыру арқылы Арал, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны өңiрлерiндегi ауқымды техногендiк апаттардың себептерi мен салдарларын жою болады.

Iс-қимыл стратегиясы

Арал өңiрi проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаны және Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру.
Арал өңiрi проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны әзiрлеу және iске асыру.
Шағын қалаларды дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру.
Тиiстi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде қолайсыз аумақтардың елдi мекендерiнiң әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым объектiлерiн қолдау жөнiндегi iс-шараларды iске асыру.

3.2.3. Таратып орналастыру жүйесi мен аумақтардың құрылымы

Мiндеттер. Ел халқының ұтымды орналастырылуын қамтамасыз ете отырып, тұрғындарды экономикалық перспективалы және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы аумақтарға шоғырландыру есебiнен таратып орналастырудың және ел аумақтары құрылымының оңтайлы жүйесiн қалыптастыру.

Таратып орналастыру жүйесi

Дамудың стратегиялық осьтерi таратып орналастыру жүйесiнiң негiзiне айналады және таратып орналастырудың тиiстi макроаймақтарын (солтүстiк, оңтүстiк, орталық) қалыптастырады.
Урбанизация процесiнiң қарқынды кезеңiне көше отырып, халықты таратып орналастырудың осы негiзгi жолақтарына, ең алдымен тұру және шаруашылық қызмет үшiн неғұрлым қолайлы табиғи жағдайлар кешенi бар аумақтарға одан әрi шоғырландыру жалғасады.
Жаңа елдi мекендердiң құрылысы тек қана пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын игеруге немесе жаңадан iске қосылатын (қалыптастырылатын жергiлiктi даму осьтерiнiң бойынан) көлiк-коммуникация объектiлерiне қызмет көрсету қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ күйзелiске ұшыраған елдi мекендердi (қалалар мен ауылдарды) қамтитын елдi мекендер жүйесiн оңтайландыру мақсатында ерекше жағдайларда жоспарланатын болады.
Таратып орналастыру жүйесiн одан әрi жетiлдiрудiң негiзгi бағыты көшбасшы қалалар мен тiрек қалалардың айналасында, оларға жақын орналасқан елдi мекендердi тұрғындардың қолайлы тыныс-тiршiлiгi үшiн қажеттi барлық жағдайлармен жеткiлiктi дәрежеде қамтамасыз етiлген таратып орналастыру жүйелерiне айналдыра отырып, агломерациялар қалыптастыру болып табылады.
Iрi экономикалық орталықтарды қалаларды басып оза дамытудың жалпы үрдiстерiмен өзара байланысты бұл қағидат ауқымды үнемдеу есебiнен тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыруға мүмкiндiк бередi, бюджет шығыстарын ұтымды етедi және халыққа мемлекет қызмет көрсетулердiң сапасын арттырады, жоғары ұйымдастырылған урбанистiк өмiр сүру ортасы бар аймақтар құрады.
Сол арқылы тiрек қалалар мен олардың айналасынан қалыптастырылатын агломерациялар өз көлемiне қарамастан, халықтың, ең алдымен күйзелiске ұшыраған ауылдар мен шағын қалалардан тартылу орталықтарына айналады, бұл қолайсыз аумақтарда тұрып жатқан халық санының бiртiндеп азаюына ықпал етедi.
Ауылдық таратып орналастырудың перспективалары Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде, ең алдымен қазiргi жоғары және орташа даму әлеуетi бар ауылдардың дамуы, сондай-ақ тыныс-тiршiлiктi қолдау немесе тұрғындардың даму әлеуетi төмен ауылдардан перспективалы мекендерге көшуiн ынталандыру арқылы айқындалатын болады.
Шекара маңындағы аумақтардың ауқымдылығынан және олардың игерiлуiн сақтап қалу қажеттiгiнен шыға отырып, орта мерзiмдi кезеңде шекара маңындағы елдi мекендердiң экономикалық әлеуетiн және қамтамасыз етушi инфрақұрылымын сақтап қалу және дамыту, шекара маңындағы аудандардағы iрi мекендердiң әкiмшiлiк маңызын арттыру (бұрын таратылған аудандарды қалпына келтiру) жөнiндегi шаралар iске асырылады, бұл тұрғындардың мұндай аумақтардан кетуiн тоқтатуға, ал перспективада көршiлес мемлекеттерден: Ресей Федерациясынан, Орталық Азия өңiрiнiң мемлекеттерiнен сыртқы иммиграцияны күшейтуге тиiс.

Іс-қимыл стратегиясы

Халықтың тұруға және шаруашылық қызметке қолайлы жағдайлары бар аймақтар (11-қосымша) мен елдi мекендерге шоғырлануын ынталандыру негiзiнен экономикалық әдiстермен (орта мерзiмдi кезеңде өтемақылық негiзде арнайы көшi-қон iс-шараларын жүргiзу көзделмейдi) мынадай шаралар кешенi арқылы жүзеге асырылатын болады:
көшi-қон ағынын нысаналы реттеу: оралмандарды таратып орналастыру; елге тұрақты мекен-жайға көшу үшiн (реэмиграция) шамадан тыс әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау; өңiрлiк еңбек нарықтарындағы ахуалды ескере отырып, жұмыс күшi артық өңiрлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуды квоталау;
кейiннен жұмыс iстейтiн кадрлар тапшы нақты өңiрлерге жұмысқа орналастыру үшiн азаматтарды нысаналы оқыту (қайта оқыту) жөнiнде шаралар қабылдау;
күйзелiске ұшыраған өңiрлерден iрi қалаларға бiлiм алу көшi-қонын көтермелеу;
тұрғын үй проблемаларын шешу үшiн жағдай жасау: елдiң iрi қалаларында жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту, жеке тұрғын үй салу үшiн азаматтарға коммуникациялар жүргiзiлген жер учаскелерiн беру;
тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту мен тыныс-тiршiлiк стандарттарын тиiсiнше арттыру есебiнен халықты перспективалы елдi мекендерге тарту үшiн жалпы ынталандыру жасау, шаруашылық-кәсiпкерлiк белсендiлiк үшiн қолайлы жағдайлар жасау, өнiмдi жерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету.
Таратып орналастыру процесi ерiктiлiк, күйзелiске ұшыраған өңiрлер тұрғындарының түрлi қалалар мен елдi мекендердегi әлеуметтiк-экономикалық жағдай, еңбек және тұрғын үй нарығы мен басқалары туралы барынша хабардар болуы принциптерiне негiзделуге тиiс.

Аумақтардың құрылымы

Жоғарыда айқындалған экономикалық макроөңiрлердiң (өңiрлердiң, өңiрге қарасты өңiрлердiң) шекарасындағы аумақтарды дамытуды жоспарлау және әкiмшiлiк-шаруашылық ұстанымдарды бiр-бiрiмен байланыстыру мақсатында өңiрге қарасты, топтық және топтан тыс елдi мекендер жүйелерiн (ЕМЖ) қамтитын реттелген жүйелi ауыларалық байланысы бар макроөңiрлiк және өңiрлiк елдi мекендер жүйесiн (ЕМЖ) қалыптастыру көзделiп отыр.
ЕМЖ қалыптастыруды реттеудiң мақсаты елдi мекендердi дамытуды, ең алдымен олардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды ұтымды қалыптастыруға бағытталған аумақаралық үйлестiру, оларды дамытудың макроөңiрлiк және ұлттық деңгейдегi мiндеттердi шешумен келiсiлуi болады.
Елдi мекендi жерлер жүйелерiнiң орталықтары тiрек елдi мекендер: экономикалық, ұйымдық-шаруашылық, әкiмшiлiк және мәдени дамуда елдi мекендердiң барлық жергiлiктi жүйелерiн бiрiктiретiн қалалар, кенттер, iрi селолар (ЕЖМ деңгейiне байланысты) болады.
Топтық өңiрге қарасты ЕМЖ-лерiн бөлу және олардың санын айқындау өлшемi оларды топтастырудың жалпы факторларымен қатар таратып орналастыру аймақтарына тиесiлiлiгiн айқындайтын орталыққа (тiрек елдi мекенге) қатысты елдi мекендердiң көлiктiк қолжетiмдiлiгiнiң (жолға жұмсалған уақыттың) көрсеткiшi болады (1-кесте).

1-кесте

Көліктік қолжетімділік бойынша таратып орналастыру
аймақтарын қалыптастыру өлшемі

Таратып орналастыру аймақтары
Шекарадан орталық қалаға жол жүру уақыты: I II III IV
қала маңындағы аймақ (минут) 45-90 60-120 120-150 150-ден артық
белсенді ықпал ету аймағы (минут) 60-120 120-150 150-180 180-нен артық

Елдi мекендердi - ЕМЖ элементтерiн дамыту үшiн қолайлы жағдай оның таратып орналастырудың бiрiншi (қала маңындағы аймаққа дейiн 45-90 көлiктiк қолжетiмдiлiк минуты (КҚМ) және тiрек қаланың белсендi ықпал ету аймағына дейiн 60-120 КҚМ) немесе екiншi белдеуде (60-120 және 120-150 КҚМ) орналасуы болып табылады. Үшiншi белдеудегi елдi мекендерде (120-150 және 150-180 КҚМ) одан әрi даму үшiн қолайлы жағдайлары шектеулi.

Iс-қимыл стратегиясы

Халықты таратып орналастыруды тиiмдi аумақтық ұйымдастыру және оны кейiннен экономикалық кеңiстiктi қалыптастырумен, оның iшiнде республикалық, өңiраралық, облыстық және аудандық маңызы бар қамсыздандырушы инфрақұрылымды дамытудың шоғырландырылған схемаларын iске асырумен өзара байланыстыру мақсатында сәулет-қала құрылысын жоспарлау практикасы жетiлдiрiлетiн болады.
Шаруашылық жоспарлаудан аудандық жоспарлауға және елдi мекендердiң бас жоспарларын одан әрi әзiрлеуге әдiснамалық көшудi қамтамасыз ету, сондай-ақ аумақтардың осы заманғы жай-күйiне сәйкес келетiн картографиялық негiз құру көзделген жалпы жоспарлау процесiне жаңа саты - өңiрлiк таратып орналастыру жүйелерiн қала құрылысы тұрғысынан талдау енгiзiлетiн болады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының даму стратегияларына (бәсекелi стратегияға) сәйкес Қазақстан Республикасын кеңiстiктiк дамытудың және оның халқын таратып орналастырудың болжамды схемасымен өзара байланысты кеңiстiктiк дамудың және таратып орналастырудың перспективалы схемалары әзiрленедi.

3.3. Аумақтарды экономикалық ұйымдастыру

Ел мен оның өңiрлерiнiң тиiмдi ұстанымдануын және кеңiстiктiк дамуын қамтамасыз ету үшiн экономикалық белсендiлiктi ынталандырудың жалпы экономикалық шараларын iске асырумен қатар мемлекеттiң күш-жiгерiн мынадай нақты мiндеттердi шешуге шоғырландыру қажет:
өндiрiстiң аса маңызды факторы ретiнде аумақтардың ресурстық әлеуетiн ұтымды пайдалану;
елдiң және өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттi экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған бизнестi тиiмдi аумақтық-экономикалық ұйымдастыруды құру;
экономиканың өсiп келе жатқан қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететiн толыққанды инфрақұрылым қалыптастыру және адами капиталды сапалы дамыту (бюджеттiк инвестициялардың негiзгi бағыты).
Осыған байланысты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң, олардың жеке сектормен өзара iс-қимылының мынадай негiзгi бағыттары айқындалды.

3.3.1. Аумақтардың ресурстық әлеуетiн ұтымды пайдалану

Мiндеттер. Табиғи ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мен ұтымдылығын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақ үшiн ресурстық әлеуеттi сақтау.
Халықтың күтiлiп отырған өсуiне және онымен байланысты ресурспен қамтамасыз етiлудiң азаюына байланысты табиғи ресурстардың әлемдiк ауқымдағы шектеулiлiгi 21-ғасырдың ортасына қарай жаһандық сипаттағы проблемаларды туындатуы мүмкiн.
Қазақстан аумақтарының табиғи ресурстарын пайдалану стратегиясы қазiрдiң өзiнде әзiрленген (пайдаланылатын) ресурстарды (игерудiң қарқынды сипаты) тиiмдi және ұтымды игеру және ресурстарды кейiннен игеру немесе болашақ ұрпақ үшiн сақтау негiздерiн құру қажеттiгiнен шығады.
Бұл туындап отырған шикiзат базасын кеңейту қажеттiлiгiнен және тиiстi инфрақұрылымның дайындығынан шыға отырып, табиғи және экологиялық ерекше құндылықты бiлдiретiн аумақтарды болашақта өсiру және сақтап қалу үшiн резервтiк ресурстық аймақтарды бiр мезгiлде қалыптастырумен қатар (қорларды барлау), аумақтарды игерудiң кезеңдiк сипатын болжамдайды.
Табиғи ресурстарды пайдаланудың аса маңызды шарты табиғи ортаға экологиялық әсердi азайту болады.
Тиiстi табиғи ресурстарды (жер, су, минералдық-шикiзат, рекреациялық) пайдалану және сақтау жөнiндегi тұжырымдамалар, бағдарламалар, iс-шаралар өңiрлер мен елдi кеңiстiктi дамытудың және оның халқын таратып орналастырудың перспективалы схемаларын әзiрлеумен және iске асырумен өзара кешендi байланыста болады.

Жер ресурстары

Мiндеттер. Өнiмдiлiгi жоғары және экологиялық бағдарланған бейiмдi жер пайдалануды қалыптастыру арқылы жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету.

Іс-қимыл стратегиясы

Жерге орналастыруды, жер ресурстарын басқарудың экономикалық тетiктерiн, жер заңнамасының сақталуын бақылауды жетiлдiру арқылы жердi ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
Жер қорының құрылымын санаттар бойынша жетiлдiру. Нысаналы мақсаттағы санат жерiнiң құрамын экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келтiру.
Мемлекеттiк жер кадастрын жасау және енгiзу, тиiмдi ведомствоаралық өзара iс-қимылды қамтамасыз ете отырып, оны автоматтандырылған технологияларға көшiру.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа iс-шаралармен бiр кешенде топырақтың құнарлылығын сақтау және қалпына келтiру, жердiң жай-күйiне терiс антропогендiк әсер етудi болдырмау, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi iс-шараларды iске асыру есебiнен жердiң сапалық жағдайын жақсарту жөнiнде шаралар қабылдау.
Жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу мен iске асыру кезiнде ландшафттық-экологиялық қағидатты кезең-кезеңiмен iске асыру, жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн енгiзу.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық дәлiздердiң желiсiн дамыту;
Жердi ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, атап айтқанда жерге орналастыруды және жер қорының құрылымын жетiлдiру жөнiндегi шаралар өңiрлер мен елдi кеңiстiктiк дамытудың және оның халқын таратып орналастырудың перспективалы схемаларын әзiрлеумен және iске асырумен тiкелей өзара байланысты болады.

Су ресурстары

Мiндеттер. Суды тұтынуды ұтымды ету, суды үнемдеу, судың ластануын болдырмау, су ресурстарын басқару әдiстерiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру арқылы су ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сақтауды (оңалтуды) қамтамасыз ету.

Іс-қимыл стратегиясы

Мынадай шараларды iске асыруды көздейтiн Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың (оңалтудың) 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасын әзiрлеу:
өзен ағысын, оның бассейнiшiлiк және өңiраралық қайта бөлiнуiн реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру;
су үнемдейтiн технологияларды, су пайдаланудың айналмалы және жабық жүйелерiн енгiзу, өнеркәсiпте және ауыл шаруашылығында өнiмнiң бiр бiрлiгiне үлестiк су тұтынуды, судың пайдаланушылық шығынын азайту жөнiнде шаралар қабылдау;
су ресурстарын сақтауды (оңалтуды), олардың ластануын болдырмауды қамтамасыз ету;
өңiрлер экономикасының құрылымын, әсiресе тапшылықты бассейндерде шаруашылық су тұтынуды төмендету немесе оңтайландыру, суды көп қажет етпейтiн өндiрiстердi дамыту және өңделетiн жерлер құрылымында суармалы жерлердiң үлесiн қысқарту жағына қарай қайта құру;
ақы төлеудiң қолданыстағы ставкаларын саралау, суды асыра жұмсағаны және су көздерiн ластағаны үшiн айыппұл санкциялары жүйесiн пайдалану, су шаруашылығы объектiлерiн ұстау және жөндеу жөнiндегi шығындарды өзiн-өзi өтеушiлiкке кезең-кезеңiмен көшiре отырып, су пайдаланушыларға су беру жөнiндегi қызмет көрсетулер үшiн баға белгiлеудi оңтайландыру бойынша жағдайлар жасау, су тұтыну нормаларын оңтайландыру жолымен су ресурстарын пайдаланудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру;
жер асты көздерiнiң суларын кеңiнен пайдалану есебiнен қолдағы су ресурстарының өсуiн қамтамасыз ету;
трансшекаралық су бассейндерi бойынша су ресурстарын бөлу жөнiнде жақын орналасқан елдермен уағдаластықтарға қол жеткiзу;
су-шаруашылық инфрақұрылымын дамыту және қайта жаңартуды жүргiзу, су шаруашылығы жүйелерiн қазiргi заманғы су өлшеу және суды реттеу құралдарымен жарақтандыру;
су ресурстарын реттеу жүйесiн жетiлдiру, су ресурстарын басқару модельдерiн әзiрлеу және келiсу (Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi өзiне тән емес, мәселен ауыз сумен жабдықтау объектiлерiн салу жөнiндегi қызметтен кезең-кезеңiмен алшақтап, су ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау мәселелерiне назар аударуға тиiс);
өңiрлер халқын кеңiстiктiк дамыту мен таратып орналастырудың перспективалық схемаларын әзiрлеп, iске асыра отырып, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын және Ел халқын кеңiстiктiк дамыту мен таратып орналастырудың болжамды схемасын өзара үйлестiрудi қамтамасыз ету.

