Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 23 из 32)

2009 жылдан 2011 жылға дейін жыл сайын 10 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарланады, 5 мың жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады, 2011 жылға қарай қайта даярлау мен қайта дайындыққа жіберілетіндердің саны 1130 адамға дейін, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетіндердің саны 1500 адамға дейін көбейтіледі.

2009 жылдан 2011 жылға дейін экономикалық белсенді халыққа салыстырғандағы жұмыссыздықтың деңгейі 6,8 пайыздан 6,6 пайызға дейін төмендейді.

2009 жылы - 7,3 мың адамға, 2010 жылы - 7,1 мың адамға, 2011 жылы - 6,9 мың адамға мемлекеттік атаулы әлеуметік көмек көрсету жоспарлануда.2009-2011 жылдар аралығында алушылар санының азаюы тұрмысы төмен азаматтардың жұмысқа орналасуымен кәсіби дайындық пен қосалқы шаруашылықтың дамуымен байланысты.

Тұрғын үй жәрдемақысын 2009 жылы 26,4 мың адам, 2010 жылы - 26,9 мың адам, 2011 жылы - 27,4 мың адам алатын болады, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақылар 2009 жылы 51,1 мың балаға, 2010 жылы - 50,8 мың балаға, 2011 жылы - 50,6 мың балаға төленетін болады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен протездеу және протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша медициналық қызметтер көрсету, мүгедектерді сурдоқұралдармен және сурдокөмекпен, тифлоқұралдармен қамтамасыз ету, кресло-арбаларды, оның ішінде спортттық кресло-арбаларын сатып алу жоспарланады.

Санаторлық-курорттық емделуге жеңілдіктер беру, мүгедектерді оңалту қызметтерін сатып алу жөнінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру арқылы мүгедектерді, оның ішінде бала мүгедектерін, ардагерлерді оңалту жүргізіледі.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен азық-түлік, медикаменттер және өзге де құралдармен қамтамасыз ету қажетті нормативтерін сақтай отырып қарттар мен мүгедектерге арналған 13 жалпы үлгідегі әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерін ұстау жалғастырылады. Алдымыздағы үш жылда қамқорлыққа алынғандарды нормативтер деңгейінде жұмсақ және қатты жабдықпен (төсек-орын, киім, аяқ-киім, гигиеналық құралдар) қамтамасыз ету жақсартылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2009 жылы Қостанай қаласында қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйін салуға, 2010 жылы Қостанай қаласында ақыл-есі кеміс балаларға интернат үйінің ғимаратын салуға инвестициялық ұсыныстар енгізілді.

Тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу және халықты өнімді жұмыспен қамтуға арналған мүмкіндіктерді кеңейту облыс халқының әл-ауқатын одан әрі арттыруға қолдау жасайды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес халықтың жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастырылады. 2012 жылы 2007 жылмен салыстырғанда зейнетақының орташа мөлшері 2,5 есеге өседі, 2011 жылы базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күн көріс мөлшерінің 50 пайызын құрайды.

2009 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 9 пайызға ұлғаяды.

2010-2011 жылдары баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақы 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерін орташа есеппен 2,5 есеге асып түсетін деңгейге дейін көбейеді, 2010 жылы 4-ші немесе одан да көп баланы туғаны үшін бір жолғы жәрдемақы мөлшері 4 еседен артыққа көбейеді.

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2009 және 2010 жылдары 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға көбейеді.

Облыс бойынша орташа айлық нақты жалақы 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 12 пайызға өсіп, 46547,9 теңгені құрайды, 2011 жылы - 51,9 пайызға өсіп, 63127,5 теңгені құрайды.

Экономикада жұмыспен қамтамасыз етілгендердің саны 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға өседі және 528 мың адамды құрайды, 2011 жылы – 0,9 пайызға және 531 мың адамды құрайды.

2009 жылы экономикалық белсенді халықтың жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,8 пайызға дейін, 2011 жылы – 6,6 пайызға дейін қысқарады.

Кедейшілік деңгейі 2011 жылы 1,4 пайызға дейін төмендейді.

3.2.4. 4-шара . Халық денсаулығының жағдайын жақсарту

2008-2010 жылдары 5 денсаулық сақтау объектісін салыну көзделіп отыр, оның ішінде: 2 емхана мен облыстық қан орталығы, 2 аурухана (Қостанай қаласында облыстық аурухана және Рудный қаласында балалар ауруханасы) құрылысы.

