Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 1 из 19)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

Чалгабаева Б.

Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі ырым –тыйымдардың тәрбиелік мәні

Диплом жұмысы

Мамандық 050102 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі» (ОАБ)

Семей 2010

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

«Қорғауға жіберілді»

«___»___________2010

Кафедра меңгерушісі

___________________

п.ғ.к.Ф.Д.Избасарова

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі ырым –тыйымдардың тәрбиелік мәні

Мамандық 050102 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі» (ОАБ)

Орындаған: Б. Чалгабаева

Ғылыми жетекші: Г.Т.Дакина, аға оқытушы

Семей 2010

Мазмұны

Кіріспе

І- бөлім. Экологиялық тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негіздері.

1.1 Экологиялық тәрбиенің зерттелу мәселелері

1.2 Экологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың қазіргі бағыттары

1.3. Экологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық

шарттары

ІІ бөлім. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі

ырым – тыйымдардың тәрбиелік мәні.

2.1 Экологиялық тәрбиенің ұлттық тәрбиемен сабақтастығы

2.2 Экологиялық тәрбие берудегі ырым –тыйымдардың тәрбиелік мәні

2.3 Пән мұғалімдерінің экологиялық жұмыстарды ұйымдастыруы

2.4 Қазақтың ырым –тыйымдарын пайдалану арқылы экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру формалары мен әдістері

III. Эксперименттік тәжірибелік зерттеу жұмыстары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымшалар

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуы стратегиясында көрсетілгендей, жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруді жетілдіру педагогика ғылымында негізгі міндеттердің бірінен саналады. Ендеше, экологиялық тәрбие жұмысын мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жүргізу – бүгінгі күннің өмірлік талабынан, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуде мынандай екі ұстанымды басшылыққа алу ұсынылады:

1. Балаларға табиғат туралы қарапайым мағлұмат беріп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту;

2. Балалардың табиғат туралы білімдерін тереңдетіп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту;

Бұдан балалардың ізгілікті – адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда экологиялық тәрбие берудің құқықтық үлгісіне сәйкес, экологиялық тәрбие жұмысын адамгершілік, эстетикалық және халақтық педагогиканың тағылымы мол мұраларын пайдалану арқылы жүргізу қажеттілігі байқалады.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің көрегендік сөзі егемен қазақ елі үшін де тәрбие саласындағы бағдарламаларды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз сүзіп қараудың қажеттігін алға тартып отыр.[1]

Адамның тура және жанама іс-әрекеттерінің қатысында еліміздің экологиялық жағдайының асқындап, оның дүниежүзілік қауіпті жағдайға айналып отырғандығы бәрімізге мәлім. Сондықтан да қоғамның қазіргі талабы - әрбір адамның экологиялық сауатты, мәдениетті болуы. Осы тұста білім саласының барлық буынына экологиялық мазмұнның берілу қажеттігі туындайды. Қажеттілік экологиялық білім беру мәселесін шешуді төменнен жоғары қарай жүргізілуін, оны жеке пәндермен ғылыми негізде ұштастыра және тәжірибе жүзіне дамыта оқыту барысында, барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланумен байланыстырады. Сонда бесіктен бастап, ата-анаға дейін экологиялық тәрбие, мәдениет дағдысын қалыптасу қажеттігі туындайды.

Зерттеу пәні: Экологиялық тәрбие берудегі ырым –тыйымдар.

Зерттеудің объектісі:

Бастауыш мектептерде экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беруде ырым –тыйымдарды пайдалануды зерттеу.

Зерттеудің болжамы:

Егер, жеке тұлғалық бағдар негізінде ырымдармен тыйымдарды қолдануда бастауыш мектепте оқушыларға экологиялық жұмыстардың мазмұндық, ұйымдастырушылық және әдістемелік шарттарын жасаса, бұл олардың елге, жерге, табиғатқа деген көзқарасын арттырады, өйткені ол білім беру жүйесіне қойылып отырған қазіргі заман талаптарынан шығады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Зерттеудің теориялық негізі ретінде бастауыш мектепте экологиялық жұмыстардың даму бағыттарын ашып көрсету.