Минералдық-шикiзат ресурстары

Мiндеттер. Жер қойнауын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, елдiң минералдық-шикiзат кешенiнiң перспективалық ресурстық базасын дамыту, резервтiк ресурстық аймақтарды қалыптастыру арқылы жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету.
Орта және ұзақ мерзiмдi кезеңде минералдық-шикiзат ресурстарын игеру және өндiрушi өнеркәсiптi дамыту елдiң экономикалық даму қарқынын айқындайды және экономиканың қалған секторлары үшiн өсу локомотивi, ал алдағы перспективада - даму орнықтылығы болып табылады.
Осыған байланысты әлемдiк даму үрдiстерiн, ұзақ мерзiмдi ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету қажеттiлiгiн, сондай-ақ даму саясатымен өзара үйлестiрiлген елдiң көлiк-коммуникация желiсiн ескере отырып, минералдық-шикiзат ресурстарын игерудiң ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк саясатын әзiрлеу қажет.

Iс-қимыл стратегиясы

Елдiң минералдық-шикiзат базасын дамытудың қарқынын, перспективалық бағыттарын, оның iшiнде аумақтық байланыстыра отырып анықтайтын Минералдық-шикiзат ресурстарын игерудiң 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған тұжырымдамасын әзiрлеу.
Елдiң минералдық-шикiзат кешенiнiң ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде мынадай iс-шаралар өткiзу:
пайдалы қазбалар кен орындарын анықтау үшiн базалық материал ретiнде 1:200000 масштабта алаңдарды геологиялық жете зерделеудi жүргiзе отырып, жаңа түрдегi картографиялық негiз жасау;
1:200000 масштабта алаңдарды гидрогеологиялық жете зерделей отырып және мемлекеттiк өңiрлiк гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық зерттеулер жүргізiп, жер асты суларының перспективалық алаңдарын анықтау және бағалау;
қатты пайдалы қазбаларға, көмiрсутек шикiзатына және жер асты суларын iздеу және iздеу-бағалау жұмыстарын жүргiзу;
минералдық шикiзат әлемдiк нарығының қазiргi заманғы талаптарын ескере отырып, пайдалы қазбалардың мемлекеттiк теңгерiмде тұрған қорларына қайта бағалау жүргiзу. Мұндай қайта бағалаудың қажеттiгi республикаға шетелдiк капитал мен менеджмент тарта отырып, пайдалы қазбалар қорларының бәсекеге қабiлеттiлiгi мен нарықтық құны туралы мемлекетте дұрыс ақпарат болуға тиiстiгiне негiзделген;
жер қойнауының және жер қойнауын пайдалануды реттеудiң мемлекеттiк мониторингiн жетiлдiру.

Рекреациялық ресурстар

Мiндеттер. Рекреациялық ресурстарды ұтымды пайдалану мен сақтауды (қалпына келтiрудi) қамтамасыз ету.
Қазiргi кезеңде қоғамның рекреациялық қажеттiлiгiнiң үнемi өсуi (демалу және денсаулықты қалпына келтiру), сондай-ақ туризмдi экономиканың рекреациялық ресурстарды пайдаланатын дербес саласына айналдыру рекреацияға арналған анағұрлым перспективалық ресурстарды рекреациялық жетiстiктердi бағалау негiзiнде неғұрлым дәл бiрдейлендiрудi талап етедi.
Әлеуеттi рекреациялық ресурстарды пайдалану бүгiннiң өзiнде табиғи ортаға және ресурстардың өзiнiң жай-күйiне әсер етудiң елеулi факторына айналуда, бұл олардың сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды талап етедi.

Iс-қимыл стратегиясы

Әзiрленiп жатқан Туристiк саланы дамыту бағдарламасын, Өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарларын немесе жекелеген нысаналы өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде мынадай шараларды iске асыру көзделедi:
өңiрлердiң табиғи (табиғи кешендер және олардың құрауыштары; бедер, климат, акваториялар, өсiмдiктер және басқалар) әрi социогендiк (мәдени-тарихи ескерткiштер, сәулет объектiлерi және басқалар) сипаттағы рекреациялық әлеуетiне, оның жай-күйiне кешендi бағалау жүргiзу, қандай мақсатта пайдалану перспективаларын (курорттық-санаторийлiк, сауықтыру, экскурсиялық-туристiк, спорттық) және маңызын (өңiрлiк, ұлттық, жергiлiктi) анықтау;
рекреациялық ресурстардың iрi шоғырланған базасында рекреациялық шаруашылыққа маманданған аумақтық аймақтар қалыптастыру;
Өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарларының немесе жекелеген нысаналы өңiрлiк бағдарламалардың құрамына рекреациялық ресурстарды сақтау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды енгiзу;
маңызды табиғи рекреациялық ресурстар үшiн - аумақтардың экологиялық сыйымдылығына негiзделген табиғи ландшафттарға рұқсат етiлетiн рекреациялық жүктемелер (маусымына адам-гектар) әзiрлеу, одан асып түсу табиғи кешендердiң деструкциясына байланысты;
маңызды тарихи, мәдени және сәулет ескерткiштерiн қорғауды, сондай-ақ қалпына келтiрудi (реставрациялауды) қамтамасыз ету;
Алдын ала талдау рекреациялық мамандану үшiн мынадай өңiрлер перспективалық болып табылатынын көрсеттi (12-қосымша):
Iле (Алматы қаласы, Есiк қаласы, Қапшағай қаласы, Түрген ауылы, Шарын туристiк-рекреациялық аймағы);
Солтүстiк Тянь-Шань (Кеген ауылы, Нарынқол ауылы, Жалаңаш ауылы, Көлжат ауылы);
Солтүстiк Жоңғар (Дружба ауылы, Лепсi ауылы, Сарқант қаласы, Алакөл көлi);
Түркiстан (Түркiстан қаласы, Тұрбат ауылы, Отырар ауылы, Шаян ауылы, Баба-Ата ауылы);
Жамбыл (Тараз қаласы, Мерке ауылы, Мойынқұм ауданы);
Балқаш (Балқаш маңы, Балқаш көлi);
Қарқаралы (Қарқаралы қаласы, Кент таулары);
Жоғарғы Бұқтырма (Қатонқарағай ауылы, Берел ауылы, Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлi);
Сайрам-Шымкент (Шымкент қаласы, Сайрам ауылы, Арыс қаласы, Сарыағаш қаласы);
Шучьe-Бурабай (Щучинск қаласы, Көкшетау қаласы, Бурабай, Қотыркөл, Зерендi демалыс аймақтары);
Ақтөбе (Абат-Байтақ кесенесi, Қобда ауданы, Жаманшың табиғи қорығы, Ырғыз ауданы, Айдарлыаша Хромтау ауданы, Қарғалы су қоймасы, Темiр, Әйтеке би, Алға, Мұғалжар аудандары);
сондай-ақ "Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенi.

3.3.2. Еңбектi республикалық, өңiрлiк және халықаралық
бөлуде аумақтарды бәсекеге қабiлеттi экономикалық
мамандандыру

Мiндеттер. Бизнестi аумақтық-экономикалық ұйымдастыру мен жүргiзудiң осы заманғы моделдерiн енгiзу есебiнен ұлттық, өңiрлiк және әлемдiк экономикалық жүйеде ел өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру. Экономикалық субъектiлердiң кең аясын экономикалық процестерге тарту, сол арқылы кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру.
Әлемдiк тәжiрибе елдiң экономикалық дамуы оның өңiрлерiн құрайтындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiне тiкелей байланысты екендiгiн көрсетедi.
Өңiрдiң бәсекеге қабiлеттiлiгi деп бүгiнгi таңда еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және капиталды ұтымды пайдалану, бизнестi тиiмдi аумақтық-экономикалық ұйымдастыру, ұлттық, өңiрлiк және әлемдiк нарықтарға кiрiктiрiлу есебiнен халықтың өмiр сүруiнiң жоғары және үнемi өсiп отыратын деңгейiне қол жеткiзу қабiлеттiлiгi түсiндiрiледi.
Қазiргi уақытта әлемде аумақтарды экономикалық ұйымдастырудың екi негiзгi моделi қалыптасқан - тiгiнен кiрiктiрiлген (орталықтандырылған) және желiлiк.
Тiгiнен кiрiктiрiлген өңiрлер үшiн негiзгi жұмыс берушiлер ретiндегi, жергiлiктi бюджеттердi толықтырудың негiзгi көзi және өңiрлерде инфрақұрылым шаруашылығын қалыптастырудың негiзгi факторы болып табылатын корпоративтiк құрылымдарға бiрiктiрiлген бiр немесе бiрнеше iрi жаппай өнеркәсiп өндiрiстерiнiң үстемдiк етуi тән.
Қатаң орталықтану тән аумақты ұйымдастырудың тiгiнен кiрiктiрiлген моделiнен айырмашылығы желiлiк өңiрлер бiрiн бiрi өзара алмастыра алатын тауарлар мен қызмет көрсетулер өндiретiн жеке-дара кәсiпорындар желiсiн бiлдiредi.
Кәсiпорындардың өзара iс-қимылы ынтымақтастық және қосалқы келiсiмшарттық қатынастар туралы келiсiмдер негiзiнде жүзеге асырылады. Кәсiпорындардың бiр бөлiгi дайын өнiмдi нарыққа шығарады, қалғандарының барлығы осы өндiрiске бастама жасаған кәсiпорындар тобының тапсырысы бойынша операцияларды орындайды.
Тұтастай алғанда барлық кәсiпорындар кооперациялар мен өзара iс-қимыл желiсiн - өңiрдiң жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгiн бiрлесiп қамтамасыз ететiн өзара байланысты компаниялар мен институттардың географиялық жағынан тұйықталған жиынтығын бiлдiретiн кластердi құрады.
Қазақстан үшiн дамудың алдыңғы кезеңдерiнде аумақтарды ұйымдастырудың тiгiнен кiрiктiрiлген моделi экономикалық жағынан ақталған болып табылды, бұл өндiрiстiң технологиялық дәйектiлiгiне негiзделген болатын. Сонымен қатар бүгiнде елдiң тiгiнен кiрiктiрiлген өңiрлерi әлемдiк экономикада бәсекеге қабiлеттiлiгiмен ерекшеленбейдi, жаңа технологиялар мен инновациялардың өндiрушiлерi болып табылмайды.
Оларда негiзiнен құн жинақтау тiзбегiнiң бастапқы буынындағы өндiрiстер орналасқан. Мұндай тiзбектiң ақырғы буындары өңiрлерден немесе елден тысқары орналасады, сондықтан қаржы ағындары мен инновациялар негiзiнен олардан тысқары шоғырланады. Бұл өңiрлердi өңiрлердi құраушы тiгiнен кiрiктiрiлген iргелi компаниялардың жұмыс iстеп тұруына және нарық конъюнктурасына тәуелдi етедi және тұтастай алғанда геоэкономикалық иерархияда бағынысты жағдайға қояды.
Қазiргi заманғы жағдайларда икемдi мамандануымен және инновацияларға қабылеттiлiгiмен сипатталатын, кластерлiк қағидатты қолдана отырып, бүкiл желiнiң ресурстарын жұмылдыруға негiзделетiн аумақтық-экономикалық ұйымның желiлiк моделi Қазақстан үшiн неғұрлым перспективалы бола түстi.
Желiлiк модель ұлттық экономикаға үлкен тұрақтылықты қамтамасыз етедi, өйткенi оның қозғалтқыш күшi, ең алдымен, шикiзат емес өңiрлердегi экономикалық процестерге экономикалық субъектiлердiң неғұрлым кең аясын тартуды қамтамасыз ететiн шағын және орта кәсiпорындар болады.
Өңiрлiк кластерлердi құру желiлiк модельдiң пәрмендi тетiктерiнiң бiрi болып табылады. Өңiрлiк кластерлер өңiрлер маманданатын қызмет салаларының айналасында құрылатын болады және қазiргi бар әкiмшілік-аумақтық бiрлiктердi қамтып қана қоймай, көршiлес аудандардың, облыстардың шекараларын да қамтиды.
Облыстардың iшiндегi елдi мекендер мен аудандардың, сондай-ақ кейбiр облыстардың күш-жiгерi өз кластерлерiн құруға ғана емес, сонымен бiрге қалыптастырылатын өңiрлiк кластерлерге қатысуға да бағытталады.
Осы модельдiң негiзiнде әлемдiк және өңiрлiк тауарлармен, қаржымен, жұмыс күшiмен, технологиямен және ақпарат алмасу жүйесiне табысты қосылған өңiрлер де (мысалы, Алматы қаласы және Алматы облысына iргелес аумақтар) қазiрдiң өзiнде-ақ ұйымдастырылуда, бұл олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн айқындайды.
Шикiзат секторының iрi кәсiпорындары үстемдiк ететiн өңiрлерде өңiрлiк бәсекеге қабiлеттiлiктi арттырудың негiзгi бағыттары тiгiнен кiрiктiрiлген компаниялардың анағұрлым жоғары қайта жасау өндiрiстерiн дамыту (шикiзатты тереңдетiп қайта өңдеу базасында), аутсорсинг тетiктерiн құра және шағын және орта кәсiпорындардың көмекшi, қызмет көрсетушi және қайта өңдеушi блогын қалыптастыра отырып, iрi жобалардағы жергiлiктi құрауыштарды күшейтудi дамыту, сондай-ақ қызмет көрсетушi және көмекшi кәсiпорындардың күш-жiгерiн бiрiктiру есебiнен елдiң iрi жүйе құрайтын компанияларының айналасындағы кластерлердi қалыптастыру болып табылады.
Мұндай көзқарас экспорттық секторды дамытудан, оны ұлттық өсiмдi молайту процесiне белсендi түрде енгiзе отырып, iшкi экономиканың қатарлас салаларына және өңiрлердiң дамуына ауқымды мультипликативтiк әсерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Ресурстарды жұмылдыру тетiктерiнiң бiрi неғұрлым дамыған өңiрлiк орталықтарда өзара байланысты бiрнеше өңiрлерде кәсiпкерлiктi жандандыруға бағдарланған Әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациялар (ӘКК) қалыптастыру болады.
ӘКК активтердi басқара алады, жобаларға бастама жасайды және нақты өңiрдi дамыту мүддесiнде қосымша инвестициялар тартады.
Бұл корпорациялар қызметiнiң маңызды бағыты өңiрде ұзақ мерзiмдi негізде шағын және орта кәсiпорындардың тауарлары мен қызмет көрсетулерiне сұраныс қалыптастыру болады.
ӘКК-нi дамыту сонымен қатар рентабельдi емес кәсiпорындар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Алдағы уақытта басқару тәжiрибесiнiң жинақталуына және ӘКК-нi капиталдандыру деңгейiн арттыруға қарай, өңiрлiк және халықаралық нарықтарға шығуды қоса алғанда, олардың "жауапкершiлiк саласын" кеңейту мен әртараптандыру туралы мәселе қаралуы мүмкiн.
Өңiрлердiң экономикалық дамуын жеделдету, "серпiлiс" жобаларын құруды ынталандыру үшiн қолайлы жағдайлар мен осы заманғы инфрақұрылым қалыптастыру, өңiрлерге шетелдiк және отандық инвестициялар тарту (трансұлттық корпорациялар (ТҰК, әлемдiк брендтер) мақсатында арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық парктер құру көзделедi.
Тұтастай алғанда, өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануын қалыптастыру, оның iшiнде бәсекеге қабiлеттi кластерлердi қалыптастыру жолымен, сыртқы нарықтарда бәсекелесу әлеуетi бар мамандықтар (13-қосымша) базасында құрылатын болады.
Өңiрлердiң мамандануы тұтынушылар мен нарықтарға бағдарланумен қалыптастырылатын болады. Тар маманданған және, дәлiрек айтқанда, дәл осы неғұрлым күштi бәсекелiк басымдықтарға ие салалары бар өңiрлер табысқа қол жеткiзетiндiгiн әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Сондықтан өңiрлер бiр немесе бiрнеше салаларға (қызмет салаларына) маманданатын болады, ал барлық қалған қызмет түрлерi осы негiзгi салаларға қызмет көрсетумен және қамтамасыз етумен байланысты болады.
Жергiлiктi атқарушы органдар инноваторлар рөлiнде бой көрсетiп, дәстүрлi факторларға (табиғи, еңбек ресурстары, қазiргi бар өндiрiстiк қорлар) қарағанда өңiрлердiң өздерi құра алатын және олардың ұзақ мерзiмдi бәсекелiк басымдығын қамтамасыз ететiн өндiрiстiң мамандандырылған факторларын (инновациялық әлеует, бiлiктi жұмыс күшi, институционалдық орта) құра отырып, экономикалық тұрғыдан өзiн-өзi құруға ұмтылуға тиiс.

