Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 33 из 41)

Өтілімділік (амортизация)–негізгі құрал–жабдықтың қызмет (жұмыс) жасау уақыты ішіндегі өтімділік құнына таратылған негізгі құрал–жабдықтың құны.

Тозу–негізгі құрал–жабдық объектісінің моральдық және физикалық тозу процессі.

Өндіріс құрал–жабдықтарына пайдалы қызмет көрсету уақыты, белгіленген қызмет көрсету уақыты деген ұғймдар қолданылады.

Негізгі құрал–жабдықты пайдаланған (қолданған) кезде одан экономикалық тиімділік алынатын мерзімді пайдалы қызмет көрсету уақыты деп атайды. Сәйкесті қарастырған мөлшер (норма) бойынша негізгі құрал–жабдықтың тозуына есептелінетін уақытты мөлшерлі қызмет көрсету уақыты деп атайды.

Сонымен баланстағы құнға негізгі құрал–жабдықтың бастапқы немесе ағымдағы құнына қарсылық есеп беруге жинақталған өтімдік сомасын шегеріп көрсететін құны жатады.

Негізгі құрал–жабдық объектісінің нарықтық немесе белгілі күндегі құнын ағымдағы құны деп аталды.

Негізгі құрал–жабдық объектісінің бір–біріне жетік мәміліге дайын айырбас құны-өткізу құнын құрайды.

Негізгі құрал жабдықты жою кезінде пайда болатын, зандас (қор) бөлшектердің сынығымен қалдықтары пайдалы қызмет көрсету сонында выбытие байланысты болжамды шығын мөлшерін шығарып тасталатын құнды- жою құны деп атайды.

Қ.Р. қолданылып жүрген заңдарға сәйкесті материалсыз активтер төмендегідей жолмен бағаланады.

- өндіріс орнын ұйымдастыруда екі жақтың келісілгеніне сәйкес олардың жарлық капиталының үлесі есептелінеді. Олардың үлес салмағы тәуелсіз аудитормен бекіту қажет.

- Басқа мекемелер мен ұйымдардан азаматтардан алынған төлемдер өндіріс шығындарына объектінің дайындық күйіне сәйкесті бағаланады.

- Басқа да мекемелер мен ұйымдардан және азаматтардан тегін алынған келісім баға немесе сарапшылар белгіліген баға бойынша анықталған игіліктер материалсыз активтерге жатады.

Материалсыз активтер есеп беру баланстағы құны (бастапқы құнынан жинақталған өтімділік құны шегеріліп) бойынша көрсетіледі.

Материалдарға шикізаттар мен материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, жабдықтаушы бұйымдар, конструкция құрылымы мен бөлшектері, жанар–жағар май, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар, өндеуге жіберілген материалдар, құрылыс материалдары, аяқталмаған өндіріс т.б.с.с. материалдық қорлар жатады.

Тауарлық–материалдық қорлардың құны ең аз бағасымен немесе өткізу бағасымен бағаланады. Бұл баға шаруашылық қызметіндегі болжамды бағасына жыинтық талдау шығынымен мерзімдегі ұсталған шығындарды алып тастаған бағасымен бағаланады.

Таза өткізу құн–түрлі субъектілермен (тауарлық материалдық құрал оның бүлінуі, жартылай және толықтай ескеруге немесе олардың сату бағасының төмендеуі) бастапқы құнының орнын толтыруға болмайтын жағдайда қолданылады.

Тауарлық–материалдар қорларының сатып алу шығынына – сатып алу бағасы, тасымалдау, комиссиялық ақы, қамтамасыз ету төлемдері, делдал ұйымдарға төленетін төлемдер көлік дайындау шығындары т.б. шығындар, тауарлық–материалдық қорын сатып алуға байланысты тікелей шығындарға жатады.

Тауарлық сауда фирмалырының балансының есебіне ағымдағы сату немесе сатып алу құндары бойынша көрсетіледі. Бірақ тауарлардың сату және сатып алу бағаларының (құндарының) арасындағы айырмашылық, өткізілген тауарлар шығындарында есепке алынады. Бұл өткізілген тауарлардың нақты құнын анықтауға мүмкндік береді.

Өткізілген тауарлы–материалдық қорлардың өздік құны есеп беру мерзіміндегі шығындары ретінде мойындалады да осыған байланысты табыс мөлшері де анықталады.

Дайын өнім–нақты өндірістік өздік құны бойынша көрсетіледі. Оларды өндіріс процесінде табиғи қорларды, шикізаттар мен материалдар, жанар–жағар майлар, энергия, еңбек қорлары, материалдық және материалдық емес активтердің өтімділігі, өнім шығаруға байланысты тікелей (жұмыс, қызмет көрсету) технология мен өндірісті ұйымдастыруға кеткен шығындар құрайды.

Аяқталмаған өндіріс–нақты құны бойынша көрсетіледі.

Міндеттеме–міндеттеме бойынша айырбасқа, немесе кейбір қалыпты жағдайда міндеттемені орындау үшін түсуі бойынша төленетін ақша сомасы.

