Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 5 из 41)

- материалдық емес актив;

- жаңа ұзақ мерзімді инвестиция (салым);

- негізгі құрал жабдық, оның ішінде аяқталмаған ұзақ мерзімді инвестиция кіреді;

Субъектілер қаражатты өнеркәсіптік және интеллектуалдық меншік объектілердің сондай-ақ, осындай мүліктік құқықтардың құнын білдіретін материалдық емес активтерге салуға құқылы.

Материалдық есем актив жеке заттай нысанасы жоқ, алайда «сезілмейтін құндылығы бар» және осыған байланысты субъектіге ұзақ уақыт бойы немесе ұдайы қосымша кіріс әкелетін актив. Сонымен бірге материадық емес активтердің шеттеу қабілеті болуы тиіс. Материалдық емес активке тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгісі), тауар шыққан тіркелген жер, «фирманың бағасы», «ноу-хау», патент пен өнеркәсіптік үлгі, лицензия, интеллектуалдық меншік, ұйымдастыру шығыны, табиғи ресурспен пайдалану құқығы, өндірістік ақпараттық пайдалану құқығы, ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету, сервитут және т.б. жатады.

Нарықтық экономиканың даму шамасына орай субъектінің мүлкіндегі материалдық емес активтің мағынасы мен үлесі ұлғая беретін болады, бұл жағдай техниканың және технологияның дамуымен, ақпараттың таралуымен, сондай-ақ экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты.

Негізгі капиталдың құрамына негізгі құрал-жабдыққа және жабдық сатып алуға жұмсалған аяқталмаған күрделі салымда кіреді. Бұл - негізгі құрал-жабдыққа айналмаған, негізгі құрал-жабдық сатып алуға және салуға арналған шығынның бөлігі, ол шаруашылық қызмет процесіне қатыса алмайды, сондықтан өтелуі тиіс емес.

Ұзақ мерзімді қаржы инвестициясы – басқа кәсіпорынның жарғылық каитлында үлестік қатысуға, ұзақ мерзімді негізде акция мен облигация сатып алуға арналған шығынды білдіреді. Қаржы инвестициясына сондай-ақ мыналар жатады:

- басқа кәсіпорынға борыш міндеттемесімен берілген ұзақ мерзімді қарыз;

- қаржы лизингі құқығында ұзақ мерзімді жалға берілген мүліктің құны (яғни жалға алған мернзім аяқталғаннан кейін мүлікті сатып алу және меншік құқығын беру).

Ұзақ мерзімді қаржы салымына жұмсалған шығын оның сипаты мен түріне байланысты өтеледі.

Негізгі құрал-жабдық еңбек құралына жатқызылатын материалдық мүліктік құнжылықытың жиынтығына салынған қаражат. Бизнес жүйе ретінде бұрын капиталдың, ең алдымен негізгі құрал жабдыққа салымның нәтижесінде жұмыс істеп дамиды. Бүгінгі таңда пайда кәсіпорынның операциялық қызметі басталмастан бұрын капиталды негізгі және ағымдағы қаражатына салу үйлесімі жөнініде дұрыс шешім қабылдау нәтижесінде алынады. Сондықтан негізгі капиталды тиімді басқару үшін оның жұмыс істеуі мен ұдайы жаңғырту ерекшеліктерін жан-жақты түсіну қажет.

Негізгі құрал-жабдықтың құны олар тиімді пайдаланылатын мерзім бойы ай сайынғы амортизациялық аударым арқылы бірте – бірте өтеледі. Амортизациялық аударым тиісті есепте кезеңдегі өндіріс және айналыс шығынына енгізіледі.

Өндіріс процесіне қатысатын негізгі құрал-жабдық бірте-бірте тозады. Тозудың табиғи және сапалық түрі болады.

Табиғи тозу негізгі құрал-жабдық өндіріс процесінде қатсыу, сондай-ақ негізгі құрал жабдықты пайдаланумен байланысты емес, әртүрлі сыртқы факторлардан: дымқылдың, атмосфералық жауын-шашынның, тот басу, металдың ескірілуі және т.б. ықпалынын нәтижесінде орын алады.

Негізгі құрал-жабдықтың сапасының тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілдіруімен және жаңаруымен байланысты. Техника мен технологияның жетілдіру себебінен, осылай жұмыс істейтін негізгі құрал-жабдық өндірісі арзандайды. Негізгі құрал-жабдықтың сапасының тозуы жалпы алғанда мына факторлармен байланысты:

1) өндірістегі жаңалықтармен немесе жабдықты жаңартумен;

2) технологиялық прогресті жетілдірумен, яғни жаңа технологияда қолданыстағы машиналар мен жабдықты пайдалану мүмкін емес.;

3) шығарылатын өнімнің номенклатурасын жаңартумен және өзгертумен;

4) жекелеген тауарға сұраныстың қысқаруына, сол себептен субъект осы тауарды шығаратын машина мен жабдықтың санын қысқартуы тиіс;