Iс-қимыл стратегиясы

Мынадай шаралар кешенiн iске асыру арқылы өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануын қалыптастыру:
ұлттық, өңiрлiк және әлемдiк экономикалық жүйеде ел өңiрлерi мен тiрек қалаларының ұстанымдану (мамандану) бағыттарын айқындау үшiн маркетингтiк зерттеулер жүргiзу;
облыстардың және тiрек қалалардың жүргiзiлген маркетингтiк зерттеулер негiзiнде өздерiнiң ұлттық, өңiрлiк және әлемдiк нарықтардағы ұстанымдану бағыттарын айқындайтын бәсекелiк даму стратегиясын (бәсекелiк стратегияларды) әзiрлеуi. Өңiрлердiң даму стратегиясын әзiрлеудiң негiзiнде мынадай әдiснама жатуға тиiс:
өңiрлер ұстанымдануының геоэкономикалық ауқымы;
бiрiншi кезекте өз мүмкiндiктерiн бағдарға алу (өзiн-өзi ұйымдастыру мен iшкi ресурстарды жұмылдыру);
өңiрлердiң өндiрiстiң дәстүрлi факторларын тиiмдi пайдалануға ғана емес, инновациялық әлеует, бiлiктi жұмыс күшi, қазiргi заманғы инфрақұрылым және институционалдық орта сияқты мамандандырылған факторларды дамытуға да бағдарлануы;
салалық және аумақтық кооперациялау әлеуетiн сату;
қолайлы бизнес-ахуал жасау және экономикалық субъектiлердiң кең аясын жалпы экономикалық даму процесiне тарту.
Мемлекеттiк органдар, жеке меншiк кәсiпорындар, бизнес-қауымдастықтар, ҒЗИ мен басқа да мүдделi құрылымдар өкiлдерiнiң қатысуымен өңiрлiк стратегияларды қалыптастыру мен iске асыруда мемлекет пен бизнестiң серiктестiгiн қамтамасыз ететiн тетiк ретiнде облыс әкiмдерiнiң жанынан консультативтiк-кеңесшi органдар ретiнде Бәсекеге қабiлеттiлiк жөнiндегi кеңестер құру.
Мыналарға ие болатын бос орындарға:
өңiр (немесе бiрнеше жақын орналасқан өңiрлер) әлеуеттi бәсекелiк артықшылықтарға ие болатын бос орындарға шығу үшiн шағын және орта компаниялардың, сондай-ақ басқа да мүдделi ұйымдардың күш-жiгерiн бiрiктiру есебiнен;
iрi тiгiнен кiрiктiрiлген компаниялар әрекет ететiн өңiрлерде (негiзiнен мұнай-газ және тау-кен металлургия салаларында) - өңiрдiң iрi компанияларының талаптарына сай келетiн тауарлар мен қызмет көрсетулер жеткiзу жөнiндегi тапсырыстарды алу мен орындау үшiн шағын және орта компаниялардың күш-жiгерiн бiрiктiру есебiнен кластерлiк бастамаларды iске асыру.
Кластерлiк зерттеулер нәтижелерi бойынша туризм, жүк тасымалы, мұнай-газ машиналарын жасау, тоқыма өнеркәсiбi, тамақ өнеркәсiбi, металлургия және құрылыс материалдарының өндiрiсi сияқты салалар мен кiшi салаларда кластерлер қалыптастыру перспективалы болып айқындалған (14-қосымша).
Ұзақ мерзiмдi перспективада басқа да салалар мен кiшi салаларда да кластерлердi дамыту көзделiп отыр, ол үшiн айқындау үшiн кластерлiк бастамаларды неғұрлым егжей-тегжейлi зерттеу қажет болады.
Кластерлер екi жолмен құрылады: кенеттен (тiкелей мемлекеттiк қолдаусыз) және мемлекеттiң бастамасы бойынша - "синтетикалық" кластерлер. "Синтетикалық" кластерлерде компаниялар да, мемлекет немесе донорлық компаниялар да көшбасшы бола алады.
Құрылатын кластерлер мынадай сипаттамаларға жауап беруге тиiс: бәсекелiк ортаның болуы және сонымен бiр уақытта кластерлерге қатысушылар арасындағы кооперациялау, географиялық шоғырландырылуы, бiр қызмет түрiне мамандануы (мысалы, туризм кластерi), қатысушылардың әртүрлi құрамы, ұзақ мерзiмдiлiгi және инновацияларға ашықтығы.
Кластерлердi дамытуда жеке бастама негiзгi рөл атқаратын болады.
Кластерлiк бастамаларды iске асырудағы мемлекеттiк органдардың, ең алдымен, жергiлiктi атқарушы органдардың рөлi жәрдем көрсетуде немесе мынадай жағдайлар жасауда болады:
жеке меншiк сектор тарапынан бастама болмаған жағдайда "синтетикалық" кластердi дамытуға бастамашылық ету (маркетингтiк зерттеулер жүргiзу, кластердiң әлеуеттi қатысушылары арасында үндесу орнату және басқалар);
бастамашылық кластерлерде - кластердiң әлеуеттi қатысушылары: өндiрушiлер, жеткiзушiлер, сервистiк компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, реттеушi органдар мен қаржы институттары арасындағы өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн тиiмдi үйлестiрушi тетiктер (мысалы, үйлестiру кеңестерi) құру;
кластерлiк даму үшiн қамтамасыз етушi инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту: өндiрiстiк және қойма үй-жайларын, кiреберiс жолдарын беру, көлiк-логистикалық тораптар, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру орталықтарын қалыптастыру; инженерлiк желiлерi бар жер учаскелерiн және кластерлердi дамытуды қамтамасыз ететiн басқа да объектiлер беру;
мыналарды: кластерге қатысушыларды қажеттi ақпаратпен (нарық, заңнамалық база, перспективалық жобалар және басқалар туралы) қамтамасыз ету үшiн ақпараттық жүйе құруға және оның жұмыс iстеуiне жәрдемдесудi; конференциялар, мамандандырылған көрмелер, семинарлар, жарнамалық-тұсаукесер iс-шараларын, кластерлерге әлеуеттi қатысушылардың шет елдерге танысу сапарларын ұйымдастыруды және өткiзудi, брошюралар, каталогтар мен басқа да материалдар шығаруды көздейтiн кластерлердi дамытуды ақпараттық қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
Басқа кәсiпорындарға (шағын және орта бизнес субъектiлерiне) мердiгер кәсiпорынның өзiнен жақсы орындай алатын бизнес-функцияларды немесе бизнес-процестердiң бөлiктерiн берудi көздейтiн iрi шетелдiк және ұлттық компаниялардың аутсорсингiн ынталандыру жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске асыру;
Iрi шетелдiк компаниялар өз операцияларын жүргiзетiн салаларда жергiлiктi құрамдас бөлiктердi күшейту, Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетелдiк компанияларға өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiн ұсыну үшiн қазақстандық өндiрушiлер тартуды, оның iшiнде:
олардың жергiлiктi компанияларды дамытуға салатын инвестицияларының пайдалылығы үшiн жағдайлар жасай отырып, көмекшi, қызмет көрсететiн және өңдеушi салаларда шетелдiк инвесторлармен бiрлескен кәсiпорындар құру;
халықаралық сапа стандарттарын, өндiрiстi ұйымдастыру мен басқарудың озық әдiстерiн, оның iшiнде осы бөлiктегi шетелдiк компаниялардың күш-жiгерiн көтермелей отырып, енгiзу жолымен шағын және орта компаниялардың әлеуетiн арттыру;
жоғары бiлiктi кадрлар даярлау, оның iшiнде осы жұмысқа мүдделi шетелдiк инвесторларды тарта отырып даярлау;
iрi компаниялар мен жергiлiктi жеткiзушiлер арасында белсендi және тиiмдi ақпараттық алмасу үшiн жағдайлар жасау (ipi компаниялар үшiн жергiлiктi мердiгерлер туралы, iрi ұлттық және халықаралық компаниялар ұсынатын мүмкiндiктер туралы, сондай-ақ жергiлiктi мердiгерлер үшiн жергiлiктi құрамдас бөлiктер жөнiндегi талаптар туралы ақпарат) есебiнен тартуды көздейдi.
Аутсорсингтi енгiзу және өндiрiс шығынын төмендетуге мүмкiндiк беретiн және тiгiнен кiрiктiрiлген компаниялардың жанандық нарықтағы өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын жергiлiктi құрамдас бөлiктi күшейту жөнiндегi шаралар iрi компаниялар үшiн қосымша әкiмшiлiк талап емес, олардың операциялық қызметiнiң бiр бөлiгi болуға тиiс.
Жергiлiктi компаниялардың іpi шетелдiк компаниялардың технологиялық тiзбегiне қол жеткiзуi әз өнiмдерi мен қызмет көрсетулерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға және перспективада сыртқы нарыққа да шығуға мүмкiндiк бередi. Мұндай мамандану шикiзат ресурстары сарқылғаннан кейiн де жалғаса беруi мүмкiн (бiрнеше он жыл бұрын мұнай ресурстарының сарқылуына қарамастан, мұнай өнеркәсiбiнiң орталығы болып табылатын Хьюстон қаласы үлгiсiнде).
Макроөңiрлерде қоғамдық мүдде мен табысты қызметтi үйлестiретiн 5-7 әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациялар құру.
Арнайы экономикалық аймақтар (АЗА) мен индустриялық парктер (ИП) құру туралы мәселенi пысықтау:
Қазақстанда ДСҰ-ға мүше мемлекеттердiң талаптарына сәйкес келетiн АЭА жұмыс iстеуiнiң негiзгi принциптерiн көрсететiн арнайы экономикалық аймақтар құру тұжырымдамасын әзiрлеу;
АЭА мен ИП құру мәселелерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық базаны өзгерту жөнiнде ұсыныстар дайындау;
жергiлiктi атқарушы органдардың ұсыныстары негiзiнде АЭА мен ИП жұмыс iстеуiнiң әлеуеттi экономикалық пайдасын назарға ала отырып, жекелеген АЭА мен ИП құру орындылығы мәселелерiн қарау;
АЭА мен ИП-нiң өңiрлердiң экономикалық қызметiне тығыз кiрiгуiн қамтамасыз ету тетiктерiн әзiрлеу.

3.3.3. Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету

Мiндеттер. Экономикалық белсендiлiктiң өсуi мен әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiрыңғай iшкi экономикалық кеңiстiк құру үшiн жағдайлар жасау.
Халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiк ортасын жасау.
Өндiрiстiк, энергетикалық, инженерлiк, көлiктiк, телекоммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымды үйлестiре дамытуды қамтамасыз ету.
Кластерлiк дамуды қамтамасыз ету инфрақұрылымын қалыптастыру. Мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк тетiктерi арқылы инфрақұрылым объектiлерiн салуға және пайдалануға жеке меншiк капитал тарту.

3.3.3.1. Инновациялық инфрақұрылым

Мiндеттер. Ұлттық инновациялық жүйенiң ҰИЖ) орнықты жұмыс iстеуiн және оны дамытуды қамтамасыз ететiн көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру, экономика мен экспортқа бағдарланған өндiрiстердiң жаңа жоғары технологиялық секторларын құру.
Инновациялардың ролi мен оларды орнықты генерациялауды қамтамасыз ететiн жүйе бiлiмге негiзделген, қоғамдық әл-ауқаттың iргетасы болуға қабiлеттi бәсекеге қабiлеттi экономика құру үшiн аса маңызды.
Елдi ұстанымдаудың жаңа мiндеттерiн шешу тұрғысында:
адам ресурстарын капиталдандыруға;
қоғамдық капиталдың өнiмдiлiгiн өсiруге;
зияткерлiктi қажетсiнетiн қызмет салаларында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдау қажеттiлiгi туындайды.
Осы мәселелердi шешу мақсатында Қазақстанда:
жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ-лардан, ғылыми орталықтардан, бiлiктi жұмыс күшiн даярлауға және жаңа идеялар мен әзiрлемелердi генерациялауға бағдарланған консалтингiлiк және бiлiм беретiн компаниялардан тұратын, өзара iс-қимыл желiсiн танытатын бiлiм беру-инновациялық кешендер мен аймақтарды;
технологиялық парктер мен технологиялық бизнес-инкубаторларды қамтитын, ғылыми идеялар мен әзiрлемелердi коммерцияландыруға және тауарларға материалдандыруға бағдарланған бизнес-технологиялық кешендердi;
инновациялық қызметтi қолдауға бағдарланған және қаржыландыру, маркетинг, жарнама-көрме қызметi, патенттеу-лицензиялау жұмысы мен зияткерлiк меншiктi қорғау мәселелерiмен айналысатын құрылымдарды қамтитын қолдау кешендерiн қамтитын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым2 қалыптастыру көзделедi.

_________________________________________________________
2 Инновациялық инфрақұрылым - инновациялық қызметтi iске асыру үшiн жағдайды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингiлiк, білім беру және ақпараттық құрылымдар кешенi.

Инновациялық инфрақұрылым қалыптастырудың мiндеттi шарты жоғарыда аталған кешендердiң бәрiнiң болуы және жиынтығында өңiрлiк инновациялық жүйенi құрайтын олардың бiр-бiрiмен тығыз өзара iс-қимылы болып табылады.
Бiлiм беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдау кешендерi бiлiктi адам ресурстарын (оның iшiнде шетелдiк) дамыту және тарту, сондай-ақ технологиялар трансфертiн қамтамасыз ету саясаты жүргiзiлетiн макроөңірлерде жаңа экономика инфрақұрылымын өрiстету мiндетiн шешуге бағытталуға тиiс.
Алдын ала зерттеулер жоғары шоғырланған ғылыми әлеуетi бар аумақтар: Астана және Алматы қалалары, өнеркәсiптiк дамыған өңiрлердiң жекелеген облыc орталықтары өңiрлiк инновациялық жүйелер орталықтарын құру үшiн перспективалық өңiрлер болып табылатындығын көрсеттi. Өңiрлiк инновациялық жүйелер (ӨИЖ) бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкпен ғана шектелiп қалмайды. ӨИЖ-нiң жекелеген кешендерi көршiлес қалалардың, аудандардың және облыстардың аумақтарында болады.
Ұлттық инновациялық жүйе қалыптастыру экономиканың мемлекеттiк және жеке меншiк секторларының күш-жiгерiн бiрiктiру негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
Инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру идеологиясы оның қаржы инфрақұрылымымен (венчурлiк инвестициялау, гранттар, инновациялық тәуекелдердi сақтандыру) түйiсу, ақпараттық қамтамасыз ету (виртуалды технопарк) және (уәкiлеттi органдардың инновациялық қызметтi, ғылымды және ғылыми-техникалық қызметтi, сертификаттау мен стандарттауды, техникалық реттеудi дамыту, барлық мүдделi тараптармен аумақтық даму жөнiндегi бiрлескен жұмыс) институционалдық шеңберлер мәселелерiн қамтуға тиiс.
Инновациялық инфрақұрылымның жоғарыда аталған элементтерi толыққанды өңiрлiк кластерлер құру мен осы базада елдi желiлiк кеңiстiкте ұйымдастыруды кеңiнен жаю процесiне ықпал етуге арналған.