Табыс–алынған және алуға тиесілі өткізу құны бойынша бағаланады.

Шын бағалау–тауарлы–материалды қорлардың бағасын бірізділік (дәйектілік) және абайлампаздық бағалау әдістері.

Бухгалтерлік есептің стандартында №7 «Тауарлы–материалдық қорлар» оларды сатып алу кезінде (сәтінде) активтерге бір ғана баға белгіленіп қоймай сонымен бірге пайдалану кезінде баланстан шығару (жою) мақсатында қорлардың өзіндік бағасы белгіленеді.

Тауарлы–материалдық қорлардың өздік бағасы: орташа өлшемдік құны, арнаумен сәйкестендіру, ФИФО, ЛИФО тәсілдерінің бірі арқылы жүргізіледі. Тауарлы – материалдардың орташа өлшемдік құны сәйкесті (ұқсас) есеп беру мерзімінің басындағы немсе осы мерзім ішіндегі сатып алынған және өндірілген бірліктің орташа құнын анықтау арқылы есептелінеді.

Тауарлы–материалдық қорларды ФИФО тәсілі арқылы бағаланған кезде , сатып алынған немесе алған өндірілген қорлардың құнын бірінш кезекті жасауға, ұрықсат етіледі. Тауарлы–материалдық қорларды ЛИФО тәсілі арқылы бағаланған кезде сатып алынған немесе соңғы өндірілген құралдардың құндарын бірінші кезекте жоюға ұрықсат етіледі.

Тауарлы–материалдық қорлардың арнаулы сәйкестендіру тәсілі арқылы бағаланған кезде тауарлы–материалдық қордың бір– біріне алмастыралмайтын тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) арнаулы жобалар мен тапсырмалардың жеке данасының өздік құнына есеп айырысуға ұрықсат етіледі.

Осы әдістерді шартты мысалдармен қарастырайық.

7.1-кесте

Күні Көрсеткіштер Тауарлар қорлары
Мөлшері Бағасы Құны
01.0706.0713.0720.0725.07 ҚалдықСатып алу......................................................... 5050150100150 500550600650700 25 00027 50090 00065 000105 000
Барлығықалдықпен бірге30,07 Қалдық 500500220 - 312 500
Өткізілген 280

Өлшенген ( безбенделген орташа құн) орта құн тәсілі.

Тауардың өлшенген орташа құны 312 500 : 500 = 625

Жоюға жататын өздік құны 280 х 625 = 175 000

Тауар қалдығының өздік құны бойынша сомасы 312 600–17500=137000

ФИФО тәсілі.

Жоюға жататын өздік құны

( 50 х 500 ) + ( 100 х 550 ) = ( 150 х 600 ) + ( 30 х 650 ) = 162 000 теңге

Тауар қалдығының өздік құны бойынша сомасы

( 150 х 700 ) + ( 70 х 650 ) = 150 500 теңге

ЛИФО тәсілі.

Жоюға ( есептен шығаруға ) жататын тауарлардың өздік құны

( 150 х 700 ) + ( 100 х 650 ) + ( 30 х 600 ) = 188 000

Тауар қалдығының өздік құны бойынша сомасы

( 50 х 500 ) + ( 50 х 550 ) + ( 120 х 600 ) = 124 500 теңге

Арнаулы иниенсификация тәсілі.

Осы әдіс бойнша есептен шығарылатын тауардың ( жойылатын ) өздік құн

( 50 х 550 ) + ( 50 х 600 ) + ( 100 х 650 ) + ( 80 х 700 ) = 178 500

Тауар қалдығының өздік құны бойынша сомасы

( 50 х 500 ) + ( 100 х 600 ) + ( 70 х 700 ) = 134 000

Алынған қорытынды бойынша тауарлық–материалдық қорды бағалау үшін кесте құрап салыстырайық.

7.2-кесте

Теңге

реті

Көрсеткіштер

Арнаулы

әдіс

Орташа

Арнайы құны

ФИФО

әдісі

ЛИФО

әдісі

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

Бастапқы (алғашқы)мерзімдегі қалдық.Нақты бағасыбойынша сатып алынғанТауарды өткізудің өздікқұныМерзім соңындағыәртүрлі тәсілдерменесептелген қалдықӨткізген тауарлардың өздік құны ( б.3 – б.4)Мерзім ішіндегі сатубағасы бойыншаөткізілген (сатылған) тауар көлеміӨткізуден түскен табыс ( б.6 – б.5) 25 000287500312 500134 000178 500250 00071500 25 000287500312 500137 500175 000250 00075000 25 000287500312 500150 500162 000250 00088000 25 000287500312 500124 500188 000250 00062 000

Бұл 7.2 кестеде келтірілген мәліметтер бойынша тауарларды өткізуден түсетін табыстың мөлшері ЛИФО әдісін қолданғанда (188 000 теңге) ең жоғары болады да, ал ФИФО әдісін қолданғанда ең төмен (162 000 теңге) сандықтан тұрады. Өткізуден түскен жалпы табыс пен салық салынатын табыс керісінше (6200 және 88 000 теңге) болады.