Бастапқы медициналық - санитарлық көмек қызметіне қаражатты ұлғайту, жарақтандыруды жақсарту, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығы мен аурушандық деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Дамудың жоғары және орташа әлеуетімен барлық елді мекендер медициналық ұйымдармен қамтамасыз етіліп, медициналық қызметкерлермен жиынтықталады.

Облыста әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша ахуал тұрақтанады. 2011 жылға қарай 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауру 135 оқиғаға дейін төмендейді.

Өлім-жітім деңгейі (1000 тұрғынға) 2007 жылғы 13,2-ден 2011 жылы 12,8-ге дейін төмендейді, бала туу деңгейі 12,6-ден тиісінше 13,0-ге дейін жоғарылайды.

3.2.5. 5-шара. Білім беруді дамыту және кадрларды даярлаудың сапасын көтеру

2009-2011 жылдары мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салу және қайта жаңарту есебінен олардың саны 16 бірлікке өседі және 112 бірлікті құрайды.

2009 жылы Қостанай қаласында «Наурыз» шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салынады және 300 орынға арналғаны қайта жаңартылады.

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің басқа объектілері Білім және ғылым, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде қарастырылуда.

2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі балалар ұйымында балалар саны 3,9 мың адамға өседі және 34 мың адамды құрайды.

Орта білім беру саласын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 300 қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативті талаптарына сәйкес келтіру және аралас мектепті қазақ тілімен оқытатын мектепке қайта ұйымдастыру жалғасады.

2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылы кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі Рудный қаласының Қашар кентінде, Таран ауданының Тобыл аулында, Аманкелді ауданы Аманкелді селосында кәсіптік мектеп (лицейлерді) ашу арқылы 3 бірлікке артады. 2011 жылы 2008 жылға кәсіптік мектеп (лицей) оқушылар саны 0,3 мың адамға артады және 8,7 мың адамды құрайды.

2001 жылы 2008 жылмен салыстырғанда орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жаңа мамандықтар мен мемлекеттік білім беру тапсырысының ашылуы есебінен оқушылар контингенті 1,2 мың адамға артады және 25,2 мың адамды құрайды.

2001 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мемлекеттік (азаматтық) жоғары оқу орындарында студенттер саны 0,8 мың адамға өседі және 20,4 мың адамды құрайды, мемлекеттік емес жоғары оқу орнында – 10 мың студент, немесе 1,6 мың адамға көп.

Кадрларды даярлау сапасын көтеру үшін оқытудың кредиттік технологиясын, бақылаудың блоктық-рейтингтік жүйесі мен студенттердің (оқушылардың) білімін бағалау, компьютерлік тестілеу түрінде емтихандарды қабылдау жұмысын енгізу, қашықтықтан оқыту мен телекоммуникациялық-ақпараттық прогрессивтік технологияларды пайдалана отырып on-linе режимінде оқытуды енгізу ары қарай жалғасын табады.

Кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары білім беру сапасының жүйесін жақсарту мен кредиттер трансфертінің европалық жүйесін (НТЕЖ) пайдалануға бағытталған халықаралық бағдарламаларға қатысатын болады.

Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Висмарк университетімен (Германия) бірлесе отырып «Шағын және орта бизнеске арналған стратегиялық интегралданған халықаралық менеджмент» бағдарламасы бойынша халықаралық магистратураны, менеджмент, агрономия, зоотехника, агроинженерия, мал дәрігерлік медицина, мал дәрігерлік санитария, физика мамандықтары бойынша магистратура ашу жоспарлануда.

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру, студенттердің (оқушылардың) тағылымдамалары, бітірушілерді жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерді тарту, әлеуметтік ынтымақтастық ары қарай дамиды.

Жас мамандарды жұмысқа орналастыруға (үйлестіру кеңесі, бос орындар жәрмеңкесі), оларды қайта даярлау (келісім шартты нысаналы дамытуды есепке алғанда), кәсіптік өзін өзі анықтауға дайындығын қалыптастыру, оның ішінде өз ісіне қолдау көрсету жүйесінің жұмысы жақсаратын болады.

Жұмысшы кадрлар, техникалық және еңбекке қызмет көрсетуші мамандарға кәсіптік даярлық, растау және біліктілік берудің тәуелсіз жүйесін бағалау жалғасады.

3.2.6. 6-шара. Мәдениетті және спортты дамыту