Iс-қимыл стратегиясы

Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру шеңберiнде мынадай шараларды жүзеге асыру көзделедi:
инновациялық инфрақұрылымның қазiргi бар базалық элементтерiн: ғылыми және бiлiм беру мекемелерiн дамытуды қолдау;
перспективалы өңiрлерде және мыналардан тұратын орталықтары бар пилоттық өңiрлiк инновациялық жүйелер (ӨИЖ) құру:
ұзақ мерзiмдi перспективада елдi ұстанымдау тұрғысынан Қазақстан үшiн өзектi тақырыптар бойынша бiлiм беру-инновациялық кешендерi мен аймақтардан: (өнеркәсiптiк әзiрлемелерден, минералдық шикiзатты кешендi пайдалану мен қайта өңдеу технологиясынан; ауыл шаруашылығы саласындағы әзiрлемелерден; химиялық және биологиялық технологиялардан; экология мен баламалы энергия көздерi саласындағы әзiрлемелерден; медициналық әзiрлемелерден; ядролық технологиялардан; ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардан; ғарыштық зерттеулерден; әскери-өнеркәсiптiк технологиялардан; тұрмыста пайдалануға арналған әзiрлемелерден);
бизнес-технологиялық кешендерден: олардың ұлттық немесе өңiрлiк мәртебесiн айқындау өлшемдерiн әзiрлей отырып, технологиялық парктерден, бизнес-инкубаторлардан және өңiрлiк технологиялар трансфертi орталықтарынан;
инновациялық қызметтi қолдау кешендерiнен;
ӨИЖ iшiнде жоғарыда аталған кешендер арасындағы тиiмдi өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
оны құруды және дамытуды ынталандыратын шаралар мен тетiктердi пысықтау есебiнен бәсекелi инновациялық бизнес орта құру; құрылған және өзiн оң жағынан танытқан инновациялық инфрақұрылым объектiлерiн басқа өңiрлерде тарату ғылыми-техникалық секторда алынатын өнiмдердi нарықтарға жылжытуды қамтамасыз ететiн тұтас жүйенi қалыптастыра отырып, жетiспейтiн буындар құру және дамыту.
Инновациялық инфрақұрылымды аумақтық ұйымдастыруды:
инновациялық қызметтiң қаржы инфрақұрылымын дамытумен (венчурлiк инвестициялау, мемлекеттiк гранттар, инновациялық тәуекелдердi сақтандыру және т.c.c.);
инновациялық қызметтiң ақпараттық инфрақұрылымын дамытумен ("Виртуалдық технопарк" бiрыңғай ақпараттық жүйесi);
түрлi институттардың инновациялық қызмет саласындағы тиiмдi өзара iс-қимыл жасауымен (инновациялық қызметтi, ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтi, сертификаттау мен стандарттауды дамыту өңiрлiк дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органдар, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ, "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" АҚ, Үкiмет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия, жоғары оқу орындары, ҒЗИ, мүдделi мемлекеттiк органдар, халықаралық ұйымдар және бизнес-серiктестер мен басқалар);
ел өңiрлерiнiң өңiрлiк инновациялық жүйелердiң жекелеген кешендерi мен аймақтарын ұйымдастыру жөнiндегi өздерiнiң бәсекеге қабiлеттi мүмкiндiктерiн (жобаларын) айқындауымен және iске асыруымен өзара байланыстыру мәселелерiн пысықтау.

3.3.3.2. Көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым

Мiндеттер. Экономиканың көлiк қызмет көрсетулерiне деген қажеттiлiктерi мен елдi өңiрлiк және әлемдiк экономикалық жүйеге кiрiктiрудi қамтамасыз ететiн толыққанды ұлттық көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым қалыптастыру.
Көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның рөлi елдi және оның өңiрлерiн әлемдiк шаруашылық жүйесiнде ұстанымдаудың жаңа мiндеттерiн iске асыру, экономикалық кеңiстiктiң және елдiң халқын таратып орналастыру жүйесiнiң қаңқасын қалыптастыру үшiн аса маңызды.
Көлiк-коммуникациялық жүйенi одан әрi дамыту - елдiң iргелес әлемдiк экономикалық топтармен (Еуропалық Одақ, ТМД, Оңтүстiк-Шығыс Азия және Таяу Шығыс елдерi) өзара тиiмдi кiрiгуiн қамтамасыз етуге, ел өңiрлерiнде кластерлер құру мен оларды дамыту жөнiндегi жалпыұлттық жобаларды iске асыруға ықпал етуге және мынадай негiзгi мiндеттердi шешу тұрғысынан қаралуға тиiс:
отандық өндiрушiлер өнiмiнiң сыртқы және iшкi нарықтарға, экономика шығындарының құрылымындағы көлiктiк құрамдас бөлiктi қысқарта отырып, қысқа мерзiмде және орнықты шығуын қамтамасыз ету;
аумақтар мен олардың халқының әлеуметтiк-экономикалық өсу көздерiне қол жеткiзуiне жол ашатын елдiң байланыстылығын, оның iшкi кiрiгуiн қамтамасыз ету;
елдiң және оның өңiрлерiнiң сыртқы нарықтарға кiрiгуiн қамтамасыз ету мәселелелерiн шеше отырып, көлiк әлеуетiн барынша тиiмдi пайдалану;
елдiң маңызды көлiк тораптарын бүкiл Орталық Азия өңiрiне қызмет көрсететiн сауда-логистикалық орталықтарға айналдыру.
Жоғарыда көрсетiлген барлық мiндеттерге сәйкес келетiн инфрақұрылымдық жобалар бiрiншi кезекте iске асырылуға тиiс.
Республиканың көлiк-коммуникациялық кешенiндегi жай-күйдi жүйелi талдау қазiргi бар проблемаларды шешу үшiн оны дамытуды реттеудiң шоғырландырылған жүйесiн әзiрлеу және iске асыру қажет екендiгін көрсеттi, бұл:
қазiргi бар институционалдық және ұйымдастырушылық құрылым шеңберiнде өзара байланыс және келiсiм арқылы шешудi талап ететiн, қаралатын мәселелердiң ведомствоаралық және салааралық сипатына;
экономикалық субъектiлердiң көлiк қызмет көрсетулерiне деген мүдделерiн жан-жақты есепке алу және оны дамытуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру қажеттiлiгiне негiзделген.
Мемлекеттiк реттеудiң тұтас объектiсi ретiнде қаралатын, ұлттық көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның түрлi магистралдық және тораптық элементтерiнiң тұжырымдамалық әрi технологиялық жағынан өзара байланысты жүйе ретiнде оны қалыптастыру мен перспективалық дамытудың жаңа идеологиясын әзiрлеу қажет.
Осы идеологияның мазмұнында көлiк-коммуникациялық кешендi одан әрi дамытудың басымдығы (әсiресе жаңа бағыттарды жоспарлау кезiнде) коммуникациялық дәлiздер мен тораптық сауда-логистикалық орталықтар қалыптастыру (нығайту) болуға тиiс.
Коммуникациялық дәлiз ұғымы онда:
магистралдық темiр жолдың;
автомобиль жолының (кемiнде II техникалық санаттың);
талшықты-оптикалық байланыс желiсiнiң (ТОБЖ);
транзиттiк электр беру желiсiнiң (ЭБЖ);
магистралдық газ және мұнай құбырларының (экономикалық орындылығы кезiнде);
қызмет көрсететiн персоналы жалпы әлеуметтiк инфрақұрылымы бар арнайы құрылатын елдi мекендерге көшiрiлетiн сервис орталықтарының (масштабты үнемдеу) болуын көздейдi.
Коммуникациялық дәлiздердiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн жолаушылар мен жүк тасымалын ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесiнде көлiк түрлерi арасында технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ететiн көлiк тораптары қалыптастырылатын болады, ал жаңа коммуникациялар салу - оларды пайдалануға беру мен одан әрi ұстау жөнiндегi жиынтық шығындарды оңтайландыру мақсатында өзара үйлестiрiледi.
Өңiраралық көлiк ағындарын жүйелендiру және өңiрлердiң экономикалық белсендiлiгiн өсiрудi ынталандыру үшiн көлiк-логистикалық тораптар (КЛТ) құрылатын болады, олар мыналарды қамтиды:
көлiк торабы;
жүктердi өңдеу, оларды шоғырландыру және партияларға бөлу жөнiндегi орталық;
жүктердiң сапасын бағалау жөнiндегi орталық.
КЛТ негiзгi жүк ағындарының қиылысу пункттерiнде орналасуға тиiс.
Iрi көлiк-логистикалық тораптар ұлттық деңгейдегi сауда-логистикалық орталықтарды (СЛО) қалыптастыруға негiз болады.
Қазiргi бар және қалыптастырылатын коммуникациялық дәлiздер ел дамуының стратегиялық ocьтepi шеңберiнде қалыптастырылатын Солтүстiк Қазақстан, Орталық (тiректiк) және Оңтүстiк Қазақстан сауда-экономикалық дәлiздерiнiң негiзгi, инфрақұрылымдық құрамдас бөлiгiн құрауға, елдiң өңiрлiк және жаһандық нарықтарға (транзит әлеуетiн сатуды қоса алғанда) кiрiгуiне де, экономикалық белсендiлiктiң тиiмдi дамитын аймақтарын қалыптастыру базасы ретiнде сауда-логистикалық орталықтардың ел кеңiстiгiнде өрiстету процесiне де жәрдем етуге тиiс.
Сауда-экономикалық дәлiздер шеңберiнде коммуникациялық дәлiздердi қалыптастырудың ұзақ мерзiмдi перспективалары Елдi кеңiстiктiк дамыту және таратып орналастырудың болжамдық схемасында және осыған ұқсас өңiрлiк (өңiраралық) перспективалық схемаларда көрсетiлетiн болады, мұнда оларды дамытумен қатар қамтамасыз етушi инфрақұрылымның басқа да түрлерiн қалыптастыру үйлестiрiледi.
Мемлекеттiк органдардың, көлiк ұйымдарының, тауар өндiрушiлердiң өнiм мен қызмет көрсетулердi өткiзу нарықтарына жылжытудың тиiмдi схемаларын қалыптастырудағы күш-жiгерiн үйлестiру үшiн көлiк-логистикалық кластер құрылатын болады.
Бюджеттiк қаржыландырумен қатар, инфрақұрылымдық жобалардың капиталды көп қажетсiнуiне қарай көлiк және коммуникация саласындағы iрi инвестициялық жобаларды iске асыру нысандарының бiрi мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк (МЖС) болады. Бұл ретте iске асырылуын мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк арқылы жүзеге асыру орынды болатын стратегиялық мәнi бар басым инфрақұрылымдық жобалардың тiзбесi анықталатын болады.

Iс-қимыл стратегиясы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi Көлiк стратегиясын және елдiң көлiк-коммуникациялық кешенiн дамытуға қатысты басқа да бағдарламалық құжаттарды iске асыру шеңберiнде мыналар көзделедi:
коммуникацияның барлық инфрақұрылымын жаңғырту және кешендi дамыту, инновациялық технологияларды енгiзу, халықаралық дәлiздердегi және негiзгi республикаiшiлiк бағыттардағы магистральдық желiнiң техникалық жай-күйi деңгейiн халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру;
тиiмдi және оңтайлы көлiк-коммуникациялық желi құру, оны дамыту мен ұстауға арналған жиынтық шығындарды ұтымды ету мақсатында Ұлттық көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды ("Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi холдингтiң қызметiн қоса алғанда) дамытуды реттеудiң шоғырландырылған жүйесi;
мыналарды:
"Көлiктiк логистика" пилоттық кластерiн жасау мен дамытуды;
кластерлiк дамуды қамтамасыз ету инфрақұрылымын қалыптастыру үшiн негiзгi коммуникациялық дәлiздерде республикалық, өңiрлiк және жергiлiктi деңгейдегi көлiк-логистикалық тораптарды өрiстетудi;
Алматы, Астана, Ақтөбе, Ақтау, перспективада - Орал, Қарағанды қалаларында ұлттық деңгейдегi iрi сауда-логистикалық орталықтарын құруды қоса алғанда, көлiк-коммуникациялық кешеннiң қалған экономика секторларымен жұмысын тиiмдi үйлестiру;
мыналарды:
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң құрамында ел аумағы арқылы жүктердiң транзитi кезiнде туындайтын проблемаларды шешу үшiн арнайы құрылым құруды;
мультимодалдық тасымалдарды (көлiк жүйесiнiң логистика принциптерiнде қағидаттарында жұмыс iстеуi) нормативтiк құқықтық қамтамасыз етудi;
аралас темiржол және автомобиль тасымалдары одақтарын құруға бастамашылық жасауды;
Трансазиялық темiржол магистралi (ТАТМ) өтетiн елдердiң өкiлдерi кiретiн консорциум түрiнде ТАТМ-ның Солтүстiк және Оңтүстiк дәлiздерi бойынша трансұлттық операторлар құруға бастамашылық жасауды;
ТАТМ-ның Солтүстiк және Оңтүстiк дәліздерiнiң бойындағы көлiк-логистикалық тораптарды дамыту, қазiргi заманғы технологияларға сәйкес шекаралық көлiк өтпелерiн жаңғыртуды;
ел аумағы арқылы өтетiн жүк транзитiне кедергi келтiретiн "нақты тұрғыдан емес" (әкiмшiлiк, кедендiк) тосқауылдарды жою жөнiнде шаралар қабылдауды;
контейнерлiк, контрейлерлiк және мультимодальдық тасымалдарды дамытуды жандандыру (жетiлдiру) жөнiнде шаралар әзiрлеудi және iске асыруды;
Алматы және Астана қалаларының әуежайлары арқылы (Токио, Сингапур қалаларының үлгiсi бойынша) жолаушылардың авиациялық транзитiн жандандыру жөнiнде шаралар әзiрлеудi қоса алғанда, елдiң транзиттiк әлеуетiн дамыту.
Көлiк-коммуникациялық қызмет көрсетулер саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық - нормалармен үйлестiру (басым халықаралық конвенцияларға, келiсiмдерге және хаттамаларға қосылу);
инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың, сондай-ақ көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiн ұстаудың және пайдаланудың жаңа тетiктерiн енгiзу, оның iшiнде:
мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк құралдарының;
инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың;
ақылы автомобиль жолдарын енгiзудiң (атап айтқанда Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (YАААЖ), "Алматы - Қапшағай" жоғары сыныпты автомобиль жолдарын салу және кейiннен пайдалану), сондай-ақ ұлттық деңгейдегi ақылы автомагистралдар салу және пайдалану миссиясы бар жапондық NDK (Хihоп Doro Kodan немесе Japan Highway Public Corporation) үлгiсiндегi табыссыз ұлттық компания құрудың орындылығын зерделеудiң;
көлiк-логистикалық тораптар мен сауда-логистикалық орталықтарды құруға және пайдалануға жеке меншiк инвесторларды тартудың;
көлiк-коммуникация инфрақұрылымын құру және жаңғырту жөнiндегi шараларды iске асырудың негiзiнде.

Темiр жол көлiгi:
негiзгi халықаралық темiр жол дәлiздерiнде өткiзу қабiлетiн, бағыттық жылдамдықты ұлғайту жөнiндегi iс-шараларды iске асыру (тиiстi инфрақұрылым қалыптастыра отырып):
темiр жолдар салу (қайта жаңғырту) есебiнен темiр жолдар жүйесiнiң тiректiк қаңқасы мен транзиттiк әлеуетiн нығайту және ұлғайту (15, 16-қосымшалар);
елдiң магистральдық темiр жолдарының жүк тасымалы неғұрлым жоғары учаскелерiн электрлендiру;
Халықаралық темiр жол кеңесiмен (ХТЖК) және Темiр жол ынтымақтастығы ұйымымен (ТЖЫҰ) бiрлесiп, N.E.W. - corridor (Қытай - Қазақстан "Достық - Петропавл" - Ресей - Норвегия - Бостон (АҚШ) жобасын iске асыру.

Автомобиль көлiгi:
Қазақстан Республикасының Автомобиль саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде (17-қосымша) мыналар көзделiп отыр:
негiзгi халықаралық транзиттiк дәлiздерге енгiзiлген республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерiн қайта жаңғырту (салу), жөндеу (олардың жоғары жүк тасығыштығынан шыға отырып, бiрiншi кезекте);
ауылдық жерлер елдi мекендерiнiң автокөлiк қатынастарына қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын сақтау және қалпына келтiру;
халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн (Жапониядағы "жол станциялары" үлгiсi бойынша) транзиттiк трассалардың бойындағы жол бойы инфрақұрылым объектiлерiн құру.

Әуе көлiгi:
республиканың тораптық әуежайларының барлық инфрақұрылымын қайта жаңғырту (жаңғырту) және техникалық жай-күйiн халықаралық стандарттар деңгейiнде ұстап тұру, Астана, Алматы, Атырау қалаларында әуежайлар қызметiн "хабтар" принципi бойынша ұйымдастыру;
аэронавигациялық жүйелердi жаңғырту және дамыту.

