Смекни!
smekni.com

Аймакты баскару (стр. 13 из 19)

Заманауи менеджментті әрі қарай дамытуға, компаниялардың әлеуметтілігін нығайту үшін ұйымдар мен жекелеген жұмысшылардың арасында өзара әрекет ұстанымы ерекше орын алады. Бұл іске бизнес өздерінің өзімшілдігінен жеткілікті назар аудармай отыр. Тіпті бірлескен үлгідегі ұйымдарда, қоғамда бірлескен рух, бірлескен мәдениет оң құбылыс ретінде қалыптасқан. Жылдам басқару мен капитал мүддесінен қарағанда дұрыс. Бұл жерде талдау басқа кеңістікте - бірлескен ұйымның мүддесі ұжымның барлық мүшелерінің мүдделерімен сәйкестігі қаншалықты екендігіне негізделеді. Әлеуметтік тұрғыда бірлескен басқару бұрыннан орталықтандырылған өктем басшылықпен шектелген топ адамдар ретінде қалыптасқан. Мұндай ескі бірлесу әр түрлі белгілер мен мақсаттарға байланысты, мысалы кәсібилікке т.б. бірлескен ұстаным бойынша бұрында отбасылар, тектер т.б. ұйымдастырылған, қазір бұл бизнес, саяси партиялар, кәсіподақтар т.б. бизнестің бірлескен ұйымдары қазіргі жағдайда монополия арқылы ақпарат жүзеге асады, осылайша ішкі бәсекелестікті басқарып отырады. Бірлескен басқарудың басқа да маңызды ресурстардың тапшылығы мен биліктің иерархиясы осы үкіметтің ажырамас бөлігі болып табылады.

Бірлескен менеджмент – бүгінгі таңда бұл меншікті басқарудың ең тиімді құқықтық-экономикалық механизмі. Қазіргі кездегі әлемдік шаруашылық жүйеде трансұлттық компаниялар (ТҰК) ерекше орын алады. ТҰК еңбекті бөліп берудің халықаралық тиімді әрі маңызды құралы болып келеді, ал жекелеген елдердің экономикалық жетістіктері, соның ішінде Қазақстанның еңбекті бөліп беруі көп жағдайда ТҰК қадағалайтын әлемдік технологиялық тізімде нешінші орын алатынымызда болады.

Бірлескен басқарудың жұмысы салалық, салааралық және трансұлттық білім берудің нарықтық белсенділігін пайдалану мен жетістіктерге жетуге, интеграциялық-сервистік жүйені құруға бағытталған.

Қазақстанда бір-бірінен көлемімен, меншік құрылымымен, ұйымның типімен және басқарудың жағдайымен ерекшеленетін 100-ден астам бірлескен ірі бірлестіктер қалыптасқан. Бұлар алдымен мынадай бірлестіктер: ұлттық және мемлекеттік компаниялар, мемлекетпен бекітіліп-жеке жобалар бойынша меншіктендірген акционерлік компаниялар, жеке бірлескен басқарулар мен Қазақстандық ТҰК бөлімшелері. Қазақстанның оннан астам бірлескен басқарулары шын мәнінде экономиканың нақты секторында төлем қабілетін реттейді: Қазмұнайгаз, КЕГОК, «Метал-Стил», Қазақмыс, Қазмырыш, Қазақстан Аллюминийі, Өскемен титан-магний комбинаты, ТҰҚ Қазхром т. б. Қаржылық сектордың ішіндегі ұлттық бірлестіктердің арасындағы көшбасшылар «Казкоммерцбанк», Халықтық жинақтау банкі мен ТуранАлем Банктерді атау керек.

Бірлескен басқару жүйесін сипаттайтын негізгі белгілер деп мыналарды атауға болады: меншікті басқарудың қатысушылары, бірлестік жұмысының ашықтығы, акциялардың концентрациясы, банктердің бірлестіктің акцияларын иемдену құқығы, мемлекеттің бірлескен құрылыста қатысу деңгейі, бірлестікті дамытудың негізгі ұлттық идеясы, бірлестіктің негізін қалаушылар, акционерлер арасындағы консенсус деңгейі, менеджмент пен жұмысшылардың арасындағы байланыс, акционерлер тарапынан менеджмент жұмысының деңгейі, бірлестіктердің стратегиялық мақсаттарға жақын болуы, нарықтық қордың бірлестіктің жұмысына ықпалы т. б.

Меншікті бірлескен басқарудың қатысушысы болып акционерлер, менеджерлер, банктер, кәсіподақтар, мемлекет және басқалары бола алады. Акционерлер ғана қатысса бір басқа. Егер мемлекет меншікті басқарудың басқа да қатысушыларымен тең дәрежеде компанияның активтеріне ие болса, онда бұл бірлескен басқарудың басқа жүйесі болады. Бірлескен басқару жұмысының ашықтығын оның негізгі белгісі болып табылады.

