Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 6 из 32)

кірпіш шығаратын зауыт салу. Жоба «Торан» ЖШС базасында іске асырылды. 358 миллион теңге игерілді, 62 жұмыс орындары құрылды;

қуысты тақталар және полистеролбетон өндіру бойынша жаңа технологиялық желілерді сатып алу. Жоба «Стройдеталь» ЖШС базасында іске асырылды. Технологиялық желілер сатып алынды және орнатылды. 12,2 миллион теңге игерілді. 10 жұмыс орындары құрылды;

жаяжол тақталарды өндіру бойынша цех. «БК-Стройпром» ЖШС базасында іске асырылды. 7 миллион теңге игерілді, 11 жұмыс орындары құрылды.

1.1.7. Ауыл шаруашылығы

2007 жылы облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 188866,3 млн. теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 2006 жылмен салыстырғанда 116,5 пайызды құрады.

Егін шаруашылығы.2007 жылы егін шаруашылығының жалпы өнімі 115755,3 млн. теңгеге өндірілді, немесе 2006 жылға қарағанда - 163,8 пайыз. Ауыл шаруашылығы құрылымында егін шаруашылығының үлесі 61,2 пайызды құрайды.

Облыс егіншілігін дамытудағы басымдылық астық өндіру болып қала береді, ол егін шаруашылығы жалпы өнімінің 84,5 % қамтиды.

2008 жылы астық алқабы 4159,1 мың гектарды құрды, ол 2007 жылғыдан 201,7 мың гектарға артық. Ұлғаю негізінен жарамсыз және тыңайған жерлерді айналымға тарту есебінен пайда болған. Негізгі астық дақылы бидай 3 843,7 мың гектар алқапқа орналастырылды, ол 2007 жылғыдан 174, 4 мың гектар көп.

Соңғы жылдарда, 2004 жылдан бастап егін шаруашылығына ылғал сақтау жүйесінің енгізілуі астықтың тұрақты өнімінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және 2007 жылы астықтың өңдеуден кейінгі жалпы жиын көлемі 5899,3 мың тоннаны құрап, гектар түсімділігі – 15 центнерден айналды, бұл 2006 жылдан 1,9 центнерге артық. 2008 жылы ылғал сақтаушы технологияларды қолдану алаңдары 3000 мың гектарға дейін өсті, немесе 2007 жылға қарағанда 36,4 пайызға артық.

Жыл сайын нөлдік өңдеу бойынша жер өңдеу алаңдарын өсіру жүргізіліп жатыр: 2006 жылы - 266,1 мың гектар, 2007 жылы - 300 мың гектар, 2008 жылы - 360 мың гектар.

2008 жылы майлы дақылдар егістігі 76,0 мың гектарға орналасты, оның ішінде рапс – 64,5 мың гектар. 2007 жылмен салыстырғанда майлы дақылдар егістігінің көлемі 19,4 мың гектар, рапс - 12,1 мың гектарға өсті.

2008 жылы астық 4159,1 мың гектар алқапта орылған, 5256,1 мың тонна бастырылған (бастапқы түскен салмағы) орташа гектар түсімділігі 12,7 центнерден айналды.

Тұқым шаруашылығын дамыту үшін 2007 жылы 206,3 млн. теңге, 2008 жылы – 379,2 млн. теңге, оның ішінде элиталық тұқымдарды өндіруге – 332,9 млн. теңге бөлінді. Облыста 5 элиталық - тұқым шаруашылықтары жұмыс істейді.

Сорт алмастыру және сорт жаңарту мақсатында элиталық тұқым шаруашылықтары 2006 жылы 20 мың тонна элиталық тұқым, 2007 жылы - 20,5 мың тонна тұқым сатты, оның ішінде облыстан тыс жерлерге 2006 жылы - 1,6 мың тонна, 2007 жылы - 2,1 мың тонна сатылды.

53 тұқым қалыптастырушы шаруашылықтар шаруа және фермерлік қожалықтарды тұқымдармен қамтамасыз етті.

2008 жылдың өніміне 554,3 мың тонна көлемінде дәнді дақылдар тұқымы себілді, бұл қажеттіліктің 100 пайызын құрды.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 2008 жылы 30,2 мың тонна минералдық тыңайтқыштар енгізді, тыңайтылған алқап 702,7 мың гектар құрайды, бұл 2007 жылымен салыстырғанда 93,9 мың гектар артық және егіс алқабында 115,4 пайыз құрайды.

Астық бағасының өсуіне байланысты бірінші сорттағы нан бағаларын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды. Облыста қоғамдық бастамалары негізінде бекітілген баға бойынша астық сатып алу арқылы 100 мың тонна көлемінде азық-түлік бидайының облыстық тұрақтандыру қоры құрылған.

Қайта өндіруші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен бекітілген баға бойынша астық қабылдап, наубайханаларға сату үшін одан ұн жасайды.

Мал шаруашылығы. 2007 жылы облыста мал шаруашылығының жалпы өнімі 73111 млн. теңгеге өндірілді, немесе 2006 жылға 122,6 пайыз. Ауыл шаруашылығы құрылымында мал шаруашылығы 38,7 пайызды құрайды.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына облыста: 537,0 мың ірі қара мал, (оның ішінде 260,4 мың бас сиыр), 307,8 мың қой және ешкі, 288,3 мың шошқа, 75,5 мың жылқы, 3949,3 мың құс болды.

2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы түліктері мен құстардың барлық түрлері бойынша өсімге қол жеткізілді: ірі қара 3,9 %, (оның ішінде сиыр 3,7 %-ке), қой-ешкі – 5,7 %-ке, шошқа – 5,6 %-ке, жылқы – 5,0 %-ке, құс – 7,7%.

