Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 4 из 41)

Д 1030 55,0

К 5110 50,0

3,3 (біріншіге) (5000 :1,5)

1,7 (екіншіге) (5000 :3)

үшіншінің салған ақшасы 55,0тг., ал капиталы 50,0тг., 5,0 бұрынғы құрылтайшылардың сыйлықақысы 2:1 пропорциямен.

3 Инвестициялық қызмет. Негізгі капитал және басқа да ағымнан тыс Активтер

3.1 Инвестициялық қызмет

Инвестиция деген (лат. «Invest”) өндірісті дамыту үшін ақшалай, материалды және еңбекті шығындар жиынтықтар болып танылады. Инвестициялық қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (кұрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) каражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айкындайды (борышқорлық).

Инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне карай, қысқа, ұзақ мерзімді және орташа мерзімді болып бөлінеді.

Инвестиция салынған максаты бойынша: нақты,қаржылық және интеллектуалды болып танылады.

Накты инвестициялар — бұл сапынған капиталдың нәтижесінде капиталдың өсуі немесе жаңа материалдық қордың (капиталдың) пайда болуы.

Қаржылық инвестициялар (портфельді)— бұл акция, облигация және басқада құнды қағаздарға (банктік депозиттерге) салынған капиталдар, бұл жерде капиталдың өсуі немесе жаңа материалдық қордың (капиталдың) пайда болуы болмайды, бұл жерде меншік тек сатылады, ауысады, беріледі.

Интеллектуалды деген- ол, ғылыми ұйымдарға мамндар дайындау, тәжірибе алмасу, лицензия және «ноу-хау», бірлесіп ғылыми жұмыстар жасау және т.б. жатады.

Меншік формасы бойынша (иелігі): мемлекетгік (Үкіметпен Ұлттық Банктін, борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық,-шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту максатымен колданыстағы заңға сәйкес шығарылатын), аралас, шетелдік болып бөлінеді.

Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондық,(акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялык векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінді.

Фондылық, бағалыкағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар кор биржаларында айналыска түседі.

Саудалык, бағалықағаздар коммерциялық бағытка ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне кызмет көрсетуге арналган.

Нарыктағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы кағаздарды нарыктық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.

Нарыкта болатын бағалы кағаздар биржалық немесе биржалык емес айналым шеңберінде нарыкта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсыньлмайды.

Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету кабылданған: бірінші тип — өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.

Коржынның бірінші типініңмақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың багамдық (курстық) өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды.

Қоржындардың екінші дивидентгер мен процентгер есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін камтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін корлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарыктык ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) коржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы кағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін. Баскаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде гана табыспен камтамасыз етіледі.

Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толык сактау мақсатынан тұрады. Оның күрамына ақшалай каражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар коржындары облигациялардың есебінен калыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.Қоржындардың өсуіне қоржынға еңген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары түрақты кұрамға және кұрылымға ие.

Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.

Шаруашылық жүргізуші акцияларға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерді қаржыландыру құқылы. ҚР-сының Азаматтық кодексінің 94 бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру барысында сол заңды еншілес тұлғаға негізгі болып табылады. Негізгі тұлға еншілес тұлғаға 100% немесе 90% бақылау жасай алады.

Еншілес немесе тәуелді кәсіпорындарға бақылау жасау барысында үлестік қатысу әдісі немесе құндық әдіс қолданылады.

Бірінші әдістің нысаны кәсіпорынның табысы мен залалы, дивидендтердің балансында көрсетілуі.

Мысалы : Инвестор АҚ «Углесбыт» АҚ «Борлы» ның 70000тг. құндылығының 35% акциясын сатып алды, сонда

Д 2100 К 1010 70000тг.

Жыл соңында мысалы кәсіпорынның таза табысы 30000тг. болса,ал жарияланған дивидендтері 15000тг., сонда

Таза табыс улесіне Д 2100 К 7610 10500 (30000 х 35%)

Дивидендтер улесіне Д 1270 К 2100 5250 ( 15000 х 35%)

Егер тәуелді кәсіпорында есептік жылда зиянға шықса, инвестор қатысу үлесін мойындау барысында инвестицияның баланстық құны кемиді.

Мысалы . 50000тг. зиян шекті, төлемге кеткен дивидендті 25000тг. болса

- зиян үлесіне Д 7610 К 2100 17500 (50000 х 35%)

- дивидендтер үлесіне Д 1270 К 2100 8750 (25000 х 35%)

Егер тәуелді кәсіпорын есептік жылда қайта бағалау жасаса, онда инвестор өзінде осы қлзғалыстарды көрсету тиіс. Мысалы :

тәуелді кәсіпорын негізгі құралды 100000тг. бағалады, таза табыс 20000тг.

дивидендтер 8000тг. құрады, сонда

- активтердің бағалануына Д 2100 К 5210 35000 (100000 х 35%)

- табыс үлесіне Д 2100 К 7610 7000 (20000 х 35%)

- дивидендтер үлесіне Д 1270 К 2100 2800 (8000 х 35%)

Бұрынғы сомасы жойылғанда қайта бағаланған инвестиция сомасы бөлінбеген табыс болып танылады:

Д 5210 К 5410 35000

Құндық әдісте сатып алу сәтінде инвестийиядан түсетін табыс сатып алу құнмен көрсетіледі. Сатыпалынған дейінгі кезең үшін алынған дивидендтер қайтарылған капитал ретінде қарастырылады да баланстық құн кемиді.

Мысалы: 1 мамырда тәуелді серіктестігінің 35% акциясын 500,0тг сатып алды.

1. сатып алу сәтінде Д 2100 К 1040 500,0тг.

жыл соңында жарияланған дивидендтер 40000т. құрады.

8 айдағы дивидендтер (V –XII) 40000 х 35% 14000тг. Д 1270 К 6120

01.01. -1.05. дейінгі кезең үшін дивидендтер (сатып алу сәтіне дейін)

Д 1270 К 2100 26000 (40000 – 14000).

3.2 Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық тегі, құрамы және құрылымы

Кәсіпорынның негізгі мақсатын іске асыру, яғни авансланған капиталға пайда алу үшін, капиталды инвестициялау, өндіріс, сату және тұтыну кезеңдерін қамтитын ұдайы жаңғыртуды жоспарлау қажет. Кәсіпорында қаржылық басқарудың механизмі капиталдың шығынын өтеу, сондай-ақ оны жинақтау мен тұтыну үшін әр түрлі ақша қорларын қалыптастыру және пайдаланылуына негізделеді. Кәсіпорынның капиталы меншікті, қарыз, негізгі, айналым, тұрақты немесе өзгермелі болып бөлінуіне қарамастан, ол ауыспалы айналымның нақты кезеңіне байланысты трүрлі нысанғаайнала отырып үздіксіз қозғалады.

Кәсіпорын капиталының әр түрлі бөліктерінің ауыспалы айналымының жиынтығы толық айналымнан немесе ұдайы өндірістен құралады.

Негізгі капитал – кәсіпорын капиталының ұзақ мерзімді активіне салынған бөлігі.

«Айналымнан тыс актив» және «негізгі капитал» деген ұғымдар бара бар болып табылады. Негізгі каптилаға: