Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 20 из 32)

Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі қарастырылуда. АЭА құру қала және облыс өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайтады, соның ішінде: машина жасау, металургия, химия, агро өнеркәсіп кешені және құрылыс индустриясы өндірісін дамытуға мүмкіндік береді.

Сол сияқты өңірлік деңгейдегі экономикалық өсудің тіректі «нүктелері» Рудный, Лисаков, Жітіқара және Арқалық қалалары болуға тиіс.

Рудный қаласыоблыстың ірі өнеркәсіп орталығы. Өнеркәсіп құрылымында жетекші орынды «ССКӨБ» АҚ – қара металлургиясы және оның флагманы алады. Кәсіпорынның негізгі өнімі – теміркенді шекемтастар, темір концентраты және агломерирленген кен. Қала экономикасына қызмет етуші кәсіпорындар және құрылыс кәсіпорындары мен ұйымдары тірек етеді. Өнеркәсіптер 40-тан астам өнім өндіреді. Тауарлардың негізгі атаулары: темір кені, шекемтастар, отқа төзімді бұйымдар, жиһаз, есік және терезе блоктары, ұн, нан, макарон, шұжық, сүт өнімдері және т.б.

Лисаков қаласыэкономика жағынан тұрақты дамып келе жатқан қала. Экономикалық қызметінің негізгі түрі: тау-кен өнеркәсібі, азық-түлік өндірісі, ауыл шаруашылық техникасы, құрылыс материалдарын шығару, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, сауда, қызмет көрсету саласы.

Қаланың тау-кен өндірісінің негізгі өндірісі: темір кені («Өркен» ЖШС) және бокситтер («Қазақстан алюминийі» КБРУ АҚ).

Қалада халыққа, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірсіне, шағын бизнес саласына қызмет көрсететін инфрақұрылым объектілерінің әр түрлі жоспарлық және айтарлықтай тиімді кешені қалыптасты.

Жітіқара қаласы– Жітіқара ауданымен бірлескен және оның аудан орталығы болып табылады.

Тау-кен өндіру кәсіпорындарының дамуы басымдық мағынаға ие. Ірі өнеркәсіп – «Қостанай минералдары» АҚ – қазақстандағы жалғыз асбест комбинаты. Қалада сол сияқты құрамында алтын бар кен өндіру және қайта өңдеу бойынша «Метал Трейдинг» ЖШС тау-кен өндіру кәсіпорны жұмыс істейді. Ірі өнеркәсіптердің тұрақты жұмысы ауданның тұрақты экономикалық өсуінің бастапқы факторларының бірі болып табылады.

Арқалық қаласы.Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық жүйесінде белгілі рөлін экономиканың өнеркәсіп секторы атқарады.

Арқалықты құрылғаннан бері және осы күні қала қылып ұстап отырған кәсіпорын «Қазақстан алюминийі» АҚ Торғай боксит кен басқармасы болып табылады. Қаланың қолда бар минералдық-шикізат базасы тау-кен өндіру саласының дамуына ықпал етуі мүмкін (бокситтердің 6 кен орны, Жаңа-Арқалық қорғасынының пайда болуы, кендегі ілеспе компонентттер ретінде: иттрий, мыс, кадмий, алтын, күміс, қалайы, және т.б., жалпы кең тараған пайдалы қазбалар: кірпіш шикізаты, құрылыс тасы, құрылыс құмы).

3.1.2. 2-шара. Инвестициялық саясат

2009-2010 жылдары негізгі капиталға инвестициялар көлемі 364,2 млрд. теңге құрайды.

Алдағы үш жылда республикалық бюджеттен 72,8 млрд. теңге сомасына қаржы бөлу қарастырылып отыр.

Мемлекеттік инвестициялар басымдықтары алдағы үш жылға Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген.

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Рудный қаласында бассейні бар мемлекеттік тілде оқытатын 900 орындық орта мектеп салу және Қостанай қаласында 140 орынға арналған бала бақша салу және 260 орындық дарынды балаларға арналған Алтынсарин атындағы мектеп-интернатты және Қостанай қаласында 300 орынды балабақша қайта жаңарту жоспарланады.

2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды қалыптастыру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында облыстық орталықта қан орталығын, кен бейінді аурухана мен қалалық емхананы, Рудный қаласында кен бейінді балалар ауруханасы мен қалалық емханасын салуды жүзеге асыру жоспарланады.

«Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде 2002-2010 жылдары облыста Арқалық қаласының Фурманов ауылында сумен қамтамасыз ету және Сарыкөл ауданындағы Есіл топтық су құбырының қайта жаңартылуы жүзеге асырылады.

2004-2010 жылдарға арналған Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Жанкелдин ауданының Қарасу ауылында, Қамысты ауданының Қамысты ауылында және Қостанай ауданының Семенов ауылында мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептер құрылысы және облыстың 9 ауданында сумен қамтамасыз ету объектілерін қайта жаңарту іске асырылады.

