Смекни!
smekni.com

диссертации на соискание академической степени магистра живописи (стр. 5 из 7)

«Түрiк кезеңі» деп аталатын үшінші бөлімшесінде ерекше жеңілдетілген және ықшамдалған стильде орындалған ортағасырлық сюжет шеңбері қарастырылады. Түрiк дәуiрінде әскери культ жаңа эстетикалық қағидаларды нығайтады. Бұрынғы наным-сенімдердің көпшiлiгi жоғалып, жартас өнерiнде салт аттының бейнесі басымдық таныта бастайды. Түрiк кезеңінің алдыңғы дәуiрлердегі петроглифтердегі ерекше айқындылық жоғала бастады, олар жауынгерлер, ту ұстаушылар, садақшылардың, жекпе- жектер мен аң аулауға қатысты кестелі суреттерге орын береді. Түрiк кезеңіне жасырын идеологиядан айрылмаған, бірақ тактикалық қатынасты куәландыратын палимпсесттердің көпшілігі жатады. Түрiк уақытында едәуір зерттелген суретерге Қаратау, Тамғалы, Баян-Жүрек жоталарындағы ескерткіштер жатады.

Қорытынды тараудың «Композиция және орындау техникасы» деп аталатын бөлімшесінде әр түрлі тарихи кезеңдерде петроглифтерді енгізу тәсілдері және композициялық құрылысының ерекшеліктері айқындалады.

Ежелгi мәдениетте көркемөнер қазіргі әлемге қарағанда басқаша мағынаға, белгіге ие болды. Бейнелеу өнерi ежелгi дүниетану кешеннiң идеялық және эстетикалық негiздерiн берудің құралы болды. Жартас суреттерiнiң мағынасы табиғи ландшафтан ажырағысыз болды, табиғи нысандар петроглифтердiң мазмұнымен толықты. Тұрғындардың жартасты шатқалдарды таңдауы кездейсоқтық болып табылмады: бұлақтар немесе өзендердің жақын арада болуы, орналасу биіктігі (Ақсу-Жабағылы, Асы биік таулары) сакралды рангіге көтерiлдi. Ғаламның ежелгі бiртұтас орнықты үлгiсi ежелгi табиғатқа бас ию негізінде құралған.

«Қазіргі суретшілердің шығармашылығындағы жартас өнерінің көркем дәстүрлері» деп аталатын екінші тарауда қазiргi Қазақстан кескiндемесiндегі дәстүрлi архетиптер, бейнелер және жартас өнерiнің сюжеттерiн ашып көрсету қаралады.

«XX ғасырдың 1980-1990 ж.ж. аяғындағы кескiндеменің жаңа көркем бағдары» деп аталатын бірінші тараушасында өтпелі кезеңнен 1990 жылдардың аяғына дейінгі Қазақстан кескiндемешілерінің шығармашылығы талданады. Тәуелсіздік алғалы ең алдымен шығармашылық индивидуализмнің күшеюіне байланысты қазақстандық суретшілердің кескіндемесінде елеулі өзгерулер болды. Шынайылықты бейнелеудің көркем дәстүрі ұлттық және мәдени ұқастықты іздеудің күрделі үдерісіне енді. Нақты көркем тілдегі барабарлықты іздестіру барысында кескіндемешілер ежелгі рухани мұраға жүгінеді. Космогониялық символика, жартас өрнектерiнiң сюжеттері мен бейнелері 1980-шi жылдардың және келесi он жылдықтың аяғындағы суретшiлер А. Сыдыханов, А. Ақанаев, Н. Бубэ, А. Есдаулет, Г. Маданов, К. Хайрулин, А. Бектасов, М. Бекеев, В. Гвоздев, А. Ахаттың ықпалы тиді.

«Тәуелсіздіктің екінші онжылдығындағы Қазақстан кескіндемесі» екінші бөлімшесінде қазіргі кездегі кескіндеме өнері жартас көркем дәстүріндегі көзқарас тұрғысынан бағаланады. Қазақстан кескіндемешілерінің шығармашылығындағы жартас көркем бейнелерін ашып көрсетуде оларға едәуір тән әдіс анықталды. Біріншіден, петроглифтерден дәйектеме келтіретін кескіндемешілер: А. Ақанаев, Н. Бубэ, А. Ахат, К. Хайрулин. Бұл суретшiлер жазудың өзiндiк ерекшелiгін және кескiндемедегi әр түрлi техникаларды қолданып, жартас үлгілерінің түпнұсқалары мене танымдылығын сақтай отырып қолданады. А. Ақанаев суретке көлем мен бедерлік бере отырып қалың бояу қабаттарын жағады. Н.Бубэнің жұмыстарында петроглифтердiң бейнесі көбіне композицияға негізгі мағынаны жүктейтін фонды безендіру тәсілі болып табылады, олар: ұрпақтар жалғастығы және деректермен тығыз байланыстылығы. Көптеген жартас фигуралары полотнолардың еркiн кеңiстiктерiн олардың сәндiк әсерін толықтырады. Барлық жұмысы петроглифтер мотивінде топтама құрған А.Ахат ашық түсті бояумен және жіңішке контурлы сызықтармен салады. Ол жартас өнерінде ең негізгісі түс екенін көрсетеді. К. Хайрулин жергiлiктi жазықтықтарды қанық таза түстерге толтыра жұмыс істейді.