Су көлiгi:
негiзгi теңiз порттарының инфрақұрылымын қайта жаңғырту (жаңғырту);
өзiмiздiң теңiз сауда флотын, сондай-ақ теңiз операцияларына қолдау көрсету флотын құру;
кеме қатынасы қауiпсiздiгiн жүзеге асыру үшiн iшкi су жолдарында кеме жүрiсiнiң кепiлдiк берiлген габариттерiн қамтамасыз ету;
мемлекеттiк техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту.

Құбыржол көлiгi (18-қосымша):
елдiң көмiрсутегi ресурстарын сыртқы нарықтарға экспорттау бағыттарын әртараптандыратын мұнай құбырларын салу;
қазiргi мұнай құбырларының өткiзу қабiлетiн кеңейту;
газ-көлiк жүйесiн жаңғырту.

Электр энергиясын тасымалдау:
Ұлттық электр желiсiн (ҰЭЖ) жаңғырту (19-қосымша);
"Солтүстiк - Оңтүстiк" 500 кВ екiншi транзит желiсiн салу (аяқтау);
елдiң батыс өңiрлерiнiң электр энергиясына тапшылығын жабу үшiн транзиттiк ЭБЖ-лар салу.

Телекоммуникациялар және байланыс:
Ұлттық ақпараттық супермагистраль (ҰАСМ) салуды аяқтау (20-қосымша);
жергiлiктi телефон желiлерiн жаңғырту және дамыту, ауылдық телефон байланысын дамыту үшiн сымсыз қол жеткiзу технологияларын пайдалану, байланысты цифрландыру деңгейiн әрбiр өңiр және тұтастай ел бойынша 100 %-ға дейiн жеткiзу (қазiргi деңгейi 72,1 %);
KAZSAТ ұлттық байланыс спутнигiн және спутниктер тобын орбитаға шығару;
Ұлттық көлiк-коммуникация инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды iске асыру шеңберiнде елдiң аумақтық дамуының стратегиялық осьтерiмен өзара байланысатын сауда-экономикалық дәлiздер қалыптастыру ұйғарылып отыр.

Солтүстiк Қазақстан сауда-экономикалық дәлiзi (СҚСЭД)

СҚСЭД-нiң бүкiл өн бойында коммуникациялық желiлер негiзiнен қалыптасқандығына байланысты осы бағыттағы негiзгi мiндет мынадай коммуникациялық дәлiздердi, олардың учаскелерiн, сондай-ақ көлiк тораптарын нығайту болып табылады.
"Солтүстiк Қазақстан - Батыс Қазақстан" коммуникациялық дәлiзi:
"Хромтау - Алтынсарин" темiр жол учаскесiн одан әрi абаттандыру, "Тобыл - Хромтау - Қандыағаш - Мақат - Ақсарай" темiр жол учаскелерiн электрлендiру;
"Ақтөбе - Қарабұтақ - Қостанай облысының шекарасы" автомобиль жолын қайта жаңғырту; "Торғай - Қарабұтақ" автомобиль жолын салу мәселесiн пысықтау;
елдiң батыс өңiрлерiнiң электр энергиясына деген тапшылығын жабу үшiн транзиттiк ЭБЖ салу (Жiтiқара (Қостанай облысы) - Өлке (Ақтөбе облысы) 500 кВ ВЛ).
Орал және Солтүстiк макроөңiрлерiнiң байланыстылығын қамтамасыз ете отырып, Солтүстiк Қазақстанның тауар өндiрушiлерiнiң Каспий теңiзiнiң теңiз порттарына шығуы, перспективада осы коммуникациялық учаске оған Ресей Федерациясының Шығыс бөлiгiнiң тауар ағындарын тарта отырып, қалыптастырылатын "Солтүстiк - Оңтүстiк" халықаралық көлiк дәлiзiнiң шығыс бөлiмшесiн құруы мүмкiн.
Осыған байланысты Каспий макроөңiрiнiң көлiк тораптарына шығуды қамтамасыз ететiн "Ақтөбе - Атырау, Ақтау" коммуникациялық учаскесiн нығайту перспективалы мiндет болып табылады (темiр жол және автомобиль жолдары желiсiн жаңғырту).
"Қытай - Қазақстан - Ресей Федерациясы - Еуропа" көлiк дәлiзi:
Трансазиялық темiр жол магистралiнiң (ТАТМ) солтүстiк бөлiгiнiң өткiзу қабiлетiн арттыру және инфрақұрылымын нығайту;
"Шар - Өскемен" темiр жол учаскесiн салуды аяқтау;
темiр жолдардың жекелеген учаскелерiн электрлендiру;
өңiрдiң iрi тiректiк қалалары арасындағы қатынас сияқты, "Қытай - Ресей Федерациясы - Еуропа" бағытындағы жүк тасымалын қамтамасыз ететiн негiзгi халықаралық бағыттарда автомобиль жолдарын салу (қайта жаңғырту, оңалту); "Майқапшағай - Семей - Павлодар - Ресей Федерациясының шекарасы", "Астана - Қостанай - Ресей Федерациясының шекарасы" және басқа да автомобиль жолдарын қайта жаңғырту (оңалту);
"Жаңа Еуразиялық көлiк бастамасы" (NELTI) - "Пекин - Бақты - Берлин" "жасыл" көлiк дәлiзi жобасын iске асыру.
Астана, Ақтөбе қалаларында КЛТ (жүк және жолаушылар терминалдарын жаңғырту, процессингiлiк орталықтар құру, Астана қаласының әуежайын "хаб" принципi бойынша ұйымдастыру) және Қостанай, Орал қалаларында СЛО құру.
Оңтүстiк - Қазақстан сауда-экономикалық дәлiзi (ОҚСЭД) (қалпына келтiрiлген Ұлы Жiбек жолы) Осы бағыттағы негiзгi мiндет бәсекеге қабiлеттi "Қытай - Қазақстан - Орталық Азия, Кавказ, Ресей - Еуропа" коммуникациялық дәлiзiн, "Солтүстiк-Оңтүстiк" транзит дәлiзiнiң қазақстандық учаскесiн оларда ел өңiрлерiне де, ортаазиялық өңiрiне де қызмет көрсететiн маңызды көлiк-логистикалық тораптар мен сауда-логистикалық орталықтарын өрiстете отырып қалыптастыру болып табылады.
Дәлiздiң бүкiл бойындағы барлық коммуникация кешенiн жаңғыртумен және оны халықаралық стандарттарға сәйкес келтiрумен қатар, жекелеген учаскелердегi магистральдық және тораптық элементтердi күшейту (құру) қажет:
Достық көлiк өтпесiн күшейту "Ақтоғай - Достық" темiр жолын жаңғырту "Қорғас - Сарыөзек", "Бейнеу - Шалқар", "Маңғышлақ - Баутино", "Ералиев - Құрық" темiр жолының жаңа учаскелерiн салу, "Бейнеу - Мақат" темiр жолының учаскесiн жаңғырту, "Ақтоғай - Достық", "Алматы - Ақтоғай" темiр жолдарының учаскелерiн электрлендiру.
Өңiрдiң iрi тiрек қалалары арасындағы қатынасты да, мынадай бағыттардағы жүк транзитiн де қамтамасыз ететiн негiзгi халықаралық бағыттарда автомобиль жолдарын салу (қайта жаңғырту, оңалту):
Орта Азия елдерi және одан әрi Таяу Шығысқа;
Ресей Федерациясы және одан әрi Еуропаға;
Ақтау порты ("Шалқар - Арал" және "Бейнеу - Шалқар" автомобиль жолдарын салу мәселесiн пысықтай отырып) және одан әрi Кавказға.
Ақтау халықаралық теңiз сауда портын кеңейту, Баутино және Құрық порттарының порттық инфрақұрылымын дамыту, Атырау өзен портын жаңғырту;
"Батыс Қазақстан - Қытай" мұнай құбырын салу, Каспий құбыржол консорциумының (КҚК) өткiзу қабiлетiн 67 млн. т дейiн, "Өзен - Атырау - Самара" мұнай құбырын 25 млн. т дейiн кеңейту, "Орта Азия - Орталық" газ тасымалы жүйесiн жаңғырту, "Қазақстан - Түркiменстан - Иран" мұнай құбырын, "Каспий өңiрi - Қытай" магистралдық газ құбырын салу мәселесiн пысықтау.
Алматы (оны перспективада Орта Азиядағы iрi СЛО-ға айналдыра отырып), Ақтау (мультимодальдық көлiк торабы, перспективада - СЛО) қалаларында iрi КЛТ, оның iшiнде Алматы және Астана қалалары әуежайларының қызметiн "хаб" принципi бойынша ұйымдастыру және басқа да iрi тiрек қалаларда СЛО қалыптастыру маңызды мiндет болып табылады.

Орталық (тiрек) сауда-экономикалық дәлiз (ОТД)

Елдiң көлiк-коммуникациялық жүйесiнiң тiрек қаңқасын құрайтын ОТД шеңберiнде коммуникациялық дәлiздердi дамыту елдiң бiртұтас экономикалық кеңiстiгiн қалыптастырудың әрi өңiрлiк және әлемдiк нарықтарға көпжақты шығудың негiзi болады.
Жақын перспективада осы бағыттағы негiзгi мiндет Солтүстiк және Оңтүстiк Қазақстанның байланыстылығын және "Қытай - Қазақстан - Ресей Федерациясы - Еуропа" бағытында жүк транзитiн қамтамасыз ететiн қазiргi бар коммуникациялық дәлiздердi (темiр жол және автомобиль жолдары, "Солтүстiк-Оңтүстiк" электр беру желiлерi, "Солтүстiк-Оңтүстiк" 500 кВ транзитiнiң екiншi желiсiн салуды аяқтау) нығайту болып табылады.
ОТД шеңберiнде коммуникациялық дәлiздердi дамыту перспективалары:
Солтүстiк-Шығыс пен Орталық Қазақстанды Батыс Қазақстан өңiрлерiмен коммуникациялық кiрiктiрудi және Еуропа мен Таяу Шығыстың сыртқы нарықтарына қысқа жолмен шығуды;
жаңа өтпелi транзит дәлiздерiн (бұл бағытта "Батыс Қазақстан - Қытай" магистралдық мұнай құбырының құрылысы қазiрдiң өзiнде басталған) қалыптастыруды қамтамасыз ететiн "Шығыс-Батыс" бағытында негiзiнен орталық ендiк дәлiз қалыптастырумен айқындалатын болады.
Осы мақсатта:
"Жезқазған - Сексеуiл" темiр жолын салу;
"Арал - Жезқазған" автомобиль жолын салу (Арал - Қоскөл учаскесiнде), "Ырғыз - Торғай - Державин - Астана", "Жезқазған - Қызылорда" автомобиль жолдарын қайта жаңғырту мәселелерiн пысықтау көзделедi.

3.3.3.3. Тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылым

Мiндеттер. Экономика мен халықтың электрмен, жылумен, сумен және газбен жабдықтаудың сапалы қызмет көрсетулерiне деген сұранымын қамтамасыз ететiн тiршiлiктi қамтамасыз етудiң сенiмдi инфрақұрылымын құру.
Қазiргi уақытта тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды дамыту басымдығы барлық аумақтар мен елдi мекендер үшiн қызмет көрсетулердiң (су, жылу, жарық) негiзгi түрлерiнiң ең аз жинағына жалпыға бiрдей қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл ретте инфрақұрылым объектiлерiн ұсынылатын қызмет көрсетулердi орталықтандыру деңгейiн ұтымды ету pecypc үнемдейтiн технологиялар енгiзу, энергия ресурстарының өңiраралық жеткiзiлiмдерiн жетiлдiру, ресурстардың баламалы көздерiн игеру есебiнен дамыту мен ұстауға арналған жиынтық шығындарды ұтымды етудi қамтамасыз ету қажет.
Кейiннен халықтың қолайсыз аудандардан қолайлы аудандарға табиғи ағынын ынталандыру мақсатында экономикалық жағынан перспективалы өңiрлерде (басыm оза өсу аймақтарында) неғұрлым дамыған тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылым құру көзделедi.
Тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды дамыту және оны орналастыру өңiрлердiң халқын кеңiстiктiк дамыту мен таратып орналастырудың перспективалық схемаларына және ел халқын кеңiстiктiк дамыту мен таратып орналастырудың болжамды схемасына, сондай-ақ көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды кешендi дамытуға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Электрмен және жылумен қамтамасыз ету

Негiзгі мiндет. Ел экономикасы мен халқын электр және жылу энергиясымен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету.

Iс-қимыл стратегиясы

Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейiнгi бағдарламасын (21-қосымша) iске асыру шеңберiнде мынадай iс-шараларды жүзеге асыру көзделедi:
елдi мекендер мен өнеркәсiптiк кәсiпорындарды электр энергиясымен iркiлiссiз жабдықтауды қамтамасыз ету үшiн тозған техникалық ресурстың негізгi жабдықтарын жаңаларымен ауыстыра отырып, қолданыстағы электр станцияларын техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту;
елдiң электрге тапшы өңiрлерiне артық электр энергиясын беру көлемiн кейiннен ұлғайту және елдiң энергетикалық қауiпсiздiгiн арттыру үшiн жаңа электр станцияларын салу, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту және қайта жаңғырту;
шағын қуатты электр станцияларын салу базасында генерациялаушы көздердi, бiрiншi кезекте мұнай-газ кен орындарының табиғи және iлеспе газы пайдаланылатын өңiрлерде шағын газ турбиналық және бу-газ электр станцияларын дамыту;
зор су энергетикалық әлеуетi бар өңiрлерде (Оңтүстiк және Шығыс Қазақстан) жаңартылатын энергия көздерiн (шағын ГЭС, ЖЭС) пайдалану;
жел энергиясының едәуiр әлеуетi бар өңiрлерде (Оңтүстiк және Шығыс Қазақстан: Жоңғар қақпасы, Шелек дәлiзi) жел электр станцияларын салу мәселесiн пысықтау;
әсiресе ауылдық және шалғай өңiрлерде күн энергиясын пайдалану мәселесiн пысықтау;
pecypc үнемдейтiн нормалар мен лимиттердi әзiрлеу және енгiзу, ғимараттар мен құрылыстардың энергиялық аудитi түрiнде оларға стандарттау мен сертификаттауды жүргiзу;
Қазақстанда жылумен жабдықтауды реформалаудың 2015 жылға дейiнгi тұжырымдамасын әзiрлеу, оның шеңберiнде мынадай iс-шараларды көздеу керек:
электр мен жылу энергиясын аралас өндiрудi барынша ықтимал пайдалану мақсатында қолданыстағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерiн қайта жаңғыртуды және жаңғыртуды жүзеге асыру;
энергия үнемдейтiн технологиялар енгiзу жолымен жылумен жабдықтаудың сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету және жылу энергиясын өндiру, тасымалдау және тұтыну кезiнде жылу шығынын қысқарту;
жылумен жабдықтаудың сенiмдiлiгiн арттыру және жылу энергиясын беруге жұмсалатын шығындарды төмендету мақсатында орталықтандыру деңгейлерiн оңтайландыру бөлiгiнде қалалар мен кәсiпорындарды жылумен жабдықтау саясатын қайта қарау;
бастапқы энергия ресурстарын сақтау мақсатында энергия көздерiнен қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды азайту үшiн жылуландырудың коммерциялық тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк реттеу шараларын әзiрлеу және жүзеге асыру.

Сумен жабдықтау және кәрiз

Мiндеттер. Халықты ауыз сумен кепiлдiк берiлген сапада және қажеттi көлемде қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету қызметiн басқаруды және үйлестiрудi жетiлдiру.

Iс-қимыл стратегиясы

2010 жылға дейiн есептелген "Ауыз су" салалық бағдарламасына өзгерiстер енгiзу, оның шеңберiнде мынадай iс-шараларды көздеу керек:
инвестициялау басымдықтары мен кезеңдерiн көрсете әрi орталық және өңiрлiк басқару деңгейлерi арасындағы жауапкершiлiктiң аражiгiн ажырата отырып, елдiң әрбiр елдi мекенiндегi су құбыры мен су тазарту құрылыстарын толық түгендеу мен паспорттандыру негiзiнде ауыз сумен жабдықтау желiсiн дамытуда қажеттiлiктi айқындау жөнiнде әдiснамалық ұстанымдар әзiрлеу;
сумен неғұрлым аз қамтамасыз етiлген өңiрлерде сумен жабдықтаудың қазiргi бар жүйелерiн қалпына келтiру әрi жетiлдiру және жаңаларын салу жөнiндегi iс-шараларды инвестициялау басымдықтары мен кезеңдерiн айқындау, тұтынылатын судың сапасын жақсарту жөнiндегi жаңа технологияларды енгiзу;
бiрiншi кезекте су құбырларын жүргiзу қиын өңiрлерде сумен жабдықтаудың жаңа көздерiн игеру мен баламалы көздерiн дамытуды қарқындату, жер асты суларының қорларын барлау және нақтылау;
жоғарыда көрсетiлген қағидаттарды ескере отырып, аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiз жүйесiн жақсарту жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған шаралар кешенiн әзiрлеу және iске асыру;
ауыз суды басқа мұқтаждарға мақсатсыз пайдалануды болдырмау жолымен оны ұтымды пайдалану және су үнемдейтiн технологиялар енгiзу;
құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалану жөнiнде ұйымдар құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру.