Автожолдар саласын нығайту және дамыту Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға арналған автожолдар саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2009 жылы «Астана-Қостанай-Челябі» автожолын қайта жаңарту аяқталады. 2009-2011 жылдары республикалық бюджеттен дамытуға арналған нысаналы трансферттер жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын қайта жаңарту жөніндегі 4 инвестициялық жобаны іске асыруға бағытталады: Ұзынкөл-Сарыкөл, Федоров - Ленин - Вишневое, Қарасу - Большая Чураковка, Қойбағор – Қарасу - Севастопольское.

Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған газ саласын дамыту бағдарламасына сәйкес Денисов және Қамысты аудандарында магистралдық газ құбырларын салу жоспарланды.

Республикалық бюджеттен дамытуға арналған нысаналы трансферттер есебінен 2009 жылы сумен қамтамасыз етудің 7 объектісі қайта жаңарту аяқталады, Сарыкөл ауданында Есіл топтық су құбырын жаңарту жалғастырылады.

2009 жылы газ таратушы станциямен «Перелески – Денисовка» магистралды бұру – газ құбырын пайдалануға беру көзделіп отыр.

Үш болжамды жылдың ішінде жергілікті бюджеттің инвестициялық шығындары білім беру, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымын, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамсыз ету, сумен, газбен, электрмен қамтамасыз ету, және т.б.салаларды дамытуға және нығайтуға басым бағытталады. Барлығы 2009-2011 жылдары жергілікті бюджеттің инвестициялық бағдарламасы 17,3 млрд теңгені құрайды. Инвестициялық жобаларды іске асыру «Ауыз су», автожолдар саласын, мәдениет саласын, мәдениет пен спортты дамыту, электр жылу қуаты, газдандыру және т.б.өңірлік бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Халықты және кәсіпорындарды сумен, газбен, жылу және электр қуатымен, канализациялық ағындар айырғышымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында алдағы болжамды мерзімде 6,5 млрд. теңге сомасында жергілікті бюджет қаражатын бөлу жоспарланады. Көлік инфрақұрылымы объектілерін, елді мекендер көшелерін қайта жаңартуға жергілікті бюджеттен 6,2 млрд. теңгені бағыттау қарастырылады. Жергілікті бюджет қаражаттары мәдениет – 1,6 млрд. теңге, туризм және спорт - 1 млрд.теңге, білім - 0,8 млрд. теңге, мемлекеттік басқару – 0,6 млрд.теңге, әлеуметтік қамтамасыз ету – 0,3 млрд. теңге және т.б. инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалады.

Облыстың негізгі капиталға инвестицияларды салудың негізгі көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаты болып табылады. 2009-2011 жылдары инвестициялар салымының көлемі 265,3 млрд. теңгені құрайды (3 - жылдық болжамды мерзімнің жалпы көлімінің 72,9 пайызы).

Ауыл шаруашылығын дамытуға шаруа етуші субъектілерінен 61 млрд. теңге сомасында инвестицияларды тарту жоспарланады. Агроөнеркәсіптік кешенін қолдау «2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту» және «2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту» облыстық бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі

2008 жылы ауыл шаруашылығына инвестициялар 19,8 млрд. теңгені құрайды. Сарыкөл ауданының Сорочинск ауылында 400 бас ІҚМ-ға арналған сметалық құны 150 млн. теңге тұратын («Сорочинское 2030» ЖШС) сүт кешенін салу және Таран ауданының Тобыл поселкесінде («Инсервис» ЖШС) және Сарыкөл ауданының Комсомол ауылында («Современник» ЖШС) элеваторлар құрылысы басталады.

2009-2011 жылдары ең көп инвестициялар салымы тау кен өндіру өнеркәсібінде күтіледі – 91,8 млрд теңге. «Соколов – Сарыбай тау – кен байыту бірлестігі» АҚ инвестициялық бағдарламасы 69 млрд. теңгеден асады, оның ішінде 2009 жылы – 20,3. Бұл қаражаттар Қашар карьерінің 1 қатарын салуға, Соколов жер асты кенішін қайта жаңартуға, ұсатқыш-байыту фабрикасы мен ылғалды тау кен сепарация фабрикасын кеңейтуге бағытталады.

2009 жылы тау кен өндіру өнеркәсібіне инвестициялар салу 30,1 млрд. теңгені құрады. «ТасҚұм Қостанай» ЖШС Денисов ауданында Городищенск кен орнында сметалық құны 9,7 млрд. теңге жылына қуаттылығы 800 мың тонна кварцтық деориттер өндіру бойынша жобаны, «КРК Разрез Приозерный» ЖШС Әулиекөл ауданының «Приозерный» кескісінде қоныр көмір игеру жөніндегі жобаны жалғастыруда, сметалық құны 840 млн. теңге.