Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 8 из 41)

Айналым қаражаты нормативін есептеудің талдамалы, тура шот әдісі, коэффициенттік әдіс деген үш әдісі қолданылады.

Талдамалы немесе нормалаудың тәжірбиелік-статистикалық әдісі өндірісті, жабдықтау мен өткізуді ұйәымдастырудың қалыптасқан практикасында қолданылады. Осы әдіс қолданылғанда қолда бар тауарлық-материалдық құндылықты талдаған кезде оның нақты запасы нақтыланады және артық, қажет емес құндылық алынып тасталады.

Тура шот әдісінде кәсіпорын техника мен технологияның дамуындағы, өндірісті ұйымдастырудағы, тауарлық-материалдық құндылықты тасымалдау мен есеп айырысу саласындағы барлық өзгерісті қолдана отырып ұйымдастыру-техникалық деңгейге қол жеткізген жағдайда, айналым қаражатының әрбір элементінің запасының ғылыми негізделген есебі қарастырылады.

Коэффициенттік әдісте өткен кезеңнің жиынтық нормативіне өндіріс көлемінің жоспарлы өзгеруіне және қаражаттың айналымдылығын жеделдетуге түзету енгізіледі. Егер норматив кезең-кезеңмен тура шот арқылы нақтыланатын болса, онда айналым қаражатынығң жекелеген элементтері бойынша сараланған коэффициент қолдануға жол беріледі.

Айналым қаражатын нормалау деген:

1) Тауарлық-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша барлық айналым қаражаты запасының, әдетте, күнмен есептелген нормасын әзірлеу және белгілеу;

2) Жалпы меншікті айналым қаражатының және оның әрбір элементінің ақшаға шағылған нормативін әзірлеу. Айналым қаражаты запасының нормасы бірқатар жыл бойы жылдық нормативті есептеу үшін қолданылады. Ол өндіріс, жабдықтау және өткізу жағдайы айтарлықтай өзгерген жағдайда, жылдық қаржылық жоспар жасағанда материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша нақтыланады.

Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының нормативі мына негізгі көрсеткішпен анықталады:

1) Өндіріс және өнім сату көлемімен;

2) Өндіріске, өнім сақтауға және сатуға жұмсалған шығынмен;

3) Тауарлық-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының (айналым қаражатының нормасымен) және күнде белгіленген шығынның нормасымен.

Айналым қаражатының жекелеген элементінің нормативін есептейтін жалпы формула:

мұнда:

– элемен бойынша меншікті айналым қаражатының нормативі;

Нэл – осы элемент бойынша айналым қаражатының нормасы;

- осы элемент бойынша меншікті айналым қаражатының нормасы;

– кезеңнің күнмен есептелген ұзақтығы.

Өндірістің тиісті бабы бойынша тоқсан ішіндегі шығынның сомасын 90-ға бөлсе өндірістік запастың жекелеген элементінің біркүндік шығыны шығады.

Айналым құрал-жабдығының шикізат, негізгі материал мен сатып алынатын жартылай фабрикат (бұдан әрі - материал); аяқталмаған өндіріс, даяр өнім сияқты үш ең маңызды элементін нормалаудың негізгі қағидаларын қарастырайық.

Материалды нормалау. Материалға арналған меншікті айналым қаражатының нормативі біркүндік шығын құнының және айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Материалға арналған айналым қаражатының күнде есептелген орташа нормасы жалпы материалдың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының нормасынан орташа өлшенген ретінде есептеледі.

Айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасына:

а) материал шот төлеуден бастап келгенге дейін жлда болуы;

ә) қабылдау, түсіру, сұрыптау, қоймаға орналастыру және зертханада талдау;

б) өндіріске дайындау (мысалы, табиғи кептіру және т.б.);

в) ағымдағы қойма запасы түрінде болатын уақыт кіреді:

Уақыт осы кәсіпорынның нақты жағдайы ескеріоіп салалық нұсқаулықтарға сәйкес есептеледі.

