Смекни!
smekni.com

Коррупция 7 (стр. 8 из 18)

22. Адамның қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті.

23. Ежелгі палеолит құрал сайман неше топқа бөлінеді

24. Зинжантроптың жасы

25. Гарпундар қай мәдениеттің құралы

26. Явадағы Сола өзеніне ерте плейтоцендік шөгінділер ашылған және олар нешінші жылы тұжырымға ие болды.

27. Таулы аудандарда алғашқы тұрмыстық адамы аң аулауда қайсы жануарды аулау басым болған.

28. Палеолит,мезолит, неолит қай ғасырға жатады.

29. Ертедегі аналық рулық қауымдық шектерде иемденуші іс әрекетті неше дәйекті кезеңге бөлді.

30. Ең тамаша мадлен құралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті


“Филолгия -тарих” факультеті

“ Тарих ” кафедрасы

“Алғашқы қауымдық құрылыс” пәні бойынша

Тарих мамандықтарының студенттері үшін

Кредит: №2

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай-2005 ж

1-тақырып

Рулық құрылыстың тууы

Қарастырылатын мәселелер:

1. Алғашқы рулық қауымның пайда болуы.

2. Кейінгі палеонтроптардың түпкі қауымындағы жыныстар арасындағы қарым-қатынас.

Пайдаланатын әдебиеттер:

8. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая

9. школа 1982 г.

10. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

11. Семенов Ю.И. Как возникло человечество. М. 1966 г.

12. Алексеев В.П. От животых к человеку. М. 1969 г.

13. Алексеев В.П. В поисках предков. Антропология и история. М. 1972 г.

14. Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинение том 20

Ерте және орта плейфстоцен бойында гоминид семьялығының эволюциясы адамның осы заманғы түрінің пайда болуы үшін қолайлы алғы шарттар жасады. Шынында да Homo тегінің көне заманғы өкілі – неандертальдық адамның интенсивті еңбек үкметі үшін барлық қажетті органдарды – үлкен миы, тік жағдайда жүргендегі, орнықты жүріс-тұрысы туралы айтпағанның өзінде оңтайлы қолы болған іспетті еді. Бірақ жоғарыда аталып өткендей, оның ми құрылысы көптеген тұрпайы белгілерінің болуымен сипатталатын, ал қолының оңтайлылығы шеші болатын, бұл ойлау мен сөзді дамуы басқа неандертальдық адамның формологиялық ерекшеліктері, атап айтқанда оның құрылысы, өзінің агресивтігімен тежеулі басқаратын миы орталықтарының шамалы дамуы арқасында коллективтін қоғамдық тіршілігі жағдайларына, оның жеткілікті бейімделген тіршілік иесі екендігін делелдейді. Неандертальдын бас миы қабығы қызметіндегі қозу тежеуден айтарлықтай басым болатын, бұл неандертальдық табында ашыңған қатты ашу тудырып ауыр, кейде мүмкін өлім-жітіммен тынатын соқтығысуларға жиі әкеп соғатын.

Адамның осы заманғы түрлерінің пай-да болуы ерте палеолиттен кейінгі палеолитке көшу кезіндегі өндірігіш күштердің дамуындағы қуатты секіріспен тығыз байланысты. Бұл секіріс сонымен бір мезетте биологиялық эволюцияның аяқталу процесінің салдары да, сондай-ақ оның аса маңызды шарты, оның өзінше бір кажетті қоректік ортасы да болып табылды.

2 - тақырып

Расогенез.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Нәсiлдердiң пайда болуы.

2. Негроид.

3. Европоид.

4. Монголоид.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая

школа 1982 г.

2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

3. История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М. 1985 г.

4. История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский

5. Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.

6. Маркарян Э.С. О генезисе человеческой деятельности и культуры. Ереван.,1973

7. Рагинский Я.Я.Проблемы антропогенеза.М.,1969

Әуел бастапқы эйкумендердің кеңінен тарауы адамзаттың нәсілдік жіктелуіне мүмкіндік берді. Кейінгі палеолит дәуірі адамдарының бас сүйектерінін табылуы, осы кездегі адамзаттың нәсілге бөлінуінің негізгі ерекшеліктері, сол кейінгі палеолит дәуірінін, өзінде-ақ жеткілікті айқын білінгенін, дегенмен де қазіргі кездегіден оның аз болғаның көрсетіп берді. Нәсілге бөлінушілік материктер шекараларымен біршама дәл келіп отырды.

