Смекни!
smekni.com

аза стан Республикасыны бюджет ж йесін жетілдіру жолдары (стр. 8 из 9)

Мемлекеттiң экономикасын көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Іоғамның тарихында салықтық формаларымен әдiстерi мемлекеттiк сүранымды және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге үшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге ролi де өзгерiп отырады. Тауар-ақша қатынастары неғұрлым дамыған елдерде салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi. Қай мемлекетте болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады. Бұл бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк салығын акциздердiң және басқа да салықтардың мәнiн арттыру. Ұқсас жағдайларда салық салудың шамамен тең тәртiбi қолданылатын болады.

Салық салу механизiмi кез-келген экономикалық жүйенiң күрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi. Кез-келген елде, мемлекет шығындары мен салық салу мәселелерiне өте көңiл бөлiнедi. Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты рол атқарады да, экономиканы басқарудың к үштi ынталандырушы құралы болып келедi.Әсiресе, олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады. Сондықтан салықтарды төлеу- төлеушiлер үшiн онша қызық iс болып келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады.

Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие-қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп, мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.

Қазiргi кездегi жағдайларға салықтардың мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен қаматамсыз ету шекарасынан шығып отыр.Ендi, салықтар ұлттық табысты мемлекеттендiрудiң маңызды құрамы бола бастады. Олар макроэкономикалық реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi ұлттық табыстың жалпы көлемiнде салықтық төлемдердiң салыстырмасы мөлшерiнiң өсуiн қамтамасыз етiп отырады. Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерге де әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әркет ете отырып, мемлекет капиталының қорлауына асқан ықпал етедi. Сондай-ақ салықтық реттеу шаралары әртүрлi салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруна ықпалын тигiзедi(30).

Үкiметiмiздiң алдында тұрған мiндет ол тұрақты қабылданған заңдардың негiзiнде қаржы жүйесiн тез арада қалпына келтiрiп, ондағы салық арқылы түсетiн түсiмдердi реттеп, олардың дұрыс бөлiнуiн қамтамасыз ету болып табылады және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы ролiн атқаруы қажет деп тұжрымға келемiн. Олар кәсiпкерлiкке деген ынтаны тежеу механизiмi болып келемей, керiсiнше оның тиiмдi әрекет етудiң қосымша, бiрден бiр фактордың ролiн атқаруы қажет. Сондықтан бiздер салықтар жүйесiн жақсартуда әрқашан қарапайым және баянды принципiн естен шығармауымыз қажет.

Салық төлеушi және жинаушы салық төлеу процесiнде белгiлi бiр қарым-қатынасқа түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi болса, соғұрлым салықтық жиналу денгейi де жоғары болады. Салық жинауына әсер ететiн объективтi және субъективтi жағдайлар бар. Олар: өндiрiс қаржысының ұтөмендеуi, кәсiпорындар мен мекемелер арасындағы төлемақылар дағдарысы, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң төмендеуi, салық салу нормаларын бұзу, салық жүйесiндегi қызметкерлердiң жалақысының аздығы тағы басқалар.Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады. Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң өз салық кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әр-түрлi болып келедi.Экономикалық iс-шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы жүзеге асырады. Оның тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.

Кiрiс пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе бүтiн өндiрiс түрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрiнен бүтiндей босату қолданылады. lскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне жеңiлдетiлген салық жүйесiн пайдалану, экономика мемлекеттiк реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы, мерзiмдi амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мүдделiк қарым-қатынасқа өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына қатысты- салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен салық кеңiстiгiнде елеулi қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда.

Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай қамқорлық пен қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жүгендерге салық әмiрiн пәрмендi қолдануда қиыншылық тудырады. Оның үстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден б ұлтару үшiн арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция түрiнде жататын салық каникулының ұлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, түбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр.

Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн 85-90% салықтар мен салықтық емес түсiмдер құрайды. Салық салудағы күрделi жағдайларды ескере келе, салық салуды жүйелi жолға қою қалыптасқан проблемаларды шешу үшiн келесiдей шаралар ұсынылады:

- салық қызметiн қатаң бақылауға алу;

- салық қызметкерлерiнiң құрамына тиiмдi өзгерiстер жасау, яғни бiлiктi мамандарды саралап алып, олардың ешбiр алаңсыз жұмыс iстеуiне моральдiк-материалдық жағдай жасау;

- салықтық органдары салық төлеушiлерiмен интенсивтi байланыс орнату қажет, сондай—ақ салық төлеудегi ынталандыру шараларын қолданған жөн;

- ең бастысы ауылшаруашылығы өндiрiстiк-өнеркәсiп және орта, кiшi кәсiпкерлiкке барынша қолайлы жағдайлар туғызу, мәселен ауылшаруашылығын жолға қою соласындағы салық төлеушiлерге белiглi бiр салық жеңiлдiктерiн беру;

- ²Салық мәдениетiн түзелдiру қорын² жедел iске қосу керек. Ол үшiн ағартушылық, тәрбиелiк және зерттеушiлiк бағыттары жүргiзiлуi қажет. Мұнда тәрбиелеу шаралары балалар мен жас өспiрiмдер арасында жүргiзiледi. Шаралардың мiндетi- жеткiншектердiң келешекте салық төлеушi Қазақстанның азаматы ретiнде әлеуметтiк мақсатқа бағдар беру, сөйтiп оларды өркениеттi қоғамда жұмыс iстеуге даярлау. Қорды түзу мақсаты- Қазақстанға салық мәдениетiн түзiлдiру процесiн белсендi түрде ықпал ету.