Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 21 из 32)

Өндеу өнеркәсібіне көзделген мерзімде 25,8 млрд теңгені бағыттау жоспарланады. Бұл мерзімде Қостанай қаласында өнімділігі жылына 2570 бірлік техника және 13,5 мың мың қозғатқыш шығаратын құны 7 млрд. теңге жинақтап шығару, өзінің конструкторлық әзірлемелері негізінде техника шығару және дизель қозғағышын жинақтап шығару жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасады («Агромаш Холдинг» АҚ ҚФ). Облыстық орталықта, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қостанай және Меңдіқара аудандарында цемент өндіру, кірпіш және басқа да құрылыс материалдарын шығару жөніндегі зауыттарды салу жоспарланады.

Алдағы үш жылдық мерзім ішінде Рудный қаласында («ССКӨБ» АҚ) металданған өнім шығару жөнінде зауыт, құны 108 млрд. теңге, табақ және сортты прокат шығару жөнінде зауыт, құны 42 млрд. теңге, Қоскөл ауылында («Сарыкөл Агро» СКБ) тәулігіне 300 тонна бидай өндірістік қуаттылығы бар ұн және қоспажем өндіру жөнінде диірмен кешенінің құрылысы жүргізіледі.

2009 жылы өндеу өнеркәсібіне салымдар 8,2 млрд. теңгені құрайды. Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу («Завод ТБӨ - 25»), ет жартылай фабрикаты (ЖК«Батт А.Я.»), құрғақ барды (ЖШС«Innova») өндіру цехы құрылысын аяқтау көзделеді. Затобол кентінде (ЖШС«Витамин Д») шұжық өнімдерін шығару өндіріс кешенін және Рудный қаласында (ЖШС«Сарыбай») тәулігіне 300 тоннаға дейін ұн өнімдрін шығаруды ұлғайтуға байланысты диірмен кешенін қайта жаңарту аяқталатын болады.

Электр қуатын, газ бен суды өндіру және бөлуге 2009 - 2011 жылдары 8,7 млрд. теңге сомасында инвестицияларды бағыттау жоспарланады. Облыс аудандары мен қалаларында тұрғын үй коммуналдық саласындағы кәсіпорындарды салу, қайта жаңарту және жаңғырту жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылады.

2009 жылы бұл салаға салымдар 2,8 млрд. теңгені құрады. «Қазақстан Темір жолы» ҰК «Қостанай - Железорудная» темір жол участкесін электрлендіру жөнінде жұмыстарды жүзеге асыруды, «КТЭК» МКК Қостанай қаласында жылу желілерін қайта жаңартуды жалғастырады.

2009 - 2011 жылдары көлік және байланысты дамытуға 18,6 млрд. теңге қарасырылады. Өндірісті қайта жабдықтауға, автокөлік пен техниканы сатып алуға, шеберханаларды, гараждарды салуға және қайта жаңартуға қаражаттар бағыттау жоспарланды. «Трансремвагон» ЖШС (Рудный қаласы) бұл мақсатқа 157 млн. теңге, «Қазақстан Темір жолы» ҰК 111 млн. теңге салуды жоспарлайды.

«Қазпошта» АҚ инвестицияларын облыстағы бір қатар елді мекендерінде пошталық бөлімшелерін ашуға бағыттайды.

2009 жылы көлікке және байланысқа инвестициялар көлемі 5,9 млрд. теңгені құрайды.

Жылжымайтын мүлікпен операцияларға 3 жылдық мерзімде 31,8 млрд. теңге жіберіледі, оның ішінде халық қаражатының жеке құрылысқа салымы 17,8 млрд. теңгені құрайды. Берлин, Бисембай және Смирнов пайдалы қазбалар кен орындарын барлауға шаруа етуші субъектілер («Айнұр» ЖШС, «НПО Казгеология» ЖШС және «Қазақстан – Ресей кен компаниясы» БК) 5,6 млрд. теңген салуды жоспарлайды.

2009 жылы жылжымайтын мүлікпен операцияларға 10,3 млрд. теңге бағытталады, оның ішінде халықтың өз қаражаттары 5,2 млрд. теңгені құрайды, ол 145,3 мың ш.м. жеке тұрғын үйді салуға мүмкіндік береді. «Қазгеология» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС Бисембаев кен орнында кварц-каолин-түз шпаты шикізатын іздеуді және өндіруді жалғастырады.

Жоспарланатын мерзімде коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтерді көрсетуге облыс кәсіпорынадры 2,1 млрд. теңгені салуды қарастырады. Бұл қаражаттардың негізгі үлесі спорт және ойын-сауық кешенін, облыстық орталықта, Қостанай, Таран және Сарыкөл аудандарында демалыс және туризм аймақтары мен базаларын салуға және қайта жаңартуға пайдаланылады.

2009 жылы бұл салаға 0,7 млрд. теңге бағытталады.

