Смекни!
smekni.com

диссертации на соискание академической степени магистра живописи (стр. 4 из 7)

Зерттеудің нысаны. Тәуелсiздiк алғаннан кейінгі және ХХІ ғасырдың бiрiншi он жылдығындағы Қазақстан кескiндемесi.

Зерттеудің пәні. ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан кескіндемешілерiнiң шығармаларындағы қола дәуiрi, ерте темiр және түрiк кезеңіндегі петроглифтердің көркем бейнелерiн ашып көрсету.

Зерттеудің мақсаты. Қазіргі кездегі суретшілердің шығармашылығындағы жартас өрнектерінің көркем бейнелерін ашып көрсету бағыттарын және әдістерін зерттеу.

Зерттеудің міндеті:

- Қола дәуірі, ерте темiр және түрiк кезеңіндегі жартас өнерінің стилистикалық ерекшелiктерiн және көркем дәстүрлерін айқындау;

- Жартас көркем бейнелерін қолданған қазiргi Қазақстан кескіндемешілерінің шығармашылығына талдау жасау.

Зерттеудің дәрежесі. Әдебиет көлемі түрлі ғылыми білім саласына жататын диссертациялық жұмыстың тақырыбын анықтайды. Зерттеу көздерін шартты түрде негiзгi үш топта бөлуге болады: жартас бейнелеу өнерінің ескерткіштері қаралатын археологтар мен тарихшылардың жұмысы;

қазақстандық станокты кескiндеменің дамуы және қалыптасуын қарастыратын зерттеу; мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жаңа көркем тілдің қалыптасу мәселесіне арналған зерттеу.

1. Қазақстан аумағындағы қола дәуiрi, ерте темiр және түрiк кезеңіндегі жартас өрнектерiн қарастыруға арналған археологиялық зерттеулер.

Диссертация жазу барысында Қазақстан территориясындағы жартас өнері ескерткіштерін жүйелендірген және сипаттап жазған отандық және шетелдік археологтар: А. Максимова, А. Медоев, М. Қадырбаев, А. Ермолаева, А. Марьяшев, А. Рогожинский, К. Байпаков, 3. Самашев, Я. Шер, В. Железняков, В. Новоженов еңбектерінің маңызы зор болды. Ежелгi ырымдар және наным-сенімге қатысты үлкен көлемді археологиялық материал Э-О. Джеймстiң жұмысында айтылған. Қазақстан территориясындағы андроновтар үндiевропа тайпаларының мемлекеттік және қалыптасу тарихы Е. Е. Кузьмина, С. Кляшторный және Т. Сұлтановтың еңбектерінде берілген.

2. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдегі қазақ станоктық кескіндемесінің дамуы және қалыптасуына арналған зерттеулер. Қазақ станоктық кескiндемесi соғысқа дейiнгi кезеңнен бастап тұңғыш рет Б. Веймарн, А. Канапин және Л. Варшавский, О. Джусупова, И. Рыбакова, М. Ғабитова, Г. Сарықұлова, Е. Микульская еңбектерінде жүйелендірілген және жан-жақты қаралған. Олардың еңбектері кескіндеме құралдарының мәселесін қарастырады және көптеген Қазақстанның көрнекті суретшілерінің шығармашылықтарына сипаттама береді.

3. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ кескіндемесіндегі көрем тілдің қалыптасу мәселесіне арналған жұмыстар.

1990 жылдардың басында Республиканың тәуелсiздiк жариялауымен жеке шығармашылықта ерекшелік байқалады және түрлі стиль мен үлгілер қалыптасып, жаңа көркем құралдың айтылуы пайда болды. Ұлттық өзін тану идеясы басымдылық танытқан суретшiлердiң шығармашылығы бірқатар авторлар Р. Ерғалиева, А. Юсупова, Б. Барманқұлова, Р. Көпбосынова, X. Труспекова, К. Ли, А. Джадайбаев, В. Ыбыраева, 3. Сыдыханова, Ж.Таниевалардың қызығушылығын тудырды.

Сонымен бiрге тақырыпқа Г. Шалабаеваның: «Қазақстан: ежелгi өркениеттен қазiргi заманға дейін» [2], «Мәдениет: бос кеңістік пен тәртіп арасында» философиялық зерттеуі өзіндік үлес қосты.

Н. Ахмедованың «Орталық Азияның өнері және әлемдік мәдени кеңістік» (кейбір геосаяси және дүниетану аспектілері) [1] еңбегі ерекше назар аударатын мақала.

Р. Көпбосынованың «1980 жылдардағы Қазақстан көркем өнері» мақаласы зерттеуге тікелей қатысы бар [3].

А. Генистің [4] және М. Германның [5] мақалаларында ТМД аумағындағы постмодернизмнiң дамуының кейбiр мәселелері қаралады.

А. Наурызбаеваның «Архетиптердi немесе сананың демифологизациясын іздестіру» [6] мақаласында дәстүрлілік мәдениеттiң кiрмелiгiнiң мәселесі қарастырылады.

Зерттеудiң әдiстемелiк негізі Ю. Лотман [7], А. Банфи [8] және А. Лосевтің [9] өнертану саласындағы бірқатар жалпы теориялық еңбектерiне сүйенеді.

Қаралатын мәселенiң философиялық және психологиялық аспектілері К. Г. Юнг [10] және 3. Фрейд еңбектерінде белгіленген.

