Смекни!
smekni.com

диссертации (стр. 9 из 12)

Шынының ежелден бері белгілі болғанына қарамастан және адамзат қызметі салаларының барлық жағында қолданылса да шынылау үрдісін атомдық-молекулярлық деңгейде түсіну шыны тәріздес күйіндегі теория және оған аналогиялы кристаллдық күйдегі теориялардың құрылуынан алшақ болып табылады. «Шыны тәріздес күй» түсінігін анықтау бойынша қызу пікірталастар Андри де Моран, Н.Н. Качалов, А. Лукас, сынды тұлғалардың шығармашылықтарында орын алуы, бұл мәселенің шешімінің күрделіллігін айқын көрсетеді. Тарихи экскурстың көрсетуі бойынша, витраж өнерінің әрекеттегі көркем құбылыс болуы тек мәдениетке қажеттілігі жағдайында ғана жүзеге асады және өзінің кемелдену шағын тек қана мәдениетте ол туралы терең, маңызды ой айтқан кезде ғана елеулі құбылыс бола алады.

Готикада ол терең ой діни идеямен байланысты түс пен жарық, модернде ол – бекзаттық бастаумен байланысты. Әлемдік мәдениет витраж өнерінің қайталанбас төлтумаларына бай, олардың дамуы бір ғасырмен өлшенбейтіні белгілі. Әр түрлі дәуірлерде витраж өнеріне көңіл бөлу бірдей болған жоқ. Толассыз қызығушылық танытқан кезең, түгелдей ұмыт болған кезеңдермен ауысып отырды. Витраж өнеріне сұраныстың әр кезеңде әр түрлі болуы, пішінқұрылым мен көркемдік әдіс-тәсілдердегі ұстанымдық айырмашылықтар шығармашылық тәжірибесінің барлық түріне тән.

Бүгінгі күнде транспаранттық бейнелер біздің жан-жағымызды қоршауда. Қала көшелері жарықтандырылған плакаттарға толы. Заманауи бейнехабарлар жарық, түс, дыбыс тәрізді жасанды құрылған бейнешынайылық мүмкіндіктерін туғызды.

ХХ ғасыр соңы транспаранттардың жаңа формаларын дүниеге әкелді. Алайда, бүгінде қайта құрылған «классикалық» деп аталған шыны витраж техникасы да ұмытылмаған. Витраж өнері ежелден келе жатқан өнер түрі екені жайлы айтылған болатын, бірақ оның көпғасырлық тарихына қарамастан, классикалық орындалу технологиялары өзгермеген. Бірін-бірі ауыстырған дәуірлер түбегейлі ештеңе өзгерте қойған жоқ, тек қана сәндік көркемдеу ретінде болатын оның сюжетін, түсі мен түстік реңктеріне, орындау орны шешімдеріне ғана күші жүрді. Аталмыш өнердің тарихын зерттеу (сондай-ақ оның заманауи тәжірибесін) оның көркемдік құбылыс ретінде күрделі динамикаға ие болуы мен «бейнесінің» түбегейлі өзгеруі мүмкіндігін куәландырады. Сондықтан витраж өнерінің негізгі сипатын айқындап, жүйелеу, бірқатар қиындықтармен байланыстырылады, жекелеп айтқанда оның өзіндік өнер түріне жатқызылатын түсініктің өзі (басқа пластикалық өнерлермен салыстырғанда) әдеттегі нақтылықтан ада қылады.

Жүргізілген талдау жұмыстары негізінде витраж өнері біріншіден декоративтік өнердің жеке дербес түрі ретінде, екіншіден, басқа монументалды-декоративтік өнерде қолданбайтын өзіндік ерекше материал қолдануы мен жарықтандыру қызметінің қайталанбас бірегейлігін сенімді айтуға болады. Сол сияқты витраж ортадағы интерьер кеңістігінде функционалдық алуандығымен және көркемдік әдіс-тәсілді қолдануының бай мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.

Витраж өнері қазіргі күнде интерьердің авторлық концепциясын орындаумен барлық дизайнерлік бөлшектерді біріктіруші элементі және ансамбльдің бейнелік тұтастығын айқындау қызметі негізінде көркемдік шешімінің алуандығын пайымдауға болады. Осыдан барып стилизациялау әдіс-тәсілдердің сарқылмас таңдауы мен өткендегі көркемдік жетістіктерді қолдану және заманауи сонылықтың тууы заңдылық болып табылады.

ХХғ. соңы мен ХХІ ғ. басында витраж өнері алға үлкен қадам жасады. Мәдени және теологиялық жағдайдың болуы сәулет өнерінің гүлденуіне ықпал жасады. Тарихи уақыттың сұраныстарынан пайда болған көлемі жағынан бұрын-соңды болмаған қала құрылысы, халықтың әлеуметтік жағдайының өсуі, рухани сұраныстың жоғарылауы еңбекшілердің идеялық және өнегелілік тәрбиесі бойынша кешенді жұмыстардың атқарылуы республикамыздың витражды-декоративті өнерінің өсуінің қуатты қозғаушы күші болды. Қалалар келбеті мен интерьер кеңістіктерінің дәстүрлі көріністеріндегі түбегейлі өзгерістер витраждық шыны материалына көрнекті көркемдік бейнелеу құралына айналуына мүмкіндік берді.