Европеодтік нәсіл көбіне - Европада, монголоидтық - Азияда қалыптасты, негроидтық нәсілдердің өкілдері Африка мен Авсралияны мекендеді. Бұдан өзгеше шекаралық аймақтарда — Жер орта теңізінде оның, Европалық жағалауында негроидтық нәсіл өкілдері кездеседі, ал Африкалық жағалауында европоидтік топтар, Кавказ, Орта Азияны негізінен европеоидтік нәсілдір өкілдері мекендеді. Оңтүстік және Онтүстік Шығыс Азияда негроидтар монголоидтармен және европеоидтермен араласып кетті. Сонымен, адамзаттың ең үлкен үш нәсілерінің, арасында морфологиялык айырмашылықтын пайда болуында немесе антропология деп аталып жүрген бірінші қатартағы нәсілдік айырмашылықта негізгі рольді екі фактор атқаруы ықтимал, сөзсіз әр материкте әр тұрлі болып келетін ортаға бейімделушілік жане материктер арасындағы өте айқын көрінетін табиғи шектердің, болуынан пайда болған тұтас материктердің кең байтақ даласындағы оқшауланушылық болды. Бейімдеушілік мәні бар нәсілдік белгілерге мысал келтірейік.

Негроидтік нәсілдердің классикалың өкілдерінің терілері өте қара, шаштары бұйра, мұрындары өте жалпақ, еріндері қалық, дүрдиген болады. Белгілердің бұл комплексі негроидтардың өмір сүрген орта жағдайларына физиологиялың бейімделуінің сәтті үлгісі болып табылады, ол бұл орта, ең алдымен, өте жоғары температурамен және аса ылғалдылығымен сипатталады. Европалықтар тропикалық климат жағдайларына төзе алмайды, күннің ыстықтығынан және ауаның ылғалдығынан жиі ауырып қалады. Ал Африканың байырғы турғындарын алатын болсаң, бұндай климатта олар тамаша сезінеді. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады: африкандықтардың сол сияқты австралиялыктардың да жақсы көңіл күйін сақтауына, олардың жоғарыда аталған морфологиялық ерекшеліктері кемектеседі. Негроидтардың терісінің қара түсі терінің бүркеніш қабаттарында теріні күйіп кетуден сақтайтын меланиннің — ерекше пигменттің болуы арқасында түзіледі.

3 - тақырып

Аңшылар мен балық аулаушылардың ертедегі рулық қауымы.

Қарастырылатын мәселелер:

1. Ерте рулық қауымдағы адамдардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті.

2. Әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастары

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.

2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

3. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л. 1974 г.

4. Алексеев В.П. От животых к человеку. М. 1969 г.

5. Охотники,собиратели,рыболовы.Л.,1972

6. Ранние земледельцы.Этнографический очерк.Л.,1980

Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың дамуында тұтас дәуір бола отырып, аналық рулық қауым тарихи дамудың ұзақ жолынан өтті. Осы дәуірде алғышқы тұрмыстық адамзат жеңіп шыққан ең маңызды меже табиғаттын дайын өнімдерін иемденуден, оларды өндіруге, яғни иемдениетің шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу болды. Бұл аңшылар мен балық аулаушылардың ер тедегі аналық-рулық қауымы ажыратуға негіз береді.

Ертедегі аналық-рулық қауымдық шектерде иемденуші іс-әрекеттің екі дәйекті кезеңте: археологиалық кезеңге және бірқатар аудандарда балық шаруашылығы ен де ұштасып келетін неғұрлым дамыған аңшылық шаруашылық кезеңге бөлінеді. Әдетте, аңшылықтың жаңа, өте тиімді қаруы-жебелер мен садақты қолдану бұлардың арасындағы шек деп санайды. Бұл ескерте кетуді керек етеді. Этнография садақты пайдаланбаған, бірақ аулаудың басқа, пәрменділігі азырақ қаруларын, мәселен духовой, жебе лақтыратын түтікті пайдаланған аңшылар тайпасын, атап айтқанда, Амазонка бассейнінің көптеген тайпаларын біледі. Дегенмен, археологиялық және этнографиялық материалдарға қарап пайымдағанымызда, жетілдірілген аңшылық қаруы ретінде нақ садақ неғұрлым кеңірек тарағандығы хақ өйткені, бұдан ертедегіден неғұрлым кейінгідегі аңшылық шаруашылығына көшудің белгілі бір дәрежеде шартты болса да, өзіне тән белгісін көруге болады.

4-5 – тақырып

Қоғамдық қатынастар.

Қарастырылатын мәселелер: