Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 16 из 19)

Бар тірлік тұрады бұл жерден жалын ап.

Дүниеге жер – қара шаңырақ. (Ә.Нілібаев)

4-оқушы. Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн,

Анам сенсің жолдан тайсам ұрсатын.

Саған қарай ұшып келем, туған жер,

Көктем шықса құстар солай ұшатын

Сенде көктем, сенде алма ағаш гүлі бар.

Аспаныңда аяулы елдің жыры бар,

Ақ сұңқарың қанша биіік ұшса да,

Саған келер, саған келіп жығылар. (Т.Молдағалиев)

5-оқушы. Армысың, ардақ- мекен, асыл-мекен!

Айрықша топырағың, тасың бөтен,

Бабалар бақыт іздеп кезуші еді.

Білмепті бақыттары қасында екен.

Ғасырлар сілемімен басулы екен. (М.Мақатаев)

«Атамекен» әні (Әні Е.Хасанғалиевтікі, сөзі Қ.Мырзалиевтікі)

1-Бастаушы:

- Табиғат – адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.

6-оқушы. Табиғат әсемдік төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын. (Ж.Жабаев)

7-оқушы. О, туған жер, қадіріңді кім білген,

Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген

Сенде өткізген артық екен бір күнім,

Басқа жерде той тойлаған мың күннен.

Қайда жүрсем ойлап сені жүремін

Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім

Саған ғана арқамды мен сүйедім

Саған ғана аяғымды тіредім. (Т.Молдағалиев)

Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі орындалады.

2-Бастаушы.

- Табиғаттың басты байлығы – жер. Адамдар, жануарлар мен өсімдіктер өз қорегін осы қара жерден алады. «Жер байдың – елі бай», «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың түсінігінде жер, топырақ деген ұғымдар бір мағынада айтылады.

8-оқушы Қол артқанда ғылым, білім, ойлауға,

Қолданайық жақсылыққа, жоймауға.

Жердің халі бала ойнаған шармен тең,

Жер шарымен хақымыз жоқ ойнауға?

Жетістіктің жетер жері – нендей сын?

Көр қазасың, өзіңе-өзің көрмейсің.

Сен құласаң, жерге барып бөлендің,

Жер құласа жерді қайда жерлейсің?! (Қ. Исаұлы)

9-оқушы Бұл қара жер болған бізге кең мекен,

Кең мекенге қауіп төнді!

Білсең, оны,

Төбе шашың тік тұрар,

Бейшараның көрмегені кемде-кең.

10-оқушы Сөне жаздап, сөне жаздап шамшырақ,

Талай рет жатыпты-ау қансырап.

Сондай кезде,

Сондай кезде қол созып

Қай құдірет келіпті одан хал сұрапі

11-оқушы Жердің көрген қорлығы көп,

Жетеді.

Ол жыласа,

Жасқа толар етегі

Аяғаннан,

Алдыма алып сәбидей,

Айдарынан сипағым кеп кетеді! (Қ.Мырзалиев)

1-Бастаушы:

- Адам өмір сүру үшін табиғат байлықтары керек. Қазақстанда түрлі кен байлықтардың қоры өте мол. Олар өнеркәсіптің өркендеуіне қажетті шикізат қорлары болып табылады.

12-оқушы Кен айтады ел мен жұрттың өлшемін,

Кенде жатыр күш-қуат пен мол сенім.

Кенің бар ма? Жоқ болса , егер жарлысың

Кенің болса келешегің зор сенің. (Т.Есімжанов)

2-Бастаушы:

- Табиғат байлығының бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы зор. Ол әр түрлі тамақтық өнімдердің, техникалық және дәрілік шикізаттың, құрылыс материалдарын өндірудің негізгі көзі. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» дегн өрнекті сөз соның айғағы.

13-оқушы Ну орман жасыл орман, мынау орман,

Далаға қорған болып тұра қалған

Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,

Барлығы жаралғандай бір адамнан. (Т.Молдағалиев)

14-оқушы Хош иіс гүлдер орап атырабымды,

Жайыпсың жапан түзге жапырағыңды.

О,сұлу, шын дос емен, сырлас емен,

Нәр алған сүйейін бе топырағыңды. (Т.Молдағалиев)

1-Бастаушы:

- Біздің еліміізде табиғат байлықтарының бірі – жануарлар дүниесі. Жалпы көлемі 2754мың шаршы километр жерді алап жатқан Қазақстан аймағының орманы мен кең байтақ жазық даласында, өзен-көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған. Оларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, достықтың үлгісі деп дәріптеген.

«Жез киік» әні (сөзі: Қ.Салықовтікі, әні: Ж.Сейіловтікі) орындалады.

16-оқушы. Тағдыры қимағанмен артық пішін,

Тағдыры бермегенмен артық күшін

Ынтымақты-ау, тырналар, ынтымақты-ау,

Қарашы шіркіндердің тәртіптісін. (М.Мақатаев)

17-оқушы. Аттанып бара жатыр аққу-қаздар,

Қош енді, қош болыңдар, гәкку-наздар!