Газбен жабдықтау

Мiндеттер. Магистралдық газ құбырларының орналасуын шыға отырып, табиғи газды тасымалдаудың жергiлiктi желiлерiн дамыту есебiнен өңiрлердi газбен қамтамасыз ету, сұйытылған газ өндiру мен оны сенiмдi жеткiзудi өрiстету.

Іс-қимыл стратегиясы

Қазақстанда 2004-2010 жылдарға арналған газ саласын дамыту бағдарламасы шеңберiнде мынадай iс-шараларды iске асыру көзделген:
мұнай кен орындарында газды кәдеге жарату есебiнен оны өңдеу жөнiндегi жаңа қуаттар салу мен қазiргi барларын кеңейту арқылы табиғи және сұйытылған газ өндiрiсi үшiн базаны дамыту жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу;
сұйытылған көмiрсутектi газды тасымалдау үшiн темiр жол цистерналары паркiн кеңейту;
газ саласының барлық субъектiлерi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тарапынан экономикалық, ұйымдық және құқықтық жағдайлар жасау негiзiнде табиғи және сұйытылған газ нарығын дамыту;
салу ұйғарылып отырған магистралдық газ құбырлары бойындағы жаңа аумақтарды газдандырудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
Батыс Қазақстанның кен орындарынан Солтүстiк, Орталық және Шығыс Қазақстанға газ тасымалдаудың экономикалық жағынан орынсыздығына байланысты осы өңiрлерге газ жеткiзудiң неғұрлым арзан нұсқасы ретiнде көмiр қойнауқаттарынан шығатын метанды пайдалану технологиясын енгiзу.

Мұнай өнiмдерiмен және көмiрмен қамтамасыз ету

Негiзгi мiндеттер. Қазақстан экономикасының салаларын, оның iшiңде электр энергиясы мен жылу өндiретiн кәсiпорындарды, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықты және халықты отынмен қамтамасыз ету.

Iс-қимыл стратегиясы

Жаңа көлiк-коммуникациялық дәлiздердi дамытуды ескере отырып, көмiр мен мұнай өнiмдерiн өңiраралық жеткiзу схемаларын жетiлдiру.
Мұнай өнiмдерi мен көмiрдiң қажеттi көлемiн сенiмдi жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында - станциялардағы қоймалар мен алаңқайларға, аудан орталықтары мен шалғай аумақтардағы ауылдарға темiржол және автомобиль жолдарының, құбыржолдардың кешендi жүйесiмен өзара байланысқан кiреберiс жолдар салу.
Өндiру немесе негiзгi тұтыну аудандарында шағын қуатты жаңа мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ), аз тонналық мұнай өңдейтiн қондырғылар салу.

3.3.3.4. Су шаруашылығы инфрақұрылымы

Мiндеттер. Су шаруашылығы инфрақұрылымын және оны басқару жүйесiн жетiлдiру есебiнен экономика мен халықтың шаруашылық және ауыз суға қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.
Осы салаға мемлекеттік инвестицияларды неғұрлым тиiмдi салу мақсатында су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту аумақтың сумен қамтамасыз етiлу дәрежесi, нақты өңiрлердi кеңiстiктiк дамыту мен олардың тұрғындарын таратып орналастырудың перспективалы схемалары, шаруашылық және ауыз судың баламалы көздерiн пайдалану мүмкiндiктерi ескерiле отырып жүзеге асырылатын болады.
Су шаруашылығы инфрақұрылымын және оны басқару жүйесiн жетiлдiру есебiнен су үнемдеушi технологияларды, су пайдаланудың айналымды және тұйық жүйелерiн жаппай енгiзу, су шаруашылығы жүйелерiн суды өлшеу мен суды реттеудiң қазiргi заманғы құралдарымен жарақтандыру жолымен қолда бар су ресурстарын ұтымды пайдалану қамтамасыз етiлетiн болады.

Iс-қимыл стратегиясы

Су ресурстарын ұтымды пайдаланудың және қорғаудың (оңалтудың) 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасы шеңберiнде мынадай шараларды көздеу ұйғарылып отыр.
Елдiң барлық су шаруашылығы құрылыстарын толық түгендеу мен паспорттандыру және олардың техникалық жай-күйiн бағалауды жүргiзу негiзiнде:
гидромелиоративтiк жүйелердi қайта жаңғырту;
iрi су тораптарын күрделi жөндеу;
қазiргi бар су қоймалары мен су арналарын тазарту;
ауыз судың баламалы көздерi жоқ өңiрлерде (Солтүстiк Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары) сумен жабдықтаудың топтық жүйелерiн қайта жаңғырту және салу;
Сырдария мен басқа да өзендердiң ағыстарын реттейтiн гидротехникалық құрылыстар салу, бөгеттердi, дамбаларды нығайту;
су жинау құрылыстарын алдын ала жөндеу жөнiндегi iс-шараларды инвестициялау басымдықтары мен кезеңдерiн айқындау.
Жергiлiктi сумен жабдықтау көздерi болған кезде жекелеген тармақтарды (сегменттердi) ағытып тастап және оларды жергiлiктi (жекелеген елдi мекендер үшiн) немесе шағын топтық (жақын орналасқан елдi мекендер үшiн) жүйелермен алмастыра отырып, топтық су құбырлары арқылы су беру схемасын қайта қарау қажет.
Мемлекеттiк және өңiраралық маңызы бар объектiлер болып табылмайтын (мысалы, бiр облыстың аумағы арқылы өтетiн) сумен жабдықтаудың топтық жүйелерiн орталықсыздандыру.
Су ресурстары жөнiндегi уәкiлеттi органның қарамағындағы су шаруашылығы объектiлерiн пайдалану жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың базасында су ресурстары жөнiндегi уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты облыстарда еншiлес кәсiпорындары бар бiртұтас республикалық мемлекеттiк кәсiпорын құру есебiнен су шаруашылығын басқару құрылымын қайта ұйымдастыруды жүргiзу.

3.3.3.5. Әлеуметтiк инфрақұрылым

Мiндеттер. Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң желiсiн ұтымды дамыту арқылы мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қызмет көрсетулердiң жалпыға қолжетiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету.
Қазiргi уақытта әлеуметтiк қызмет көрсетулердiң қолжетiмдiлiгi бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiмен және ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттiк стандартымен ғана реттеледi. Әлеуметтiк қамсыздандыру мен мамандандырылған қызмет көрсетулер секторында - нормативтер әзiрленбеген.
Сонымен қатар ауылдық елдi мекендегi, сондай-ақ аудандық және облыстық жердегi халықтың санынан шыға - отырып, әлеуметтiк инфрақұрылым желiсiне сұранымды айқындайтын көрсетiлген нормативтер сапалы сипаттамаларды (оқушы орындары санының бала санына нормативтерi мен басқаларды) реттемейдi, бұл инфрақұрылымды дамытуға нақты қажеттiлiктi айқындауға кедергi келтiредi.
Осыған байланысты:
халықтың бiлiм беру, денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнiң ең төмен нормативтерi әзiрленетiн;
бiлiм беру мен денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң қолданыстағы қажеттiлiк нормативтерi нақтыланатын және әлеуметтiк қамсыздандыру ұйымдары, республикалық және өңiрлiк маңызы бар мамандандырылған мекемелер желiсiнiң нормативтерi әзiрленетiн болады, солардың негiзiнде желiнi одан әрi дамыту қажеттiлiгi айқындалатын болады.
Әлеуметтiк инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде өңiрлiк едәуiр үйлеспеушiлiктi ескере отырып, мiндеттердiң басымдығынан және оларды жылдар бойынша шешу кезеңдiлiгiнен шыға отырып, басым мекемелер желiсiн дамытуға қажеттiлiктi айқындауда мақсатты (неғұрлым өзектi проблемаларды шешу) және нормативтiк тәсiлдердi қолдану әрi, тиiсiнше, құрылысын салу белгiленiп отырған бiрiншi кезектi объектiлердiң тiзбесiн қалыптастыру көзделедi.
Осы тәсiлдер негiзiнде әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне қажеттiлiктi айқындау және тиiстi салалар бойынша басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру әдiснамасы әзiрленетiн болады.
Бұл ретте мақсатты мiндеттер ретiнде мыналар қабылданатын болады:
елдi мекендерде, аудандарда (қалаларда) қажеттiлiк нормативтерiне сәйкес қажеттi желiлердi, әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн салу;
санитарлық-пайдалану нормаларына жауап бермейтiн ескi және авариялық қорды, оны қайта жаңғырту немесе күрделi жөндеудi жүзеге асыру мүмкiн болмайтын және оны жою (бұзу) қажет болған жағдайда, алмастыру;
әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң жоғары жүктемесiн жою (мысалы, мектептердегi оқытудың 3-4 ауысымдылығы).
Тұтастай алғанда, әлеуметтiк инфрақұрылым желiсiн дамытудың негiзгi принциптерi мыналар болады:
нормативтiк қамтамасыз етуден асып кеткен кезде - артық қуатты қайта бейiндеу мен жоюды қоса алғанда, тиiстi әлеуметтiк саланың желiсiн қайта құрылымдау;
қамтамасыз етiлу жеткiлiксiз болған кезде - қуатқа жетпей тұрған қажеттiлiктi толықтыра алатын неғұрлым аз шығынды мынадай бағыттар нұсқаларын қарастыру:
жоғары жүктемемен жұмыс iстейтiн (көп ауысымды оқыту және басқалар) қазiргi мекемелердi кеңейту, қайта жаңғырту;
ғимараттар мен құрылыстарды оларды әлеуметтiк инфрақұрылым объектiсi етiп қайта бейiндей отырып, сатып алу (беру);
осы шаралар жеткiлiксiз болған кезде - жаңадан салу.
Жаңа объектiлердi салу негiзiнен оларды қазiргi заманғы жабдықтармен жарақтандыруды көздейтiн, нақты табиғи-климаттық жағдайларға бейiмделген қуаты әртүрлi үлгi жобалардың негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
Әлеуметтiк саланың iрi объектiлерiн салуды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен бiрлесiп қаржыландыру тәртiбi әзiрленетiн болады.
Елдiң барлық өңiрлерiнiң халқына жекелеген жоғары мамандандырылған қызмет көрсетулердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мамандандырылған әлеуметтiк қызмет көрсетулер жөнiндегi өңiрлiк орталықтар (зағиптар мен саңырауларға арналған мектеп-интернаттар, мамандандырылған медициналық орталықтар, протездеу-ортопедиялық орталықтар, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттар) құрылатын болады.
Жаңа объектiлердi салу және жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жаңғыртудан басқа басым мiндеттердiң бiрi әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн санитарлық-пайдалану нормаларына және құрылыс нормалары мен ережелерiне (ҚНмЕ) сәйкес келтiру, сондай-ақ жарақтандыру нормативтерiне сәйкес оларды жарақтандыру болады.
Мәдениет объектiлерiнiң инфрақұрылымын дамыту саласында әсiресе ауылдық жерлердегi жұмыс iстемейтiн мәдениет объектiлерiн қалпына келтiру және жергілiктi бюджеттердiң есебiнен жаңаларын салу ұйғарылып отыр. Бұл ретте мәдениет объектiлерiн салуға (қайта жаңғыртуға) қажеттiлiктi айқындау кезiнде нормативтiк тәсiлдi қолдану қажет.

Iс-қимыл стратегиясы

Бiлiм беру

Халықтың бiлiм беру объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнiң ең төмен нормативтерiн әзiрлеу.
Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiне мынадай бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу:
адам саны аз елдi мекендерде мектептердiң жұмыс iстеу тиiмдiлiгiнен және оқытудың баламалы тәсiлдерiнiң мүмкiндiгiнен (оқушыларды тасу және басқалар) шыға отырып, ауылдық жерлерде бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң тиесiлілiк нормативiн қайта қарау;
қалалар мен кенттердегi бiлiм беру объектiлерi, сондай-ақ республикалық және өңiрлiк маңызы бар мамандандырылған мекемелер желiсiнiң тиесiлiлiк нормативiн енгiзе отырып, оны кеңейту.
Бiлiм беру объектiлерiне қажеттiлiктi айқындау және басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру әдiстемесiн әзiрлеу.
Бiлiм берудiң орта мерзiмдi кезеңге арналған басым инвестициялық жобаларының тiзбесiн әзiрлеу.
Бұл ретте республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен мыналар қаржыландырылады:
республикалық және өңiрлiк маңызы бар мамандандырылған бiлiм беру мекемелерiн салу (қайта жаңғырту);
ауылдар мен қалаларда 3-4 ауысыммен оқыту проблемасын шешетiн, авариялық және бұзуға жататындарының орнына желiмен төмен қамтамасыз етiлген өңiрлерде 300 орыннан астам қажеттi көзделiп отырған қуаты бар ауылдық жалпы бiлiм беретiн мектептер салу (мақсатты трансферттердiң есебiнен).
Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қалаларда, ауылдық жерлерде жалпы бiлiм беретiн мектептер (қуаты 300 орыннан аз) салу, балалардың мектепке дейiнгi мекемелерi желiсiн, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм берудi дамыту жөнiндегi iс-шаралар қаржыландырылады.
Бiлiм беру объектiлерiн күрделi жөндеу, қайта жарақтандыру және жетпейтiн жабдықтарды сатып алу есебiнен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ҚНмЕ-ге, жарақтандыру нормативтерiне сәйкес келтiру.

Денсаулық сақтау

Халықтың медициналық көмекке сұранымын және медицина ұйымдарының қуатын айқындау әдiстемесiн әзiрлеу.
Бастапқы медициналық-санитарлық, консультативтiк-диагностикалық және стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативтерiн әзiрлеу.
Денсаулық сақтау объектiлерiне сұранымды айқындау және басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру әдiстемесiн әзiрлеу.
Денсаулық сақтаудың орта мерзiмдi кезеңге арналған басым инвестициялық жобаларының тiзбесiн әзiрлеу және iске асыру.
Бұл ретте республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен мыналар қаржыландырылады:
республикалық және өңiрлiк маңызы бар денсаулық сақтау объектiлерiн салу (қайта жаңғырту);
денсаулық сақтау объектiлерiне сұранымды айқындау және басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру әдiстемесiне сәйкес жергiлiктi маңызы бар басым денсаулық сақтау объектiлерiн салу (нысаналы трансферттердiң есебiнен).
Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) объектiлерiн, консультативтiк-диагностикалық және стационарлық ұйымдарды, оның iшiнде кеңейту мен қайта жаңғыртуды талап ететiндерiн дамыту жөнiндегi iс-шаралар қаржыландырылады.
Денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеу, қайта жарақтандыру және жеткiлiксiз жабдықтарды сатып алу есебiнен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ҚНмЕ-ге, жарақтандыру нормаларына кезең-кезеңмен сәйкес келтiру.

Әлеуметтiк қорғау

Халықтың медициналық-әлеуметтiк мекемелермен қамтамасыз етiлуiнiң ең төменгi нормативтерiн әзiрлеу.
Медициналық-әлеуметтiк мекемелер желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн әзiрлеу.
Әлеуметтiк қамтамасыз ету объектiлерiне сұранымды айқындау және Орта мерзiмдi кезеңге арналған басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру.
Бұл ретте республикалық бюджет есебiнен өңiрлiк медициналық-әлеуметтiк мекемелердi (психоневрологиялық интернаттар, ақыл-eci кемiс балаларға арналған интернат үйлерiн) салу (қайта жаңғырту) қаржыландырылады.
Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерiн, жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету жөнiндегi аумақтық орталықтарды салу (қайта жаңарту) қаржыландырылады.
Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерi желiсiн одан әрi дамыту басымдығы сыйымдылығы шағын интернат үйлерi желiсiн, сондай-ақ кешендi сауықтыру орталықтарын дамыту болып табылады.
Олармен қатар жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi аумақтық орталықтар кеңiнен дамытылатын болады.

