Смекни!
smekni.com

Жоспар (стр. 5 из 7)

Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарын тексеру келесілерді анықтайды: тамақ өнімдерін қабылдауға, тасымалдауға сақтау мен өткізуге байланысты санын есепке алу мен сапасын бақылауға қажетті өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі; өлшеу құралдарының жағдайы және оларға метрологиялық қызмет көрсету (аттестация, проверка, профилактика және жөндеу); берілген дәлдікпен бақылау-өлшеулік операцияларды орындауға қажетті өлшеу құралдарын дұрыс таңдау.

Егер тексеру кезінде тауарларды қабылдау, сақтау және босату шарттарын бұзушылық анықталса (соның ішінде метрологиялық талаптарды сақтамаған үшін), онда мемлекеттік инспектор тәртіп бұзушылықтарды жою туралы нұсқау береді және оны орындаудың нақты мерзімдерін бекітеді.

Тамақ өнімдерін шығаратын өнірістік, дайындаушы кәсіпорындарды, цехтарды тексеру кезінде өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуі тексеріледі: өнімдердің сапа көрсеткіштеріне, технологиялық процестерге, еңбек қауіпсіздігі шарттарына қойылатын талаптарды анықтаушы нормативтік құжаттардың жағдайы; өндірістік операциялардың өлеу құралдарымен және МВИ-мен қамтамасыз етілуі; кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жұмысы; тәртіп бұзушылықтардың шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасына әсер етуі.

Егер тексеріс кезінде тексеріліп жатқан тамақ өнімдерінің партиясының сапасы стандарттардың талаптарына жауап бермейтіні немесе техникалық шарттарға сәйкес келмеуі анықталса, онда ақаулықтарды толығымен жою сәтіне дейін бұл өнімді босатуға тыйым салу туралы бұйрық құрылады. Егер де тексеріс нормативтік құжаттарды жүйелі түрде сақтамауды анықтаса, онда берілген өнім түрін өндіруге және босатуға сапасыз шығарылымның себептерін анықтағанға дейін мүлдем тыйым салынады.

Метрологиялық ережелерді бұзу жағдайларында мемлекеттік қадағалау органдары кәсіпорынға және кінәлі лауазымдық тұлғаларға қатысты заңнамада бекітілген құқықтық шараларды қолданады. Осылайша, өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру кезінде жағымсыз нәтижелердің орын алған жағдайда өлшеу құралдарын, оларға бақылау белгісін қойып, өндірістен алынып тасталуы, тексерулер туралы куәлік заңдық күшінен айырылуы, олардың техникалық паспорттарында өндірісте пайдалануға жарамсыз деген басылым қойылуы мүмкін. өлшеу құралдарын ала алмау жағдайларында әрі қарай қолдануға тыйым салынады деп басылады. Тексеріс мерзімдерін сақтамау, сапасыз ведомстволық тексеріс анықталса мемлекеттік қадағалау органдары жалпылама бір мезгілді тексерісті немесе мемлекеттік қадағалау органдарында өлшеу құралдарының жеке тексерістерін, өндірістегі өлшеу құралдары үшін бақылау аралық интервалды қысқарту сияқты шараларға міндеттеуі мүмкін.

Егер метрологиялық ережелерді бұзушылық тексеріліп жатқан кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін орындамау немесе дұрыс орындамау салдарынан орын алса, онда қадағалау және бақылау органдары кәсіпорын басшылығына немесе жоғарғы лауазымды тұлғаларға бұл тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту, тіпті лауазымдық орындарын босату жөнінде ұсынымдар жасауы мүмкін.

Ал осы тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болатын тәртіп бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік қадағалау органдары тексеріс материалдарын әкімшілік комиссияларға тапсырады.