Кеудемде күңіренген дастан қалды,

Киелі қанатымен аққу жазған.

Аққулар, алданыш па ең, арман ба едің?

Қош енді, қанатым жоқ самғар менің!

Нуларым сыңси жылап қалды-ау менің,

Суларым жетімсіреп қалды-ау менің! (М. Мақатаев)

«Аққуым менің» әні (сөзі: С.Жиенбаевтікі, әні: Л.Хамидидікі), содан кейіін «Ару аққулар» биі орындалады.

2-Бастаушы:

- Табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану, қорғау және көркейту жұмыстарын жүргізу кезінде іс-әрекеттерімізді табиғат заңдарымен үйлесімді жүргізе білуіміз қажет.

18-оқушы. Табиғат пен тазалық бар айтарым,

Жаным аңсап сезінді талай тәнім

Адамдарға ақыл бер заңғар аспан,

Жер бетіне шапақ төк, арай таңым.

Жаратылыс деген ең ізгі анадан

Туғаннан соң нәр алып түз даладан

Жалбарына бастады табиғатқа

Табиғаттың заңдарын бұзған адам. (Қ.Ахметова)

19-оқушы. Айдын көл кемеріне соғатындай,

Аққу, қаз қаңқылдасып, жаға тынбай,

Дүние бастапқыдай дәрен кешіп,

Еш жерде бомба түсіп, оқ атылмай,

Жарқырап сонда заңғар мөлдіресе

Майда жел ептеп қана гүлді үрлесе,

Бұлбұлдар тәтті әуезін төгер…

Бірақ,

Адамдар бәрін қайта бүлдірмесе! (Қ. Ахметова)

«Туған жер туралы толғау» әні (сөзі: Қ.Мырзалиевтікі, әні: С. Лұқпановтікі), Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі орындалады.

Кеш бастаушының оқыған өлеңімен аяқталады.

Ертеңге жетпей көзміз,

Ертегі қуған кезіміз,

Елемей келдік сені біз,

Жер – Ана!

Толқымақ қайта көгіміз,

Сеніңіз бізге сеніңіз,

Жер – Ана!

Бұл әдеби-музыкалық кештің тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор. Оқушылар Отанын, туған жерін, табиғатын сүюге үйренеді.

Ойын-сабағы.(Табиғатты қорғау)

Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі емес түрде оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Мұндай сабақ оқушыларға қоршаған ортаның қайшылықтарын көруге мүмкіндік береді. Ойынға дайындалар кезде оқушылар қосымша көп әдебиеттерін қарастырады, бұл олардың шығармашылық қасиеттерін арттырады.

Құралдар: Табиғатты қорғау туралы нақыл сөздер, суреттер.

Ойынға қатысушылар: бас сот, хатшы, айыптаушылар, адвокаттар, қайғырулы.

Ойын барысы: Тұрыңдар! Сот келеді!- Хатшы.

Бас сот: Ашық сотта қоғамның экологиялық проблемалары және қоршаған ортаны ластануы туралы іс тыңдалады. Кінә, екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде-табиғат қоғам мен адамды кінәлайды. Екіншіде-жабайы өліп бара жатқан табиғатты гүлдендіріп тірілтетін күш ретінде қоғам қарастырылады.

Сот ескереді:- Сіз тек шындықтан басқа екі нәрсе айтуыңыз керек. Өтірік айтқаны үшін куәгерлер жауапқа тартылады.

Хатшы:- Табиғат шақырылады.

Табиғат:- Жерде адамның пайда болғанына 1миллион жылдан асты. Ғылыми техниканың дамуына байланысты өзін менің патшам ретінде сезінді.

Хатшы:- Қоғам шақырылады.

Қоғам:- Өмірден жоғарғы ұйым – қоғам. Ерте дәуірде адам аңшылықпен айналысқан кезде қоршаған табиғатқа тұтастай тәуелді болды. Техниканың дамуына байланысты адамдар күшейіп алды. Табиғатты өздеріне лайықты өзгертті.

Сот:- Енді куәгерлер мен қайғырушыларды тыңдайық.

Қайғырушы:- Жерді шақырамын.

Жер:- Табиғаттану, киіну үшін адам жер, су ресурстарын қолданады. Топырақты бұзды, бұл эррозия дамуына, сумен ауаның ластануына әкелді.

Куәгерлер:- Жыл сайын адам жер қыртысынан 100млн тоннадан артық кендер, жағар және құрылыс материалдарын алады.Қазба байлықтарының өндірісі жердің релфінің өзгеруіне, котловандар түзілуіне, жердің жоғарғы қабатында шұңқырлардың түзілуіне әкеледі.

Сот:- Адам денсаулығына тыңайтқыштардың кері әсер етуінің фактілері бар ма?

Табиғат:- астық өнімдерінде нитраттармен нитрит мөлшерінің артуы адамның көптеген ауруларға шалдығуына әкеледі.