Смекни!
smekni.com

Аймакты баскару (стр. 18 из 19)

Бірақ, аймақтық саясатты мінездемелейтін аймақ «дискриминациясы», әлеуметтік көзқараста, азаматтардың мекен-жайы бойынша құқықтарына шек қоюдан құтылу қажеттілігімен ақталуы мүмкін. Сәйкесінше, аймақтық басқару халық табысының, жұмыссыздық деңгейінің, әлеуметтік инфражүйенің, көлік жүйесінің, коммуникация, қоршаған орта жағдайының және т.б. аймақаралық айырмашылығын тегістеуге бағытталуы тиіс.

Аймақтық басқару жүйесіндегі негізгі әрекеттесуші элементтер, біздің ойымызша, басқару түрлері (ағымдағы, перспективалы және стратегиялық), басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау),функцияны мағынаға толтыру мақсатындағы нақты қабылданатын шешімдер,оларға сәйкес басқару әрекеттестігінің арнаулылығы және бағыттылығы, және де әдістер, тәсілдер және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару стратегиясы болуы керек.

Қорыта келе аймақтық проблемаларды зерттеуде жүйелік талдауды қолдану зерттеушінің инструментарийін кеңейтіп, жасалынатын аймақтық экономиканы басқару үлгісінің нақтылық және барабарлық деңгейін көтеретіндігін, экономикалық кеңістіктің құрылуында жаңа мүмкіндіктер ашатынын айта кеткен жөн.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жергілікті басқарудың түрлері мен формаларының кең диапазоны байқалды. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, біз келесі бағыттарда реформалар жүргізуіміз қажет:

- Мемлекеттік саясатты жасау әдістерін конъюнктуралық факторларды емес, халықаралық назар мен стратегиялық мақсаттарды ескере отырып ұштау.

- Әр түрлі әлеуметтік топтардың назарын жақсылап бақылау арқасында мемлекеттік қызметтерді таратуда бағыттылықты күшейту.

- Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және нәтижелілігін жоғарылату, нновациялық жақын келуді, прогрессивті практикалық тәжірибені ендіру.

- Азаматтардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру және қызметті электронды жүйе арқылы тарату үшін мемлекеттік басқаруда ақпараттық жүйелерді қолдану.

- Қызметкерлерді ынталандыру жүйесін өзгерту, жұмыс көрсеткішін бағалау жүйесін жақсарту, және де осындай қызметке әйел адамның, басқа ұлт өкілдерінің, мүгедектердің кең қол жеткізе алуы арқылы мемлекттік қызметке жаңарту енгізу.

Орта және шағын бизнес кәсіпорындардың кооперациясының халықаралық тәжірибесі кооперативтерді құру өнімділікті бірталай көтеретінін және оның мүшелерінің (шағын және орта бизнес кәсіпорындары) тұрақты дамуын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Қазақстанда СПК құру аймақтардың бәсеке қабілеттілігін көтеруге кластерлі даму механизмдарының енгізу, өзін-өзі ұйымдастыру және ішкі ресурстарды мобилизациялау арқылы жағдай жасайды. Тұрақты бизнес-құрылымдарды мемлекет қатысуы арқылы біріктіру өзінде аймақтың экономикалық белсенділігін шоғырландырған және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру катализаторы болуға қабілеттілер ірі аймақтық орталықтар құру мүмкіндігін береді. Бұл мемлекеттік және жеке сектордың бірігуі арқылы аймақтардың дамуына нәтижелі көмек беруге, кластерлі әдіс негізінде бірегей экономикалық нарық құруға мүмкіндік береді. СПК аймақ инновациясының орталығы, ішкі және сыртқы нарықта өндірістік және ауылшаруашылық өнімнің ірі жабдықтаушысы болады және шағын және орта кәсіпорын өнімін өткізуге, нәтижелігі аз жеке кәсіпорындардың бірігуіне болысады. Аймақтық СПК жасау нәтижесінде жаңа бәсеке көтеретін өндіріс жасау, аймақтарда жұмыс орнының көбеюі, жұмыстағы өндіріс өнімінің көбеюі,экспортқа шақталған отандық өнімді жоғарғы бағамен өткізу, рентабельсіз мемлекеттік кәсіпорындар санын қысқарту, кәсіпорын субъектілерінің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру күтіледі. Бұл Қазақстанның ВТОға кіру қарсаңыда әсіресе өзекті.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымы туралы : Қазақстан Респ. 1993 ж. 8 желт. №2572-XII заңы// ЮРИСТ [Электронды ресурс] : анықтама жүйе /Шығыс-Қазақстандық аймақтық орталық. - Өскемен : Юринфо, 2007.

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару : Қазақстан Респ. 2001 ж. 23 қаңт. Заңы №148 // ЮРИСТ [Электронды ресурс] : анықтама жүйе /Шығыс-Қазақстандық аймақтық орталық. - Өскемен : Юринфо, 2007.

3. Айтаханов Е. Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жоспарлау процесстерін басқару проблемалары /Е. Айтаханов //Вестник, Әль-Фараби ат.КазГУ. Сер. экон. - 2002. - №2(30). - б. 12-15.

4. Алдияров С. Қазақстан аймақтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары және дамуды жалпы бағалау әдісі /С.Алдияров, К. Кабдуалиева, Л. Елеусиз // Транзиттік экономика. - 2006. - №1. - б. 81-86.