5) өндірісті және пайдаланылатын машина мен жабдық санын қысқарту қажеттімен жұмыс күшін жұмыспен қамтудағы, қызметкерлердің біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер;

6) жекеклеген өнім түрін өндіру үшін қажет өнеркәсіптік өндеу салаларындағы шикізат құрамдастары жиынтығындағы өзгерістер салдарынан өнеркәсіптік кен өндіру саласында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін өзгерістер;

Табиғи тозу мерзімі жеткенге дейін сапа тозу нәтижесінде негізгі құрал-жабдық объектілері жаңамен, неғұрлым үнемділермен алмастырады. Сапа тозуын жою мақсатында негізгі құрал-жабдық объектілер қайта жаңартылып жаңғыртылады. Сәулет және өнер ескерткіші болып саналатын мұражай және көркем құндылықтарды, іргелі кітапханалардың кітаптарын, филбм қорларын, ғимараттар мен құрылысты қоспағанда барлық негізгі құрал жабдықтың сапасы тозады.

Меншік нысанына қарамастан барлық субъектілер негізгі құрал-жабдықтың тозуын-есептейді, ол сәулет және өнер ескерткіші болып саналатын жер, кітапхана қорлары, фильм қорлары, мұражай және көркем құндылықтары, сахна қойылым құралдары, ғимараттар мен құрылыстар, пайдалану жасына жетпеген өнімді мал, бұқа, енеке мен бұғы, көпжылғы өсімдік, зоопарктегі және басқа да осындай мекемелердегі жануар әлемінің экспонаттары, сондай-ақ жұмыс істейтін және жұмыс сітемейтін жабдық, экспонат, модель, кабинет пен зертханалардағы жән ғылыми мақсатта пайдаланылатын басқа да көрнекі құралдарға табиғи тозу есептелмейді.

Негізгі құрал-жабдықты жөндеу. Негізгі құрал-жабдықты пайдалану процесінде ол табиғи және сапасы жағынан тозады. Негізгі құрал-жабдық объектісімен жалпы салыстырғанда оның жекелеген бөліктері неғұрлым қысқа мерзімде тозады. Негізгі құрал жабдық мерзімінен бұрын тозбауы үшін оларды кезең-кезеңмен жөндейді. Жөндей ұйымдастыру – техникалық сипаты бойынша күрделі және ұсақ болып бөлінеді.

Күрделі жөндеу – деп тұтастай объектімен салыстырғанда тозу мерзімі аз. Негізгі құралжабдықтың жекелеген бөліктерін қалпына келтіру. Машинанығ жабдық пен көлік құралын күрделі жөндеу деп – 1 жылдан асатын кезеңділікте жүргізілетін, агрегат толықтай бөлшектенетін, сондай-ақ, барлық тозған бөлшекпен тарап ауыстырылып, немесе қалпына келтіріліп, агрегат жналатын немесе салынатын жөндеу аталады. Ғимарат пен құрылысты күрделі жөндеу кезінде толығымен тозған конструкция мен бөлшек осындай немесе бұдан да неғұрлым берік және үнемді, сондай-ақ жөнделетін оюъектінің пайдалану мүмкіндігін жақсартатындармен толықтай ауыстырылады.

Шамалы қайта жаңарту мен жаңғырту негізгі құрал-жабдықтың бастапқы құнын ұлғайтады. Бұл ретте құрал-жабдыққа кейін салынған күрделі салым объектінің бастапқы құнын объектінің пайдалы қызмет мерзімінің басында бағаланғаннан келешекте пайдаланудан түсетін экономикалық пайда артқан жағдайда ғана ұлғайтады. Барлық кейінгі шығын өз жұмсалған кезеңннің шығысына жатқызылады.

Ағымдағы жөндеуде негізгі құрал-жабдықтың жекелеген тозған бөлшектері жұмыс қалпында сақтау үшін ауыстырылады және түзетіледі. Ағымдағы жөндеу негізгі құрал-жабдықты пайдалану процесінде жүргізіледі.

Негізгі құрал-жабдықты тексеру мақсатында алдын ала межеленген мерзімдерде жүзеге асырылатын жоспарлық-ескерту арқылы жөндеудің маңызы зор.

Негізгі құрал-жабдықты жөндеу мердігерлік немесе шаруашылық тәсілмен жүргізіледі. Неғұрлым озық әрі үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құрал-жабдықты арнайы мамандырылған субъектілер; шаруашылық тәсілде жөндеу субъектінің өзінің күшімен және құралдарымен жүзеге асырылады.

Негізгі құрал жабдықты мердігерлік ұйыммен жасалған шарт негізінде мердігерлік тәсілмен күрделі және ағымдағы жөндеу кезінде субъект жөндеу жөніндегі аяқталған жұмысты, сондай-ақ жөнделетін объектіні жөнделетін жерге және кері жеткізу жөніндегі шығынды төлейді. Жабдықты және көлік құралын жөндеу үшін мердігерлермен есеп айырысу үшін жалпы объект бойынша толықтай аяқталған жұмыс үшін жүргізіледі.