Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 25 из 41)

Мысалы: Жеткізушіден тауарлар кіріске алынды:

Кіріске алу үшін алдын-ала жасалған келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік ұйым (сатыпалушы) жеткізушіге сенімхат береді (өз жұмысшы-маманының атына жазып), ол сенімхат алдымен ұйымның сенімхат тіркеу журналында тіркеледі содан кейін жеке типтік формаға толтырылады, алып тұрған тұлға журналға «алдым деген» қол қояды. Жеткізушіге апарып береді. Ол осы құжат негізінде (осы құжатқа жеткізуші басшы бұрыштама соғады) қоймашысы накладной (сенімхатта көрсетілген тауарлар бойынша) толтырып бухгалтериясына жібереді. Бухгалтериясы накладной негізінде шот-фактура жазады (ол да тіркеу журналға тіркеледі). Осыған қоса тіркелім құжаттар автокөлік жұк құжаты жазылады. Аталған құжаттар бойынша тауарларды әкелгеннен кейін кәсіпкерлік ұйым шот-фактураны бухгалтерияға тіркеу журналға тіркейді, қоймашыға накладнойдың екінші данасы бойынша (тіркелім құжаттармен қоса) тапсырады, қоймашы кіріс ордерді толтырады. Бұл бір (кіріске алу) шаруашылық процесс және бухгалтерлік есепте көрсетілуі.



Бухгалтерлік есептің мақсаттары:

бухгалтерлік есепті нормативті-құқықтық құжаттар негізінде ұйымдастыру;

бухгалтерлік есеп шоттарда бастапқы құжаттар негізінде ақпарат жинақтау;

бухгалтерлік есептің принциптерін қатаң сақтау;

қаржылық есепті пайдаланушыларға дұрыс және мерзімді беру.

Бухгалтерлік есептің принциптері: есептеу, ұздіксіздік, түсініктік, сақтық,

орындылық, сенімділік, салыстырмалық, маңыздылық, толықтылық,

уақытылық кәсіпкерлік ұйымның есеп саясатының талаптары.

2 Субъектінің есеп жүргізу саясаты

2.1 Субъектінің есеп жүргізу саясаты

Қолданылып жүрген стандарттар мен салық салу жүйесіне бағдар ұстаған шаруашылық жүргізуші субъект нарықтық экономика жағдайында есеп пен салық саясатын қалыптастырады.

Есеп саясаты–бұл бухгалтерлік және салық есебін жүргізу әдістерінің, принциптерінің, ережелер мен процедураларының жиынтығы және солардың негізінде қаржылық есеп беру.

Есеп саясатының қалыптасу тіртібі, оның мақсаты мен қызмет аясы, оның ашылуы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссия бекіткен «Есеп саясаты және оның ашылуы» туралы №1 бухгалтерлік есеп стандартында белгіленген.

Қазақстан Республикасының экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінде есеп саясатын қалыптастырудың екі деңгейі пайда болады: оның бірі–ауқымды

(глобальный, жалпы мемлекеттік), екіншісі–жергілікті (локальный).

Есеп саясатын мыналар белгілейді:

· Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы жөніндегі департаменті, ҚР-ның бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, ұлттық статистика агенттігі, Қаржы министрлігі, Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Экономика министрлігі, ҚР- ның Ұлттық банкі, ҚР–ның Аудиторлар палатасы, Салалық министрліктер, Акционерлік қоғамдар ж .б.

Бұл органдар өз құзіреттерінің шегінде әртүрлі ережелер, нұсқаулар және басқа да нормантивтік құжаттар шығарады, осылардың бәрі қосыла келе есеп саясатын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер есеп, салық салу және қаржылық есеп мәселелерін қозғайтын ұлттық бухгалтерлік сатндарттарға, қолданылып жүрген заңдылықтарға сүйене отырп өзінің есеп саясатын қалыптастырады.

Есеп саясаты бухгалтерік есеп пен салық салудың ағымдағы, сондай–ақ болашақтағы міндеттерін жүзеге асыратындай шешімдер белгілеуге тиіс.