ІІІ тарау. Мемлекетік метрологиялық қадағалауды жүзеге

асырудың тәртібі

3.1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жалпы ережелері

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – өлшеу құралдарын шығару, жағдайы және қолданылуын қадағалау үшін стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша, өлшеулерді орындау әдістерін қолдану, сату кезіндегі тауарлардың санын, нормаларын және метрологиялық ережелерін сақтау бойынша, сонымен қатар түрлі орамадағы тауарлардың орау, сату және импортқа шығару кезіндегі санын сақтау бойынша өкілетті мемлекеттік органның қызметі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды өкілетті мемлекеттік орган заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, халықаралық келісімшарттар мен құжаттар бойынша өлшемдердің бірлігінің қамтамасыз етілуін тексеру мақсатында жүргіжеді.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау жоспарлы (периодты), жоспардан тыс және қайталанатын тексерістер түрінде жүзеге асырылады.

Жоспарлы тексерістер үш жылда бір реттен сирек емес, тексеріс кестесіне сәйкес жүргізіледі. Кесте мемлекетті қадағалау бойынша өкілетті мемлекеттік органның бөлімдерімен, қажет болған жағдайларда тексеріс бірігіп жүргізілетін басқа да бақылау-қадағалау органдарымен кеңесілген түрде жасалады.

Жоспардан тыс тексерістер метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтамау туралы мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың арыздары бойынша жүргізіледі.

Қайталанатын тексерістер алдында жүргізілген тексеріс нәтижесінде бекітілген нұсқауларды заңда және жеке тұлғалардың орындауын тексеру мақсатында жүргізіледі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде тексерісті өлшеу құралдары және стандарттау үшін нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындауға қадағалау жасау бойынша мемлекетті инспеторлар – лауазымды тұлғалар жүзеге асырады. Мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары бекітілген.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілері:

- өлшем бірліктерінің эталондары;

- өлшеу құралдары;

- өлшеулерді жүргізу әдістемесі;

- өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау көрсетілген объектілерден салыстырмалы түрде жоғары, нәтижелері келесі жағдайларда пайдаланылатын өлшемдерге қатысты болады:

- азаматтардың өмірі мен денсаулықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда;

- өнімдер мен қызметтер сапасының нормативті құжаттардың міндетті талаптарына сәйкес келуін сынау мен бақылауда;

- қоршаған ортаның жағдайын бақылауда;

- еңбек шарттарының қауіпсіздігін бақылауда;

- сатып алушы (тұтынушы) мен сатушы (жабдықтаушы, өндіруші, орындаушы) арасындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысуларда, соның ішінде тұрмыстық, коммуналдық және байланыс қызметтері аясында;

- мемлекеттік есепке алу операцияларында;

- бұйымдар, құймалар, жартылай шикізаттар, қалдықтар мен балқымалар түріндегі асыл металдардардың мазмұнын анықтауға байланысты операцияларда;

- қарулық жабдықтау, әскери, арнайы техника және басқа да арнайы өнімдер өндірісінде;

- геодезикалық және гидрометеорологиялық жұмыстарда;

- салықтық, банктік, кедендік және пошталық операцияларда;

- барлық түрдегі материалдық ресурстарды өндіруде, сұрыптауда, тасымалдауда, сақтауда және тұтынуда;

- құрылыста;

- мемлекеттік басқару органдары, сот және құқық қорғау органдарының тапсырысы бойынша орындалатын жұмыстарда;

- ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеуде;

- өзгеру құралдарын тексеруде.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері:

- өлшеу құралдарының шығарылуы, жағдайы және қолданылуына, өлшеулерді орындау әдістерін, өлшем бірліктерінің эталондарының қолданылуына, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына қадағалау жүргізу;

- тауарлардың салмағын, көлемін, шығындалуын және басқа да сипаттаушы өлшемдерді анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылатын сауда операцияларын жүргізу кезінде шеттетілетін тауарлар санын қадағалау.

Заңды және жеке тұлғаларды тексеріс жүргізу кестесін құру кезінде мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлерін біріктіру ұсынылады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың әрбір түрлерін жүргізу тәртібі өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.

3.2 Мемлекетік метрологиялық қадағалауды жүзеге асырудың

тәртібі

Тексерісті жүзеге асырушы мемлекеттік қадағалау бойынша бөлімше тексеріс тапсырмаларын дайындайды және комиссияны құрады, оған мемлкеттік инспекторлармен қатар, басқа бақылау-қадағалаушылық органдардан немесе қоғамдық ұйымдардан тұруы мүмкін.