Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 26 из 32)

3.4.1. 1-шара. Жылу-энергетикалық ресурстарын және энергетикалық секторды тиімді пайдалану

Тау-кен шығару өнеркәсібі

Өңірлік экономиканың негізгі мақсаттарының бірі өндіру секторының тиімділігін арттыру болып табылады. Қойылған міндет жаңа басымды өндірісіті енгізу, шетелдік және жергілікті инвесторларды тарту және оларды экономиканы әртараптандыруға қатысу есебінен іске асырылады.

Тау-кен өндіру кәсіпорындарында өнеркәсіп өндірісінің көлемін өсіру үшін инвестициялық жобалардың іске асыру жөнінде жұмыс жалғасатын болады.

«ССТӨБ» АҚ құрыштың жоғары сапалы сорттарын өндіруге пайдаланатын құрамында 90 пайыздан кем емес темірі бар металданған өнім шығаратын өндіріс зауытын салу жоспарланып отыр. Аталған өндірісте қызмет ететіндер саны 2700 адамды құрайтын болады, жыл сайын металданған өнімінің өндіріс көлемі 2,4 млн. теңге құрайды. 2010 жылы табақты және сорттық илем өндірісі бойынша зауыт құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бірлестіктің инвестициялық бағдарламасы шикі кен өндіру бойынша кен базасын кеңейту және жаңартуға бағытталған.

«Қостанай минералдары» АҚ 2009 жылдың соңына дейін пневматикалық көлікті күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды жалғастырады; 2011 жылдың соңына дейін асбесті қосымша желдетпелік түтуді орналастыру, пресстерді жаңартуды жүзеге асыру, бұл жұмыстың технологиялық көрсеткіштерін жақсартуға себеп болады. Сондай-ақ 1-2 БелАз авто жүк түсіретін ауыр бульдозерлер, қосалқы мамандырылған техниканы жыл сайын сатып алу жоспарланып отыр.

«Варваринский» АҚ 2009-дан 2011-ға дейінгі мерзімде 4200 мың тонна көлемінде алтын-мыс кенді қайта өндіру қарастырылып отыр.

«Қазақстан-Ресей кен компаниясы» ЖШС Денисов ауданындағы Дрожилов кен орнында молибден және вольфрам барлау мен өндіру жөнінде инвестициялық жобасының практикалық іске асырылуы басталады. Қажетті инвестициялар көлемі 90 млн. АҚШ долларын құрайды, жоба 2011 жылы іске асырылады. Байытушы фабрикасының құрылысы 2008 жылдың аяғына жоспарланып отыр. Жылына 1 млн. тонна кен өндіру жоспарланып отыр. 2010 жылға дейін 3,4 мың тонна молибденді концентрат өндіру қаралуда.

2009-2011 жылдары «Приозерный» кенішінде 1300 мың тонна көмір өндіру жоспарланып отыр, 2009 жылы - 300 мың тонна, ол 2008 жылмен салыстырғанда 3 есе артық.

2009 жылы темір кен өнімдеріне сұраныстың азаюына байланысты тау-кен өндіру саласында өндіріс көлемі 167,4 млрд. теңгеге, немесе 2008 жылға 17,5 пайызға төмендейді. 2011 жылы өндіріс көлемі 290,2 млрд. теңге 2008 жылға өсімі 42,9 пайызды құрайды.

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде тау-кен өндіру саласында 2009-2011 жылдарда жалпы құны 13,8 млрд. теңге 3 басымды инвестициялық жобалары іске асырылады. Қосымша 1200 жұмыс орындары құрылады.

Электр энергетика саласы

Отын-энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және қазіргі заманға сай деңгейде оларды тиімді пайдалану облысты әлеуметтік – экономикалық дамытудың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады және облыстың экономикалық саясатында басымды болып қала береді.

Осы міндеттерді орындау «Қостанай облысының 2008 – 2015 жылдарға арналған энергия үнемділігі» сияқты өңірлік бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Бағдарлама облыс экономикасының энергетикалық тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, энергияны үнемдеу саясатын іске асырудың стратегиялық мақсаттарын, негізгі міндеттерін, жолдарын және тетіктерін анықтайды және республикалық, облыстық, қалалық бюджеттер мен кәсіпорындар қаражаттарынан 4884,41 млн. теңге көлемінде белгіленген іс – шараларды қаржыландыруды жоспарлауда, оның ішінде:

млн.теңге

Жылдар Барлық қаражат

Республика

лық бюджет

Жергілікті бюджет Кәсіпорындардың қаражаты
Облыстық Аудандық (Қалалық)
2008 407,01 0 50,86 30 326,15
2009 693,84 150 174,14 35 334,7
2010 747,52 673,32 0 35 39,20
2011 1062,84 993,34 0 30 39,5
2012 501,05 464,80 0 30 6,25
2013 501,05 464,80 0 30 6,25
2014 500,05 464,80 0 29 6,25
2015 471,05 464,80 0 0 6,25
Жиыны 4884,41 3675,86 225,00 219 764,55

