Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 32 из 41)

2. Қосымша төлемдер – жұмыс істелмеген уақыт, заңға сәйкес немесе кәсіпорын басшысы өзі шешіп төлейтін төлем.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрыққа байланысты шаттық тіркемге жұмысшының аты-жөні, тегі және әкесінің таы көрсетілген жерге, олардың мамандықтары және бір айлық табысы салықтық кітапшада көрсетіледі. Онда жұмыскер туралы анықтамалар жинақталып жазылады және оған төленетін бір айлық көрсеткіші, сонымен ұсталғандардан қалған сома көрсетіліп отфрады. Салықтық кітапшаға еңбек кітапшасына сияқты зейнет ақы, пособия, демалысқа шыққанда берілген орташа сома және уақытына қарай жұмысқа деген ынтасын білдірерін пособия мөлшері, жұмыстан шығарылған жағдайда төленетін компенсация және тағы да басқалары жазылады. Салықтық кітапша өз уақытында төлемдік есеп айырысу тіркемесіне жұмысшылардың мамандықтарына қарай жалақыларының сомалары көрсетіліп отыруы керек. Бұрында салықтық кітапшаның орнына қолданған жұмысшыларға бір беттік есеп берулер қазіргі уақытта қолданбайды.

Кәсіпорын директоры өз еркімен бір немесе екі айда жалақының мөлшерін анықтауы мүмкін. Қосымша жалақылар жұмысшының негізгі құжаттарына сәйкес орташа жалақы мөлшерінен көп болуы мүмкін. Ондай төлемдерді кәсіпорын басшысының бұйрығымен негіздеуге болады.

Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан ол тауардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына елеулі ықпал етеді.

Еңбекақы төлем формалары.

Негізгі еңбекақыКәсіпорында нақты жұмыс істеген мерзім үшін төленеді Қосымша еңбекақыКәсіпорында жұмыс істемеген мерзім үшін төленеді
1.Мерзімдік еңбекақы жұмыс істеген мерзімде белгіленген тарифтік ставка бойынша төленеді

– жәй мерзімдік

мерзімдік сыйлықақы

2. Кесімді еңбекақы шығарылған өнімнің санына бір штук өнімнің расценкасын қатыстыру бойынша төленеді

тікелей кесімді;

үдемелі кесімді;

кесімді сыйлықақы;

жанама кесімді;

акордты.

6.2. Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар мен шегерімдер есебі

КГКП РМО кәсіпорыны еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға;жеке табыс салығын, сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың келісімінсіз:қайтарылған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін ұсталымдар ұсталады.

Табыс салығын ұстау. Салықтар-ұлттық табыстың бір бөлігі болып саналады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жекке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілетін ұсталымдар тұтас ұсталады.

Жеке табыс салығын ұстаған кезде 3350,3351 шоттары дебеттеліп,3120 шоты кредиттеледі.

Атқару құжаттар бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері, нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп алу туралы әкімшілі органдарының қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсылымдар негізінде еңбек төлемінен де, сондай-ақ тұрақты сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан, зейнетақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдеақылардан алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі жүргізіледі.

Жалақыдан ұсталған алименттер сомасы осы алимент төленетін тұлғаның пайдасына үш күннің ішінде төленуі немесе аударылуы керек. Онда бір бала үшін жалақының төрттен бірі, екі бала үшін жалақының үштен бірі және одан да көп балаларға жалақының жарытысы ұсталады, бірақ олардың мөлшері жалақының 50% аспауы тиіс. Егер де алимент төлеуші жұмыстан шығып кетсе, онда сонымен қоса атқарушы құжаттары үш күннің ішінде жаңа жұмыс орнына беріледі.

Жинақ зейнеткерлік қорға міндетті зейнеткерлік жарнасы еңбеккерлердің жалақысынан, сыйлығынан, қосымша төлемдерінен, үстемесінен және басқа да табысынан 10% мөлшерінде ұсталынады және оны Автокөлік және механизмдер кәсіпорнына аударады.

КГКП РМО кәсіпорындарында жеке тұлғалардың қаңтар айына есептелген еңбек ақыдан ұсталатын табыс салығы сомасы мынаны құрады-13527 теңге 93 тиын, 3350 шоты дебеттеліп, 3110 шот кредиттеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелен еңбек ақыдан зейнетақы қорына 16123 теңге 05 тиынды құрады, 3350 шот дебиттеліп, 3220 шот кредиттеледі.