2007 жылы меншіктің барлық түріндегі шаруашылықтар 230,4 мың тонна ет, 609,6 мың тонна сүт және 383,3 млн. жұмыртқа өндірді. 2006 жылмен салыстырғанда ет өндіру көлемі – 5,2 мың тоннаға (2,3 %), сүт – 21,0 мың тоннаға (3,5 %-ке), жұмыртқа – 27,2 млн. (7,4 % ) өсті.

Негізгі ауыл шаруашылығы түліктері мен құстар жеке секторда шоғырланған (ҚІМ – 81,5 пайыз, оның ішінде сиыр -88,1, қой -92,6, жылқы -86, шошқа -95 және құстар - 68 пайыз). Ауыл шаруашылығының 130 құрылымы және шаруа (фермерлік) қожалықтары мал шаруашылығымен, оның 105-і орта және ірі тауар өндірісімен айналысады.

Шаруашылық жүргізіп отырған 32 нысанның асыл тұқымды шаруашылық санаты бар: оның ішінде 4 асыл тұқымды завод, 27 асыл тұқымды шаруашылықтар және 1 малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі дистрибьютерлік орталық.

Қостанай облысының асыл тұқымды шаруашылықтарында малдың басымдылық түрлерін өсіру жалғастырылуда.

2011 жылға дейін ірі қара мал бойынша 8 бірлік, жылқы бойынша - 4 бірлік, шошқа бойынша - 7 бірлік асыл тұқымды шаруашылықтар құрылады.

2007 жылы 6 шаруашылықтағы субъектілерге асыл тұқымды шаруашылық дәрежесін алды, оның нәтижесінде асыл тұқымды ірі қара малдың үлес салмағы 1,5 пайызға өсті.

Асыл тұқымды малдың үлес салмағы: ірі қара мал - 5,8 пайыз, шошқа - 0,4 пайыз, жылқы - 0,6 пайыз, құстар - 0,35 пайыз.

Мал шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдау ауылшаруашылық мал басының өсуіне, өнім өндірісінің көлемі өсуіне көмек етті.

2006-2007 жылдары «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы шеңберінде 435,8 млн. теңге бөлінді, ірі қара мал төлдерінің 3700 артық, 1000 шошқа сатылды.

Облыста 2007 жылы малды қолдан ұрықтандыратын 149 пункт жұмыс істеді, оның ішінде 114-і жеке секторда. Барлығы малды қолдан ұрықтандыру 17,1 пайызды құрайды.

Жануарлар және құстар жұқпалы ауруларының тұтану ошағы тіркелмеген.

Облыста 75 мал сою пункттері бар, оның ішінде бір ауысым өнімділігі 10 малға дейінгісі - 66, 50 малға дейінгісі - 7 және 100 малдан астамы - 2.

2007 жылы кәсіпорындар қаражаты есебінен салынған, 50 малға дейін өнімділігі бар мал сою цехі пайдалануға енгізілді.

Облыста 305 мал моласы бар, оның ішінде 47-сі типтік. 2007 жылы тартылған қаржы есебінен 1 типтік мал моласы салынған.

Облыста ветеринарлық қызметпен 10 заңды тұлғалар, лицензия алған 262 мал дәрігерлері және ауыл шаруашылығының 91 құрылымындағы мал дәрігерлері айналысады.

2006-2007 жылдарыветеринарлық қызметпен айналысуға 47 лицензия берілді. Үстіміздегі жылдың басынан бері ғана 7 лицензия берілді.

Механикаландыру.Облыстың ауыл шаруашылық құрылымдары ауыл шаруашылық техникасын сатып алу мен өндірістің энергиямен қарулануын өсірді.

2006-2007 жылдары облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы 26,6 млрд. теңге сомасына 646 трактор, 1025 астық комбайндарын, 275 егін сепкіш кешендерін, 741 егін сепкіштер мен өзге техниканың 459 бірлігін сатып алды.

Ауыл шаруашылық өндірісін жаңғырту процесінде техниканың қаржы лизингі белгілі орын алады. Осы бағытта облыста «КазАгро» Ұлттық холдингке кіретін «КазАгроФинанс» АҚ және «Астана - Финанс» АҚ – лизингтік компанияларының филиалдары жақсы жұмыс жасайды.

2006-2007 жылдары облысауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне лизингке «КазАгроФинанс» АҚ ҚФ арқылы 9,6 млрд. теңге сомасында 647 бірлік техника және жабдықтар берілді, «КазАгроФинанс» ҚФ арқылы 2,5 млрд. теңге сомасында -137 бірлік берілді.

2008 жылы «КазАгроФинанс» АҚ ҚФ арқылы 2,9 млрд. теңгеге лизингке техника сатып алуға 53 тракторға, 70 комбайн, 34 егін сепкіш кешендері, 31 егін сепкіштер және өзге техниканың 20 бірлігіне тапсырыс берілді. Тапсырыстарды жинау жұмыстары жыл бойы жалғастырылуда.

Мемлекеттік техника лизингі бағдарламасы бойынша «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы 2008 жылы 5 млрд. теңгеден артық сомаға 237 бірлік техника алынды.

Облыстың машина жасау және жөндеу-қалпына келтіру жөніндегі кәсіпорындары кең алымды дестелегіштер, тұқым сепкіштер, тиегіштер, астық тазалағыш және топырақ өңдегіш техникаларын, қосалқы бөлшектер, тораптар мен агрегаттар жасап шығарады, сол сияқты ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу жұмысын жүргізеді.

Ауыл шаруашылығының шағын және орта құрылымдарына егістік, егін орағы, химиялық өңдеу, сүді жер өңдеу, техника жөндеу жұмыстарында механикаландырылған қызмет көрсететін машина-технологиялық 3 станция (МТС) жұмыс жасайды.