Смекни!
smekni.com

аза стан Республикасыны сырт ы сауда саясаты (стр. 5 из 6)

Сонда әрбір ел үшін тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.

Автаркия (елдік басқа елдермен байланысының болмауы) кезінде ел екі иглікті де шығаруға мәжбүр болады.

Шараппен салыстырғанда матаның бағасы әрбір пайда келтіретін дананы шығаруға қажетті еңбек құндары арасындағы арақатынаспен анықталады.

Басқаша айтқанда, екі игліктің салыстырмалы бағалары оларды өндірісте қажетті еңбек мөлшерлері арасындағы қатынасқа тең болады.

Мата мен шарап өндірісінде қолданылатын технологиялар арасында белгілі бір айырмашылық болса, онда екі игіліктің салыстырмалы бағалары ер елде әр түрлі болып келеді. Автаркияның болмауы - сыртқы сауданың жүргендігінің дәлелі.

Ал мата құнын шарап құнымен салыстырғанда, Англияда мата арзанырақ екені анықталған, сондықтан матаны Англиядан сатып алу (импорттау) тиімді.

Англия Португалия
Мата Шарап

Жоғарыда көрсетілген кестеден Англияның абсолюттік артықшылығы айқын көрінеді.

Енді екі игліктің салыстырмалы бағаларын талдаған кезде, матаның бір бірлігін өндіру үшін шараптың қанша данасынан бас тарту керектігі анықталады.

Ол үшін төмендегі кестені қарастыру керек.

Англия Португалия
Матаның бір данасының шараппен өрнектелген құны

Бұл кестеден мынаны байқаймыз, яғни мата өндірісінде Англия салыстырмалы артықшылыққа ие екендігі анықталған.

А.Смит, Д.Рикардо және Милль халықаралық сауданың шығу себептерін тек қана еңбек факторымен қарастырды.

Бірақ іс жүзінде кез келген экономикада еңбек факторымен бірге басқа да өндірістік факторлар (жер, капитал) қолданылады.

Өндірістік факторлар жөніндегі ілімдерін зерттеп, 1930 жылы швед ғалымдары Бертиль Олин және Эли Хекшер Давид Рикардоның теориясын ері қарай толықтырды. Хекшер мен Олин өндірістің екі факторын – капитал мен өрнекті қолдана отырып, сыртқы сауданың жана үлгісін қарастырады. Бұл үлгіде негізгі тұжырым төмендегідей жағдайларға әкеледі:

1) жұмысшы күшінің артық шамасы бар, бірақ капитал мөлшері аз болған елдер еңбекті көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады;

2) капитал мөлшері артық, бірақ жұмысшы күшінің шамасы аз болған елдер капиталды көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады.

Енді басқа елдермен салыстырғанда жұмысшы күшінің шамасы артық болса, онда ол мемлекет жұмысшы күшімен мол қамтамасыз егілген деп есептеледі.

Егер басқа тауарлармен салыстырғанда жұмысшы күшінің шығындарының үлесі тауар құнының құрылымында көп болса, онда ол еңбекті көп қажет ететін тауар деп есептеледі.

Xекшер - Олин теориясы бойынша мынадай қорытынды жасалған: егер тауар өндірісінде онша тапшы емес өндірістік фактор қолданылса, онда әр мемлекет сол тауарларды экспортқа шығаруға тырысады.

1954 жылы американдық экономист Леонтьев Хекшер -Олин теориясын іс жүзінде дәлелдеп көрсетті. Ол АҚШ-тың экспорты мен импортын зерттейді. Зерттеу құралы ретінде еңбек және капитал шығындарын қарастырады. Сол кезде дүние жүзі бойынша төмендегідей тұжырымдар қалыптасып АҚШ капиталдың мөлшерін көп қажет ететін тауарларды экспортқа шығарып, ал көбінесе еңбекті көп қажет ететін тауарларды импорттап алады.

Бұл жағдайда зерттеу нәтижесі керісінше болып шықты. Осыған байланысты Леонтъев еңбегі экономикада "Леонтьевтің парадоксы" деп аталды. Капиталдың салыстырмалы артықшылығы АҚШ-тың сыртқы саудасына әсер етпейтідігі анықталған.

Зерттеу нәтижесі келесі жағдайды көрсетті: көп жағдайда АҚШ еңбекті көп қажет ететін тауарларды шетке шығарып, капиталды аз қажет ететін тауарларды шеттен тасымалдайды. Осыған сәйкес Леонтъев өз көзқарасын ұсынады. АҚШ - та пайдаланылатын фaктоpлapдың ішіндегі өте тиімдісі — еңбек факторлары болып табылады.

Оған себеп болған нәрсе – АҚШ жұмысшыларының біліктілігінің өте жоғары деңгейде болуы. Бұл жана модель түсінігі - "жұмысшы күшінің біліктілігі" теориясы деп аталады.

Хекшер-Олиннің ережелері мен қорытындыларын практикалық тұрғыдан тексеруге арналған көптеген зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі - американ экономисті, 20-жылдардағы Жоспарлау комитетінің қызметкері, Нобуль сыйлығының лауреаты Василий Леонтьевтің жұмысы болып табылады. 1954 жылы оның сол кездегі капитал молшылығымен ерекшеленетін ел АҚШ-тың экспорты мен импортындағы еңбек пен капиталдың толық жұмсалуын негізге ала отырып, Хекшер-Олин теориясын тексеруге қадам жасаған мақаласы жарық көрді. Басқа ірі елдер ішінен бұл елге екінші дүниежүзілік соғыстың орасан зардабынан жеткілікті капиталмен шығудың сәті түсті. Бұл кезде Еуропада капитал жетіспеушілігі мен жұмыс күшінің салыстырмалы аpтықшылығы байқалды. Сондықтан АҚШ капитал сыйымдылығы бар тауарларды сыртқа шығарып, еңбек шығыны көп тауарларды Шет елден әкеледі деп күтілген еді. Бірақ нәтиже керісінше немесе бұған қарама – қайшы болды да, теория «Леонтьев парадоксы» деп аталды. Елдегі капиталдың салыстырмалы молшылығы (артықшылығы) Американың сыртқы саудасына әсер етпейтіні белгілі болды. АҚШ шет елден әкелгенге қарағанда, еңбек сыйымдылығы молырақ және капитал сыйымдылығы азырақ өнімдері шет жаққа шығара бастады.

Рыбчинскийдің теоремасында сипатталатын факторлар ұсынысының бір қалыпты емес өсуінің мына тұрғыдағы маңызы ерекше: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіңдегі ұсыныс факторлары бірінің өсуі осы факторды қарқыңды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқадай тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.

Бұл жағдай, мысалы, егер капитал өсімі байқалатын болса, Португалияда мауыты өндірісі кезінде қалыптасуы мүмкін.

Рыбчинский теоремасы іс жүзінде бірнеше рет дәлелдеңді. Осылайша Голандияның - «голландиялық сырқаты» индустрилизациясыздандырудың хрестоматиялық сипатына айналып үлгерді. Бұл проблема Голландияның белсенді түрде кен орнын ашып, пайдалануына байланысты пайда болды. Сөйтіп, табиғи газды өндірудің өсуіне орай Голландияның өнеркәсіптік экспорты қысқара түскендей әсер қалдырды, ал жылу отынының барлық түріне (табиғи газды қоса алғанда) әлемдік нарықтағы бағаның өсуі бұл тенденцияны күшейте түсті. Бұл жағдай Рыбчиискийдін мына теоремасынан тарайды: жаңа сектор ресурстардың басқа саладардан неғұрлым жоғары еңбекақы мен осы сектордағы соңұрлым жоғары табыстың есебінен кері қайтуына әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде өңдеуші өнеркәсіптің өнімі қысқарды. Осылайша, дүниежүзілік сауданың ұнамды жақтарымен қатар, ұнамсыз салдары да болуы мүмкін. Бұл, әрине сыртқы саудасаясатында еркін сауда және протекционизм тәрізді екі бірдей екенін көрсетеді.

Қорытынды

Еліміз бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен демократизацияланудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді . Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды».

Осыған орай, алдыңғы қатарлы, озық қоғамның сана деңгейіне көтеріліп, жан – жақты өркендеу, қоғамның салалық жаңа экономикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға көшу міндеті тұр.

Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа арналған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» жолдауын негізге ала отырып халықтың тұрмыс деңгейін көтеру және инфляцияны төмендету болып отыр.

Қоғамның экономикалық дамуы экономикалық өсуді, экономикалық құрылымдық өзгерістерді , тұрғындардың жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуды қамтитын көп қырлы процес. Қоғамның экономикалықөмірі үнемі қозғалыста болады, ол бір қалыпты сандық және сапалық өзгерістер арқылы сипатталады. Бұл өзгерістер тек қана өндірістік күштер мен өндірістік қатынастарға ғана емес, сонымен қатар еңбектің өсіп жатқан өнімділігіне, оның игіліктердің үлкен көлемін құрудағы қабілетіне де қатысты.