1990-шы жылдардан бастап республикада витраж идеясы күннен күнге кеңінен жайыла бастады. Туындылардың көркем мәнерлеу құралдарын белсендендіру мәселесінің алдыңғы жоспарға шығарылуы витраж өнерінің техникаларының байытылуы, қоршаған ортадағы қайталанбас эстетикалық басты көріністердің қалыптасуымен байланысты болып келеді.

Осы уақыттан бастап көркем витраж өзінің классикалық пішініне қайта ие болды. Ол металл сымдарымен (профильді) өзара біріктірілген түрлі-түсті шынылар түрінде орындалады. Бұл өз кезегінде жіңішке қабаттық шыны дайындау тәсілінің пайда болуына және қорғасын сымды (профильді) қолдану мүмкіндіктерімен мамандардың шыны өндірушілер мен витражист-шеберлерге бөлінуіне ықпал жасады.

Заманауи өнер мен дизайнда витраждың үлкен сұранысқа ие болуы, ең алдымен оның қызметіне енетін интерьер мен экстерьер кеңістіктерін ғана емес, сонымен бірге белгілі бір қойылған мәдени мақсатқа байланысты қоршаған ортаны ерекше жарық пен түс арқылы ұйымдастыруға қатысты болды. Оның мұндай негізгі қызметі витраждың тарихи нақты «бейнесін» қалыптастыруға жетекші ықпал-әсерін тигізеді, ондағы бастапқы пішіндік ұйымдастыру бұл жерде әсемдік жайлы терең түсініктің жүзеге асырылуына бағындырылады.

Қазақстанның заманауи көркем мәдениеті витраждың эстетикалық мүмкіндіктері мен көркемдік өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Ол мысалға оның шыны бетіндегі кескіндеме мен шыны жасау өнерлерінен айырмашылығы болып саналады. Қазіргі заман жағдайында фреска мен мозаика өнерлері өздерінің өзектілігін жоғалтса, ал витраж өнері керісінше мәдениеттегі өзектілігін одан әрі жалғастырып, кеңес кезеңінің «үлкен идея» жолынан бастап, бүгінгі күндегі жеке авторлық проекттерге дейін өміршеңдігін танытты. Бүгінгі заманауи көптеген көркемдеу тәжірибесінде витраж өнері өзінің бірегейлік және жалпы маңыздылық хұқына үзіліссіз күрес жүргізуде.

Қазақстанның авторлық өнерінің көрсетілуі бүгінде көрмелік интерьер кеңістігін игерудің бастауы және бұл әрекетімен өзінің көркемдік потенциалының жаңа қырларын ашады. Біздің зерттеуіміз үшін Алматыдағы Тұңғыш Президент Қорында өткен жас суретшілердің алғаш қатысқан витраж өнерінің көрмесі маңызды оқиға болды.

Қазақстандық суретшілермен көптеген жеке кездесулер, сұхбаттасулар мен талқылаулар, олардың шеберханаларына бару және витраждың технолгиялық үрдістеріне байқау жүргізу осының бәрі өнердің ашылмаған қырларын көрсетіп, ғасыр ширегіндегі Қазақстанның көркем тәжірибелік тенденцияларының тұтас көрінісін байқатады.

Сонымен автордың тікелей көркем тәжірибесімен байланысты келтірілген дерктердің кең аясы зерттеу жұмысындағы қалыптастырылған тұжырымдар мен қорытындыларды дәлелдей алатын зерттеу негіздеріне жағдай туғызған басты себеп болды.

- Бірінші рет витраж өнері жеке дербес көркем құбылыс ретінде зерттелінеді, оның эволюциялық хронологиясы анықталды;

- Бірінші рет заманауи қазақстандық витраж өнері шеберлерінің шығармашылық тәжірибесі арнайы зерттеу пәніне айналды;

- Бірінші рет Қазақстанның витраж өнерінің тарихы бойынша зерттеліп және өңделген иллюстративтік материал ғылыми айналымға енгізілді;

«Көркем витраж және мозаика өнерлерінің заманауи тенденциялары – 2011» атты экспозициясы Т. Жүргенов атындағы өнер Академиясының ұйымдастырылуымен Тұңғыш Президент Қоры қамқорлығы аясында өтті.

Көрме ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры, Алматы әкімшілігі, Жастар саясатын дамыту қоры қолдауларымен және «Домовой», «Алкион», «Стеклянная фантазия», «Этномұра», «Art Glass» «Stounhead», «Sat Glass» және Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың қатысуымен өтті.

Көрме көптеген фирмалармен байланыс жасауға мүмкіндік туғызып және өз кезегінде әлемге Шығыс халықтарының бай мәдени мұрасын тағы да танытуға себепкер болды. Көрмеге қатысушы Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясының оқытушыларымен бірге, А. Аубакирова, М. Ким, Е. Умербаев, Н. Абдукаримов, Т. Жумагулов, Д. Бекназаров, Д. Жақанов, Е. Ибрашов сынды жас дарынды студенттердің қатысуы қуантарлық жағдай болды. Нәтижесінде ұсынылған витраж туындыларының барлығы дерлік позитивтік сипатта болды деп айта аламыз.