Есеп саясатын қалыптастырып, пайдалану барысынада бухгалтерлік есептің мынадай принциптерін сақтаған жөн:

- Есептеу. Табыс–нақтылы қолға келген сәтте басталады, ал шығын да солай, шығарылған сәтінен есептелінеді, яғни ақша қаражатының түскен немесе төленген сәтінен емсе, пайда болған сәтінен. Есептеу әдісінің артықшылығы сол–ол субъектінің шынайы қаржылық жағдайы мен қызметін неғұрлым дұрыс көрсетеді.

- Үздіксіз қызмет. Субъект алдағы уақытта да жұмысын жалғастыра береді және онда өз қызметін тоқтату немесе елеулі түрде қысқарту ниеті болмайды, демек міндеттеме белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өтелінеді.

- Мәнділік. Бір жағынан, егер ақпарат болжамдық жөнінен құнды болса, онда шешім қабылдау нәтижесіне ықпал ету мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, ақпарат бұдан бұрындары күтілген үмінттің қаншалықты дұрыс болғаны туралы бірдеңелер біледі. Ақпараттың тұтынушыға дер уақытында түсуі өте маңызды. Егер ақпарат керек уақытында табылмаса, оның ешқандай маңызы болмайды. Ақпараттың мәнділігі оны алуға жұсалған шығыннан жоғары тұруға тиіс. Міне, алынған ақпартты тиімділігі бойынша анықтайтын өлшем осы.

- Түсініктілік. Қаржылық есептен туындайтын ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуға тиіс. Есепті түсінікті түрде берудің формасы оның заң бекіткен сатандартты мазмұны мен форматына бйланысты.

- Дұрыстығы. Ақпарат дұрыс болуға тиіс, яғни елеулі қателіктер мен ағаттықтарға жол бермейді, өйткен оған тұтынушылар сенуге тиіс.

- Шынайы және әсірелеусіз ұғыныс. Шынайлылық–мынадай шаруашылық процесстерімен сәйкестілік дәрежесі: тексерілуі және оның дәлелдену мүмкіндігі. Есеп ақпаратты белгілі бір шығын топтың мүддесін білдірмеуге тиіс, яғни ол әсерлеусіз, әрі бейтарап болуы керек.

- Бейтараптылық. Қаржылық есеп арқылы берілетін ақпарат әрқашан бейтарап, әрі сенімді болу үшін үстірттіктен адал болуға тиіс.

- Сақтық. Ол шаруашылық жағдайы әлі беймәлім күйде тұрғанда шешім қабылдауға сақтықпен қарауды білдіреді, яғни активтер мен табыс артықтау, ал міндеттеме немесе шығындар кем бағаланбау керек. Мысалы, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайыра бағалау сол кезеңнің табысы емес, төленбеген қосымша капитал болып табылады. Демек, қаржы–шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте жүзеге асырылған қаржылық инвестициядан түскен табыс қана көрсетіледі. Ал аталмыш қайра бағалау тек оларды жүзеге асыру сәтінде ғана табыс деп танылады.

- Салыстырмалылық. Ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Есеп саясаты бойынша қабылданған методология мен таңдап алынған есеп процедуралры оларға өзгеріс енгізілгені туралы және жаңа пинцип неге арты саналғаны туралы тұтынушыларға хабарланып, түсінік берілгенше өзгермеуге тиіс.

- Тиянақтылық. Қаржылық есеп ақпараты үзіліп қалуға немесе қате түсінік беруге тиіс емес. Мұның арты қандай да бір шешімнің қабылдануына ықпал етуі мүмкін. Әрине, толық ақпаратсыз ахуалы аңдап отыру мүмкін емес, яғни егер ақпарат аяқталағн, тиянақталған болмаса.

- Сабақтастық. Субъект өзі тандап алған есеп саясатын бір есепті кезеңнен екінші есепті кезеңге сабақтастыра қолданады.

Аталған принциптерді сақтамау шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайын бұрмалып көрсетеді. Есептік ақпарат пен активтер мен міндеттемелердің статьяларын бағалауда бұрмалауға жол берген, есептік деректерді әдейі теріс көрсеткен басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

3 Ақша қаражатының есебі

3.1 Ақша қаражатының есебі

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайды. Сол уақыттардағы есеп айырысулардың барлығы ақшамен есеп айырысу арқылы жүреді. Ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізіліуді қажет етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүгізіліп отырады. Есеп айырысу операциясының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек: