Акша нарыгы (стр. 1 из 3)

А ҚША НАРЫҒЫ

Ақшаның функциялары мен ақша а грегаттары

Ақша сауда дамуы мен алмасудан туындаған. Осыған байланысты өтімділік, өтімді зат деген категорияны анықтауымыз керек. Өтімді зат - бұл ақшаға оңай айнала алатын зат. Егер қандай да бір заттың алмасуы нөлге тең болса, оңда біздің алдымызда абсолютті өтімді алмасу құралы болады.

Экономикалық теорияда ең кең таралған акшаның анықтамасы ол орындайтын функциямен байланысты: барлык айырбас кұралы, кұндылық өлшемі, төлем құралы мен құндылық сақтау құралы ақша деп аталады. Осылайша, егер қандай да бір жетістік барлық төрт функцияны да орындаса онда оны ақша деп атайды.

Ақша функииясын нақтырақ қарастырайық.

1.Ақша айырбас құралы болады, себебі ол келісім жасағанда жалғаушы қызметін атқарады (трансакция). Тауар ақшага алмасады, ал ақша тауармен алмасады.

2.Құндылық өлшемі ретінде немесе санақ өлшемі ретінде ақша әртүрлі тауарлардың, құндылығын біртүрлі үлгіге келтіреді Ақша пайда болғанша әр тауардың құндылыгы пропорция арқылы көптеген басқа тауарларға алмастырылған. Ақша пайда болған соң осы әртүрліліктер мен сансыз алмасу пропорциялары тек тауарды ақшаға алмастырумен өзгерді. Осылай, баға категориясын анықтауға болады. Баға бұл тауардың ақшаға алмасу пропорциясы.

3.Ақша еңбек ақы төлегенде, қарызды және салықты төлегенде төлем құралы қызметін атқарады (біршама оқу құралында «ұзартылған төлем құралы» деген сөзтіркесі қолданылады).

4. Ақша құндылықты сақтау функциясын атқарады себебі уақытпен сатып алу күші бар. Тек ақша ғана абсолютті өтімді бола алады. Бірақ құндылықты сақтау құралы функциясын тек елде баға деңгейі тұрақты болған жағдайда ғана атқарады. Инфляция жағдайында ақша тұтынушы күшін сақтаушы қабілетінен айырылады да оның орнына «ақшадан қашу» орын алады.

Алмасудың тарихи дамуы алмасудың металдық түрі -алтын мен күміске әкелді. Асыл металдардың бірқатар қасиеттері олар өзі ақшаны алмастыру қабілеті бар екенін көрсетті атап айтқанда:

портативтілік (азғантай физикалық көлемде жоғары

құндылық);

бөліне алуы;

сақталуы;

біртектілік;

табиғатта салыстырмалы аз кездесүі.

Асыл метал-ақшаның қағаз ақша мен айырбас монеталардан өзгешелігі оларда ішкі құндылык болмайды. Бұл еркін ақшалар. Ішкі құндылық символды ақшаның олардың номиналынан біршама төмен.

Кредиттік ақшалар (векселдер, банкноттар, чектер) қарыздық міндеттемелері болады да ақшаның барлық төрт функциясын да орындайды. Мұнда біз мынаны түсінуіміз керек ақша адамдар әрекетіне байланысты ақша бола алады.

Вексель — бұл жеке экономикалық субьектінің басқа экономикалық агентке алған қарызын белгілі бір уакытта және белгілі пайызбен қайтару міндеті.

Банкнот - бұл қарыздық міндет немесе банк вексель!.

Көптеген елдерде нарықтық экономикада алғашында банкноттар алтынға белгілі пропорциямен алмастырылды. Мұндай жүйе алтын стандарты деп аталады. Ол бірінші әлемдік сорғысқа дейін болған, сосын, бірнеше талпыныстан кейін 1971 жылы түбімен жоқ болды. Қазіргі кезде ешқандай елде кредитті-қағаз ақша алтынға алмастырылмайды.

Егер қағаз ақша алмасу құралы функциясынан «өссе», онда банкноттар кредит дамуынан туындады, яғни олар ақша функциясының төлем құралы ретінде бөлінбей байланысқан. Содан бері банкноттар алтынға конвертирленбейді, олар іс жүзінде алмаспайтын қағаз ақшаға өзгерді.

Чек - қ арыздық қолхаттың жеке түрі, немесе банктегі есеп иесінің белгілі бір соманы осы салымнан чек көрсетушіге бере алуы. Қатан айтқанда, ақша деген чекті депозит, ал чектің өзі - бұл салымшы беру туралы бүйрық (жекелей немесе толығымен). Сонымен ақша қолма кол немесе чекті есепті бола алады.

Кредитті карталар жоғарыда айтқан, ақша бола алмайды, сондықтан ақша массасы құрамына ене алмайды. Олар алмасу немесе толем құралы бола алмайды, тек төлемді ұзартушы тәсіл бола алады. Ресейде кредитті карталармен терминдік шатасулар болды. Олармен дебет карталарды атайды ол негізі иесіне өз есебінен белгілі соманы алуға мүмкіндік береді.

Сонымен ақша деген не? Елдегі ақша көлемін қалай анықтау керек? Тек қолма қол ақшаны ғана еске алу керек па жоқ әлде жатқан ақшаны да ескеру керек па? Қазір төленетің, жылдам төленетін немесе жинақ қорындағы ақшаны қайту керек? Егер ақша абсолютті отімді алмасу құралы болса онда жинақталған салым олай бола алмайды ғой. Әрине. оның белгілі өтімді дәрежесі бар тек абсолютті емес. Кез келген елде көптеген қаржы активтері бар, олар әртүрлі дәрежеде өтімділік қасиетіне ие. Осыдан елдің ақша басшылыгы және ақша агрегаты - ақша ұсынысының көлем көрсеткіші.

Абсолютті өтімді активтер қолма қол ақша мен чекті депозиттер бола алады, онда М ақша құралының жинағы құралган. Басында біз ақша агрегатында тоқталамыз, ол АҚШ-тың Федералды резервті жүйесімен анықталған (ФРЖ) (кесте 8.1). кейін ақша агрегатын қарастырамыз, Қазақстанның т банкімен есептелген (ҚҰБ).

М1 ақша агрегаты - бұл сөздің тар мағынасында акша деген соз. 1970 жылдардың ортасына дейін АҚШта чекті есеп ашу тек коммерциялык банктерге ғана рұқсат етілген. Бірақ кейін банктік мекемелердің жана түрі (өзара қарыз беру банктері, несиелік одақтар т.б.) пайда болды да онда чекті есеп жүргізу рұқсат етілді. Банктік мекемелер, дәстүрліден басқасы басқа чекті есептері болды жекелей алғанда NOW (қайта қайтарудың келісілген реті және АТ S есептері (құралды автоматты ауыстыру есебі). Есептің соңғы екі түріне дәстүрлі депозиттерден өзгеше пайыздар жүреді, онда ереже бойынша пайыз төленбейді.

Kecme 4.1

ФРЖ қ олданыл ғ ан ақща агрегаттары

М1= Қолма қол ақша + Жолдық чектер + Пайдаланғанға дейінгі салымдар + Басқа чекті есептер
M 2= M 1+ 100 мың долларға дейінгі жылдам депозиттер. + Жинақтаушы салымдар мсн ақша нарығының депозитті есептері + Ақша нарығының өзара фондындағы паилар + Евродоллармен қысқамерзімді салымдар + Кеpi сатып алумен құнды қағазсатып алу туралы келісім
МЗ=М2 + 100 мың долларданжоғары жылдам депозиттер. + Кері сатып алумен_құнды_кағазсатып алу туралы ұзакмерзімді келісім
L =М3 + Евродоллармен ұзақмерзімді салымдар + Мемлекттің жинақтаушы облигациялары + Қордың қысқамерзімді векселдері + Коммерциялық құнды қағаздар + Коммерциялық банк векселдері

Осылайша қолма қол ақша болуы бізге активті абсолютті өтімді түрде ұстауға мүмкіндік береді. Біз пайызды ақшаны сақтаудың баламалы құны реінде анықтаймыз немесе өтімділіктен қол үзудін төлемі ретінде басқа ақша агрегаттарына аз өтімді активтер кіреді, ол қолма қол ақшадан өзгешелігі иесіне кіріс әкеледі.

М2 ақша агрегаты мен одан арғы агрегаттар жоғаргы кестеде көрсетілген. Барлык активтер М1 агрегатына қосылған аз өтімді болады да квази-ақша ден аталады немесе акша деп аталады. Біз ақша агрегаты өтімділігі M1 ден 1. өткенде төмендейтінін көреміз. Осыдан біршама кең ақша агрегаты өзіне тар және өтімді агрегатты қоса алады.

L ақша агрегат,. катаң айтканда ақша өлшемі емес, тек бірқатар өтімді активтерді көрсетеді. Есептескенде инфляция қарқынымен байланысты нағыз ақша қоры ретінде М1 мен М2 агрегаттар қолданылады.

Қазақстаң Республикасының Ұлтық банкі бірқатар ақша агрегаттарын есептейді.

Ақша массасын талдау үшін, ақшага сұранысты, акша айналу жылдамдыгын тағы басқаларға екі түсінікті араластырмай атап көрсеткен маңызды: ақша қор және ағын ретінде.

Ақша кірісі – бұл ағын ол қандай да бір уақыт мерзімінде анықталады. Ақша қоры белгілі бір уақытқа есептеледі де кіріс пен ақша шығынынан тәуелді болады. Осы қордың өлшемі әр уақытта өзгеріп тұрады: оны белгілі уақытпен өлшейді.

Экономиканың ақшамен қанығуы немесе монеттену нормасы (монеттену коэфициенті, өтімділікті таңдау коэфициенті), М2нің ЖІӨ қатынасын көрсетеді, ол пайызбен көрсетілген. Мына әріппен белгіленеді к. Егер ақша массасын М әрпімен белгілесе, ал атаулы ЖІӨ мына белгімен белгілесе РҮ, онда монеттену коэфициенті мына формуламен анықталады:

к = (М/РҮ) х 100% , (4.1)

Инфляция деңгейі төмендеуі бойынша және ақшаға сұраныс жоғарылауынана монеттену коэфициенті жоғарылайды.

Похожие статьи