Қазақстандық бірлестіктердің талдауы тиімсіз меншіктік құрылымды, бірлескен басқарудың өзі әлсіз екенін, инвестициялық мүмкіндіктердің шектеулі екендігін көрсетеді. Акционерлер мен менеджменттің арасында мүдделердің шиеленісіп бара жатқаны бәсекеге қабілетті компанияның басқару мен интеллектуалдық ресурстарының жоғалуына әкеліп соқтырады. Қалыптасудың бастапқы кезеңінде бірлескен басқару құрылымдарының нормативтік-құқықтық базаның жеткіліксіз болу салдарынан екінші деңгейлі банктердің экономиканың нақты сектордың активтерін сатып алуға мүмкіндік берді.

Ұлттық іскерлік идеологияның, корпоративтік нормалар мен құндылықтардың болмауынан, оларды олигархтарды байыту құралына айналдырды. Бұл талдау бірлескен басқару басқа салалардағы менеджментті жүзеге асыруда, мысалы, мемлекеттік басқаруда –стратегиялық немесе шұғыл шешімдердің қабылдаудағы нарықтың немесе транс акция қатысушыларының мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бюджеттік ұйымдардың сәтсіздікке ұшырауының негізгі себептері менеджменттің төмен деңгейі мен қызметкерлер құрамын басқарудың ғылымға негізделмеген әдістері, бірінші басшылардың табысты ең маңызды құрал деп қарамауында. Дамушы елдер экономикасының дамуын зерттеуде кезінде олар да менеджмент факторын жете бағаламағандық кезеңінен өткен. Сонымен Қазақстандағы басқару жүйесін дамытудың негізгі шаралары Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы талаптарға сәйкес «Қазақстан өзінің дамуында жаңа беталыс табалдырығында тұр: Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясын»:

-меншік иесі және менеджмент табысының жетекші факторы ретіндегі бірінші басшысы екенін мемлекеттің мойындауы;

-ұйымның бірінші басшысы лауазымына орналасқан кезде менеджменттің теориясы мен практикасына біліктілік минимумды енгізуі;

-ұйымдастырушылық аудитке аудит менеджмент бөлімін аудио жүйесін енгізуі;

-Қазақстандағы бірлескен басқару мен менеджментті дамытудағы мәселелерді зерттеу бойынша мемлекеттік гранттар бөлуі;

-жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік беретін ұтымды аса ірі бизнестермен мемлекеттік серіктестікті күшейту;

-елдің транснационалдық компаниялар үдерісіне әлемдік технологиялық тізімде еңбекті бөліп берудің халықаралық қатынасқа шығуға көмектесуі;

-елдегі компаниялардың бірлескен басқару жағдайын тыңғылықты зерттеу үшін және салыстырмалы талдау жұмыстарын жүргізуді қалыптастыруы;

-корпорацияның нормативтік-құқықтық база жұмысын, акционерлер құрылымын, ашықтың деңгейін, екінші деңгейлі банктердің акцияларға иемдену құқығы, мемлекеттің әлеуметтік серіктестігі, еңбек пен корпорация, бірлескен басқарудың стратегиялық мақсаттарын дамытуы т.б. деп есептеуге болады.

Сонымен менеджмент саласындағы мәселелерді талдай келе, бірлескен басқарудың бәсекеге қабілетті болып дамуға және Қазақстан экономикасы мен оның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуіне талпыныс жасайды.

3.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар

Тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындарға, сондай-ақ мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындарға жүргізілген талдау келесі жайттардың бетін ашты.

Мемлекеттік меншік жайына келсек. 2005 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған республикалық мемлекеттік меншіктің 515 кәсіпорнының 41-і шығынға жол берген. Оның ішінде 22 кәсіпорын ауыл шаруашылығы саласында, атап айтсақ, тәжірибе шаруашылықтары (10), ауылшарушылығының ғылыми-өндірістік орталықтары, су шарушылығы жүйесі қызметі саласындағы кәсіпорындар. 2005 жылғы аталған көрсеткіштерді 2004 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштермен салыстыра келе, 2004 жылы ауыл шаруашылығы саласында шығынға жол берген 6 кәсіпорын болғандығы, яғни 16 кәсіпорынға немесе 3,5 есеге өсу байқалады. Түзеу мекемелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін тауар (жұмыс, қызмет көрсету) өндіру бойынша шаруашылық қызметін жүзеге асыру саласында 2005 жылдың қорытындысы бойынша 5 республикалық мемлекеттік кәсіпорын шығынға ұшыраған. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігі қызмет көрсету саласында (білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт т.б) өз қызметін жүзеге асырады. 2004 жылдың қорытындысы бойынша білім беру, трактор жасау, инновациялық қызмет, асыл тұқымды мал шаруашылығы, ауыл шаруашылық машиналарын сынақтан өткізу, логистика, электрэнергетика, банк қызметі, энергетика саласындағы зерттеулермен айналысатын, тиімсіз деп танылған мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер саны – 12.