Материалдың жекелеген түрі үшін айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасы мына нысан бойынша есептеледі:

Мысал

4.5-кесте

Материалдың атауы Шоттың белгіленген мерзімде төлеуден бастап сатып алушыға келгенге дейін жолда болуы Қабылдау, түсіру, сұрыптау, қоймаға орналастыру Өндіріске дацындау Ағымдағы қойма запасы Ағымдағы запасың кепілді запасы (50%) Айналым қаражаты нормасының барлығы
А 3,2 1 3 20 10 37,2
Б 1 1 - 7 - 9
В 4 2 2 30 15 53

Тиісті тоқсанда А материалдың жоспарлы шығыны – 10 млн. теңгені, Б материалы бойынша – 6 млн. теңгені құрады. Сонда жалпы барлық материал бойынша айналым қаражатының орташа өлшенген нормасы төмендегіні құрайды:

Материалды біркүндік шығыны мынаған тең болады:

Меншікті айналым қаражатының нормативі жоғарыда келтірілген формула бойынша анықталады:

Аяқталмаған өндірісті нормалау. Аяқталмағн өндірістің меншікті айналым қаражатының нормативін есептеу үшін тауарлық өнім өндірісінің айналым қаражатының нормасын анықтау қажет. Айналым қаражатының нормасы өндірістік кезеңнің ұзақтығы мен шығынның үдеу коэффициенті негізге алынып анықталады.

Өндірістіккезеңнің ұзақтығына:

а) тікелей өңдеу процесі (технологиялық запас);

ә) өңделетін бұйым жұмыс орнында жатуы (көлік запасы);

б) жабдықтың және т.б. жұмыс серпінінің әр түрлі болуына байланысты өңделетін бұйымның жекелеген цехтың арасында (айналым запасы) болу;

в) бұйымның жаппай өндірісте кідіріс жағдайында запас (сақтандыру запасы) түрінде болу уақыты кіреді.

5 Өнім өндіруге және сатуға жұмсалатын шығындар

5.1Өндіріс түсінігі және түрлері

Өнімнің өзіндік құн есебі өндірістік технологияның ерекшеліктеріне, шығарылатын бұйымдардың көлемімен түрлеріне байыланысты. Өнім өндіріу барысында, алдымен менеджерлар шығарылатын бұймдардың түрлерінің өндірістік рыногын зерттеп талқылауға мәжбүр болады. Бар қаражатты қандай өндіріске салған жөн. Өнім өнндіру барысында қажет :

- еңбек ұйымдастыру (жұмыскерлерді жұмыс орнына дұрыс орналастыру);

- қолданатын шикізаттармен жартылай фабрикаттардың қозғалысын ұйымдастыру және көлемін белгілеу;

- күнделікті шығарылатын өнімгешұғыл бақылау;

- шығарылатын өнімнің сапасына бақылау;

- көмекші өндірістің қажеттілігімен шикізатпен қамтамасыз етілуіне бақылау;

Аталған шаруашылық процесттерді мезгілімен құжатталуы өнімнің өзіндік дұрыс анықтайды. Оған смена басшылармен менеджерлер жауапты болып табылады. Өндірістік процес қызмет бабына қарай өндірілімді (добывающий) және өңдеуші (обрабатывающий) болып танылады.

Бірінішіге көмір, мұңай, кен(руда), газ, балық, ағаш дайындау, теңіз аңын және басқалар өндіру жатады. Бұларға біріңғай (бірегейлі) түрлі өнімдер маңызды, аяқталмаған өндірістеген түсінік жоқ, сондықтан өнімнің өзіндік құнын анықтау барысында барлық жасалған шығындарды шығарылған өнімнің көлеміне бөлу жолымен анықтайды (мысалы, көмір өндірісінде жер үстіне шығарылған көмірдің көлемі есепке алынады, ал копырылып, бірақ жер астында қалған көмір көлемі есепке алынбайды).

Ал, өңдеуші өндірісте тұтынуға қолданатын өнім көлемі жатады.Бұларға, металлургиялық, құрылыс машина, химикалық, тоқыма, тағамдану және басқа өндірістер жатады. Технологиялық процессіне қарай екі типке бөлінеді: І -бұл (өңдеуші) өндірстің ерекшклігі дайын өнім шығару барысында шикізат бірнеше салдардан өтеді (өйткені әр сатының өнімі (жартылай фабрикаты) келесі сатыға қажетті шикізат болып табылады). Мысалы, металлургиялық өндірісте аяқталған өндіріс ( шығарылған шойын – болат(сталь) балқу(выплавка) - прокат өңдіру) немесе тоқыма өндірісінде (жіп иіру (прядение) – тоқыма тоқу (ткачество) – бояу және өңдеу).