Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 7 из 19)

Тұрмыстық-мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаны, білім, тәжірибе, дағды, өнеге ауызша сөз бен нақты іс-әрекет арқылы берілген тарихи кезеңдердің ерекшеліктері педагогикалық білімдердің ішінен нәтижеге жеткен сұрыпталған ойлардың қолданысқа түсуін қамтамасыз еткен. Сондықтан да педагогикалық мәні жағынан фольклор жанрларының ішінде әсіресе мақал-мәтелдер мен ырым, тыйымдар аса қызғылықты зерттеу объектісі ретінде ерекше көзге түседі.

Халық педагогикасының проблемаларымен айналысушы ғалым А. Э. Измаилов «Халық педагогикасы ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматтарының, дағдыларының жиынтығы. Халық педагогикасының ескерткіштері халық-ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салттары, дәстүрлері арқылы өзің көрінісін беріп отырады» - деп орынды атап көрсеткен.

Ұлттық тәлім-тәрбиелік білімдерінің мазмұнын тәжірибе арқылы сан рет тексерілген қағидалар, көзқарастар, идеялар және түсініктер жиынтығы құрайды. Ұлы ғалым, лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог Ахмет Байтұрсынов «ертегілер көбінесе ішкері мағынасымен өнегелі келеді, жақсылық, жамандық, достық, қастық, арамдық, адалдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық, аңқаулық, тағысын тағы сондай жақтан өнеге беру, тәлім-тәрбие беру мақстаымен шығарған әңгімелер екендігі сезіледі» - деп өте орынды түйін жасайды. Бұл түйіннің халық ауыз әдебиеті творчествосының өзге жанрларында да қатысы бар. Мәселен, Ә. Қоңыратбаевтың пікірінше «Термеде адам мінезі қандай болу керек дейтін этикалық-сатиралық элемент бар. Терме сазындағы айтушылар жастарда ұлттық мінезге тәрбиелегісі келеді». Бұл ойларды фольклор материалдарының тәрбиелік функциясын ашып көрсетуге бағытталған арнайы зерттеулер нәтижелері қуаттай түседі.

Халықтың тәрбие дәстүрлері ғылыми аргументтері мен дәлелдеулері емес, іс-әрекеттерінің қисынымен, тәрбиеленушінің жан дүниесіне ықпалының нәтижелігімен құнды. Балалар мен жасөспірімдердің әке-шеше, ру, тайпа, халық, ұлт қалаған қасиеттерді саналылықпен бойына сіңіру, ата-аналар мен үлкендердің /ауыл-аймақ, ел-жұрт/ тәрбиеленушіде кемшіліктер болдырмауға бағытталған іс-әрекеттерінің олардың тарапынан әрдайым қолдау табуы тәрбиенің жемісі. Бұл халық көзқарасында адамның қоғамдағы орны мен оның қалай тәрбиеленгендігімен өлшенетіндігінің белгісі.[10]

Қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың ілгерленуі педагогикалық ойлардың дамып жетілуіне ықпал етіп тәрбиенің жан-жақтылығын, жоғары шеберлікпен берілуін талап етті. Нәтижесінде тәрбиенің өзіндік бітімі мен болмысы, дербестігі айқындала түсті, ол халықтың қоғамдық қызметінің басты салаларының біріне айналды, қоғамдық сананың маңызды белгісі ретінде көрініс берді.

2.2 Экологиялық тәрбие берудегі ырым –тыйымдардың тәрбиелік

мәні

Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухына сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрлерді аялай,ардақтай білуге тәрбиелеу –басты міндеттердің бірі.

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқынын тиымдары мен ырымдары, наным-сенімдерінің алатын орыны ерекше. Өйткені оларда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Алайда халқымыздың осы асылмұрасын тәрбие көзөі ретінде пайдалану талапқа сай емес. Ізгі тәрбие- тағылым құралы болыптабылатын тиымдар мен ырымдар жіктеліп, бір жүйеге түсірілмеген.