Бағдарламаны іске асыру:

экономиканың әр түрлі салаларында энергиялық тиімді технологияларды және тұтынушылардың отын-энергетикалық ресурстарының құрал-жабдықтарын кеңінен пайдалану есебінен отын-энергетикалық ресурстарын ұтымды пайдалану жолдарын анықтауға;

энергияны өндірудің және тұтынудың тәртібін оңтайландыруға;

кәсіпорындарды құралдармен және энергия ресурстарының шығындары есебінің жүйесімен жабдықтауды ұйымдастыруға;

энергияның өндірістік емес шығындарын 3-5 пайызға төмендетуді қамтамасыз етуге;

өндіруге және энергияны тасымалдауға отынның үлес шығынын 2 пайызға төмендетуді қамтамасыз етуге;

автоматтандырудың кең мүмкіндігімен үйлестіре отырып, технологиялық процесстерді реттеудің қазіргі заманға сай тәсілдерін қолдану энергетикалық және басқа табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді;

шығарылатын өнімнің энергиялық сиымдылығын төмендетуге;

меншікті энергетикалық және соның салдарынан қоғамның өз дамуына материалдық шығындарын төмендету кезінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүкіндік береді.

Бірақ 2008 жылы бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджетте қаражат қарастырылмаған. Энергияға бағаның үнемі өсуінің салдарынан шығындануына байланысты энергия үнемдеу технологияларын енгізуге облыстың кәсіпорындарының да, өкінішке орай, қаржылай мүмкіндігі жоқ.

Көмір, су және жел энергиясы сияқты облыстың ішкі энергетикалық қорларын пайдаланатын тағы бір бағдарлама «Қостанай облысының 2008 – 2010 жылдарға арналған электр-жылу энергетикасын дамыту» бағдарламасы болып табылады.

Облыстағы көмір бассейнінің геологиялық қоры 35,5 миллиард тоннаға бағаланады. Кен орындарын әр бөлшегіне дейін зерттеген «Уралгипрошахт» институтының жұмыс нәтижелері бойынша жылына жалпы өнімділігі 119 млн. тоннаны құрайтын алты ірі көмір өндіретін кен орындары құрылысын жүргізуге мүмкіндік бар.

Көлемі көрсетілген көмірді өндіру жалпы қуаттылығы 20 мың МВт құрайтын электр станциясын отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоспарланған алты көмір өндіретін кен орындарын бүгінгі күні ішінара тек біреуі ғана игерілген - «Приозерный». 1990 жылы «Уралгипрошахт» институты жылына қуаттылығы 2 млн. тоннаны құрайтын, болашақта оның өнімділік қуаты 10 млн.тоннаға дейін жететін, қуаттылығы 2000 МВт құрайтын электр станциясын отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Приозерный» кен орны құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін жасады.

Бүгінгі таңда «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ облыстың электрмен жабдықтау мәселесін шешуге мүмкіндік беретін Торғай қоңыр көмір бассейнінің көмірін пайдалана отырып, қуаттылығы 2000 МВт болатын техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін және Құсмұрын ГРЭС-ін салу үшін әлеуетті инвесторларды іздеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Рудный ЖЭО қуаттылығы 63 МВт қосымша энергоблокты қосу есебінен 2009 – 2011 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының жобасында электр энергиясын 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 34 пайызға арттыру болжанған.

3.4.2. 2-шара. Экономика секторларының индустриялдық-инновациялық дамуы

Кластерлік даму

«Экономиканың басымдылық берілген секторларында ұшқыр кластерлер құру және дамыту жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысына сәйкес облыс «Тамақ өнеркәсібі» кластерінің «Қостанай облысында сүт кластерін құру» ұшқыр жобасына кірді.

«Қостанай облысының сүт кластері» пилоттық кластерін құру және дамытудың 2010 жылға дейінгі нақты шараларын шешуді қарастыратын іс шаралар жоспары әзірленді.

Сүт кластерінің негізгі қатысушылары белгіленді. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері және қайта өндеу кәсіпорындарының қатысуымен ауыл жинау-сату бірлестіктерін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кластерге қатысушылардың («ДЕП», «Космис», және «Милх» ЖШС-тері және басқалары) сүт өнімдерін (құрғақ сүт, ірімшіктер, ашытылған сүт өнімдері – йогурт, ерітілген ірімшік, пастерленген сүт, сарны май, қоюлатылған сүт) ішкі және сыртқы өткізу рыногына бірдей тұрақты түрде үзіліссіз жеткізуге мүмкіндіктері бар.