Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 16 из 41)

Қаржылық стратегияның мақсаттары дамудың жалпы стратегиясына бағынып, кәсіпорынның нарықтағы құнын максимизациялау қажет.

Қаржы стратегиясын құрудың маңызды мезеті оны іске асырудың кезеңін анықтау. Оған бірнеше факторлар әсер етеді. Олар:

-макроэкономикалық процестердің динамиксы;

- отандық қаржы нарығының даму тенденциясы (әлемдік қаржы нарықтарының дамуын ескере отырып);

- кәсіпорынның салалар жатқызылуы және оның өндірістік қызметінің спецификасы.

Қаржы стратегиясы негізінде кәсіпорынның қаржы қызметінің белгілі-бір бағыттары бойынша қаржы саясаты анықталады: салықтық, амортизайциялық, дивидендтік, эмиссиндық және т.б.

Перспективалық жоспарлаудың негізін болжау құрайы, ол нарықтағы компанияның стратегиясын ұсынады. Болжау (рsognosis грек сөзінен – алдын-ала болжау) – ұзақ мерзім бойы кәсіпорынның мүмкін қаржылық тұрақтылығын зерттейді.

Болжау альтернативті қаржы көрсеткіштерінің және параметрлерінің өңделуін, ал нарықтағы қалыптасқан даму тенденциясы кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамытудың бір нұсқасын ұсынады.

Перспективалық қаржылық жоспарының нәтижесінд үш негізгі қаржы құжаттары өңделеді:

- кірістер мен шығыстар туралы есептілігін болжау;

- ақша қаражаттарының қозғалысын болжау;

- бухгалтерлік балансты болжау.

Бұл құжаттарды құрудың басты мақсаты - жоспарланатын кезеңнің соңында кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.

Болжамды қаржы құжаттарын құру үшін келешек сатудың көлемін (өткізілген өнімнің көлемі) дұрыс анықтау қажет. Бұл өндірістік процесті, қаражаттарды бөлуді, қорларды бақылауды ұйымдастыру үшін қажет. Сату көлемдерінің болжамы кәсіпорынның нарықтағы алатын орнын анықтауға мүмкіндік береді.

Ережеге сәйкес, сату көлемдерінің болжамы 3 жылға құрылады. Сату көлемдерінің жылдық болжамдары тоқсан мен айға бөлінген. Сату болжамы қысқарған сайын, ондағы берілетн ақпараттар нақты және анық болуы тиіс. Бұл өндірістің бірінші жылы өнімді сатып алушылардың санын анықтап, екінші және үшінші жылға маркетингтік зерттеулерді жүргізудің есебінен болжамдарды құруға мүмкіндік береді.

Сату немесе өткізу болжамдары ақшалай, физикалық бірліктерде көрінуі мүмкін және де кәсіпорынның қолма-қол ақшаның ағындарына бағалардың, сату көлемінің, инфляцияның әсерін анықтайды.

Келешек сату көлемдерін мына әдістерді есептеудің көмгімен анықтауға болады:

1. Эвристикалық. Бұл ақпараттарды нарықтың әртүрлі қатысушыларына таратумен байланысты: сауды жұмыскерлері, маркетинг службаларының мамандары, сатып алушылар. Бұл әдістің жағымды сипаты, ол тұтынушылардың қажеттіліктері туралы нақты ақпарат береді. Бірақ, ол нарық конъюктурасының өзгеруінің жоғары ықтималдығын болжамайды.

2. Уақытша сатыларды талдау – өнімді (қызметті, жұмысты) сату көлемдерінің уақытша тербелістерін есепке алу үшін қолданылады. Оған экстрополяция әдісі, маусыды талдау және циклді талдау әдістері жатқызылады. Экстрополяция әдісі келешекке таңдалған уақыт кезеңінде сату көлемін болжау нәтижесінде таралатын нәтижелерге тәуелді. Мысалы, болжанатын кезеңге сату көлемін анқтау үшін 2003-2007 ж.ж. сату көлемінің тенденциясы оны базасы ретінде анықталады.

Сату көлеміне маусымдық фактор үлкен әсер етеді, мысалы, үйге жылу беретін аппаратура жыл бойы өткізілсе де, күз-қыс мерзімдерінде оның өткізілуі артады.

Циклдік талдау әдісі өнімді тұтыну уақытымен байланысты сату көлемінің өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, кірпіш пен цементтің сатылу көлемі құрылыс жоспарларымен тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл әдіс жиі қолданылады.