Жартас өнерінің дәстүрлерi А. Сыдыхановтың, М. Бекеевтің, А. Есдәулеттің кескiндемесiнде бірқатар басқа әдістермен бейнеленеді және петроглифтердің бейнесі өзіндік қайталанбас үлгіде интерпритацияланады. М. Бекеев өз шығармшылығында жартас суреттерімен ұқсастық танытатын мистикалық яғни жұмбақ бейнелер мен сюжеттер жасайды. Бекеевтің сүйікті болған тақырыбы суретшіге деректермен байланысты және сонымен қатар суретпен айналысатын суретшіге анағұрлым айқын сәйкес келетін ойлар: ат және арбалар, сонымен бiрге құстарды көрсетеді. А. Сыдыханов жұмыстарындағы петроглифтерiнiң символикасы археологиялық сипаттаулардан алшақтығы сезiледi, олар өзiндiк және табиғи байланысты болып келеді. Суретшінің таныс суреттері шартты, оның тілі заттың ұғымын ашып, идеяны iске асыруға ұмтылады. А. Есдәулеттiң суреттерi архетипке жақын. Оларда ежелгі кездегі күшті жануарды және әлсіз адамды қарсы қою басым. Есдәулеттiң шығармашылығындағы жануарлардың жартас прототиптерінен негізгі ерекшеліктері олардың ауыр салмақтылығы және күштілігі, жеңіл және созылыңқылығын көруге болады.

Көркем ойлау әдістері сақталған және композицияда тәсілдерінде, жекелеген символдық элеметтері дәстүрлi мәдениет жекешелендірілген суретшілердің жұмысына Г. Маданов, В. Гвоздев, А. Бектасовтарды айтуға А. Бектасовтың абстрактiлi бейнелері суретшіні әмбебап тiлге жетелейді. Суретшi өз идеяларын алғашқы табиғи түрдегі қанық сызықпен бейнелеу арқылы көркем құралдардан арылуға ұмтылады. Г. Мадановтың жұмысында айқын бейнеленген қабаттылық, архитектоникалық, құрылымдылық байқалады. Суретшi өз ойларын маңызды иерархиялық тәртіпте қабылдайтын ежелгі ойлау қағидалары бойынша құрастырады. Мадановтың шығармашылығы – модернизациялалған формадағы мифологиялық тұжырымдаманың жарқын бейнесінің мысалы.

Бейнелеу өнерi халықтың рухани мұрасы өмір сүретін және дамуға мүмкiндiгі бар мәдениеттiң саласы болып табылады. Қазіргі кездегі өнер түрлi тенденциялар мен стильдерді қабылдай отырып өзіндік рухани негізін, көшпенділердің кешенді дүниетану iргетасын сақтайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Тәуелсiздiктiң соңғы он жылдығы мен өтпелі кезеңдегі қазақстандық кескiндеменің дамуына ежелгі және ортағасырлық жартас көркем дәстүрлерінің әсер етуін зерттеу барысында бірқатар қорытындылар мен нәтижелер алуға мүмкiндiк бердi:

- Қазақстан кескiндемесінде идеялы-адамгершiлiк басымдылықтар және ұлттық сананың архетиптiк белгілері байқалады. Қазіргі кездегі кескіндемедегі жартас бейнелері мен әдістерін қолдану, оларды интерпритациялау тенденцияларын бақылау арқылы дәстүрлі мәдениет көздерімен сабақтастығын орнатуға болады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өнері бүкіл әлемнің алдында өзіндік жарқын феномен ретінде көрінді. Сананың өзгеруi шарттарында және жаппай жаһанданған мәдениет бейнелеу өнерінде мәдени және ұлттық жекелікті сақтауды көкейкестi сұрақ болып табылады.

- Қазiргi түрiк халықтарының дүниетанымында мұра етілген архетиптер айқындалады. Қабылданған әлемнің бейнесі оның көркем және эстетикалық әлеміндегі негізгі ұлттық мәдениет болып табылады.

- 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдар парадигманың ауысуы көркемөнер тілінің метафоризацияға, символизация, шарттылыққа өзгеруіне мүмкіндік туғызды. Қаныққан оқиғаларға толы өтпелі дәуiр кескіндеме өнері саласындағы айтулы оқиғалар суретшілердің қазіргі кездегі суретке деген көзқарасына түпкілікті түрде әсер етті. Айқын құралдарды іздестіруге және көркем тәжірибеден өткізуге толы өтпелі кезеңде рухани ұлттық мәдениетті ұғынудан тұрады. Кескіндемешілер өз шығармашылығында ежелгі белгілер, кодтар, архетиптер бейнелеріне жүгінеді.