2. Бастауыш мектепте сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың мәні мен ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беру.

3. Бастауыш мектепте ырымдармен тыйымдардың экологиялық тәрбие беруде тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау.

4. Бастауыш мектепте сыныптан тыс экологиялық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды негіздеу.

Зерттеудің әдістері:

Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, әңгіме, әңгімелесу, сауалнама, құжаттарды талдау.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

1. Зерттеу барысында бастауыш мектепте экологиялық жұмыстардың диагностикалық деңгейі жасалынды.

2. Зерттеу мақсатына байланысты әдістермен әдістемелерді практикалық іске асыру жолдары жүйеге енгізілді.

Зерттеуде қолданылатын әдістермен әдістемелер: Зерттелетін мәселе бойынша философиялық, психологиялық - педагогикалық тәжірибені зерттеу; констатациялық эксперимент: қалыптастырушы және тексеру кезеңдері; Бақылау, әңгімелесу, сауалнама.

Зерттеудің кезеңдері: Бірінші кезеңде – зерттеудің ғылыми аппараты айқындалып, тақырыптың теориялық мәселелері тұжырымдалды.

Екінші кезеңде – эксперименттік зерттеулердің мазмұны анықталып, қалыптастырушы эксперимент жүргізілді.

Үшінші кезең – зерттеу нәтижелері жүйеге келтірілді, талдау жасалды. Зерттеудің қорытындысы жасалды.

Зерттеу базасы: Бастауыш сынып оқушыларымен ата аналары

Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттермен деректер тізімінен тұрады.

І- бөлім. Экологиялық тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негіздері.

1.1 Экологиялық тәрбиенің зерттелу мәселелері

Экология – жоғарыда аталған қарым-қатынастарын реттеп тұратын принциптерді анықтауды, қарастыруды мақсат ететін ғылым деген америка ғалымы Э.Макфедьен. Қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылуы адамзат пен табиғаттың, қоғамның экономикалық құлдырауына, қоғамның бірті-бірте күйреуіне әкеліп тірейді.

Бұл ғылымғы алғаш қызыға қараған Аристотель болса, оның оқушысы «Ботаниканың әкесі» атанған Теофраст өз еңбектерінде өсімдіктерге де топографиялық, географиялық жағдайлардың ықпал ететінін, климат пен ауа райының, өсімдіктердің өсуіне, жемісінің түсуіне, гүлінің исіне де әсер ететінін атап көрсеткен. Екі мың жыл бойы өсімдіктер мен жан-жануарлардың қоршаған ортамен байланысы зерттеліп келген. Табиғатты үнемдеу туралы пікірді айтқан Карл Линней болғанымен, экология сөзін алғаш австрияның ғалымы – Э.Геккель болды (ботаник, зоолог, морфолог, биолог, эколог) Ол «Экология – табиғатты үнемдеу туралы ғылым» деп анықтаған және экология - организм мен қоршаған ортаның бір - біріне қарым – қатынасы туралы жалпы ғылым деп түсіндірген.

Экология (грек оікоs – үй, мекен, және … логия) – тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биология ғылымына «Экология» терминін 1866 жылы биолог Э.Геккль ұсынған. Экологияның негізі организм мен ортаның бірлестігі және организмдердіңэволюциялық процесінде өзгеруі деген ұғымнан туындаған. Қазіргі экология ортаның жеке әсерлерінің және олардың жиынтығының өсімдік пен жануарлар организміне тигізетін әсерін популяция санын сақтау жолын, оның құрылымын, биогеоценоз және экосистема әрекеттері заңдылықтарын т.б. зерттейді.[2] Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша жыл сайын маусым айының бесінші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп аталып өтілуде. Қазіргі кезде барлық елдерде бүкіл адамзат қауымына, оның ішінде жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінуде.