Смекни!
smekni.com

Та ырып Бухгалтерлік баланс (стр. 2 из 5)

Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бүл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бір бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың жиынтық сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы, кәсіпорьшның банктегі есеп айырысу шотынан жүмысшы-қызметкерлерге еңбекақы төлеу ушін кассаға 500 (бес жүз) мың теңге алынды.

Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың сомасы 500 (бес жуз) мың теңгеге артады. Баланстың активі мен пассиві арасындағы тендік өзгермейді.

Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бал тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгеріске ұшырамайды.

Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 700 (жеті жүз) мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды делік.

Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге артады. Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.

Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандай да сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы осындай сомаға артады.

Мысалы, жабдықтаушы-мердігерлерден кәсіпорынға 200 (екі жүз) мың теңгенің материалдары келіп түсті.

Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома және материалдар деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 200 (екі жүз) мың теңгеге көбейеді. Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарызы да көбейеді. Сонымен қатар 200 (екі жүз) мың теңгеге баланстың сомасы да өсті.

Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашьшық операцияларының төртінші түрі үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұксас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив және пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы - үшінші түрге жататын операциялар барысында баланстың жиынтық сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі бір сомаға кебейсе (артса), төртінші түрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив бөлімдері, сондай-ақ баланстың жиынтық сомасы қандай да бір сомаға кемиді.

Мысалы, кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын салық үшін 250 (екі жүз елу) мың теңге аударылды.

Осыған байланысты есеп айырысу шотындағы ақшалар және бюджетпен есеп айырысу (қосылған қүнға салынатын салық үшін қарыз) деп аталатын баптардың сомалары бір уақытта 250 (екі жүз елу) мың теңгеге азаяды. Сонымен қатар баланстың сомасы да 250 (екі жүз елу) мың теңгеге кемиді.

Міне осы жоғарыда қарастырылған мысалдардан көріп отырғанымыздай кәсіпорындағы орындалған кез келген операцияларды осы төрт түрдің біріне жатқыза аламыз.

Дәріс № 4

Тақырып: Бухгалтерлік есептер және шаруашылық операциялар көріністері

1. Бухгалтерлік шот түсінігі. Бухгалтерлі к шоттың мазмұны және құрылымы және оның түрлері.

2. 2 жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы.

3. Аналитикалық және синтетикалық шоттар және олардың байланысы.

4. Айналым ведомоствасы.

5. Бухгалтерлік есеп шоттарының классификациясы.

6. Типтік шоттар жоспары.

1. Шаруашылық процесіндегі күнделікті болып отырған өзгерістерді дер кезінде тіркеп, бағалап, топтастырып отыру қажет болады. Осыған орай бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі қолданылады. Шоттардың баланстан айырмашылығы оларда жазу алғашқы құжат негізінде күнбе – күн үздіксіз жүріп отырады. Сол арқылы шаруашылық операцияларының салдарынан болған өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндік туады.

Кәсіпорынның м мүлігінің түрлері мен олардың құралу көздерінің шаруашылық процестер мен шаруашылық нәтижесін ағымдағы мерзім ішінен есепке алып отыратын әдіс.

Бухгалтерлік шоттар схема түрінде екі жақты кесте ретінде көрсетіледі. Оның сол жағын Дебет (бережақ) деп атайды, ал оң жағын Кредит (сену) деп атайды.

Бухгалтерлік шоттардағы есептелетін объектілердің белгілі мерзімдегі жағдайын сальдо (қалдық) деп атайды.

Ағымдағы мерзім ішінде болатын өзгерістерді (мүлік түрлерінде немесе көздерінде) айналым деп атайды.

2. Бухгалтерлік шоттардың баланста қатнасына байланысты немесе оларда не есептелетініне байланысты шоттар екіге бөлінеді: активтік шоттар жәнепассивтік шоттар.

Активтік шоттарда мүліктің түрлері есептеледі. Пассивтік шоттарда мүліктің құралу көздері есептеледі. Активтік және пассивтік шоттарда жазу, олардағы соңғы қалдықты анықтау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

Активтік шоттарды жазу тәртібі:

Активтік шоттарда бастапқы қалдық шоттың дебет жағында жазылады және ол С1 деп белгіленеді. Ай ішіндегі өзгеріс, яғни мүліктің көбейгендігі дебет жағында жазылады, ал оның азайғандығы кредит жағында жазылады.

Айдың аяғындағы қалдықты табу үшін ай басындағы қалдыққа дебеттік айналымды қосып, кредиттік айналымды алып тастайды. Шыққан қорытынды айдың аяғындағы қалдықты көрсетеді, ол дебет жағында жазылады. Сонымен активтік шоттарда қалдық тек қана дебет жағында болады немесе қалдық қалмайды.

Пассивтік шоттардың жазылу тәртібі:

Пассивтік шоттарда бастапқы қалдық шоттардың кредит жағында жазылады. Ай ішіндегі мүліктің құралу көздеріндегі болған өзгерістердің көбейгені шоттың кредит жағында, ал азайғаны дебет жағында жазылады.

Соңғы қалдықты табу үшін бастапқы қалдыққа кредиттік айналымды қосып, дебеттік айналымды алып тастайды. Шыққан қорытынды айдың аяғындағы қалдықты көрсетеді және ол кредит жағында жазылады. Пассивтік шоттарда қалдық тек қана кредит жағында болады немесе қалдық қалмайды.

3. Шаруашылық операциялары салдарынан болатын өзгерістер әр уақытта да бухгалтерлік есептің екі объектісін қамтиды. Ол объектілер біреуі көбейіп, біреуі азаюы немесе екеуі де көбейіп, екеуі де азаюы мүмкін. Бірақ олар бірдей соммада немесе құнда көрсетіледі, яғни бір объектіні бір құнмен , екінші объектіні екінші құнмен көрсетуге болмайды. Осыған байланысты бухгалтерлік есепте әдейі екі жақты жазу әдісі қолданылады.

Екі жақты жазудың мазмұны - ол болған шаруашылық операцияларын, онда көрсетілген объектілерді бірдей соммада шоттарда жазу

Мысалы: Кәсіпорын жұмысшыларға 50000 теңге еңбекақы есептеді. Бұл операцияны екі жақты жазғанда 50000 теңгеге жұмысшыларға еңбек ақы бойынша бережағымызды көрсетсек, екінші жағынан 50000 теңгеге өндірісте шығын болғанын жазамыз.

4. Кәсіпорынды басқаруда кәсіпорын жетекшісіне әр деңгейдегі бухгалтерлік есептің мәліметтері қажет болады. Осыған орай бухгалтерлік есепте есептелетін объекті бойынша жинақталған ақшалай өлшеммен, көрсетілген мәліметтермен қатар есептелетін объектінің түрлері бойынша да жекеленген мәліметтер керек. Міне осы талапты қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік шоттар екіге бөлінеді:

1.Синтетикалық (жинақтайтын) шоттар

2.Аналитикалық (талдайтын) шоттар

Синтетитакалық шоттар дегеніміз – есептелетін объект бойынша жинақтап ақшалай өлшеммен ақпарат беретін әдіс.

Баланстың барлық статьялары синтетикалық шоттар болып саналады. Атап айтқанда шикізаттар мен материалдар, кассадағы ақша, есеп айырысу шотындағы ақша, жарғылық капитал, банк несиесі, т.б.

Аналитикалық шот дегеніміз – синтетикалық шоттарда көрсетілген ақпаратты әрі қарай талдап, дамытып көрсететін шоттар.

Аналитикалық шоттар белгілі бір синтетикалық шоттарға ашылады. Осыған байланысты олар дербес болмайды.