Табиғатты аялай білуге, қызығушылық пен қабылдауға үйрету материалдың қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға, жалпыдан жекеге қарай болуын ескерту, эстетикалық талғамын жетілдіру және т.б.), бастауыш сыныпта оқытудың дидактикалық принциптері негізіне алынды.Кіші жас балаларына өзінің туған жері мен оның табиғатына деген көзқарастары туралы терең мазмұнды түсінік беріп, қоршаған ортаға деген аялы көзқарасын қалыптастыру мақсатында біз экологиялық тәрбие беру жұмыстарының мазмұнына қазақ фольклоры жанрларын енгіздік.Өйткені өз тағдырын табиғатпен тамырластыра білген халық қана табиғатқа және оның жекелеген байлықтарына үнемі мейірімділікпен,жанашырлықпен қарауға ұмтылады. Қазақ халқының ұлан байтақ кең далада көшіп-қонып, әрбір аймақтың табиғат жағдайларына қарай бейімделіп, шаруашылық салаларын жүргізе білуінің өзі байсалды байқампаздықты, терең біліктілікті аңғартады, әрі табиғатқа деген аялы алақан, жүрек жылылығын арнап, аса зор қамқорлық көрсете білгендігін байқаймыз. Халқымыздың мағыналы да мазмұнды ұғымдары ерте кезден-ақ табиғатқа қамқорлықпен қарап, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалануға бағытталған.

Күнделікті отбасында қолданылатын «сүтті жерге төкпе», «тұзды, нанды аяққа баспа», «бұтақты сындырма», «гүлді үзбе» және т.б. тыйым сөздер жаман әдет, жағымсыз іс-әрекеттен бойды аулақ ұстауға тәрбиелесе, суға байланысты айтылатын «ағын суды тоқтатпа», «құдыққа қоқыс тастама», «су ішкен құдығыңа түкірме» т.б. тыйым сөздер судың тазалығын сақтаудың адам өмірі үшін қаншалықты қажет екендігін аңғартады. «Өрмекшіні өлтірме», «аққуды атпа», «балалы үйрекке оқ атпа» және т.б. жануарлар дүниесін қорғауға, олардың адам баласы үшін ерекше маңыздылығын білдіріп,баланы адамгершілікке, сұлулықты сақтай білуге, мейірімділікке үйретеді.

Қоршаған ортаға қатысты тыйымдар.[11]

Егінді, шалғынды бейсауат баспайды. Обал болады.

Көкті жұлса, «Көктей соласың»деп жамандыққа жориды.

Суға дәрет сындыруға болмайды. «Ағын судың арамы жоқ» деген сөз бар.Бұл суды басқалар пайдаланады.

Суға түкірмейді, өйткені бұл суды қайта ішуге тура келеді.

Ағын суды бұруға болмайды. «Судың да сұрауы бар», «Аққан су арнасымен ақсын», «Бидің жолы ақ, судың жолы сара» деген сөздер бар.

Құстардың ұясын бұзуға болмайды. Қарғаса, үй ішіне кесепаты тиеді.

Торғайдың жұмыртқасын шақсаң, бетіңе шұбар түсуі мүмкін.

Аққу киелі құс деп саналатындықтан, оны атуға, құс салуға болмайды.

Қыран құстарды атса киесі тиеді.

Кигіз үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпейді. Қарлығаш адамға дос, сондықтан ұясын бұзбайды.

Байғыз киелі құс болғандықтан, оны ұстап алуға болмайды.

Үкіні ұстап алуға болмайды. Ұстаған күнде үкісін жүндеп алған соң, бір тойдырып, босатып жіберу керек.

Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды, қарғысы қатты болады.

Құмырсқаның илеуін бұзсанң, үй ішіне кесепаты тиеді.

Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.

Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.

Жолбарыс, аюды көп ауламайды, оларды «аң иесі» деп санайды.

Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды.

От жағуға қураған ағашты, малдың тезегі мен қиын пайдаланады.

Жабайы аңды үнемсіз аулауға болмайды. Қажетіне қарай аулап, қалғандарының өсіп- өнуіне жағдай жасап отырады.

Қара суды сапырмайды.

Құстарға байланысты нанымдар мен сенімдер.

Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады. Ал жазда жамандық белгісін білдіреді.

Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа- райы өзгеріп жаңбыр жауады, жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.

Көкектің дауысы оң жағынан естілсе, бай боласың, сол жағынан естілсе сәтсіздікке ұшырайсың. алдыңнан естілсе көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.