3.3.3.6. Туристiк-рекреациялық инфрақұрылым

Мiндеттер. Халықтың демалуы мен денсаулығын қалпына келтiру, сондай-ақ бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрияны дамыту үшiн рекреациялық шаруашылыққа маманданған аймақтар қалыптастыру мақсатында рекреациялық инфрақұрылым объектiлерi желiсiн құру.
Рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiнiң желiсiн дамыту мынадай екi бағытта жүзеге асырылатын болады: туристiк индустрияны дамытуға бағдарланған ұлттық және өңiрлiк деңгейдегi және халықтың күн сайынғы рекреациялық қажеттiлiгiн қанағаттандыратын жергiлiктi деңгейдегi рекреациялық инфрақұрылым қалыптастыру.

Iс-қимыл стратегиясы

Ұлттық деңгейдегi рекреациялық инфрақұрылым қалыптастыру туристiк саланы дамытудың республикалық және, қажет болған кезде, өңiрлiк орта мерзiмдi бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады, олар мыналарды көздейдi:
инфрақұрылым объектiлерi кешенiн дамытуды, туристiк объектiлердi ұтымды аумақтық орналастыруды, олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды көздейтiн елдiң туристiк-рекреациялық кешенiн дамытудың бас схемасын әзiрлеу;
туризмнiң барлық бағыттарының: экологиялық (кемпингтер, этноауылдар), iскерлiк (конгрестiк), танымдық, ойын-сауықтық, спорттық (тау шаңғысы және альпинистік кешендер), аңшылық және туризмнiң басқа түрлерiнiң материалдық базасын дамыту мен жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;
техникалық реттеу жүйесiнде белгiленген талаптарға сәйкес туристiк және қонақ үйлiк қызмет көрсетулер сапасын арттыру;
өңiрлердiң табиғи және тарихи-мәдени рекреациялық ресурстарын игеруге, инфрақұрылымды дамытуға бағытталатын жеке капитал тарту үшiн жағдайлар жасау;
ұлттық табиғи саябақтарда, қорықтарда экологиялық туризмдi iлгерiлету жөнiнде шаралар әзiрлеу;
облыстық, аудандық және қалалық деңгейлерде туристiк-рекреациялық қызметтi реттеу жүйесiн жетiлдiру;
рекреациялық объектiнiң аумағындағы туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде жағдай жасау.
Рекреациялық шаруашылыққа маманданған аймақтарды қалыптастыру үшiн мынадай шаралар iске асырылатын болады:
Алматы қаласы мен Алматы облысында туристiк кластер құру мен оны дамыту жөнiндегi Шебер-жоспардың пилоттық жобасын әзiрлеу және iске асыру;
Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың бас жоспарын әзiрлеу, үкiметаралық деңгейде (Қазақстан-Ресей) келiсе отырып, "Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенiнде сырттан келушi және iшкi туризмдi ұйымдастыру үшiн туристiк кешен құру.
Жергiлiктi деңгейдегi рекреациялық инфрақұрылымды қалыптастыру өңiрлердi дамытудың орта мерзiмдi жоспарларын, елдi мекендердi дамытудың бас жоспарларын iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.

3.4. Аумақтардың экологиялық жай-күйiн жақсарту

Мiндеттер. Ұтымды табиғат пайдалануды қамтамасыз ету және қоршаған ортаға экологиялық жүктеменi төмендету жолымен аумақтардың экологиялық жай-күйiн және халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн жақсарту.

Iс-қимыл стратегиясы

Су ресурстарының тапшылығы проблемаларын шешу және су объектiлерiнiң сарқынды сулармен ластануын төмендету үшiн мыналар көзделедi:
су объектiлерiнiң мониторингi жүйесiн дамыту және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру;
су бассейнiне антропогендiк жүктеменi азайту және су көздерiне, рельеф пен жер қойнауына тазартылмаған сарқынды сулардың жiберiлуiн болдырмау;
барлық пайдаланылатын су көздерiнде, су қоймаларында және басқа су объектiлерiнде су қорғау аймақтарын жайластыру;
қалалар мен елдi мекендерде тазарту құрылыстарын кезең-кезеңмен жаңғыртуды, қайта жаңғыртуды және жаңаларын салуды жүргiзу.
Жайылымдар мен жыртылатын жерлердiң тозуын төмендету үшiн олардың шаруашылықта пайдаланылуын айқындайтын мынадай бағыттарда жер ресурстарын қорғау жөнiңдегi шаралар көзделедi:
топырақты, ауыл шаруашылық алқаптарын қорғау және адамның шаруашылық және өндiрiстiк қызметiне байланысты бұзылған жерлердi қалпына келтiру;
жел эрозиясының (дефляцияның) жолын кесу үшiн топырақ қорғау iсiнiң аймақтық жүйелерiн енгiзу;
агротехникалық, орман-мелиоративтiк, гидротехникалық және ұйымдастыру-шаруашылық iс-шараларын қамтитын өсiмдiктердi қорғау құралдарының топыраққа терiс әсер етуiн төмендету.
Зиянды заттардың атмосфераға шығарылуын қысқарту үшiн мыналар көзделедi:
қоршаған ортаға және Алматы, Қарағанды, Шымкент қалалары мен елдiң басқа да iрi қалалары халқының денсаулығына автокөлiктiң келеңсiз әсерiн төмендету;
өндiрiстiң жаңа экологиялық технологияларын енгiзу, қолданылатын отынның сапасын жақсарту және қара және түстi металлургия, жылу энергетикасы, электр техникалық өнеркәсiп, тау-кен өндiру саласы объектiлерiнде тиiмдi тазарту жабдықтарын пайдалану;
жаңартылатын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану.
Мұнай өндiрiлетiн аудандарда қоршаған ортаның ластану зардаптарын жою, сондай-ақ оның туындауына жол бермеу үшiн мынадай iс-шаралар көзделедi:
Каспий теңiзiнiң суға батқан мұнай ұңғымаларын тұмшалау;
көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң тиiмдiлiгi жоғары және ресурс үнемдейтiн технологияларын әзiрлеу;
табиғи газды кәдеге жарату проблемаларын шешу;
Каспийдi мониторингiнiң өңiрлiк орталығын одан әрi дамыту.
Өндiрiс, тұтыну қалдықтарының және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға қордаланып қалу проблемасын шешу үшiн мыналар көзделедi:
өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеу және iске асыру;
жер үстi және жер асты суларына өнеркәсiп қалдықтарын көптеген жинақтаушылардың (қалдық сақтаушылардың, гидроқож төгiндiлерiнiң, күл төгiндiлерiнiң, жинақтаушы тоғандардың, тұндырғыштардың, тау жыныстары төгiндiлерiнiң, ҚТҚ полигондарының) әсерiн бейтараптандыру;
кейiннен бос жыныстардың қалдықтарын қалпына келтiре отырып, қазiргi заманғы технологиялар бойынша қалдықтар мен "күресiндердi" қайталама қайта өңдеу және пайдалы компоненттер алу;
өндiрiс, тұтыну қалдықтарын және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жөнiнде технологиялық желiлер құру.
Ормандар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау үшiн мыналар көзделедi:
биологиялық әртүрлiлiктi және биоценоздарды қалпына келтiру мен сақтау үшiн орманды алқаптарды ұлғайту;
ормандарды өрттен қорғау жүйесiн нығайту (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстары);
Елдiң Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру схемасын әзiрлеу және қабылдау. Әлемдiк мәдени және табиғи мұра кадастрына енгiзу үшiн Бiрегей табиғи объектiлердiң ұлттық кадастрын құру.
Өндiрiстi экологияландыру және орнықты даму моделiне өту проблемаларын шешу үшiн мыналар көзделедi:
қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер белгiлеу әдiстемесiн әзiрлеу;
энергиялық тиiмдi және pecypc үнемдейтiн өндiрiстiк технологияларды пайдалану жөнiндегi ынталандыру шараларын әзiрлеу;
экологиялық апатты және радиациялық тәуекел аймақтарында экологиялық ахуалды сауықтыру;
экологиялық стандарттау және нормалау институтын нығайту. Отандық өндiрушiлердiң ISO-9000 және ISO-14000 сериялы халықаралық стандарттарға көшуiн ынталандыру.

3.5. Аумақтық дамуды институционалдық қамтамасыз ету

3.5.1. Аумақтық дамуды жоспарлау жүйесiн жетiлдiру

Мiндеттер. Экономикалық, табиғи, еңбек әлеуетiнiң дамуын және халықты таратып орналастыру жүйесiн тиiмдi аумақтық жоспарлауды қамтамасыз ету.
Әлемнiң бұрыннан қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жүйесi және кемелденген инфрақұрылымы бар дамыған елдерiне қарағанда, Қазақстанда өңiрлiк дамуда сақталып отырған үйлеспеушiлiктi және жаңа перспективалық мiндеттердi ескергенде, аумақтық даму мәселелерi орталық және жергiлiктi деңгейлерде тиiмдi үйлестiрудi талап етедi.
Бұл ретте елдi кеңiстiктiк ұйымдастырудың тiрек қаңқасын қалыптастыру мен дамыту, басым аумақтарды дамытуды ынталандыру, барлық өңiрдiң халқы үшiн мемлекет кепiлдiк берген қызметтерге тең қолжетiмдiлiкке қол жеткiзу, сондай-ақ тиiмдi өңiраралық және салааралық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету мәселелерi орталықтың тарапынан басым реттеу объектiлерiне айналады.
Осы мақсатта аумақтық жоспарлау жүйесiнiң институционалдық әлеуетi күшейтiледi және iшкi ресурстарды өздiгiнен ұйымдастыру және жұмылдыру бойынша өңiрлердiң уәждемесiн күшейтуге бағытталған бюджеттiк қаржыландыру тетiгi жетiлдiрiлетiн болады.
Жергiлiктi атқарушы органдар өз өңiрлерiнiң даму стратегияларын (бәсекелi стратегияны) әзiрлеу мен iске асыруға, халықтың өмiр сүруiне және экономикалық субъектiлердiң шаруашылық қызметiне қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге көңiл шоғырланатын болады.
Қазiргi жағдайда облыстар ұсынған қазiргi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер орталықтан аумақтардың кешендi дамуын тиiмдi басқару мүмкiн болатын (орталық үкiмет реттейтiн мәселелер бойынша) қаңқалық құрылым болуын тоқтататын болады.
Өңiраралық және салааралық мүдделер мен ел мүдделерiн үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн перспективада экономикалық макроөңiрлер деңгейiнде өңiраралық өзара iс-қимыл жасаудың жекелеген институттарын құру мәселелерi пысықталуға тиiс (3.2-бөлiм).
Бұл құрылымдар әкiмшiлiк функцияларға емес, кеңiстiктiк дамуды реттеу мен жобалау-бағдарламалық жұмыстарға шоғырландырылатын болады.

Iс-қимыл стратегиясы

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар iс-қимылдарының ұтымды және өзара келiсiлген жүйесiн, аумақтық даму мәселелерiнде өңiраралық және салааралық, сондай-ақ өңiрiшiлiк өзара iс-қимылды қамтамасыз ету, аумақтарды дамытуды қаржыландыру тетiктерiн жетiлдiру мақсатында экономикалық макроөңiрлер деңгейiнде өңiрлiк бөлiмшелер қалыптастыра отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi құрамында аумақтық даму жөнiндегi уәкiлеттi органды белгiлеу (құру) көзделiп отыр.
Уәкiлеттi органның негiзгi мiндеттерi мыналар болады:
аумақтық дамуды мемлекеттiк реттеу шараларын әзiрлеу мен iске асыру (салааралық және өңiраралық үйлестiру, бағдарламалық-жобалау жұмыстары);
мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды аумақтарды дамытудың басым бағыттарын ескеру тұрғысынан келiсу;
халықты кеңiстiктiк дамыту мен таратып орналастырудың перспективалық схемаларын, жекелеген аумақтарды дамытудың мақсатты (макроөңiрлiк сипаттағы) мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруды үйлестiру;
нысаналы трансферттердi бөлу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және бюджетаралық қатынастарды реттеу;
әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациялар мен арнайы экономикалық аймақтардың қызметiн үйлестiру.
Осы және тиiстi өңiрлiк Өңiр халқын кеңiстiктiк дамыту мен таратып орналастырудың перспективалық схемаларының стратегияларын iске асыру шеңберiнде, олардың негiзiнде - Қазақстан Республикасының халқын кеңiстiктiк дамыту мен таратып орналастырудың болжалды схемасын әзiрлеу.
Нысаналы инвестициялық трансферттердi бөлудiң нақты принциптерi мен тетiктерiн мынадай бағыттар бойынша тұжырымдай отырып, оларды өңiрлерге ұсыну жүйесiн жетiлдiру:
өңiрлердiң әлеуметтiк және өмiр тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн инфрақұрылым желiсiмен қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестiру (өтеу сипатындағы шаралар), қолайсыз аумақтардың неғұрлым өткiр проблемаларын кешендi шешу;
бiрлесiп қаржыландыру мен конкурстар өткiзу шарттарында, оның iшiнде Дүниежүзiлiк Банкпен және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық арқылы (жобаларды қарау мен сараптау, оның мониторингi Дүниежүзiлiк Банктiң рәсiмдерi бойынша жүзеге асырылады) "басып оза" өсу аймақтарын қалыптастыру жөнiндегi өңiрлiк бастамаларды селективтiк қолдау.
Барлық өңiрлердiң халқы үшiн Конституциямен және басқа да заңнамалық актiлермен кепiлдiк берiлген мемлекеттiк сектордың қызмет көрсетулерiне тең қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бюджетаралық қатынастар жүйесiн одан әрi жетiлдiру және өңiрлердiң экономикалық белсендiлiгiн ынталандыру:
2008 жылдан бастап халықтың демографиялық құрамын, халықтың дисперстiлiгiн, климаттық жағдайларды, көлiктiк қолжетiмдiлiк пен басқа да факторларды ескере отырып, бюджеттiк қызмет көрсетулердi тұтынушылардың санына жұмсалатын шығындарды жоспарлауға негiзделген жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң мөлшерiн айқындаудың жаңа әдiстемесiне көшу;
нысаналы инвестициялық трансферттердi өңiрлерге бiрлесiп қаржыландыру мен конкурстар өткiзу шарттарында бөлу әдiстемесiн әзiрлеу;
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, аралас әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi (облыстардың, аудандардың) бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен жобаларды бiрлесiп қаржыландыру тетiктерiн әзiрлеу.

3.5.2. Инфрақұрылымды дамытуды реттеу тетiктерiн жетiлдiру

Мiндеттер. Қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды үйлестiрiлген дамытудың тиiмдi схемасын жасау, оны салуға және пайдалануға арналған шығындарды оңтайландыру, ұсынылатын қызмет көрсетулердiң сапасын арттыру.
Қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттiк реттеудi одан әрi жетiлдiрудiң басым бағыттары мыналар болады:
ұлттық та, жергiлiктi де деңгейде инфрақұрылымның алуан түрлерiн кешендi және өзара байланыстыра дамыту тетiктерiн енгiзу;
жолдар, мектептер, ауруханалар, жарық беру, сумен жабдықтау, қоғамдық ғимараттар және басқа да объектiлер сияқты қоғамдық инфрақұрылым объектiлерiн қаржыландыру үшiн әлемде кеңiнен қолданылатын мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк тетiктерi арқылы инфрақұрылым объектiлерiн салу мен пайдалануға жеке меншiк капиталды тарту.
Мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк тетiктерiн енгізу ұсынылатын қызмет көрсетулер сапасы елеулi, оның iшiнде жеке сектордың басқарушылық дағдыларының артықшылықтары есебiнен жақсарған кезде, қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды салу мен пайдалануға арналған мемлекеттiк шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiктiң инфрақұрылым облигацияларын шығару сияқты нысанын iске асыру халықтың жинақтарын (жинақтаушы зейнетақы қорларының, банк секторының, пайлық инвестициялық қорлардың, қор нарығының басқа да, оның iшiнде шетелдiк қатысушыларының қаражаты) инфрақұрылымды дамытуға тартуға ықпал ететiн болады.