Шетел инвесторларының 8,7 млрд.теңге сомасындағы қаражаттары жылына 352 мың тонна қайта өңделетін кен өндейтін Жітіқара ауданының Шевченковск кен орнының никель-кобальт кенін қайта өңдеу жөнінде тау-металургиялық өндіріс құрылысына («Қазақстан никелі МРК» ЖШС), өнімділігі жылына 1 млн. тонна кен өңдейтін Дрожилов кен орнында млибден және вольфрам байыту фабрикасын («Қазақстан – Ресей кен компаниясы» БК) және т.б. салуға бағытталады. 2009 жылы шетел инвестицияларын 2,2 млрд. теңге сомасында салу жоспарланып отыр.

3.1.3. 3-шара. Қаржы қызметі саласын дамыту

Облыстың жергілікті атқару органына бекітілген кредиттік шартқа (келісіміне) байланысты республикалық бюджетке берешекті 1176 млн. теңге сомасында, оның ішінде 2009 - 2010 жылдары – 370 млн. теңгеден, 2011 жылы – 436 млн. теңге өтеу керек. 2009-2011 жылдары мынадай іс-шаралар іске асырылады:

Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген кредиттік қаражатты уақытында нысаналы игеру арқылы халыққа ипотекалық кредит беруді дамыту;

шағын кәсіпкерлік жобаларын кредиттеуді қолдау және қамтамасыз ету;

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өнім, жұмыс, қызмет көрсетуді сертификаттау кезінде жеңілдіктер қолдану. Осы іс-шара Сараптау және сертификаттаудың ұлттық орталығымен келісіп әзірленді, бұл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сертификаттау кезінде бағасын төмендету түрінде жеңілдікті орнатты. Осы іс-шара өнімнің жаңа түрлерінің өндірісі және іске асуын өсіруге себеп болады;

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ қаржы институттарының жарғы капиталындағы олардың үлестік қатысумен жасау арқылы ауылды жерлерінде шағын кәсіпкерлік субъектісінің кредиттеу үшін микрокредиттік ұйымдар өңірлік желісін кеңейту;

шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне көмек көрсету бойынша өңірлік орталықтар және бизнес-инкубаторлар құру;

«Қостанай облысының ең жақсы кәсіпкері», «Қостанай облысының ең жақсы тауарлары», «Қостанай облысының ең жақсы базары» конкурстарын ұйымдастыру және өткізу;

кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарын біріктіруде қоғамдық талапты ынталандыруға мақсаттталған іс-шараларды дайындау.

3.1.4. 4-шара. Коммуналдық мүлікті басқаруды жетілдіру

Коммуналдық мүлікті басқару саласындағы негізгі басымдықтары анықталды:

жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы заңнамасына сәйкес оны толық есепке алу және құжаттарды ресімдеу жолымен мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың тиімділігін одан әрі арттыру;

коммуналдық меншіктің пайдаланылмайтын жылжымайтын мүлігін жекешелендіруден түсетін қаражат есебінен мемлекеттік бюджетті толықтыру.

3.1.5. 5-шара. Бәсекелестіктің тең жағдайын қалыптастыру және бизнес-ортаны жақсарту

Үстіміздегі жылы бәсекелестік ортаның қалпына, соның ішінде бәсекелестікті дамыту дәрежесіне, тауар рыногын дамыту және бәсекелестік қабілеттілігін арттырудағы маркетингтік стратегияларын анықтауды бағалау мақсатымен облыстың тауар рыногының әрі қарай зерттелуі жоспарлануда, сондай-ақ, экономиканың монополизацияланған секторларында бәсекені дамыту жөніндегі нақты шаралар қабылданады.

3.1.6. 6-шара. Инфляцияны тұрақтандыру

Облыста 2009-2011 жылдары инфляцияны тұрақтандыру мақсатында:

өңдеу өнеркәсібінде өнім өндірісі жылына орташа есеппен – 17 пайызға, соның ішінде ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу саласында -10 пайызға ұлғаяды. Үш жыл ішінде ұн өндірісін - 16 пайызға, нан - 7 пайызға, ет - 11 пайызға, сүт - 16 пайызға;

картоп себу алқаптарын – 6 пайызға, немесе 0,6 мың гектар, көкөністер - 22 пайызға, немесе 0,5 мың гектарға ұлғайту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Нәтижесінде үш жыл ішінде картоп және көкөністер өсіру 22 мың тоннаға жетеді.

Сауда рыноктары қызметтерін ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес келтіру, әсіресе олардың санаттарын бекіту және сатушы мен сатып алушыларға мейлінше қолайлылықтар туғызу жөнінде жұмыс жалғастырылатын болады.

«Тобыл» ӘКК-мен бірге көтерме-бөлшек сауда желілерін дамыту бойынша мынадай жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:

облыс қалаларында коммуналдық рыноктарды ұйымдастыру бойынша;

жыл сайын мамыр айынан қазан айына дейін тұрғын шағын аудандарда сауда шатырларын орналастыру бойынша;