Смекни!
smekni.com

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі (стр. 2 из 22)

олардың бұлжымастығын, яғни, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, ұйымдастыру акцияларын жүзеге асыру(сайлау және т.б.) кезінде жоғары мемлекеттік органдардың конституциялық нормаларды мүлтіксіз орындауын қамтамасыз еtеtih конституциялық нормаларды;

мемлекеттік белгілі біp жағдайын айқындайтын, мысалы мемлекеттің біртұтас нысанын, саяси тұрақтылықты орнықты-pатын, т.б. конституциялық кағидапарды;

конституциляық идеяларды, принциптерді, мысалы әлеу-меттік мемлекет, қазақстандық патриотизм, т.б. идеяларды басшылыққа алуы тиіс.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: жұмысты жазу барысында көптеген заң актілері басшылыққа алынды. Конституциялық құқығының проблемаларын зерттеген келесі шетел авторларын айтуға болады: С.С. Алексеева, A.M. Барнашова, СВ. Боботова, А.Б. Венгерова, Н.В. Витрука, В.К. Дябло, И.П. Ильинского, Д.А. Керимова, В.В. Кровельщикова, В.А. Кряжкова, Б.М. Лазарева, В.О. Лучина, Н.А. Михалева, М.А. Митюкова, В.В. Невинского, С.Э. Несмеянова, М.А. Нуделя, Ж.И. Овсепян, Л.Н. Плеханова, М.А. Свистунова, Б.А. Страшуна, С.А. Татаринова, М.А. Шафира, Ю.Л. Шульженко, Б.В. Щетинина, Б.С. Эбзеева, А.И. Экимова, Х.-Р. Альваро, Ф. Ардана, Г.Г. Арутюняна, А. Бланкенагеля, А. Демишеля, Ф. Демишеля, Ж.-П. Жакке, Ф. Люшера, М. Пике-маля, В. Шампель-Дэпла және т.б..
Ал Қазақстан ғалымдарын да айтуға да болады: С. Абдильдина, Ж. Баишева, И.Ж. Бахтыбаева, К.А. Мами, С.Ф. Ударцева, Е.Б. Абдрасуловым, А. Котов, Г. Сапаргалиев, Ж. Салимбаева.

Жұмыстың мақсаты – Қазақстан республикасының Конситуциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесін анықтау, талдау және проблемаларын шығару

Қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттер көзделдi

- Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы беру

- Конституциялық құқығының жүесі анықтау

- Конституциялық-құқықтық нормалар талдау

- Конституциялық-құқықтық принциптері сипаттамасын беру

- Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі аңықтау

- Конституциялық іс жүргізу аңықтау

Дипломдық зерттеу кезінде Конституциялық Кеңес қызметінің құқықтық мәртебесін және іс жүргізу түрлерінің түрлерін саралаудын ғылыми негіздері туралы Қазакстан Республикасының заңцары мен осы сала бойынша жазылған көптеген ғылыми еңбектерді оқып, салыстырып, зерттедім.

Дипломдық жұмыс барысында зерттеуде мынадай әдістер қолданылды:
салыстыру, талкылау, бақылау, қорытындылау, құқықтық нормаларды
талкылау.

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан,

қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады

Тарау – 1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы

1.1. Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы

Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бipi. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жуйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді.Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамлық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды [5 12 б[ .

Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық катынастар мемлекет жене қоғам құрылымының непзін құрайды және мемлекетік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүрпзіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқыктың нормалары мен институттарына тән менін дурыс тусінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мэні мен ролін ашып керсету, құқықтық жүйеден орнын анықтау мумкін емес. Кон­ституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені,нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде,ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек.Ал ол үшін,реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынас­тар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нор­малары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, эксномикалық, әелеуметік,діни байланыстардың. негізін қалайды.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдicтepi деп аталатын белглілі бip тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекетік жене қоғамдық қатынастарды реттейді. Комституцинлық-құқықтық, қатынастарды реттеу ушін төмендегідей: I) мәндеттеу әдicі; 2) тыйым салу әдici; 3) рұқрат ету әдici; 4) тану әдici қолданылады. Міндепипеу әдісі мемлекеттік органға сияқгы, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық, қызмет саласында қолднылады. Қазакстан Республикасы Конституциясының 18-бабында: Мемлекеттік оргагдар, коғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бүкаралық ақпарат құралдары apбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шсшімдермен және акпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті»деп жазылған.Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бip мысалы болып табылады. Яғни; «Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталғап қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тейсінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өзі мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.

Конституциялық құқықта тыйым салу әдісінде кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым сaлy әдісі азаматтарға қатысты шектсулі жағдайларда ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Констикуциясының 39-бабының 3-тармағында былай делінген: «Саяси себептср бойынша азамматтардың құқықтары мен бостандыктарын қандай да бip түрде шектеулерге жол берілмейлі». Конституция заңда қаралмаған әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияның шынайы көрнici болып табылатын рұксат ету адісін де кең қолданады [6 б.56[ .

Мұндай адіс көп жағдайда адамның және азаматтың мертебесі белгілеу үшін қолданылалы. Мысал ретінде әркімнің,.заңмен беленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруына және тұратын орнын epкiн таңдауын айтуға болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік ерекшеліктері мынада, Конституция

Белгілі бір ауқым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып,субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады. Рұксат ету әдaici мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы cанының үштен екі дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, меніңше, құқықтық, реттеудін тағы бip әдісін- тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті факторлдан - адамдардың табиғи құқықын заң тұрғысынан та­нудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рұксат етеді емес, дәлірек айтқана, таниды [6 б.47[ .

Сонымен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: «Адам құқықтары мен бостандықтары әр кімге тумысынан жазылған,олар абсолютті деп танылады,олардын ешкім айыра алмайды,заңдар өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданулы осыған қарай анықталады».Құқықтық ретеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнің сипаттайды.