Iс-қимыл стратегиясы

Инфрақұрылым жүйелерiнiң әртүрлi ауқымы олардың ұлттық және өңiрлiк деңгейлерде дамуын үйлестiрудi негiздейдi.
Ұлттық деңгейде ұлттық маңызы бар инфрақұрылымды дамытудың шоғырландырылған схемаларын мыналар арқылы iске асыру көзделедi:
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған Көлiк стратегиясын және басқа да бағдарламалық құжаттарды iске асыру шеңберiнде мемлекеттiк органдардың көлiк-коммуникация инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-қимылын жалпы үйлестiру;
"Самұрық" мемлекеттiк холдингiнiң ұлттық компаниялардың инвестициялық жоспарларын үйлестiруi.
Өңiрлiк деңгейде өндiрiстiк, энергетикалық, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi, көлiктiк, телекоммуникациялық, су-шаруашылық, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымды үйлестiре дамытуды қамтамасыз ету мыналар арқылы жүзеге асырылатын болады:
халықты кеңiстiктiк дамыту мен таратып орналастырудың перспективалық схемаларын әзiрлеу мен iске асыру;
елдi мекендердi дамытудың бас жоспарларын әзiрлеу мен iске асыру.
Инфрақұрылым объектiлерiн салу мен оларды одан әрi пайдалану кезiнде мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк тетiктерiн енгiзу мақсатында мынадай шаралар iске асырылатын болады:
халықаралық сарапшыларды тарта отырып, әлемде қолданылатын мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiктiң түрлi нұсқаларын (сервистiк келiсiмшарттар, басқаруға арналған келiсiмшарттар, лизинг, концессиялық келiсiмдер, акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқаруға беру) оларды кейiннен Қазақстанда пайдалану мақсатында зерделеу;
мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк нысандарын, сондай-ақ жобаларды ұзақ мерзiмдi қаржыландыру тетiктерiн iске асыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық база әзiрлеу;
мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк тетiктерi қолданылатын пилоттық инфрақұрылым жобалары мен қызмет салаларының тiзбесiн белгiлеу;
пилоттық жобалардың нәтижелерi бойынша оң нәтиже алынған салаларға мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк тетiктерiн енгiзу;
тiкелей немесе мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк жобаларын iске асыру кезiнде ұлттық компаниялардың инфрақұрылым облигацияларын шығаруы арқылы көлiк және коммуникация саласындағы iрi инвестициялық жобаларды iске асыру.

3.5.3. Қазақстан Республикасының әкiмшілiк-аумақтық
құрылысын жетiлдiру

Негiзгi мiндеттер. Кеңiстiктiк дамуды реттеудiң қазiргi заманғы талаптарына жауап беретiн аумақтарды басқарудың тиiмдi схемасын қалыптастыру.

Iс-қимыл стратегиясы

Облыстық төмен деңгейде жұмыс iстеп тұрған әкiмшілік-аумақтық құрылысты жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары мыналар болады:
елдiң шекара маңындағы бұрын таратылған жекелеген ауылдық аудандарда көршi мемлекеттер экономикасының үстемдiк етуiн, демографиялық қысымның күшеюiн және рұқсатсыз көшi-қонды болдырмау үшiн оларды қалпына келтiру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өлшемдер бойынша өз мәртебесiне сәйкес келмейтiн облыстық (11 қала) және аудандық (10 қала) маңызы бар қалаларды басқа елдi мекендер етiп, ал кенттердi - ауылдар етiп қайта құру не көрсетiлген өлшемдердi нақтылау жөнiнде тиiсті заңнамаға өзгерiстер енгiзу;
бұрын құрамына ауылдық округтер енгiзiлген қалалардың шекараларын ретке келтiру.

4. Күтiлетiн нәтижелер

ЖаҺандану әрi әлемдiк нарықтағы қатал бәсекелiк күрес жағдайында және iшкi нарықтың аз сыйымдылығын ескергенде белгiленген iс-қимыл стратегиясын iске асыру әлемдiк нарықтарға шикiзат ресурстарын iрi экспорттаушы және транзиттiк аумақ ретiнде ғана емес, елдiң, ең алдымен, жоғары технологиялы тауарларды жеткiзуге және өңiрде сервистік қызметтердiң (сауда-логистикалық, көлiк-ақпараттық, қаржылық, бiлiм беру және басқалар) кең өрiсiн ұсынуға бағдарланған орнықты экономикалық жүйе ретiнде де ұстанымдануына мүмкiндiк бередi.
Бiрiншi кезекте елдiң дамуы үшiн жаңа резервтер iздестiру мен пайдалануға бағытталған мұндай стратегия:
экономикалық процестерге экономикалық субъектiлердiң кең аясын тартуға, сол арқылы кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыра отырып, елдің орнықты қоғамдық дамуының негiзi ретiнде орташа топты қалыптастыруға;
экономикалық белсенділіктiң өсуiн, өңiрлерде бәсекеге қабiлеттi жаңа, ең алдымен, шикiзат ресурстарын пайдалануға байланысты емес мамандықтар қалыптастыруды, құлдырау үстiндегі индустриялық аудандарды конверсиялауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Кластерлiк бастамаларды iске асыру өңiрлердiң экономикасын әртараптандыруға, олардың iрi өңiр құраушы тiгiнен кiрiктiрiлген компаниялардың жұмыс iстеп тұруына тәуелдiлiгiн жоюға мүмкiндiк бередi, шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттi секторын қалыптастырады.
Елдiң жүйе құрайтын iрi компанияларының аутсорсинг өткiзуi және iрi мұнай жобаларында жергiлiктi құрамдас бөлiктердi күшейту экспорт секторын дамытудан iшкi экономиканың аралас салаларына және өңiрлердi дамытуға кең мультипликативтiк әсерге, олардың ұлттық қалпына келтiру процесiне қосылуына қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Мұндай компаниялардың айналасында шағын және орта кәсiпорындардың кейiннен сыртқы нарықтарға да шығу әлеуетi бар көмекшi, қызмет көрсетушi және қайта өңдеушi блоктары пайда болады.
Инфрақұрылым объектiлерiн салу мен пайдалануда мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк тетiктерiн iске асыру жалпыэкономикалық әсерге қол жеткiзумен қатар шағын және орта кәсiпкерлiк үшiн жаңа қызмет салаларын құруға ынталандырады.
Көлiк-коммуникация жүйесi сыртқы жүктердiң транзитiн және iрi тауар өндiрушiлердiң шикiзатын экспортқа тасымалдауды ғана емес, сонымен бiрге ұлттық және өңiрлiк ауқымдағы тиiмдi дамып келе жатқан экономикалық белсендiлiк аймақтарын негiзгi көлiк коммуникациялары бойымен өрiстете отырып, елдің және оның өңiрлерiнiң өңiрлiк және сыртқы нарықтармен кiрiгуiн қамтамасыз етедi.
Тыныс-тiршіліктi қамтамасыз етушi және әлеуметтiк инфрақұрылым құру адам капиталының сапалы дамуын қамтамасыз етедi және барлық нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметтi жүргiзуi үшiн қолайлы жағдай қалыптастырады.
Көшбасшы қалалар: Астана мен Алматының (өңiрлiк және еуразиялық шаруашылық жүйесiнде экономикалық өзара iс-қимыл жасаудың маңызды көпфункционалдық тораптарының), елдiң тiрек қалаларының айналасында ұлттық және өңiрлiк нарықтарға кiрiктiрiлген "басып оза" өсу аймақтары, халықтың тыныс-тiршiлiгi жоғары ұйымдастырылған ортасы бар елдi мекендердiң агломерациялары мен жүйелерi қалыптастырылады.
Экономикалық әлеуеттi және халықты экономикалық жағынан перспективалық және тыныс-тiршілік үшiн қолайлы аумақтарға шоғырландыра отырып, елдiң бүкiл аумақтық кеңiстiгiн ұтымды игеру мен жайластыру қамтамасыз етiлетiн болады.

Тұтастай алғанда, 2015 жылға қарай:
Орталық Азия өңiрiнiң индустриялық және сервистiк-технологиялық орталығы, өңiрiшiлiк экономикалық байланыстарды кiрiктiрушi, трансконтиненттiк экономикалық көпiр ретiнде елдiң экономикалық жүйесiнiң негiздерi;
өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттi мамандануы және елдi аумақтық-экономикалық ұйымдастырудың кластерлiк даму мен кәсiпкерлiктi жандандыруға негiзделген жаңа моделi;
халықты таратып орналастырудың ұтымды жүйесi қалыптастырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
1-ҚОСЫМША

Ландшафтық-климаттық аймақтар

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
2-ҚОСЫМША

Республика аумағын табиғи жағдайлары бойынша аймақтарға
бөлу схемасы

Индексі Табиғи ауыл шаруашылығы аймақтары Аудан, млн. га % Олардың ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары, млн. га %
I Орманды дала аймағы 0,8 0,3% 0,5 0,2%
II Дала аймағы 26,5 9,7% 23,5 10,6%
III Қуаң дала аймағы 62,4 22,9% 55,5 24,9%
IV Шөлейтті аймақ 37,2 13,7% 33,9 15,2%
V Шөлді аймақ 112,1 41,1% 83,6 37,6%
VI Тау етегі-шөлді-далалық аймақ 12,3 4,5% 10,2 4,6%
VII Субтропикалық шөлді аймақ 4,4 1,6% 3,8 1,7%
VIII Субтропикалық тау етегі-шөлді аймағы 3,5 1,3% 3,1 1,4%
IX Ортаазиялық таулы аймақ 10,1 3,7% 7,1 3,2%
X Оңтүстік-Сібір таулы аймағы 3,2 1,2% 1,4 0,6%
Республика бойынша барлығы 272,5 100,0% 222,6 100,0%

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
3-ҚОСЫМША

Алқаптар бойынша жер қорының серпіні

Алқап түрлері 1991 ж. 2000 ж. 2004 ж. Өзгерістер, +,- 2004ж. 1991 жылға
Жердің жалпы ауданы 272490,2 272490,2 272490,2
Оның ішінде:
Ауыл шаруашылығы алқаптары 223115,4 222485,9 222624,5 -490,9
олардың ішінде:
егістік 35403,9 21399,9 23230,4 -12173,5
көп жылдық 163,2 135,8 119,7 -43,5
екпелер
тыңайған жер 277,9 8759,4 5248,4 4970,4
шабындықтар 5106,3 5015,5 5045,1 -61,2
жайылым 182164,1 187081,8 188902,6 6738,4
Орманды алаңдар және ағашты-бұталы екпелер 14290,3 14326 14318,9 28,6
батпақтар 1239,3 1105,1 1104,7 -134,6
су астында 7845,8 7716,3 7711,3 -134,5
арналар, коллекторлар астында 162,2 136,2 137,1 -25,1
алаңдар, жолдар, көшелер астында 1735,7 1455,2 1446,3 -289,4
саябақтар, гүлбақтар мен гүлзарлар астында 20,4 22,5 -22,5
Құрылыстар астында 293,8 603,4 604,5 310,7
Бүлінген жерлер 166,2 178 170,6 4,4
Өзге де жерлер 23641,5 24453,4 24349,8 708,3

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
4-ҚОСЫМША

Эрозияға ұшыраған ауыл шаруашылығы алқаптарының алаңдары

Облыстардың атауы Шайылған Дефлирленген Су және жел эрозиясына ұшырағандар
а/ш алқаптары, барлығы о.і. егістіктер а/ш алқаптары, барлығы о.і. егістіктер а/ш алқаптары, барлығы о.і. егістіктер
Ақмола 561 255 1,5 0,5
Ақтөбе 473,1 10 2101,1 15 8,3
Алматы 802,4 63,1 4988,7 64,8
Атырау 3185,8
Шығыс Қазақстан 424,9 205,2 856,9 20,2 1,4
Жамбыл 352,6 99,3 2849 1
Батыс Қазақстан 255,1 77,1 1900,6 7,5 178,6 63,4
Қарағанды 140,9 39,6 854,6 36,8
Қызылорда 2,9 2914,1
Қостанай 160,2 39,3 611,6 2
Маңғыстау 802,8 657,8
Павлодар 1 1546,4 445,7
Солтүстік Қазақстан 49,9 26,1
Оңтүстік Қазақстан 958,7 235,6 3112,9 1,1
Алматы қаласы 1,4
Барлығы 4986,9 1050,3 25581 594,6 188,3 63,4

таблицаның жалғасы:

Облыстардың атауы Эрозияға ұшырағандардың жиынтығы
а/ш алқаптары, барлығы оның ішінде
егістіктер олардың ішінде
әлсіз эрозияға ұшырағандар орташа эрозияға ұшырағандар күшті эрозияға ұшырағандар
Ақмола 562,5 255,5 255,5
Ақтөбе 2582,5 25 23,1 1,9
Алматы 5791,1 127,9 122 5,9
Атырау 3185,8
Шығыс Қазақстан 1283,2 225,4 212,9 12,5
Жамбыл 3201,6 100,3 91,5 8,8
Батыс Қазақстан 2334,3 148 135,6 12,4
Қарағанды 995,5 76,4 62,7 13,7
Қызылорда 2917
Қостанай 771,8 41,3 31 10 0,3
Маңғыстау 1460,6
Павлодар 1547,4 445,7 242,1 203,6
Солтүстік Қазақстан 49,9 26,1 19,9 5,9 0,3
Оңтүстік Қазақстан 4071,6 236,7 216,8 19,5 0,4
Алматы қаласы 1,4
Барлығы 30756,2 1708,3 1413,1 294,2 1

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
5-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы аумақтарының сумен
қамтамасыз етілуі

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
6-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасындағы экологиялық ахуал

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
7-ҚОСЫМША

Қазақстан қалаларының әуе бассейнінің 2002 жыл ішіндегі
ластану деңгейі (АЛИ 5 факт/АЛИ 5 нормасы бойынша)

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
8-ҚОСЫМША

Халқының саны бойынша өз мәртебесіне сәйкес
келмейтін қалалар

Облыстардың атауы Аудандық маңызы бар қалалар Облыстық маңызы бар қалалар
қалалардың атауы халық саны қалалардың атауы халық саны
Ақмола Державин Степняк 7,4
4,7
Ақтөбе Жем
Темір
2,9
2,2
Алматы Қапшағай Текелі 46,2
24,9
Шығыс Қазақстан Шар 8,6 Аягөз Зырянов Курчатов 38,2
41,6
9,5
Қарағанды Қарқаралы 9,5 Қаражал Приозерск Саран 11,2
18,2
49
Қызылорда Қазалы 5,9
Қостанай Арқалық Лисаков 30
37,9
Солтүстік Қазақстан Булаево Мамлют Сергеев 9,4
8,8
8,4
Оңтүстік Қазақстан Арыс 35,7

Көзі: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
9-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық осі

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
10-ҚОСЫМША

Экономикалық макроөңірлер, жетекші қалалар және
ұлттық деңгейдегі тірек қалалар

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
11-ҚОСЫМША

Өмір сүруге қолайлы жағдайы бар аумақтар

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
12-ҚОСЫМША

Рекреациялық мамандануы жағынан перспективалық аймақтар

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
13-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы өңірлерінің қалыптасқан мамандануы

Облыстардың атауы Қазіргі мамандануы
Ақмола Көмір өнеркәсібі, құрамында алтыны бар кендерді өндіру, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, химия және фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, туризм
Ақтөбе Мұнай және газ өндіру, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, электр энергетикасы
Алматы Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдарын өндіру, ағаштан жасалған бұйымдар өндіру, машина жасау, электр энергетикасы
Атырау Мұнай және газ өндіру, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, электр энергетикасы
Шығыс Қазақстан Көмір өнеркәсібі, түсті металл кендерін өндіру және қайта өңдеу, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, электр энергетикасы, туризм
Жамбыл Құрамында алтыны бар кендерді өндіру, химия өнеркәсібі, газ өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру
Батыс Қазақстан Мұнай-газ өндіру және газ өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісі, ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру
Қарағанды Түсті және қара металлургия, көмір өнеркәсібі, машина жасау, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, туризм
Қостанай Металл кендерін және асбест өндіру, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, электр энергетикасы
Қызылорда Мұнай және газ өндіру, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру
Маңғыстау Мұнай мен газ өндіру және қайта өңдеу, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, құрылыс материалдары өнеркәсібі
Павлодар Мұнай өңдеу өнеркәсібі, көмір, қара және түсті металлургия, машина жасау, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, туризм
Солтүстік Қазақстан Машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру
Оңтүстік Қазақстан Түсті металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі, электр энергетикасы, құрылыс материалдарын өндіру, туризм
Астана қаласы Әкімшілік орталық, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, электр энергетикасы
Алматы қаласы Әкімшілік, мәдени-білім, ғылыми және қаржылық орталық, жеңіл өнеркәсіп

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
14-ҚОСЫМША

Басым кластерлер

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
15-ҚОСЫМША

Перспективалық халықаралық транзиттік дәліздер

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
16-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының темір жолдары желісін дамыту
перспективалары

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
17-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары желісін
дамыту перспективалары

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
18-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасында құбыржолы көлігін дамыту
перспективалары

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
19-ҚОСЫМША

Электр энергиясы ток ағындарының негізгі бағыттары
және олардың көздерін орналастыру

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
20-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының байланыс объектілерін орналастыру

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)

Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы
N 167 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясына
21-ҚОСЫМША

Электр генерациялаушы қуаттарды дамыту перспективалары

(қосымшаның картасын қағаз мәтінінен қараңыз)