Смекни!
smekni.com

Аймакты баскару (стр. 6 из 19)


Аймақтық бағдарламаның жалпы құрылымын анықтау
Бағдарламаларды орындау кезінде бақылауды іске асыру
Бағдарламаны қаржыландырудың негізгі көздерін анықтау
Шараларды орындау құралдарын нақтылау

1 сурет Әлеуметтік - экономикалық даму аймақтық бағдарламаларының мақсаттары.

Жоғарыда суреттелген бағдарлама құрастыру әдісі өмірге бейімді аймақтық бағдарламаларды өңдеу және жасауға лайық әлемде танымал факторларды назарға қабылдамайды:

- бағдарлама бастаушысынан тәуелсіз, оның табысы маңызды серіктердің тең құқылығына және өзара толықтырылуына негізделеді, олардың келісу деңгейімен және мінез-құлығымен, сонымен қатар олардың мүмкіншіліктерімен толық анықталады;

- даму стратегиялық бағыттарының таңдауы аумақтың жалпы проблемаларын шешуден емес, капитализациялауға болатын, аймақ бәсеке артықшылықтарынан шығарылады;

- аймақтық бағдарлама - бұл мақсаттардың және олардың орындауына арналған инвестициялық жобалардың жиынтығы емес, мақсаттық шаралардың жоспары.

Аймақтық басқару механизмдарының бірі жоспарлау болуы тиісті. Тарихта мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен, жоспарлы жөнге салу әдістері арқылы елдердің нарықтық экономикаға кіруінің бірнеше мысалы бар. Сондықтан Қазақстан Республикасының президенті Назарбаев Н .Ә. жоспарлау қажеттілігін бірнеше мәрте айтып өткен. Нақтылап айтқанда, «Кварталдан кварталға немесе жылдан жылға дамудың үшжылдық немесе бесжылдық жоспарлары болмай өмір сүруді тоқтату керек. Үкіметке дамудың индикативті бесжылдық және жылдық жоспарларын жасау және ол жұмысқа барлық атқару өкіметін және жеке сектордықосу қажет» екендігін көрсетті.

Осы позиция президентің Қазақстан халықына жолдауында қайта көрсетілген болатын « ұзақ уақыттық болашақта елдің даму стратегияларын өңдеуді және бес және он жылдық даму жоспарлары дайындауды кідірмей бастау ».

Бұл жерде іс мемлекеттік жоспарлардың қатты, тотальдық жүйесін қайтару туралы емес, ал жоспарлау арқылы экономикалық дамуды жөнге салуы иілгіш динамикалық жүйесі туралы жүріп жатқандығын түсіну маңызды. Және де жоспарлау басқару иерархияна, экономиканы басқару деңгейіне байланысты дифференцияцияланған болуы тиіс.

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму мақсаттарына жетуі басқару алғашқы буындарының жұмыс жасауында өндіріс сферасында басталады. Осыған байланысты басқару өзегі болып табылатын жоспарлау микродеңгейде үлкен маңызға ие.

Республикада нарықтық қатынастардың құрылу шарттарында іс жоспарлау микроэкономика деңгейінде күшейтілуі туралы, ұлттық бағдарламалардың мақсаттарды орындаудың негізгі механизмы сияқты ішкі өндірістік және фирмаішілік жоспарлау туралы жүруі тиіс.

Облыстарда жоспарлаудың міндетті элементтері болуы тиісті : халық санының динамикасы және жұмыс бастылықты болжау, пайда болатын аймақтық проблемалардың талдауы; үкімет құрылуымен және ұлттық (мемлекеттік) мақсаттар контекстісінде облыстық басқару мақсаттарын анықтау; облыстық және аудандық басқару буындарына арналған аймақтық саясат шараларын жасау.

Қазақстанда Германия үлгісімен, облыстардың және аудандардың басқару органдары арасын байланыстырып тұратын буын ретінде аймақтық жоспарлау жүйесін жасау керек. Сондай жоспарлаудың негізгі мақсаты барлық аймақтарда өмір теңдігін қамтамасыз ету.

