Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 10 из 41)

- Өндірістік емес шығыстар (әкімшілік басқару, дайын өнімдерді өткізу) есепті кезең шығындарына жатады, өнімдердің өзіндік құнына төте шығындар және жанама шығындар кірмейді төте шығындар және жанама шығындар.

Төте шығындар – бұл есепке алу мақсатымен, яғни өндірілетін өнімнің нақты түрімен байланысты шығындар. Жанама шығындар бірнеше өнім түрлеріне (жұмыс, қызмет) жатады.

ІІ. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі:тұрақты шығындар және өзгермелі шығындар.

Тұрақты шығындар уақыттың белгілі бір кезеңінде өндірістің әртүрлі ауқымы үшін өзгеріссіз қалады (әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындар).

Өзгермелі шығындар өндірістік қызмет деңгейіне (көлеміне) тікелей сәйкестікте (пропорционал) өзгереді.

- есепке алынатын шығындар және есепке алынбайтын шығындар.

Белгілі бір шешімді әзірлеу кезінде аталмыш проблемаға қандай шығындардың қатысы бар және қандай шығындардың қатысы жоқ екендігін анықтау қажет.

Шешім қабылдауға қатысты емес шығындар есепке алынбайтын шығындарға жатады:

- қайтарылмайтын шығындар (өткен кезең шығындары) және міндеттелген (вмененные) шығындар.

Қайтарылмайтын шығындар – бұл осыған дейін сатып алынған ресурстардың құны. Бұл бұрын қабылданған шешімдер нәтиіжесінде пайда болған және болашақта ешқандайда шешіммен өзгертілмейтін шығындар.

Міндеттелген шығындар, әрекет етудің қандайда бір баламалы бағытын таңдау кезінде басқадан бас тартуды талап ететін, жоғалтқан немесе жоғалтатын мүмкіндікті сипаттайды.

- инкрементті (өсетін) шығындар және маргиналды (шекті) шығындар.

Инкрементті шығындар өнімдер бірлігінің қандай да бір топтарын жасау немесе сату нәтижесінде пайда болады. Олар өнімдер бірлігінің тұтастай тобының өндіру көлемін көбейту нәтижесі болып саналады.

Маржиналды шығындар өнімдер бірлігіне қосымша шығындарды білдіреді. Олар өнімдердің бір бірлігінің өндіру көлемін көбейту нәтижесі болып саналады.

ІІІ. Бақылау мен реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындардың жіктеуі.

- Реттелетін шығындар және реттелмейтін шығындар.

Реттелетін шығындардың жауапкершілік аясы осы шығындармен реттеледі.

Өнімдердің өзіндік құнын құрайтын шығындарды жоспарлау, есепке алу және талдау кезінде шығындарды топтастырудың келесідей түрлері қолданылады:

- шығындардың пайда болған орны бойынша (өндірісте, цехтарда, учаскелерде, бригадаларда);

- өнімдер түрлері бойынша (жұмыс, қызмет);

- шығыстар түрлері бойынша (шығындар баптары мен элементтері).

Күнтізбелік кезеңдер бойынша өндіріс шығындары бөлінеді:

- әрбір өндірістік кезеңде болатын немесе ағымдық шығындар деп атала отырып, жартылай мер­зім­ді­лік­ке ие (бір айдан аз уақыттағы) тұрақты шығындар;

- өндірісті дайындаумен байланысты біржолғы шығындар немесе белгілі бір уақыт ішінде өндіріс процесін қамтамасыз ететін белгілі бір жағдайлармен байланысты (жылдық жөндеулер және т.б.) мерзімді шығындар, жоспардағыдан артып кететін немесе есепті кезеңдегі шығыстар алдағы кезеңдер шығыстары деп аталады. Бір жолғы бір реттік шығыстар (өндірісті қосу шығыстары, өндірісті дайындау және игеру шығыстары және т.б.) шығыстар сметасын бекіту кезінде белгіленген тәртіпте және мерзімдерде бөліктер бойынша өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына қосылады.

Одан өзге, өндіріс процесіне жатушылығы бойынша шығындар өндірістік (өндіріс процесі барысында туын­дай­тын) және өндірістік емес (сатып алушылар өтемейтін өнім­дер­ді өткізумен байланысты) өндірістен тыс шығындар бо­лып бөлінеді.

Тағайындалуы бойынша шығындар негізгі (өндірістің кез келген жағдайында болмай қоймайтын) және жанама (негізінен, өндірісті ұйымдастыру шығыстары) болады.

