Смекни!
smekni.com

Каза стан Республикасыны Конституциялы Ке есіні ы ты м ртебесі (стр. 21 из 22)

Конституциялық Кеңестің осы құқықтық көзқарасы, құқық бұзушылық құрамдарының белгілерін айқындайтын нормалардың кемшіліктерін тауып, жою мақсатында заң алдындағы жауаптылық шараларын көздейтін заңнамалық актілерге тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.

Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге қатыса отырып, Конституциялық Кеңес өзінің нормативтік қаулылары арқылы қолданыстағы құқық нормаларын жасайды, сондай-ақ мемлекеттік билік тармақтарының конституциялық негізде өзара келісіп іс-әрекет етуіне, конституциялық заңдылықты нығайтуға, адамның және азаматтың Конституциямен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары қорғалуына септігін тигізеді. Алайда, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің қызметіне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берілмейді және бұл заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады, деп белгілейтін нормасы (11-баптың 1-тармағы) осы уақытқа дейін заңнамада іске асырылмады. Конституциялық Кеңес, мұндай жауапкершілікті сотты құрметтемегені үшін белгіленген жауапкершілікпен ұқсастыра отырып енгізген жөн деп пайымдайды, ал бұл Мемлекет басшысының Конституциялық Кеңестің беделін көтеру және оның Негізгі Заңды қорғаудағы мүмкіншіліктерін күшейту қажет екендігі туралы тапсырмаларына сәйкес келеді («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының VІІ-съезінде сөйлеген сөзі)

Елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйін бағалай отырып, Конституциялық Кеңес, Республиканың құқықтық жүйесі тұтас алғанда Конституция негізінде және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкес сәттілікпен дамып, жетіліп келе жатқанын атап көрсетеді.

Сонымен, конституцияның 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес Республика Парламентіне конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы осы Жолдауды жібере отырып, Конституциялық Кеңес, заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган, сондай-ақ Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар заңнама саласы мен оны қолдану практикасындағы аталған проблемаларды шешу үшін өз құзыреті шегінде қажетті шаралар қабылдайды деп сенім білдіреді. Бұл елімізде конституциялық заңдылық режимінің нығаюына және конституционализм принциптерінің орнығуына септігін тигізеді.

Қорытынды

Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.

Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.

Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет бола бастады.

Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.

Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.

Біздің Негізгі Заң дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.

Конституциялық Кеңес азаматтардың құқықтары мен бос­тандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Конституция­лық Кеңестің Республика Президентінің, Парламент депутаттарын сайлауды жургізу мен республикалық референдум жургізудің дурыстығы туралы дауларды қарастыру бойынша өкілеттіктері азаматтардың саяси құқықтарын қорғауға бағытталған. Басқа өкілеттіктерінде Конституциялық Кенестің аза­маттардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтыны тура­лы идеялар тікелей немесе жанама орын алады. Конституциялық Кеңес қорғайтын осы шеңберге Конституция көздеген құқықтар мен бостандықтар кіре ме, әлде заңдар азаматтарға берген барлық құқықтар мен бостандықтар кіре ме деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа тек бip жауап бар. Алғашқы төрт өкілеттік конституциялық құқықтарытары мен бостандықтарды қорғауды көздейді ол жайында Конституцияның өзінде айтылады.

Конституциялық Кеңестің сайлауды немесе референдумы өткізудің дұрыстығы туралы дауларды қарастырғанын сайлау процесін бақылау деп санауға бола ма? Ол ондай болып табылмайды.Ол заңдық хұкім өкілеттіктерін атқарады, өйткені сайлау npoцесі субъектілерінің шағымдары жөніндегі дауларды шешеді. Әдебиетте конституциялық әділ сот органы сяйлау жөніндегі шешкен кезде. сөз ең алдымен субъективтік құқықтық емес, обьективтік сайлау құқығын қорғау туралы болатыны аталады.-

Билік бөлу принципі конституииялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде конституцияның мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзыретін олардын өзара өкілеттік шегін бекіткен көптеген қағидаларында көрніс тапты. Казақстан Респубикасының Констуитуциясында республикада мемлекеттік билік біртұтас,оның зан шаруашылық,атқарушылық және сот билігі тармақтарына бөлу және тепе –тендік жүйесін пайдалану арқылы өзара байланыс жасау приципіне сәйкес Конституция мен заңдардың негізгі жүзеге асырылатындығы атап көрсетілген.Бұл биліктің әр тармағымен өз құзыреті бар екендігін және оның шегінен шығуға болмайтындығын білдіреді.Сонымен бірге ол билікті шоғырландыруды,бөлуді,манаполиясыздандыруды да білдіреді.Билікті бөлу,олардын бірде біреуі өзгелерінің өкілеттігін шектемеи,екіншісін өзіне бағындырмай және әр қайсысы өзара түсініктікпен,өзара ынтымақпен қызмет істеуі тиіс болған жағдайда Конституцияға сәйкес оның үш тармағын өзара тенестіруді де білдіреді.Мемлекеттік биліктін жоғарғы сатысында мемлекеттік биліктін жоғарғы сатысында билік бөлу принципін қамтамасыз ету үшін

Қазақстан Республикасының Конституциясы бөлу принципін билік тармақтары арасында ic жүргізуді шектеу принципімен ұштастыруды көздейді . Қазақстан Республикасы Конституцисына тән сипат, онда ic жүрпзудін түпкі билігі Парламенке бекітілген. Басқаша айтқанда, Парламент, оның Палаталары Сенат жене Межіліс — өз кызметін тек Конституцияда көрсетілген өкеттік шеңберінде ғана жүргізеді. Ал үкіметін өкілеттілігіне келсек Конституция бойынша оған олардың кейбіреуі ғана берілген. Оның Президентінің заңдары мен актілері арқылы жүктелген басқа да қызметтерді атқаратындығы көрсетілген. Парламент өкілеттігінің жабық тізімінің конституцялық тұрғыда бекітілуін мен түсіндіруге болады? Біріншіден,ол жоғары өкілетті органың кеңестік конституциялармен жене белгілі бір денгейде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясымен бекітілген бүкіл билікті илену құқынан бас тартуды білдіреді. Екіншіден,тәуелсіз,егемен Қазақстанның ерекшеліктерін ескере отытып,биліктін бөліну принципін барынша нығайту қажеттігінен туып отыр. Үшіншіден, Парламент әр түрлі саяси күштер,әлеуметтік топтар ықпал ететін жолғарғы өкілетті орган болып табылады.