Смекни!
smekni.com

Еліміздегі экологиялы проблемалар (стр. 3 из 4)

Бұрынғы теңіздің астауын сақтап келген қысым бірте-бірте азайып, енді теңіз түбінің көтерілу процессі бастау алды. Демек бұл процесс негізінен екі бағытта яғни, онтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарап бет ала бастады. Осыған орай кейбір ғалымдарының есептеулері бойынша Арал теңізі түбінің бүгінгі көтерілу жылдамдығы жылына 5-7 мм, ал жарты ғасырдан кейін 50-70 сантиметрге жетеді екен.

Сөйтіп, жергілікті тұрғындардың тіршілік етулері жыл өткен сайын, оларды айтарлықтай қусырып, қиындатып барады. Сонымен бірге бұл аймақта жылына 15 рет катты дауыл соғып, тұзды шаңды жүздеген шақырымға таратады. Яғни, майда тұз аралас шаң атмосфераның ағынымен сонау Қиыр Шығыстағы Амур өзенінің бассейніне жөне АҚШ-тың Онтүстік Штаттарына дейін жетіп тұрғанын дәлелдейтін деректер өз алдына.

Міне, соған қарағанда бұл құбылыс келешекте жақсы үміт күттірмейтін сияқты. Өйткені қазіргі Арал апатын, оның айналасында жан-жаққа етек ала жайылып бара жатқан сор шаңдақты, бұрқыраған шөл даланы көргенде Африкандағы өлемге өйгілі Сахара шөлі көзге еріксіз елестейді.

Ол аймақ та кезінде егінді, малды, гүлденген өлке болған. Бірақ, кезінде сол жерді мекендеген халық табиғаттың заңымен санаспай, шаруашылықты қалай болса солай жүргізудің нөтижесінде ұланғайыр кең жер елсіз, сусыз шөлге айналған көрінеді.

Ал, біз болсақ, сол кайғылы төжірибені кайталауға бірте-бірте жакындап келеміз. Міне, осыған орай теңізді сумен толтырмағанмен оның кепкен ұлтанындағы құм, тұз, шаңды ұшырмаудың тезірек бір амалын жасаған жөн.

Арал теңізі Каспийден 74 метр биіктікте жатыр, ал Каспий Қара теңіз деңгейінен 26 метр төмен, демек Арал теңізінің айдын беті кезінде мұхит деңгейінен 48 метр биік болған. Аралдың түбінің ең терең жері мұхит бетінен 20 метр төмен, ал Каспий айдынынан 6 метр жоғары.

Сондай-ақ, Каспий теңізінің тереңдігі 944 метр, ал Арал теңізі ең терең жері небәрі 68 метр ғана. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін теңіз астының қүпия ағыстары мен иірімдерін ғана зерттеген ғылым үшін жер асты суларының өзара карым-қатынас ағыс иірімдері әлі жұмбақ. Алайда Арал мен Каспий егіз болғанымен, мінездері кереғар. Өйткені, Каспийде су көбейсе, Арал да азаяды. Ал, Аралда су көбейсе Каспий шегінеді. Демек, осы екі теңіз өзара тұтасып жатқан жоқ па деген сауал Қорқыт дәуірінен бері алға тартылып келеді.

Аралдың кайғылы тағдыры мен ызғарлы зардабы қазір аймақ шеңберінен асып, бүкіл әлем биігінен білінуде. Осыдан-ақ теңіздің казіргі жағдайы тым ауыр, келешегі тым күңгірт екенін түсінуге әбден болады.

Қазір Аралдың кебуі күнмен есептелуде. Демек, бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе - құрғаған теңіз табанындағы тұз, шаңның көбеюін қалайда бәсеңдету. Ол үшін жоғарыда сөз болғандай сол кепкен теңіз ұлтанындағы кұм, тұз шаңдарды жет үсті немесе жер асты суымен бастыру, сол сияқты өсімдік түрлерін егу жұмыстарын айрықша назарға алған жөн. Әлі де Арал теңізі бассейніндегі проблемаларға орай, халыкаралық қорлар мен ұйымдардың каржылары мен мумкіншіліктерін жұмылдыру қажет-ақ.

Егер де жоғарыда аталған жұмыс көлемдері толық іске асырылған жағдайда Арал өңірінің атмосфералық ауа қабаттары тазарып, сондай-ақ аймақта төтенше ауру түрлерінің қаңдай түрі болса да таралмауына оң жағдай туар еді.

2.Невада- Семей полигоны

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.

Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.

Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.

КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.

Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды.

Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды.

Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.

Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.

Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.

Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.

Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады.

Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді.

Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

2.1. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.

Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.