6.1-кесте

Операция мазмұны Бағасы Д К
1 КГКП РМО жұмысшыларына еңбекақы есептелінеді 324663,31 8010 3350
2 Еңбекақыдан жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған сома 32466,03 3350 3220
3 Еңбекақыдан жеке табыс салық ұсталынды 21656,32 3350 3110
4 Жұмысшылардың еңбекақысынан зейнеткерлік жарна ұсталынды 5349865 3350 3220
5 Есеп шоттан жеке шотқа еңбекақы аударылды 325451,02 3350 1040

7 Өнім өндіру және өнімнің өзіндік құн калькуляцияның есебі

7.1 Өнім өндіру және өнімнің өзіндік құы

Бухгалтерлік есепте (есепке алу) шаруашылық активтері қозғалысының және олардың пайда болу көздері ақшаға шағылып бағаланады.

Баға–бухгалтерлік есептің бір тәсілі болып табылады. Ол шаруашылық қорларын (активтерінің) олардың пайда болу көздерін ақша мөлшерімен көрсету тәсілі болып табылады.

Субъектердің активтерін бағалау кезінде оның міндеттері мен шаруашылық операция Қ.Р. «Бухгалтерлік есебі туралы» заңымен бухгалтерлік есеп стандарттары: №1 «Есеп саясаты», №2 «Бухгалтерлік баланс пен негізгі қаржылық есеп беруде ашу», №6«Негізгі құрал–жабдықты есепке алу», №7 «Тауарлы–материал қорларын есепке алу» т.с.с. Заңдылық актілер бойынша Қ.Р. шаруашылық жүргізетін субъектілер мен бірге барлық меншік формаларындағы субъектілерде активтерді бірдей бағалау реті қарастырылады.

Бухгалтерлік есепте, объектінің өзіндік құны, өндріс өнімді шығару шығарылған шығын мен оны өткізуден түскен табыс көлемінің қорытынды көрсеткіші көрсетіледі. Бухгалтерлік есептегі өнімнің өздік құны туралы мәліметті пайдалана отырып, жаңадан пайда болған өзіндік құн туралы ақпарат алуға болады.

Сбъектінің активін бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру кезінде нақтылық принципі мен бағаның шындығы мен бірізділігін еске алу маңызды орын алады.

Қандайда бір объектінің ақшамен есептелген құны мен оған жұмсалған нақты шығынның көлемі активтің өздік нақты құнын береді.

Объективтердің қалыптасу көздері бойынша меншікті капиталдың құрылу ретіне дәл келетін резервтер, дебиторлармен кредиторлармен есеп айырысу міндеттілерді жүйелі түрде тексеру, жеткізіп берушілер мен мердігерлермен есеп айырысу бағаның нақтылығын құрайды.

Баға тұрақтылығы барлық объектілер үшін олардың активтерін бағалауда меншік иелерінің кімге жататындығын меншік формасына тәуелсіз бухгалтерлік есеп беру стандарттары мен және Қ.Р. Заң актілерімен шектелуі арқылы қол жеткізіледі.

Барлық активтерді бағалаудағы жалпылық принцип–оларды нақты құны бойынша бағалау болып табылады.

Кейде ағымдағы есептің жерлік балансында активті бақылауды күшейту мақсатында активтерді басқадай бағалап көрсету қолданылады. Мысалы, материалды активтерді негізгі құрал–жабдық түрінде көрсетеді.

Негізгі құрал–жабдықтар (материалдық активтер) ұзақ мерзімде, материалдық өндіріс сферасымен, материалсыз өндіріс сферасында (қосалқы қорда, ұзақ мерзімде қолданыста тұрған немесе жалға берілген) бастапқы құны бойынша бағаланады. Бастапқы құнды негізгі құрал–жабдықтардың орын толтырылмайтын салық пен тағыда басқа жиналымдар, жеткізуге жұмсалатын шығындар, жинау (монтаждау) құру, пайдалануға жіберу тағыда басқа кезкелген негізгі құрал жзабдықтарды мақсатты пайдалану үшін жұмыс қалпына келтіруге жұмсалатын тікелей шығындардан тұратын нақты өндіріс шығындар құрайды.

Негізгі құрал–жабдықтардың баланстық құнын анықтау үшін оны жеке есептен баланста жинақталған өтілімділік (амортизация) сомасын көрсетеді.