5. Воронин А. Г. Муниципалды шаруашылықты басқару негіздері : оқу құралы/ А. Г Воронин, В. А.Лапин, А. Н. Широков. - М. : Дело, 1998. - 128 б.

6. Шығыс Қазақстан сан бойынша - 2005 : жыл сайынғы стат. жинақ - Өскемен: ШҚО статистика басқармасы, 2005. - 150 б.

7. Бердалиев К. Қазақстан экономикасын басқару негіздері /К. Бердалиев. - Алматы : Экономика, 1998. - 148 б.

8. Шығыс Қазақстан сан бойынша: стат. жинақ - Алматы : Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі, 2006. - 136 б.

9. Гаврилов А. И. Аймақтық экономика және басқару: жоғарғы оқу орынд.оқу құралы / А. И. Гаврилов. - М. : ЮНИТИ - ДАНА, 2002. - 239 б.

10. Гамарник Г. Облыс экономикасын басқару жүйесін жетілдіру /Г. Гамарник, Н.Сердюк // Поиск. - 2002. - №2. - б. 98-100.

11. Гамарник Г. Н. Қазақстан экономикасын басқару : методология, әдістер, іске асыру жолдары : монография /Г. Н. Гамарник. - Алматы : Экономика, 2002. - 281сб.

12. Гранберг А. Аймақтық экономика негіздері : жоғарғы оқу орынд.оқу құралы. /А. Гранберг. - 2-ші басылым. – М.: Мемл. ун-т Экономика жоғарғы мектебі, 2003. - 495 б.

13. Дорогов Н. Аймақтың экономикалық стратегия таңдауын негіздеу /Н.Дорогов // Басқарудың теориясы және практикасының проблемалары. - 1998. - № 3. - б. 18-21.

14. Игнатьева А. В. Басқару жүйелерін зерттеу : жоғарғы оқу орынд.оқу құралы / А. В. Игнатьева, М. М. Максимцов. - М. : Юнити-Дана, 2001. - 184 б.

15. Мамыров Н. К. Қазақстан жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеу : оқу құралы / Н. К. Мамыров, Ж. Ихданов. - Алматы : Экономика, 1998. - 284 б.

16.

17. Минакир П. ФГР : федерация және жердің әрекеттесуі /П. Минакир //Басқару теориясы және практикасының проблемалары - 2001. - №2. - б. 93-97.

18. Мухамбетов Т. Мемлекеттік басқару кризисі /Т. Мухамбетов //Транзиттік экономика. - 2001. - № 3. - б. 53-56.

19. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтар жағдайын гүлдендіру, қауіпсіздендіру және жақсарту : президенттің Қазақстан еліне жолдауынан //Казахстанская правда. - 1997. - 11 қазан.

20. Назарбаев Н. Ә. Жаңа елдегі жаңа Қазақстан: 2007 ж. 28 ақп. президенттің Қазақстан еліне жолдауынан //Каз. правда. - 2007. - 4 мамыр.

21. Қазақстан Республикасының Ұлттық Статистика Агенттігі //Қолдану режимі : http://www.kazstat.asdc.kz/

22. Нурашева К. Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік әдіс /К. Нурашева // Қазақстан қаржысы. - 2006. - №1. - б. 83-87.

23. Павлов К. Ресей аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі және дамыған елдер тәжірибесі /К. Павлов //Басқару теориясы және практикасының проблемалары. - 1999. - №5. - б. 47-50.

24. Қазақстан аймақтары, 2003 жыл /А. Смаилов ред.. - А.: ҚР статистика агенттігі, 2003. - 394 б.

25. Рой О. М. Мемлекеттік және муниципалдық басқару жүйесі /О. М. Рой. - М.: Дело, 2003. - 254 б.

26. Рустемов Н. Аймақтық басқарудың функциясы мен әдісі /Н. Рустемов //Транзиттік экономика. - 2001. - №1. – б. 74-79.

27. Садлер Д. Жергілікті басқару органдарының жұмыс нәтижелілігін жоғарылату: Ұлыбритания тәжірибесі /Д. Садлер //Басқару теориясы мен практикасының проблемасы. - 2001. - №2. - - 82-86. б.

28. Сапаргали Ш. Аймақтық тұрақты даму моделдерін жасудың әлемдік тәжірибесі / Ш. Сапаргали //Транзиттік экономика. - 2005. - №5-6. - 24-30. б.

29. Қазақстанның жылдық статистикасы /Б. Т. Султанов ред. //Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі : Алматы, 2006. - 488 б Уваров В. Н. ҚР мемлекеттік басқару теориясы /В. Н.Уваров. - Алматы : Заңгерлік әдеб., 2000. - 312 б.

30. Чагучиев М. Ч. Аймақтар, экономика және басқару /М.Ч.Чагучиев, М. М. Соколов. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2001. - 271 б.

31. Шыныбекова Д. Аймақтардың жергілікті дамуының бюджеттік бағдарламасының дамуын қаржылық /Д. Шыныбекова //Қазақстан қаржысы. - 2002.- № 3. - 33-36 б.

32. Қазақстан аймақтары бойынша халықтың экономикалық белсендігі : стат. жинақ /Султанов Б. ред. - Алматы: ҚР статистика агенттігі, 2006. - 360 б.