Өнімдердің өзіндік құнына қосылу тәсілі бойынша шығындар тікелей (есеп объектісіне немесе есептеп шығаруға тікелей жатқызуға болатын) және жанама (есеп объектісіне бөлінетін немесе есептеп шығару объектісіне жанама жолмен бөлінетін) болады.

Экономикалық элементтері және шығындар баптары бойынша топтастыру, шығындардың негізгі топтастырулары болып саналады. Бұл, осы топтастырулар негізінде: өндіріс шығындарының сметалары және өнімдердің жекелеген түрлері бойынша өзіндік құнын есептеп шығару сияқты маңызды құжаттар әзірленетіндігімен түсіндіріледі.

№2 „Қорлар“ ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 12 бөлімі бойынша, олардың экономикалық мазмұнына сәй­кес, ке­ле­сідей экономикалық элементтер бойынша топтастырылады:

- өнімдердің құрамына тікелей кіретін, сатып алынатын шикізат және материалдардың құнын көрсететін шығындар; қалыпты технологиялық процесс пен өнімдерді буып-түюді қамтамасыз ету үшін, өнімдер өндіру процесінде пайдаланылатын сатып алынған материалдар; сатып алынатын құрамдық өнімдер мен жартылай фабрикаттар; технологиялық мақсатқа жұмсалатын барлық отын түрлері; бүкіл қуат көздері (отындық, қысылған ауа, электрлік). Материалдық шығындардан қайтарылатын қалдықтар құны, яғни өнімдер өндіру процесінде құралатын және өзінің бастапқы ресурстық тұтыну қасиетін жартылай немесе толық жоғалтқан шикізаттардың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың және материалдық ресурстардың өзге де қалдықтар түрлерінің құны шегеріледі;

- еңбек ақы шығындары келісімді бағаларды, тарифтік ставкаларды, лауазымдық кесімді ақыларды ескере отырып, нақты атқарылған жұмыс үшін кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек ақысына кәсіпорынның жұмсаған шығыстары көрсетіледі. Мұнда, сондай-ақ олардың жұмыс нәтижелері үшін жұмыскерлер мен қызметкерлерге берілген сый­ақы­лар, өтемақылар сипатындағы төлемдер ескеріледі;

- сақтандыруға жасалған аударымдар заңмен белгіленген нормалар мен бағыттар бойынша міндетті аударым жасауды білдіреді;

- құралдардың тозуы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын толық қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық сомасын көрсетеді;

- өзге шығындар өзіне салықтар мен салымдарды, ластаушы заттардың шекті – рұқсат етілетін тастамалары үшін, мүлікті міндетті сақтандыру төлемдерін, несие төлемдерін, байланыс қызметі ақыларын, жал ақыны және т.б. енгізеді.

Шығындардың экономикалық элементтері бойынша есептеліп шығарылған өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, олар нақты өнімдердің қандай түрлеріне пайдаланғанына қатыссыз түрде, өндірістік бағдарламаларды орындау үшін тұтынылған ресурстардың жалпы көлемін құндық өлшемдермен көрсетуге мүмкіндік береді. Экономикалық элементтер бойынша шығындардың жіктеуі, сондай-ақ шығындарды құраудағы және өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын төмендетуде негізгі бағыттарды анықтаудағы әрбір элементтің маңызын айқындауға мүмкіндік береді.

Өнімдердің (жұмыс, қызмет) жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін кәсіпорынның шығындары топтастырылып, өзіндік құнын есептеп шығару баптар бойынша ескеріледі. Шығындар баптарының тізімі, олардың құрамы, өнімдердің (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша бөлу әдістері өндіріс сипаты мен өндіріс құрылымына қатысты болады және шаруашылық жүргізуші субъектінің Есеп саясатында бекітіледі.

Шығындар баптарының номенклатурасы мен құрамын таңдау кезінде, олардың өзіндік құнына (тікелей шығыстар) тіке және тікелей қосылуы мүмкін жекелеген өнімдер түрін (жұмыс, қызмет) өндірумен байланысты, шығыстардың неғұрлым көбірек бөлінуін қамтамасыз етудің қажеттігін басшылыққа алу көзделеді. Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шығындар өзіндік құнын есептеп шығарудың келесі баптары бойынша топтастырылады:

- шикізат және материалдар;

- қайтарылатын қалдықтар (шегеріледі);

- сыртқары кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы жартылай фабрикаттары мен қызметтері, сатып алынатын өнімдер;

- сыртқары кәсіпорындар мен ұйымдардың сипаттары;

- технологиялық мақсаттарға арналған отын және энергия;

- өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы;

- еңбек ақыдан жасалған аударымдар;

- өндірісті дайындау мен игеру шығыстары;

- қосымша шығыстар;