Аймақтық басқару әдістерінің бірі «секторлық әдіс». Аумақтың бөлек учаскелері аймақтық органдар жағынан белсенді мақсатта бағытталған әсер объектілері болады .

Бұл әдісте барлық іс-әрекет жағымсыз аймақтық процесті немесе сектордағы қызмет түрін тоқтатуға немесе тиым салуға көзделген. Жергілікті басқару органдарының маңызды функцияларының бірі жергілікті шаруашылықтың комплексті дамуын қамтамасыз ету болып келеді. Бүтіндей алғанда бұл әдіс матрицалық (торлық) құрылымның аналогиясы.

Аймақтық саясат концепциясында республика аймақтарының дамуын жөнге салудың әртүрлі механизмдарының қолдану қарастырылады. Аймақтарда әлеуметтік - экономикалық жағдайды тұрақты бақылау мақсаттарында маңызды параметрлердің негізінде аймақтардың дамуын рейтингтік бағалау жүйесі қолданылады. Рейтингтік бағалау аймақтарда даму жағдайы туралы тұрақты хабардар болуға көмектеседі. Сондай жүйе үкіметке жағдайдың өзгеруі кезінде шапшаң қимылдауға рұқсат етеді.

Республика экономикасын макроэканомикалық тұрақтандыруда оның негізгі параметрлерінің (өндіріс көлемдері және қажеттіліктердің қанағаттандыру дәрежесі, табыстар және шығындар) балансталуын қамтамасыз ету үлкен роль ойнайды. Мына проблема шешімінде экономиканы басқаруда теңдік әдісін қолдану маңызды мағынаға ие болады.

Өтпелі кезеңде мақсаттық әдіс бағдарламасы маңызды болып келеді. Аймақтың мақсаттық бағдарламасын қойылған мақсатқа жетуге бағытталған жүйе ретінде мінездемелеуге болады. Мақсаттық бағдарламалар ішінде экономикалық және әлеуметтік жүйелердің буындары арасындарды тек тік қана емес, сонымен қатар горизонтальдық байланыстар анық орнату мүмкіншілікті болады. Осылайша олардың жұмыс жасау нәтижелілігі жоғарылайды.

Халық шаруашылығының әр түрлі деңгейлерінде мақсаттық әдісті қолданудың өз ерекшеліктері болады. Бұлар ерекшеліктер қамтылатын кеңістікті шешілуші әкімшілік - территориялық және шаруашылық бірліктердің масштабтылығымен, қорлық қамтамасыз ету көздерімен, басқару органдарының біліктілік деңгейімен анықталады.

Аймақтық басқаруда мақсаттық территориялық бағдарламалар әдісін қолдану бірқатар шек қоюлардан тұрады: қорлардың тапшылығы және оларды таратудағы мүмкіншіліктердің шектелуі. Осыған байланысты мақсаттық тапсырмаларды және облыстық, аудандық бағдарламалардың бағдарламалық шараларын жалпымемлекеттік әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасына міндетті қосу қажеттілігі көрінеді.1,2

Аймақ приоритеттеріне кейбір құрастырушылармен көрсетілетін оның жұмыс жасау механизмін апаруға болады:

- сыртқы нарыққа арналған өнім шығаруының орталықтандырылған тапсырмаларын орындайтын аймақ кәсіпорындарының территориялық кооперирациясы;

- халыққа қызмет көрсетуге және халыққа арналған тауарларды шығаруға жергілікті шешім;

- өндіріс құралдарының бірге қолдануы;

- әлеуметтік инфражүйенің жұмыс жасау механизмі және т. б.

Басқаратын процестерді жүзеге асыруда аймақтың дамуы өлшенерлік категория екенін ескеру қажет. Даму процесін әрқашан сандық түрде және бірыңғай әмбебаб көрсеткішпен көрсетуге болады, бірақ оған қарамастан оның кейбір аспектілеріне сандық бағалау беру мүмкін.