Диссертациялық зерттеу кешендi тәсілдерді қолдану арқылы келесi әдiстер шеңберiнде жүргізілді:

- кескiндеменің негiзгi даму кезеңдерiн айқындауға мүмкiндiк беретiн мәдени-тарихи әдiс;

- өнертануда талдау жасауға мүмкiндiк туғызатын салыстырмалылық әдiс;

- қазіргі Қазақстан кескіндеме шығармаларындағы рөлі мен орны анықталған және петроглифтердiң архаикалық стилистикалық ерекшелiктерi көмегімен айқындалған тарихи-типологиялық әдiс;

- қазiргi Қазақстан бейнелеу өнерi дәстүрлерінің әсерін анықтау мақсатындағы жартас өнері дәстүрлерін пайдаланған қазақстандық бірқатар суретшiлердiң шығармасын талдауға мүмкiндiк берген сипаттама және құрылысына қарай талдау әдiсі.

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Зерттеуде өтпелі кезеңнен қазiргi заманға дейінгі Қазақстан кәсіби кескiндемесiнің даму үрдістерін қарастыруға талпынған. Диссертациялық зерттеуде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі кескіндеме шығармаларында қола дәуiрi, темір, түрік кезеңіндегі көркем дәстүрлерді пайдалану ерекшелігі белгіленді. Диссертация жұмысында алғаш рет тәуелсіздіктің соңғы он жылдығындағы кескіндеме шығармаларына өнертану тұрғысынан талдау жасалды. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық архаика стилистикасы қарастырылды, қазіргі кездегі суретшілердің шығармашылығындағы жартас өрнектерінің көркем бейнелерін ашып көрсету бағыттары және әдістері айқындалды.

Ғылыми-теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Диссертациялық зерттеудiң нәтижелерi Қазақстан бейнелеу өнерi бойынша оқу-теориялық курстарда, гуманитарлық және көркемөнер профиліндегі жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқу мен әдiстемелiк құралдарын дайындауда қолдануға болады. Кейбiр қорытындылар жоғары оқу орындарындағы ғылыми конференция материалдарында жарияланды.

Зерттеудің сынанан өтуі. Зерттеудің кейбір нәтижелер халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда мақалаларда көрініс тапты

Диссертацияның құрылымы кiрiспеден, екi бөлiмнен, қорытынды, пайдаланылған деректеркөздер мен екі қосымшадан тұрады. Мәтiннiң көлемi 65 бет, әдебиеттер тiзiмiнде 103 атау, А қосымшасында 8 ақ-қара түсті иллюстрация, Б қосымшасында 12 түрлi-түстi репродукция қолданылған.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттелетін тақырыптың өзектілігінің негізі және жұмыстың ғылыми жаңалығы, мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны, пәні айқындалып, ғылыми мәселенің жете зерттелуі сипатталады, зерттеудің методологиялық негізі жасалады.

Зерттеу жұмысының «Қазақстан территориясындағы қола дәуірі, ерте темір және түрік кезеңіндегі жартас өнерінің айқын құралы» атты бірінші тарауы қазақстандық петроглифтерге тән ерекшеліктерді айқындауға және зерттеуге арналған. Зерттеу жұмысында Қазақстан жартас өнерінің ең маңызды ескерткіштері жіктеледі, ең тұрақты суреттер топтарының бейнелері мен сюжеттері анықталады, олардың өзара діни дүниетану байланыстары анықталады, стилистикалық талдау жасалады. Осы тараушада Жетісу аумағының жартас суреттерінің мәдени-тарихи ерекшеліктеріне айрықша назар аударылады. Әр дәуірдің орындалу техникасы жағынан сабақтастықта, композициялар, мифологиялық тұжырымдардың бейнеленуі қарастырылады.

«Қола дәуірі» бөлімшесінде Митра культімен тығыз байланысты өгіз және құнарлылық культі петроглифтердің орындалуыен сипатталады. Сол уақыттың сюжеттері мен бейнелері ежелгі арийлық мәтіндермен шиеленіскен. Мифологиялық қойылымдар солярий құдайларында, белгілерде, әр түрлі жануарларда, үйленетін жұптар және босанатын әйелдер суреттерінде көрінеді. Батыс Жетiсу петроглифтерiнің негiзгi тобын тамғалы дәстүрі деп бөліп көрсетуге болатындығымен ерекшеленеді. Қазақстан территориясындағы қола дәуiріндегі жартас өнерiнiң ең жарық ескерткiштерi Тамғалы, Ешкiөлмес, Шолақ және т.б.

«Ерте темір дәуірі» деп аталатын бөлімшесінде Алдыңғы Азия бейнелеу дәстүрiнiң ықпалымен андроновтардың көркем тәсiлдер мұрасының синтезi болып табылатын сақ жартас көркемөнерi қаралады. Сақ жануарлар стилi шығармаларындағы үлгілері жануарлардың түрлеріне сәйкес белгiлердің бөлінуімен белгілі канон бойынша құрылады. Қола кезеңі және ерте темiр дәуіріндегі петроглифтердегі ортақтық жануарлардың суреттерi: кейпінің бейнеленуі, аяқтары мен мүйіздерінің кескіні. Сақтарға Иран өнерiнен келген сюжеттер белгілі стилистикалық өңдеулерге түсті. Сақ өнерiнде бұғы тұрақты бейне болып табылады. Еуразия территориясында ерте туған табиғат культі өзінің цикльдік және өсімдіктік идеясымен әлемнің үш сатылы құрылымына және ағаш өмірінің бейнесімен ұласты. Әсіресе петроглифтерде тұяқтылардың (бұғылардың) ағаш мүйiздерімен суреттер жиi кездеседi.