3. Эконометриялық үлгілер. Бұл үлгілердің көмегімен кәсіпорынның сыртқы ортасынан, соның ішінде макроэкономикалық өзгерістерден (ЖІӨ өсу қарқыны, ҚР Ұлттық банкінің есеп мөлшерлемесінің өзгеруі, инфляция қарқыны және т.б.), сонымен бірге, бәсекеге қабілетті салалрдың салалық көрсеткіштерінен сату көлемінің корреляциясы анықталады.

Бұл әдістерді зерттеу барысында алынғын нәтижелердің сәйкестігі, олардың динамикасындағы сыртқы және ішкі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

Кірістер мен шығыстар туралы есептілігін болжаудың көмегімен келешек кезеңде кәсіпорфннфң алатын табыс мөлшерін анықтайды. Кіріс пен шығыс туралы есептіліктің болжамы келесі баптарды қарастырады:

1. Өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен түсім

2. Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны

3. Жалпы пайда (01 жол –02жол)

4. Қаржыландырудан түскен түсімдер

5. Басқа да табыстар

6. Өнім өткізуге және қызмет көрсетуге кеткен шығындар

7. Әкімшілік шығындар

8. Қаржыландыруға жұмсалған шығындар

9. Басқа да шығындар

10. Салық салуға дейінгі пайда (шығын) (03жол + 04жол + 05жол –06 жол–08 жол–09жол)

11. КТС бойынша шығындар

12. Кезең бойынша қорытынды пайда (қорытынды шығын) (10жол –11жол)

Баланс болжамы перспективалық қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаттарының құрамына енеді. «Баланс» түсінігі (француздың – таразы, өлшеуіш) – актив пен пассивтердің тепе-теңдігін білдіреді, яғни кәсіпорынның қолданатын барлық қаражаттары өзіің өлшемі бойынша ақша түсімдеріне және олардың қайнар көздеріне тең болуы тиіс.

Баланс салыстырмалы кестені ұсынады, онда капиталдың қайнар көздері мен оны орналастырудың қаражаттары көрсетіледі. Активтің қандай түрлеріне ақша қаражаттары жіберілетін және пассивтің қандай түрінде бұл активтерді құруды қаржыландыру үшін актив пен пассивтердің балансы қажет. Баланс активінде қаражаттардың ең белсенді бөлігін – қысқа мерзімді активтерін, қорлар мен тіркелген активтерді белгілеуге болады. Баланс пассивіндекәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттары, олардың құрылымы мен келешектегі үш жылғы кезеңге жоспарланатын бұл қаражаттар өзгерісінің болжамы беріледі.

Кәсіпорынның қаржылық операцияларының динамикасын сипаттайтын кіріс пен шығыс туралы есептіліктің болжамына қарағанда, баланстың болжамы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының тіркелген, статистикалық суретін бейнелейді.

Болжанатын баланстың құрылымы кәсіпорынның есепті балансының жалпы түрде тіркелген құрылымына сәйкес келеді, себебі, бастапқы мәліметтері баланс есептілігінің соңғы мерзімінен алынады.

Ақша қаражаттар қозғалысының болжмы – қаржылық құжат, бұл кәсіпорынның ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметі бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын сипаттайды. Болжамды өңдеу кезінде қызмет бағыттарының бөлінуі ақша ағындарын басқарудың нәтижелігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттар қозғалысының болжамы қаржы менеджеріне кәсіпорынның қолданатын ақша қаражаттарын бағалау мен олардың қайнар көздерін анықтауға мүмкіндік береді. Еспті ақпаратты зерттеу барысында болжэамды мәліметтер келешек ағындарын, кәсіпорынның өсу перспективаларын және келешекті қаржы қажеттіліктерін бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялардың қаржыландырылуын нақты техника-экономикалық негіздемесі мен өндірістік және қаржылық инвестицияларға талдау жүргізгеннен кейін болжамға енгізеді. Ұзақ мерзімді инвестицияларды және оларды қаржыландырудың қайнар көздерін жоспарлағанда келешек ақша ағындары өлшемді нәтижелерді алу үшін дисконттау әдісі негізінде ақшалардың уақытшы құндылығы ретінде қарастырылады.

Ақша қаражаттарының қозғалысын болжаудың көмегімен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қажетті ақша қаражаттардың көлемін, ақша қаражаттардың түсу тәртібін және оны жұмсау тәртібін анықтауға болады, яғни кәсіпорынның келешектігі өтімділігін (ликвидтілігін) тексеруге болады.

Бұл болжамды құрғаннан кейін кәсіпорынды қаржыландырудың стратегиясын анықтайды. Оны мәні келесідей:

- ұзақ мерзімді қаржыландырудың қайнар көздерін анықтау;

- капиталдың құрылымын және шығындарын құру;

- ұзақ мерзімді капиталды өсірудің әдістерін таңдау.

Ағымдағы қаржылық жоспарлау.